Тарих пен тағылым

Егемен Қазақстан
30.11.2016 129
tarikh-1Қазақ жері әлемдік маңызы бар ұлы оқиғалар мен өзгерістерді сан рет бастан өткізген. Олардың біразы дүние жүзі тарихынан лайықты орнын тауып отыр. Мәселен, IV ғасырда ғұндардың түрткі болуымен басталған халықтардың ұлы қоныс аударуы Рим империясының күйреуіне әкелсе, ежелгі дәуірден бастау алған Ұлы Жібек жолының тағдырында да қазақ даласының ықпалы айтарлықтай. Тарихи деректерге жүгінсек, қазақ­тың құт мекенін алыс-жақын халықтар мен мемлекеттер түрліше атағанмен, бол­мыс-бітімін негізінен даламен байланыстырғанын байқаймыз. Ежелгі русь­тіктер «Половецтер даласы» деп білсе, орта ғасырлардағы араб жазбала­рын­да «Мафазат-ал гуз» (оғыз даласы), парсы авторларында «Дашт-и қып­шақ» (Қыпшақ даласы), «Улус ва ел қазақ» (Қазақ ұлысы) деген атаулар кездеседі. Ежелгі дүние мен орта ғасырлар тарихының майталман маманы Л.Н.Гумилев осылардың бәрін ой елегінен өткізе, өткен ғасырда «Древняя Русь и Великая степь» атауымен тамаша монографиясын жазғаны белгілі. Даламыз бен елімізді қысқа да нұсқа түрде ұлықтаудың жұлдызды сәті 2014 жылы туды. 17 қаңтар күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жариялап, бұдан былайда ұлттық идеямыз «Мәңгілік Ел» екенін паш етті. Байырғы бабаларымыз қапысыз тапқан әрі ұрпағына тастағы жазуларымен аманаттаған бұл қазына ғасырлар еле­гінен өтіп, Тәуелсіздігімізді нығайтуға, ең дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге сеп­тесетініне еш күмән жоқ. «Мәңгілік ел» құру Еуразияның сайын даласын мекендеген халықтың ежелден ұлы арманы еді. Президенттің интеллектуалдық із­денісі Қазақ хандығының 550 жыл­ды­ғын тойлау үстінде тамаша пайым-тұ­жырыммен көмкерілді. Салтанатты жиында ол: «Осынау кең-байтақ Ұлы Даланың көгінде бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі!» деген еді. Тәуелсіздігінің ширек ғасыры ішінде дәл Қазақстандай табыстарға жеткен мемлекеттер көп емес. Тарихи уақыт өлшемімен келгенде, 25 жыл – қас-қағым ғана сәт. Ал бар болу мен жоқ бо­лу­дың дилеммасы алдында тұрған нақты мем­лекет пен оның азаматтары үшін 25 жыл аз уақыт емес. Ақиқат мынада: жа­ңадан шаңырақ көтерген жас мемле­кет ширек ғасыр ішінде тәуелсіздік мүддесіне сай ішкі және сыртқы саясаты мен практикасын түзе алмаса, әлемдік қауымдастықтағы лайықты орнын таппаса, оған атауын беріп отырған ұлттың болашағы жоқ деген сөз. Қазақстан бұл сынақтан абыроймен өтті. Мемлекет құраушы қазақ хал­қы тарих артқан миссияны, барлық қиын­шылықтарға қарамастан, лайықты ат­қарды. Иә, Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақ­станды қазіргі Қазақстанмен қатар қоя алмаймыз. Бірақ, табыстан бас айналмағаны дұ­рыс. Алда талай сынақтар тосып тұр. Біз ең дамыған 30 елдің тобына кі­руді, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруды көздеген халықпыз ғой. Олай болса, ілгерілеуімізге бөгесін туғызатын ескі немесе жаңадан пайда болған кедергілерді осы бастан анықтап алуымыз керек. Ал олар экономикада да, әлеу­меттік инфрақұрылымда да, білім мен ғы­лымда да, мәдениет пен өнерде де, жастар­мен жұмыста да баршылық. Түптеп кел­генде, мемлекетімізде орын алып оты­р­ған келеңсіздіктерге халық жауапты емес. Халықтың бірлігі, оның ішінде қазақтың бірегейлігі – тәуелсіздіктің басты жемісі әрі қуат күші. Әрине, кем-кетіксіз мемлекет болмайды. Бірақ, сол кереғарлықтар мен кемшіліктер шектен шығып, мемлекет құраушы ұлттың бірегейлігі мен болмысына зиянды салмақ түсірген жағдайда ұлттың да, мемлекеттің де болашағы бұлыңғыр тартары сөзсіз. Ол әр елде әртүрлі көрініс берген. Мәселен, Кеңес Одағының ыдырауына әкелген кереғарлықтар мен кемшіліктердің негіз­гісіне, біріншіден, ұлтаралық қаты­нас­тардағы дағдарысты, екіншіден, тех­но­логиялық тоқырауды, үшіншіден, сая­си-идеологиялық меңіреулікті жатқы­зар едік. Югославияның, Ирактың, Ауғанстанның, Украинаның әрқайсысының өз қасіреті бар. Тап қазір тәуелсіздігіміз бен ұлттық болмыс-бірегейлігімізге апат қаупі төніп тұрған жоқ. Дегенмен, көзге көрініп келе жатқан бірлі-жарым үдерістің әкелер зардабы ертең-ақ «кімді-кім» деген сұрақты алдымыздан шығаруы бек мүмкін. Біздің ойымызша, ұлттық бірегейлік дегеніміз – этногенезі мен этностық дамуы ортақ әрі бір аумақта эволюциялық сабақтастықпен орын алған түрлі (эко­но­микалық, әлеуметтік, рухани, т.б.) үде­рістер нәтижесінде мемлекетін құра алған адамдардың үлкен қауымдастығын басқа этностардан ерекшелендіретін интегралды көрсеткіш. Ұлттық болмыс – осы тарихи қауымдастыққа ғана тән тілдік, салт-дәстүрлік, дүниетанымдық, талғамдық, еңбекқорлық, қауіпсіздік сынды базалық құндылықтар қазынасының үздіксіз баюы әрі әрбір азаматының бойынан табылуы. Басқаша айтқанда, мың өліп, мың тірілсе де, ұлы даласы мен еркіндікті, домбырасы мен бесігін қастерлеген, малын – жанының, жанын – арының садағасы қылған, әрбір қазақты жалғызым деп бағалаған бірегейлік пен болмыс қана ұлттық мемлекетке тірек бола алады. Ішкі бірлік еліміздің өркендеуі үшін қандай қажет болса, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге соншалықты қажет. Күрес пен жеңістің өзегі – бірлікте. Ұлы Даланың толағай тарихы бар. Оны кезінде антикалық әлем жылнамашылары мен шежірешілері де хатқа түсіргені мәлім. Бірен-саран жарқын беттері Қазақ хандығы дәуіріндегі әде­биет пен ауызша тарихта түзілді. Отар­­лық және кеңестік ғасырларда Ұлы Дала елінің ұлттық тарихы жат жерлік өр­ке­ниет пен идеология, теория мен пра­к­­тика қысымына сай зерттеліп, насихатталды. Нәтижесінде, өткеніміздің формациялық сүлбесі анықталғанмен, мазмұны ақиқаттан алшақ мифтермен бұрмаланды. Төл тарихымыздың тамыршысы, академик М.Қозыбаев XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстанға қатысты оннан астам тарихи мифті әшкерелеген еді. Олар: қазақ халқының ұлт-азаттық қоз­ғалысының статусын төмендетіп, қазақ сахарасында пролетариат қозғалысының статусын әсірелеу мифі; Қазақстан та­рихында қазақ халқының Ресейдің құ­рамына енуінің прогрессивтік маңызын әсірелеу мифі; 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын большевиктік арнада әсірелеу мифі; әдебиетте 1917 жылғы Ақпан революциясының болмысын тұқыртып, оның жасаған жақсылық ісін жасырып, кемшілігін асырып, Қазан революциясымен шендестіру, қарама-қарсы қою мифі; Қазан төңкерісінің заңдылығы ту­ралы миф; ұлт мүддесін қорғаған қай­­рат­керлерге, кейін барша халыққа ұлт­­шыл­дық айдарын тағу мифі; Қазақ ке­ңес­тік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі; бұрынғы Одақтың, одан қалды, Қа­зақстанның 70-80-жылдардағы дамуы ту­ралы қарама-қарсы миф. Бұлардан басқа, И.Сталин туралы, Ұлы Отан соғысының сипаты, Ұлы Же­ңіс­тің қозғаушы күштері, соғыс шығы­ны туралы таласты проблемалар Қазақстан мы­салдары негізінде ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағы тарихымен байланысты қарастырылды. Ұлы Дала елінің тарихын мифтерден, яғни тәтті ертегіден арылту, шынайы баянын дәйектеу Тәуелсіздік арқасында ғана мүмкін болды. Тарихымызды заманауи талаптар биігінен зерделеуге соны серпін берген тұлға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екеніне ешкімнің дауы жоқ. Мемлекет басшысының тарихқа әділ көзқарасын: «Өткендердің қадірін білу, олардың арман-мүдделерін жалғастыру – адамгершілік парыз ғана емес, қо­ғамдық дамудың, ілгері басудың негізгі алғышарттарының бірі», «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ», деген ой-тұжырымдарынан байқау қиын емес. Тәуелсіздік мемлекетке, азаматтарға ғана емес, тарихи сана мен ғылымға да қажет екенін тереңнен толғанған Елбасы оның екі тұғырын тіктеуді бір сәтке назарынан тыс қалдырмады. Бірінші тұғыр – тарих білімі мен ғылымының жаңаша түлеуі үшін қажетті алғышарттар мен қажеттіліктерді қа­лыптастырғаны. Бұл орайда, Прези­денті­міздің тікелей басшылығымен қо­ғамдық-гуманитарлық ғылымдардың сая­си-идеологиялық, таптық догмалардан қол үзуі айрықша маңызды. Соған қоса, та­рихи білім беру жүйесі реформаланды, жа­ңа буын оқулықтар мен оқу құралдары жа­зылды, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары ашылды. Зәрулігі өткір ма­мандықтар бойынша маман даярлау қолға алынды. Қысқасы, атқарылған істерді түгел жіпке тізіп шығу мүмкін емес. Қазіргі Қазақстанда тарихи білім мен ғылымды дамытуға айтарлықтай бөгесін қалған жоқ. Сондықтан да шығар, қолына қалам ұстаған көзіқарақты жандардың бәрі тарихшы болуға шақ қалды. Мұның жақсы да, жаман да жақтары бар екеніне көзіміз жетуде. Атын шығарудың оңай жолын таңдағандарға айтылған сын-ескертпелер баршылық. Елбасы да бірде былай деген еді: «Тарихтың тағылымы біреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді қарсымын. Тарихты жеңіл-желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды». Екінші тұғыр – ұлттық тарихты бұрын-соңды шықпаған биікке көтеруге, оның тәжірибесі мен тағылымын адамзат өркениетімен салыстыра-шендестіре таразылауға Елбасының қосқан өзіндік үлесі. Бұның өзі бірнеше салаға жіктеліп жатыр. Алдымен ауызға аларымыз – тарихи ой-сананың танымдық әлеуетін арттырған әрі үздік табыстарға жеткізген жаңа теориялық-методологиялық негізді қалағаны, тарихи зерттеулердің құйрық-қанатындай деректік-ақпараттық базаның байығаны. Отан тарихының маңдайын ашқан президенттік олжаның нақты көрінісіне әлемдік, отандық тарихи үдерістер мен тәжірибенің бүгінгі, ертеңгі Қазақстанға, азаматтарымызға, әсіресе, жастарға ық­палы, өткенімізбен сабақтастық, жал­ғастық жаһандануды жатсынбайтынын, қай­та ең дамыған мемлекеттер қа­та­рына қосылуға септесетінін жан-жақ­ты ашып бергенін, қаламынан туған «Та­рих тол­қынында», «Қазақстан жолы», «Еу­разия жүрегінде» сынды еңбектерін, қу­ғын-сүр­гін құрбандарын еске алу (1997), ұлт­тық тарих (1998) жылдарын белгілеуін, ашар­шылықтың 80 жылдығын атап өтуін (2012), Абылайдың 300 жылдығын тойлауды (2013), ЮНЕСКО күнтізбесіне Түркістанның 1500, Тараздың 2000 жыл­дығын, Абайдың, М.Әуезовтің, Қ.Сәтбаевтың, Ә.Марғұланның, Ә.Қас­- т­еевтің, Құрманғазының, Ә.Бө­кей­­­ханның мерейтойларын енгізуін жат­қызамыз. Осылардың әрқайсысы тарих саласында қордаланып қалған міндеттерді шешуге, ғылыми ақиқатты қалпына келтіруге, «ақтаңдақтарды» жоюға серпін берді, ғалымдарды құлшындырды. Ақиқатты айта алған тарих ғылымы адамның санасы мен жүрегіне жол табады. Тарихпен тәрбиелеу дегеніміз – осы. Ең бастысы – Қазақстан халқының тарихи санасында сапалық өзгерістер байқалуда. Біздің азаматтарымыз елі­нің өткеніне бұрынғыдай қоғамдық-фор­мациялық өлшеммен, тап күресі, идеологиялық ымырасыздық, революциялар ұғымымен қарай бермейді. Ұлт тарихында ілгерілеу мен іркіліс те орын алғанын, оған халықтың да, тұлғаның да, биліктің де қатысы барын ендігі жерде бекерлемейді. Қазіргі тарихи санада тәуелсіздік пен мемлекеттілік идеялары нық орныққан. Тарих өлшемі бойынша, ширек ғасыр уақыт – қас-қағым ғана сәт. Ұлттық тарихымызды зерттеу мен насихаттауда, оқыту мен ұлықтауда біткенінен бітпеген іс көп. Елбасы сөзімен айтсақ, «тарихтың ұлы ұстаз екені рас, дегенмен, мәңгі-бақи оның аясында қалып қоюға болмайды». Ол әрбір қазақстандықты жасампаз әрекетке жұмылдыратын, оптимистік қуатты құлшыныс туғызатын білім мен біліктіліктің, инновация мен сенімнің көзіне айналғаны абзал. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан, мәңгілік Ұлы Дала Елі осылай туады. Ханкелді ӘБЖАНОВ, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Жамбыл облысында оң экономикалық өсім бар

24.09.2018

Сиқыры мол сауда нарығы

24.09.2018

Машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланды

24.09.2018

Ulaǵat pen muraǵat

24.09.2018

Аналарға құрмет

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу