Тарихта "Ақ Орда" деген мемлекет болмаған – ғалым

Егемен Қазақстан
07.12.2016 235
zhaksylyk-sabitov Тарихшы Жақсылық Сәбитов Еуразияда «Ақ Орда», «Алтын Орда» атты мемлекеттер болмаған деген пікір айтты. Оның пайымдауынша, бұл ұғымдар ол кезде мемлекетке емес, хан ордасына қатысты ғана айтылған. Бұл туралы Жақсылық Сәбитов vlast.kz басылымындағы «Ақ Орда не мағына береді?» атты мақаласында жазады. Орта ғасырларда қазақтар «ұлыс» деп мемлекетті, «Ақ Орда», «Алтын Орда», «Көк Орда» деп хан ордасын немесе хан ордасы тұрған жерді ғана айтқан дейді тарихшы. Және ол дәл осы нәрсені бұдан 150 жыл бұрын Шоқан Уәлихановтың да жазып кеткенін еске салады. Сәбитов "Ақ Орда мен Көк Орда мемлекеттері қай аймақтарда болды?" деген таластың 1830 жылы аустриялық шығыстанушы Йосиф Хаммер-Пургштал мен ресейлік ғалымдар арасында басталғанын айтады. 180 жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан бұл ғылыми мәселеге отандық тарихшылардың көзқарасы әртүрлі. «Өзім бір кездері Ақ Орданы Алтын Орданың оң қанаты, Бату ханның ұлысы деп білген едім. Ал кей ғалымдар Ақ Орданы Жошы ұлысының сол қанаты дейді. Мәселеге қатысты нақты деректің болмауы себепті қазір тарихшылар бұл туралы көп айтпайтын да болған. Тарихшы Радик Темірғалиев айтпақшы, Ақ Орда нақты қай ұлыстың аумағында болғанын дәлелдеу мүмкін емес. Қазір қарап отырсам, тарихшылардың көпшілігі оңбай қателесіп келген» дейді Жақсылық Сәбитов. Қазақстандық мектеп бағдарламасындағы оқулықтарда Қазақ хандығының Ақ Орда мемлекетінен шыққаны айтылады. Ал уикипедияда әртүрлі мәліметтер бар. Қазақша уикипедияда Ақ Орданың Алтын Орда құрамынан шығып, Қазақ хандығының осы мемлекеттен бөлініп шыққаны жазылған. Ал орысша уикипедияда бұл мемлекет туралы біржақты мәлімет жоқ. Уикипедияның қос нұсқасына да ортақ нәрсе – Ақ Орданың белгілі бір мемлекет немесе аймақ болғаны және Жошы әулетінің қоластында болғаны. «Мен де 2014 жылға дейін осылай ойлап келдім. Алайда бір күні маған Радик Темірғалиев мәселеге нүкте қоятын бір ой айтты. Оның пікірі өте қарапайым және шындыққа барынша жақын еді. Өкінішке орай, ол кісі әлгі ойын арнайы еңбек етіп жазбады. Бірақ дәл осы ойды Шоқан Уәлиханов XIX ғасырда айтып кеткен болатын. Идеяның мәні мынада: Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Ордаға жекелеген мемлекеттер емес, Жошы ұлысы хандарының резиденциялары ретінде қарау керек. Ақ Орданы мемлекет деп таныстыру Мәскеу князьдігін Кремль мемлекеті, АҚШ-ты Ақ үй мемлекеті дегенмен бірдей» дейді тарихшы. Кеңес кезінен бері тарихта Алтын Орда деген мемлекеттің болғаны айтылды. Сәбитовтің пікірінше, ол да жеке мемлекет болмаған. Ол да хан ордасы болған. Ал орыс князьдіктерін бағындырған сол кездегі мемлекет Ұлы Ұлыс немесе Жошы ұлысы аталған. Яғни, дейді Сәбитов, Алтын Орда Жошы ұлысының Ақ үй, Букингем сарайы, Кремль секілді басты резиденциясы болған. «Алтын Орда» атауын осы орайда мемлекет атауымен шатастырмау керек. Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Орда» сөзі қазіргі қазақтардың тіліндегі мағынасы секілді ханның тұратын жері дегенді білдіреді. Алтын Орда – Жошы ханның тұратын алтын сарайы. Кейін ол барлық ханның сарайына қатысты айтыла бастады. Сондықтан Ақ Орда, Көк Орда – барлығы ханның жекелеген сарайлары болған. Осылай деп Шоқан Уәлиханов 150 жыл бұрын айтқан. Ал біздің мектептерде әлі күнге дейін Ақ Орда деген мемлекет болған деп оқытып жатыр. Мектеп бағдарламасын былай қойғанда, Шоқан Уәлихановтың атындағы тарих және этнология институты ғалымдарының өздері әлгіндей қателік жіберіп отыр. Уәлихановтың бұл тұрғыда кеңес академиктері мен қазіргі ғалымдарға қарағанда әлдей қайда терең ойлағанын көреміз. Тарихи деректерді ескермегеннің өзінде «орда» сөзінің қазақ тілінде «резиденция», «сарай» деген мағынаға келетінін бәріміз білуіміз керек емес пе? Осыны түсінбеген қазіргі ғалымдар оқушыларды Қазақ хандығы Ақ Орда мемлекетінен бөлініп шықты деп адастыруда. Әлі де кеш емес, оқулықтағы бұл қателікті түзетуге болады дейді белгілі тарихшы. Оның айтуынша, осы тұрғыда Қазақстан Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» деп аталуы өте орынды. Өйткені, қазақ ұғымында «орда» ежелден мемлекет емес, сарай немесе резиденция мағынасын береді. Акорда-жана
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу