Тасмағамбетов Ресей патриархы Кириллге І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды

Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге I дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Егемен Қазақстан
24.05.2017 1226

Салтанатты рәсім Мәскеудегі Құтқарушы Христос храмында өтті. «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Орыс православ шіркеуінің жетекшісі «Мемлекеттік және қоғамдық қызметке, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін» жоғары наградаға ие болды» делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы мен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан награда тапсыру үлкен мәртебе екенін айтты. "Бұл Сіздің бейбітшілік пен келісімді, екі ел халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы зор еңбегіңізге деген айрықша құрмет"- деп атап өтті қазақстандық дипломат.

Тасмағамбетов Қазақстанда исламмен қатар, православ діні де қоғамдық өмірде ерекше орны бар жетекші конфессиялардың бірі екенін айтты.

Патриарх Кирилл өзіне көрсетілген жоғары марапат үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алығысын жеткізіп, барша қазақ халқына бейбіт өмір мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

«Достық» ордені - Қазақстан Республикасының жоғары наградаларының бірі. Бұл орденмен қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтауда жемісті жұмыс атқарған, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. Орден иегерлерінің арасында - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, АҚШ Президенті (1989-1993) Джордж Буш (үлкені), АҚШ-тың 67-ші Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Ұлыбританияның Премьер-министрі (1979-1990) Маргарет Тэтчер, кардинал-епископ, кардиналдар алқасының деканы (2001) Анджело Содано, Сауд Арабиясының патшасы - Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Сауд, Хорватия Президенті (2000- 2010) Степан Месич, Румыния Президенті Ион Илиеску, Татарстан Республикасының тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиев, Сингапур 1-ші премьер-министрі Ли Куан Ю, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Словакия Президенті (2007) Иван Гашпарович, Венгрия Президенті (2007) - Ласло Шойом, ФИФА президенті Йозеф Блаттер, РФ Президенті Әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов, қару құрастырушы Михаил Калашников, балетмейстер Юрий Григорович, КСРО Халық әртісі Иосиф Кобзон және басқа танымал тұлғалар бар.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу