Талап-тілек жауапкершілік жүктейді

Облыс орталығындағы «Атамекен» өңірлік палатасында  Парламент  Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға арналды. 
Егемен Қазақстан
07.08.2017 8086

– Мақала рухани-этностық қағи­дат­тарға бағыттала отырып, экономиканың  маңызды мәселелерін де қозғайды. Сон­дықтан, «Ақ жол» партиясы  еліміздің экономикалық дамуын және ұлттың рухани жаңғыруының маңызды негіздерін қолдайды, – деп атап өтті Меруерт Қазбекова.
– Ал бизнес халықтың мұқтаж мәселе­леріне жақын болуы керек. Сондықтан, жұмыспен қамту бағдарламаларының шағын және орта бизнеске нақты түрде қатысы бар. Яғни, шағын және орта бизнес саласына қатысты салық саясатындағы қолданыстағы тәсілдерді қайта қарау қажет. Соның бірі – жаңадан құрылатын бизнесті салықтан босату мәселесі, – дейді депутат. Ол өз сөзінде «Ақ жол» партиясы шағын және орта бизнесті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдау қажет деп есептейтінін де атап өтті.  
Сондай-ақ, еліміздегі әйелдер бизнесі саласы да айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде. Іскер әйелдер деген жаңаша атау пайда болды. Олар өз кәсіпорындарын дамытып,  іскерліктерін көрсетуде. Ауылда да әйелдер бизнесі қолға алына бастады. Ел дамуындағы әйелдердің үлесі, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, бизнестегі әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру – аса маңызды. Өңірдегі Іскер әйелдер кеңесінде бизнестің әртүрлі салаларында қызмет ететін 20 кәсіпкер әйел бар. Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің мәліметінше, облыста бизнеспен айналысатын әйелдер саны 25 мыңнан асқан. 
Сонымен бірге, Меруерт Қазбекова кәсіпкерлермен  кездесуінде еліміздің Парламент Мәжілісінің атқаратын жалпы жұмысы туралы, «Ақ жол» ҚДП-ның парламенттік фракциясының қызметі жайлы хабардар етті. 
Мәжілістің VI шақырылымындағы ІІ сессиясында ақжолдықтар тарапынан заң жобаларын талқылау кезінде 700 ұсыныс түссе, әр сала бойынша 63 сұраным жіберіліпті. Парламент Мәжілісінің отырыстарында Меруерт Қазбекованың айтуынша, ақжолдықтар  осы жайлар бойынша жиі мәселе көтерген. Солардың ішінде еліміздегі балалар емханасын қайтадан қалпына келтіру, педиатр мамандарын даярлау сияқты өзекті  жайлар бар.
– Елбасы мақаласы бәрімізге ой салды. Соған сай қорытындылар жасадық.  Рухани жаңғыру – тек қана ой-толғану емес, мақалада іс жүзінде іске асырылатын міндеттер айтылғаны белгілі. Өйткені біз құндылықтарымызға негізделген экономика жасау жолында бірлесе еңбек етіп, қызмет жасаудамыз, – деді депутат М.Қазбекова.
Кездесуге жиналған кәсіпкерлер депутатқа өздерінің  өтініш-тілектерін айтты. Мәжіліс депутаты айтылған барлық мәселелер, өтініштер қаралып, «Ақ жол»  партиясы депутаттарының алдағы жұмыс барысында жалғасын табатынын жеткізді.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымы сәтті аяқталды (видео)

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Астананың құрдастары: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру (видео)

21.06.2018

Түркістан облысы - Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

21.06.2018

Үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды

21.06.2018

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді

21.06.2018

Біздің мақсат – мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу – А.Шпекбаев

21.06.2018

Ислам қолжазбалары зерттелуі тиіс

21.06.2018

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорын құру ұсынылды

21.06.2018

Цифрландыру – ел дамуының басты кепілі – А. Оспанов

21.06.2018

Оралда қарақшыны құрықтады

21.06.2018

Бүгінгі күннің батырлары - Сәбитжан Аязханов пен Бексұлтан Кеңесов

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу