Таңбаға тұнған тарих

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Тәуелсіздік сарайында еліміздегі ең танымал музей-қорықтарының бірегей көрмесі өтті.
Егемен Қазақстан
19.07.2017 1100
2

Аталмыш көрмеге өздерінің бай мұраларын әкелген ұжымның бірі – «Таңбалы» қорық-мұражайы. Бұл мекеме Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарабастау ауылынның маңында орналасқан. Елді мекеннің дәл іргесінде 3800 гектар алқапты алып жатқан «Таңбалы» шатқалы бар. Мұнда қола дәуірінен бастап, біздің заманымызға дейінгі аралықты қамтитын 5000-нан астам петроглиф орналасқан. Бұл мұралар Орталық Азияның жартас өнеріндегі бірегей құндылық болып саналады әрі 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген. 
Музей қызметкерлері «Таңбалы петроглифтер» атты жылжымалы көрмеге тас бетіне бәдіздеп оймыш­таған таңбалардың әртүрінен экспо­наттар әзірлепті. Атап айтқанда, көрме залына – тауешкі, бұғы сияқты дала жануарларының бейнесі мен тотемдік табыну әрекетіне тән шеңберлі күн­жүйесі сияқты тастағы бейнелермен қатар, қыш ыдыстар, ескі қорымдарға жүргізілген қазба жұмыстары кезін­де түсірілген артефактілер мен фото­деректер, т.б. топтастырылған.
Келесі залдағы көрмеге «Сақ мәдениеті» деген атау беріліпті. «Өйткені, мұндағы  жәдігерлер алдыңғы таңбалы тас мәдениетін көне сақ мәдениетімен жалғастырушы экспозиция ретінде бірін-бірі толықтырып тұр», дейді «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Әсел Әмірбекова ханым.

Мұнда да Алматы облысы аума­ғынан жаңадан табылған, әлі ғылыми айналымға енбеген жартас бетіндегі суреттер қойылыпты. Барлығы 35 бейне-нысан 5 топқа бөлініп ор­на­ластырылған. Бұл тасбейнелер «Жеті­су өлкесіне тән сақ мәдениетінің идеологиясы мен мифологиясы» атты ғылыми қолданбалы жоба ая­сын­да жинақталып, зерттелу үстін­де көрінеді. 


Үшінші көрме «Ұлытау әлемі» деген атпен ашылыпты. Мұн­дағы басты идеялық мақсат – Ұлытау табиғи-мәдени ландшафтысының ерекшелігін таныстыру екен. Көрме залында – Ұлытау өңірінің тыныс-тір­шілігімен таныстыратын фотокол­лаждар, Талдысай қонысы­ның фото­презентациясы, «Әлемдік тау» архетипі іспетпес сақ обалары мен тас мүсіндер фотодерегі қатарлы дүние­лер қойылған. Бұл тарихи-ақпа­рат­тық құжаттар «Ұлытау» қорық-мұражайының экспози­циясы қорынан жеткізілген. 

Бекен Қайратұлы,
«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген  Орынбай Балмұрат,
 «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

23.01.2019

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

23.01.2019

Қостанайда «Эндохирургия мектебі» өтті

23.01.2019

Ақ Жайықтың жастары жастар жылынан көп үміт күтеді

23.01.2019

Жамбыл облысы жұмыспен қамту бойынша екінші орында тұр

23.01.2019

«Murager production» фото-кино студиясы ашылды

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

Республика бойынша «Қайырымдылық керуені» байқауына үміткерлер іріктеліп жатыр

23.01.2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу