«Тарбағатай жұлдыздары» халықаралық ән фестивалі өтті

Егемен Қазақстан
03.12.2016 136
dsc_0438Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тарбағатай ауданында «Тарбағатай жұлдыздары» ән фестивалі өтті. Барқытбел бауырында төртінші мәрте өткен фестиваль биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, шет елдердегі қандастардың да басын қосқан өнер бәйгесіне айналды. Атап айтқанда, Ресей, Қытай, Монғолия және Қырғызстан, сондай-ақ, еліміздің Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан 50-ден астам өнерпаз сайысқа түсті. Тәуелсіздік тойына арналған фестивальде орындаушылар халық әндері мен Қазақстан композиторларының туған жер тақырыбындағы шығар­маларын шырқады. Әсіресе, Ресейдің Ал­тай аймағы Қосағаш ауданынан және Қытайдың ШҰАР Алтай аймағынан келген қандастар «Ағажай, Алтай», «Қалқа» сынды әндерді нәшіне келтіре орындады. Алатаудың арғы жағынан келген айыр қалпақты ағайындар да асқан шеберлік танытты. Байқаудың екінші кезеңіне өткен 25 өнерпаз Қазақстан компо­зиторларының кең тараған патриоттық әндерін орындады. Оның ішінде Бішкектен келген «Залқар» тобының орындауындағы  Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы» әні тыңдарманды ерекше баурай білді. Сондай-ақ, С.Бәйтерековтің әйгілі «Әлия» әні байқауда бірнеше мәрте орындалды. Тарбағатай бауырын екі күн бойы ән-думанға бөлеген бай­қау қорытындысы бойынша фестивальдің Гран-при жүлдесін зайсандық Іспек Наурызхан жеңіп алды. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев халықаралық фестивалді өткізуге ат салысқан өнер майталмандары мен кәсіпкерлерге шексіз ризашылығын білдіріп, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

«Токyo Open 2018»: спортшыларымыз 2 медаль жеңіп алды

18.10.2018

Буэнос-Айрес: Еліміздің Әнұраны екі мәрте шырқалды

18.10.2018

Айбике Хабибуллина Азия чемпионатында топ жарды

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне сапармен барды

18.10.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы дағдарысты шешуге шақырды

18.10.2018

ҚИК жаңа ипотекалық өнімді іске қосу туралы жариялады

18.10.2018

Ресей мен Моңғолия арасында әскери серіктестік түзілді

18.10.2018

«Өзен» өткел бермей тұр

18.10.2018

Балуандар Багам аралдарында белдесуде

18.10.2018

Сенат депутаттары Қыздар университетінің ұжымымен кездесті

18.10.2018

Жолдау 2018: мамандар қолдауы

18.10.2018

Әлеуметтік мәселелерді жылдам шешуді көздеген өңір

18.10.2018

Журналист Күлән Берікболова дүниеден өтті

18.10.2018

Екібастұзға ерекше сыйлық

18.10.2018

Шалғайдағы халық алысқа шабылмайтын болды

18.10.2018

Сенаторлар құрылыс алаңдарында болды

18.10.2018

Тағдыры ұқсас таланттар

18.10.2018

Кубань казактары қазақша шырқады

18.10.2018

Қарағандыда тәртіп сақшылары мен құтқарушылар 850 млн теңгенің жаңа техникасына ие болды

18.10.2018

Жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу