Таңдай қақтырған табыстар

ЭКСПО-2017 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды. Халықаралық мамандандырылған көрменің басталғанына екі аптадан асты. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлім­деген­дей, маусым айының басынан бері елорда әуежайына 140 мың шетелдік мей­ман түскен. Күні кешеге дейін көрме қалашығына 400 мың адам табан тіреп­ті. Соның 150 мыңға жуығы «Нұр Әлем» деп аталатын Қазақстан павильо­нын тамашалады. Ал көрме билеттерін әлемнің 55 елінің азаматтары сатып алған.
Егемен Қазақстан
27.06.2017 526

Айтулы көрме жаңалықтары қазірдің өзінде көпшіліктің қызы­ғу­шы­лығын тудыруда. Келушілердің таңдайын қақтырған соны табыстардың қатарында эко-үй, телефон қуаттайтын қап­тама және ұшатын велосипед бар. Жұрт­тың аузындағы жаңалықтар жайын­да сәл кеңірек тоқталғанды жөн көрдік.

Елең еткізген эко-үй

Словакия павильоны заманауи үлгіде жасалған «эко-үй» бір көргеннен елең еткізеді. Шағын ғана капсуланың ішінен адамға қажетті дүниенің барлығы табылады. Бұл экологиялық баспана күннен қуат алып, жаңбыр суын тазартады екен. Сонымен қатар, мұны көлік артына тіркеп, кез келген саяхатқа алып жүруге болады.

«Үйдің төбесінде күн панельдері орнатылған, сол арқылы қуат алады. Ал жаңбыр суы белгілі бір орында сақталады. Арнайы құрал жиналған суды тазартады. Мұнда тамақ істеуге болады, дәретхана, душ, ыңғайлы төсек және теледидар да бар. Эко-үйдің салмағы – 1200 кило. Егер оны сумен толтырсаңыз салмағы 1900 килоға дейін жетеді. Ауданы – 8 шаршы метр. Онда екі адам тұра алады, құтқарушылар, ғалымдар мен туристер үшін таптырмайтын баспана», дейді павильон қызметкері Людмила Затоптова.

Өкініштісі сол, заманауи үлгідегі эко-үйді кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Себебі, оның бағасы – 76 млн еуро. «Рас, бағасы қымбат. Бірақ, мұны жа­­сау­ға арзан материалдар қолданылған жоқ», дейді мамандар. Ал Словакия павильо­­нының директоры Моника София­ның ай­туынша, бұл ерекше үй жаңа энер­гияны қалай қолдануға бола­тын­дығын үйретеді.

Ұшатын велосипедті білесіз бе?

Чехия павильонында көпшіліктің назарына ұсынылған ұшатын велосипед – «Flying Bike» жобасын олар Гер­маниямен бірлесіп жүзеге асырған. Ав­торлардың айтуынша, жаңалықты жүзе­ге асыруға атақты француз жазушы­сы Жюль Верннің шығармашылығы мен «The Flying Airship» атты чех филь­мі себеп болған. Инженерлер велоси­педті жасауға біраз уақыттарын жұм­сап­ты. Олар велосипедтің виртуалды про­то­типін жасауға 4 ай, физикалық прото­типін дайындауға 4 ай, оны сынақтан өткізуге және жұмысын жетілдіруге тағы біраз ай жоғалтқан.

Велосипедтің ұзындығы – 3,8 метр, ені – 2,5 метр, ұзындығы – 1,2 метр, салмағы – 95 келі. Сондай-ақ, ол 170 килоға дейін көтеріп ұша алады. Қозғалт­қыштар саны – 4, қуаты – 10 киловатт және қуаты 7 киловатт болатын 2 қозғалтқыш бар. Жалпы қозғалтқыш қуаты – 54 киловатт. Ұшатын велосипедке орнатылған ауа винттерінің диаметрі – 1 200 мм (негізгі), 650 мм (тұрақтандыру үшін). Велосипед қуатты «Li-Po» аккумуляторынан алады. Оның жалпы сыйымдылығы 50 ампер-сағат. Сонымен қатар, велосипед тек 3-5 минут қана ұша алады. Ең жоғарғы жылдамдығы – 50 км/сағат.

«Велосипедті тоқпен зарядтауға болады. Сондай-ақ, педальды айналдырып, аккумуляторға энергия жинауға мүмкіндік бар», дейді павильон қызметкері.

Қуатты қаптама және бірегей панель

Малайзиялық ғалымдар байланыс құралын қуаттайтын телефон қаптамасын ойлап тауыпты. Күн энергиясынан күш алатын құрылғының игілігін көп ұзамай көретін боламыз. «Nanopac Innovation» компаниясының директоры Чен Кок Леоннің айтуынша, күндізгі уақытта телефонды қаптамасына салып, күн көзіне қойса жеткілікті. Қуаты ұзаққа жетеді екен.

Малайзия павильонындағы тағы бір технология – күн сәулесінен қуат өндіретін панель. Оның басты ерекше­лігі  далада ғана емес, ғимарат ішін­де де қуат өндіре береді. Ол күн сәулесі­мен қатар, ғимараттағы күндізгі жарық­тан, электр жарығынан күш алып, қуат бөлетін әлемдегі жалғыз технология. Панельді жасауға 10 жыл уақыт кет­кен. Малайзияда кеңсе, мектеп және бас­қа да ғимараттарда екі жылдан бері пайдаланылып келеді. Бұл технологияға көптеген ел қызығушылық танытып отыр. Таиланд өз елінде пайдалану үшін осы жобаны 1 млн долларға сатып алған көрінеді. Бірқатар елмен бірлескен жобалар да жүзеге аспақ.

«Ғимарат толығымен осы панельдерден жасалса, ол электр қуатын біршама үнемдеуге мүмкіндік береді. Панельдің 1,5 шаршы метрі 600 ватт энергия береді. Ал онымен 2-3 сағат салқындатқышты және күні бойы компьютерлерді қосуға болады», дейді Чен Кок Леон.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2018

Темір жол тасымалына жолаушылардың көңілі толмайды

28.05.2018

Заң жобаларының сапасын арттыру жолы ұсынылды

28.05.2018

Қостанай облысында мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып жатыр

28.05.2018

Павлодар мен Уфа арасы жақындай түсті

28.05.2018

Қарағанды облысында төртем дүниеге келді

28.05.2018

Этноойындар олимпиадасы елімізде өтуі мүмкін

28.05.2018

Қазақ философиясының бес томдығы жарыққа шықты

28.05.2018

Бэйлдің бенефисіне айналған финал

28.05.2018

«Арландар» WSB финалына шықты

28.05.2018

УЕФА Суперкубогы Алматыда өтпейтін болды

28.05.2018

Батыр Жүкембаев WBC Continental Americas чемпиондық атағын жеңіп алды

28.05.2018

Денис Тен спорттық киімін экспозицияға тапсырды

28.05.2018

«Өрлеудегі» елеулі өзгерістер

28.05.2018

Қазақ баспасөзі: өткені, бүгіні және болашағы

28.05.2018

Сирия соғысының соңы қашан?!.

28.05.2018

Басқа басылымдардан. АҚШ президенті Солтүстік Корея басшысымен кездесуден бас тартты

28.05.2018

Қатер қайдан демеңіз...

28.05.2018

«Жас қанат-2018» байқауының жеңімпаздары анықталды

28.05.2018

Астанаға 20 жыл. Тарихи таңдау қалай басталған еді?

28.05.2018

Ресми бөлім (28.05.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қатер қайдан демеңіз...

Алыс болашағымыз түгілі, бүгінгіміздің өзі бұлыңғырланған мына заманда қатер қайдан дейтін емес. Дуалы ауыз сарап­шылардың айтуынша, таяу болашақтағы екі-үш жыл жаһандық экономика үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік саясат пен халықаралық жағдай үшін д­е аса­ қауіпті сын-қатерлерге толы болға­лы тұр. 

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу