Тасқа айналған ағаш

Ағаштың тасқа айналуы мүмкін бе? Миға сыймайтын дүние сияқты. Мұндай нәрсе тек аңыз-әпсаналар, адам қиялынан туған туындыларда ғана кездесетіндей болып көрінеді.
Егемен Қазақстан
04.04.2017 847

Айталық, әйгілі "Тас бол" киносында. Дегенмен, мына жалғанда мүмкін емес нәрсе жоқ екен. Ағаштың тасқа айналуы да сондай ғажайып құбылыстардың қаиарынан болса керек.

АҚШ-тың Аризона штатында тұтастай тас ағаштардың орманы бар дейді. Табиғаттың тылсымы тұтастай орманды бір күнде ағашқа айналдырып жібермеген шығар. Бірақ уақыт өтіп, заман озып, климаттың өзгеруі салдарынан бір кездері сыңсып өсіп тұрған тал-дарақ тасқа айналған-мыс. Мұндай мысалды көрші Қытай елінен де көруге болады. «Шыңжаң – Шонжы кремиленген ағаш-динозавр» мемлекеттік геобауында мұндай дүниенің талайын кездестіруге болады екен. Мұнда шамамен біздің заманымызға дейінгі 140 миллион жыл бұрынғы гинко, қызыл шырша секілді ағаштардың діңі мен тамырын көре аласыз. Оның кейбірінде ағаштың қабығы осы уақытқа дейін сақталған. Бұл аймақта динозаврлардың да тасқа айналған қаңқалары бар. Дегенмен оның нақты қанша екенін әлі ешкім толық білмейді. Десек те, соңғы жылдары Қытай-Канада ғалымдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде мұнда динозавр қаңқаларының жүзден асатыны белгілі болып отыр. Қолда бар техниканың әлсіздігіне байланыс­ты оның барлығын аршып, толықтай зерттеуге ғалымдардың шамасы келмей жатқанға ұқсайды. Өмірімізге жаңа технология дендеп еніп, техника көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр ғой. Алдағы уақытта ғалымдар соңғы технологиялардың көмегімен динозавр дәуірінің нақты келбетін жасайды деген де болжам бар.

Ал енді осындай тасқа айнал­ған ағаштар Қазақстанда бар ма? Біздің елде де мұндай құбылыстар кездескен екен. Соның жұрнағын Қы­зылорда облыстық тарихи-өлке­тану музейінен көрдік. Мине­ралды ресурстарды сіңіру барысында тасқа айналған ағаштың кішкене бөлшегі осында тұр. Ғалымдар бұл ағашты біздің заманымызға дейін 80 миллион жыл бұрын өскен деп сипаттап отыр. Ал тасқа айналған ағаштың діңі Шиелі ауданының Қызылжар шатқалынан табылған. Музейге 1980 жылы тапсырылған. Қарт Қаратаудың бөктері талай сырды ішіне бүгіп жатыр ғой. Іздестірсе, мұндай тасқа айналған ағашты әлі де табуға болатын шығар.

Ержан Байтілес,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2018

Павлодарда «Жасыл ел» еңбек жасағының ХIV маусымы басталды

28.05.2018

Қарағандыда қоғамдық кеңес құрылды

28.05.2018

Маңғыстауда цифрландыру жұмыстары қалай жүруде?

28.05.2018

Кәсіпкерлерге қысастық жасалып отыр

28.05.2018

Құтқарушыларды қолдау қажет

28.05.2018

Балалар туризмін дамыту өзекті

28.05.2018

Темір жол тасымалына жолаушылардың көңілі толмайды

28.05.2018

Заң жобаларының сапасын арттыру жолы ұсынылды

28.05.2018

Қостанай облысында мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып жатыр

28.05.2018

Павлодар мен Уфа арасы жақындай түсті

28.05.2018

Қарағанды облысында төртем дүниеге келді

28.05.2018

Этноойындар олимпиадасы елімізде өтуі мүмкін

28.05.2018

Қазақ философиясының бес томдығы жарыққа шықты

28.05.2018

Бэйлдің бенефисіне айналған финал

28.05.2018

«Арландар» WSB финалына шықты

28.05.2018

УЕФА Суперкубогы Алматыда өтпейтін болды

28.05.2018

Батыр Жүкембаев WBC Continental Americas чемпиондық атағын жеңіп алды

28.05.2018

Денис Тен спорттық киімін экспозицияға тапсырды

28.05.2018

«Өрлеудегі» елеулі өзгерістер

28.05.2018

Қазақ баспасөзі: өткені, бүгіні және болашағы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қатер қайдан демеңіз...

Алыс болашағымыз түгілі, бүгінгіміздің өзі бұлыңғырланған мына заманда қатер қайдан дейтін емес. Дуалы ауыз сарап­шылардың айтуынша, таяу болашақтағы екі-үш жыл жаһандық экономика үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік саясат пен халықаралық жағдай үшін д­е аса­ қауіпті сын-қатерлерге толы болға­лы тұр. 

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу