Тасмағамбетов балалар үйі тәрбиеленушілеріне қатысты тапсырма берді

Егемен Қазақстан
02.12.2016 144
tasmagambetov ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен балалар үйлері тәрбиеленушілерінің санын азайту жөнінде мәжіліс өтті. Кеңеске Парламент Мәжілісінің депутаттары, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева, сондай-ақ, орталық атқарушы органдардың, үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардың өкілдері қатысты. «Елбасы мемлекеттік органдарға балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқандардың санын азайту туралы тапсырма бергені белгілі. Осы бағытта мемлекеттік органдар тарапынан жоспарлы және дәйекті жұмыс жүргізіліп жатыр. Балаларды отбасына орналастырудың баламалы формалары көбейіп, асырап алу, қамқорлыққа алу, патронаттан өзге, 2017 жылдан бастап қабылдау және қонақжай отбасылары формасы енеді. Бұлардың барлығы мемлекет тарапынан материалдық қолдауға ие болады», – деді  Иманғали Тасмағамбетов. Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бала асырап алудың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін биыл сәуір айынан бері жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың, сондай-ақ өз отбасына бала асырап алуға ниет білдірген тұлғалардың Республикалық мәліметтер банкі қалыптасқанын мәлімдеді. Жыл сайын алты мыңнан астам бала жасөспірімдерді бейімдеу орталықтары арқылы асырап алуға, қамқорлыққа және патронаттық тәрбиеге беріледі, туған ата-аналарына қайтарылады немесе жетімдер мен ата-анасының қорғауынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге жіберіледі. Ал жаңа туған нәрестелердің ата-анасы анықталмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың қорғаншы және қамқоршы органдары сәбилерді бірден отбасыларына тәрбиеге бере алады. «Барлық құзырлы мемлекеттік органдар балаларды асырап алуға, патронаттық тәрбиеге және отбасыларына беру арқылы жетім балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің санын қысқарту үшін белсенді жұмыс жүргізуі қажет», - деді вице-премьер. Сонымен қатар, мәжіліс қорытындысында И.Тасмағамбетов жауапты құрылымдарға Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жетім балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беруде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы бөлігінде заңанаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық салаларында 4-5 пайыз өсім бар

17.01.2019

Станимир Стоилов ұлттық құрамадан кетті

17.01.2019

Оралдықтар 19 қаңтарда суық суға шомылады

17.01.2019

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді

17.01.2019

Жаңадан ашылған ауданға жастар оралып жатыр

17.01.2019

«Егемен» жазған мақала сенатор сауалына арқау болды

17.01.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар кеңесі өтті

17.01.2019

113 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты - Қ.Өскенбаев 

17.01.2019

Шымбұлақта фристайлдан әлем кубогі өтеді

17.01.2019

Атырау облысында екпе алмаған балалар қызылшаға шалдығып жатыр

17.01.2019

Алматыдағы Баум тоғайы түрлене түспек

17.01.2019

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады

17.01.2019

Талдықорғанда «ақылды» аялдама салынып жатыр

17.01.2019

Қазақстандық теннисшілер жұбы екінші кезеңге шықты

17.01.2019

Галышева мен Рейхерд АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

17.01.2019

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы әлемдік сынның финалына өтті

17.01.2019

Батыс Қазақстан ТЖД 17 күнде 43 SMS-хабарлама таратты

17.01.2019

 Қостанайда 867 үкіметтік емес ұйымның 586-ы жұмыс істейді

17.01.2019

Әр төртінші заем «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген

17.01.2019

Батыс Қазақстанда 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу