Тарихты тұлғалар жасайды десек те…

Қазақта «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дейтін екіншісіне қатысты ма­ғынасы сүйкімсіздеу тәмсіл бар. Ко­рея Халық-Демократиялық Рес­пуб­­ликасын (КХДР) қазіргі ха­лық­ара­­лық жағдайда қыңырға теңемеске ла­­жың жоқ. Өйткені, бұл елдің бүгінгі таң­­дағы сыртқы саясаты тек өңірге ға­­на емес, бүкіл халықаралық қо­ғам­дас­­тыққа ай­тар­лықтай қауіп төндіріп отыр.

Самат МҰСА 16.03.2017 41

Жақында КХДР төрт баллисти­калық зымыран ұшырды. Олардың үшеуі шамамен үш мың шақырымдай ұшып өтіп, Жапония жағалауларына жақын барып құлаған. Солтүстік Корея басшылығы алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарын, БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тыйым салған қарарына қарамастан, соңғы бір ай ішінде екінші мәрте сынақтан өт­кі­зіп отыр. Енді бұл жайсыз жайт онсыз да томаға-тұйық тіршілік кешіп, өз қа­за­нында өзі қайнап жатқан осынау бір өте кедей елге БҰҰ тарапынан санкция­ны кезекті рет қатаңдатуға алып келуі ық­ти­мал. Ал елдің аш-жалаңаш отыруына, бі­рін­ші кезекте, «аттыға ілесемін деп жаяу­дың таңы айырылыпты» дегендей, қа­рулануға көп қаржы шығындауы себеп екені айтпаса да түсінікті болса ке­рек.

Жалпы, былтыр Солтүстік Корея яд­­ро­­лық қарулары мен баллистикалық зы­мырандарын сынақтан өткізуді же­дел­­дете жүргізген еді. Сөйтіп, бір жыл ішінде 25 зымыран ұшырып, екі ядро­лық сынақ жасаған-тын. Ал соңғы ұшы­рылымға АҚШ пен оның одақ­тастары жедел үн қатуға мәжбүр болды. Өйткені, алыс қашықтыққа ұшуға қа­­білетті құр­лы­қаралық баллистикалық зы­­мыран Жапонияны былай қойғанда, алыс­­тағы Америкаға да қауіп төндіруі әб­­ден мүмкін. КХДР-дің көксегені де осы екені күмәнсіз.

Мәселен, АҚШ қарулы күштері ст­ра­­тегиялық командованиесінің өкілі, под­­­полковник Мартин О’Доннел аме­ри­­­­калық әскерилер Солтүстік Корея та­­­­ра­­пынан жасалатын ықтимал аран­да­ту­­шылыққа әркез дайын екенін, қашан да қырағылық танытатынын айта келіп, қау­іпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз­дерінің одақтастары – Корея Рес­пуб­ли­­касымен (Оңтүстік Корея) және Жа­по­­ниямен тығыз ынтымақтасу ниет­те­рі бар екенін мәлімдеді. Бұл арада Оң­түс­тік Корея мен Жапония жағының да сәй­­­кесінше мәлімдемелер жасағанын, олар­­дың өкілдері дауыстарының да қат­қыл­­дау шыққанын тәптіштеп айтып жа­ту артықтау болар.

Кез келген әрекет қарсы әрекет ту­ғы­затыны белгілі. КХДР-дің құр­лы­қ­а­ра­лық баллистикалық зымырандарын сы­нақтан өткізуіне жауап ретінде АҚШ Оң­түстік Корея аумағында ауаның жо­ға­­ры қабатында, яғни аса биікте ұшатын зы­­мырандарды атып түсіре алатын зы­мы­ранға қарсы кешен орналастыру ниеті бар екенін айқын аңғартты. Ал бұл жайт өз кезегінде Бейжіңнің айтарлықтай на­­­разылығын туғызды. Бейжіңнің пі­кі­­­рі­нше, аса биіктегі зымырандарды анық­­­тауға мүмкіндік беретін заманауи ке­­­шен Қытай қауіпсіздігі үшін үлкен қа­­тер болып табылады. Осылайша, екі алып елдің мүдделер тоғысы аталған мә­­­се­леге келгенде екіге жарылып отыр. Шын мәнінде, қай ел көршісінің ау­ма­ғын­­да заманауи әскери кешен ор­на­лас­ты­­рыл­ғанын қалайды дейсіз?!

Осы арада Пхеньянның іс-әрекетін Жапония жағының қалай қабылдағаны туралы да қысқаша айта кетейік. Себебі, жо­ғарыда назар аударғанымыздай, зы­мы­рандар Жапон теңізіне құлаған бо­ла­­т­ын. Жапония үкіметінің басшысы Синдзо Абэні тыңдап көрелік: «Бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын өрескел бұ­зу болып табылады. Қарарда КХДР-ге ядролық қару мен баллистикалық зы­мыран жасап шығаруға қатаң тыйым са­лынған. Зымырандар Жапонияның Акита префектурасына жататын Ога бұғазынан бар-жоғы 300-350 шақырым жерге құлады. Бұл еліміз үшін үлкен қауіп бар екенін білдіреді. Ал соңғы ұшы­рылымдар Солтүстік Кореяның зы­мыран жасау саласында жаңа сатыға кө­терілгенін айғақтайды», дейді С.Абэ.
Тарихты тұлғалар жасайды. Жақсы­сын да, жаманын да. Жақсысын, әрине, алыс­ты болжайтын көреген де дана көш­басшылар жасайды. Жаманы, әл­бет­те, таяз ойлайтын, тұмсығының ас­тын­дағыдан әріні көре алмайтын ұр­да-жық «көсемдердің» қолымен жа­са­­лады. Сон­дықтан, Ким Чен Ынды дәл қа­зіргі жағ­дай­да елін ұшпаққа шы­ға­ра­тын кө­реген көш­басшы деп айтуға кел­мей­ті­ні анық.

Елді биліктің әкеден балаға берілуі ар­қылы бір әулеттің ұзақ жыл басқаруы аса жақсылыққа апармайтынының мыса­лын көршіміз Ресейден келтіруге де бо­латындай. Жақында ресейлік «Рен» те­ле­арнасынан (В.Прокопенконың автор­лық бағдарламаларының бірінде) Ни­ко­лай ІІ патшаға орташа деңгейлі ғана қа­білеті бар, қарымы әрі кетсе батальон бас­қаруға ғана жететіндей деген тұрғыда си­­паттама берілді. Бағдарламада, тіп­ті, оның орнында патша тағында лай­ық­ты адам отырғанда 1905 жылғы «қан­ды жексенбіні» былай қойғанда (кім­нің оқ атуға бұйрық бергені әлі күнге бе­л­­гі­сіз көрінеді), сол жылғы ақпан төң­керісі мен қазан төңкерісі де болмайтын еді де­ген уәж көлденең тартылды…
Иә, тарих адамдар қолымен жасалады.

Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.03.2017

Көкпар және көкпар аты

28.03.2017

Сүйгізген, сүйген, мұңдасқан...

28.03.2017

​Оқушылар қамкөңіл қарияларға тарту жасады

28.03.2017

Қызылордада Алаш мұрасына арналған конференция өтті

28.03.2017

Қазақстанның сақтандыру нарығы серпін алды

28.03.2017

​«Астана» мен «Шахтер» арасындағы матчтың өтетін орны ауыстырылды

28.03.2017

Мақта шаруашылығын дамытуға не кедергі?

28.03.2017

Қазақстандықтар жаппай көлік жаңартып жатыр

28.03.2017

​Сондерс сөзінде тұрса, біз бәріне дайынбыз – Мұхамедиұлы

28.03.2017

​ҚХЛ команда санын қысқартуы мүмкін

28.03.2017

Атырау театры АҚШ-қа барады

28.03.2017

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш ашылды

28.03.2017

Қанат Исламның Астанада өтетін бокс кешінің орны белгілі болды

28.03.2017

Дзюдодан ​Қазақстан қыздар құрамасы Тюринги кубогының қола жүлдегері атанды

28.03.2017

Жылдың екінші жартысында да ОПЕК+ келісімі өз күшінде қалуы мүмкін

КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Кәсіпкерге не кедергі?

Иә, кәсіпкерге еш кедергі жоқ секілді көрінеді. Кез келген істі кәсіп қылып, шыр айналдырып пайда таба бер. Өзің де байы, өзгені де жарылқа. Тек заңды бұзбасаң болды. Солайы солай ғой. Бірақ өмірде қалай?

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

​Адами капитал

Бүгінде әлемнің дамыған елдерінде адами капиталды мемле­кеттің, қоғамның және экономиканың негізгі тұғыры деп қабылдайды.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы – тоқ қала!..

Алматыда туған, тұрған, бі­лім қуған, қызмет істеген, қазір тұрып жатқан, алыста-а-а-н елегі­зіп қаланы сағынып жүрген... бар­­ша­ңыз – осындағы кеңестік асхана­лардан жеген сірке суының өткір иісі мұрын қабатын лағман тағамының қышқылтым дәмін ұмыта қоймаған шығарсыздар-ау!

Нәубат ҚАЛИЕВ, саяси ғылымдар докторы

Қазақстан және жаңа әлем

Жаңа әлем дегенде, біз, ең ал­ды­мен, күрделі, қайшылықты және күрт өзгермелі әлемде өмір сүріп отырғанымызды пайымдап, сара­лауымыз керек. Осы жерде Абай даныш­панның: «−Көк тұман ал­дыңдағы келер заман» деген тұжырымы еріксіз ойға түседі.

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы

Агроөнеркәсіп: Алыпсатарлықтан арылу керек

Қазақстан ет және сүт өнімдері бойынша аса ірі экспорттаушы ел атануы мүмкін. Елбасы сыртқа сатылатын еттің көлемін 60 мың тоннаға жеткізсек, 4 миллион тонна астық сатқанмен бірдей табыс болатынын айтып, нақты тапсырма берген.

Пікірлер(0)

Пікір қосу