Татулықты ту еткен тұлға

Қазақтың маңдайы ашық, тілеуі дұрыс халық болған соң болуы керек, пешенесіне Нұрсұлтан Назарбаев секілді парасатты адамды Президент етіп сыйлап, жері үлкен болса да, халқы аз мемлекетті әлемге мәшһүр ету міндетін аманаттап­ты.
Егемен Қазақстан
06.07.2017 2815
2

Елбасымыздың есімі күллі әлемге халқын өрге сүйреген бірегей бас­шы ретінде танылып, естіле бастаған­нан бері дүниежүзі елдері Қазақ­стан мемлекетін мойындап, жағым­ды, жақсы аты үшін жақынырақ танығысы келетін райын байқата бастады. Қазақстанға тартылып жатқан инвестициялар, келіп жатқан даңқты тұлғалар, сапарлап жүрген саясат серкелері, өтіп жатқан беделді басқосулар – соның ай­ғағы. Қазақстан бү­гінде татулықтың, бей­­бітшіліктің алтын бесі­гіне айналды. Сонау Тәуелсіздіктің ал­­ғашқы жылдарының өзін­­де-ақ Н.Назарбаев бас­қарған Қазақ елі жер бетіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалуды қолдайтын озық мемлекеттің үлгісін көр­сетіп, шартараптағы жұрт­тың бәрін тыныштыққа шақыр­ды. Міне, содан бері алғашқы кірпішін өз қолымен қалаған Астананы бейбіт келісімдердің алаңына айналдырды. Жер жүзіндегі алпауыт елдердің арасында­ғы текетірес күшейген кезінде алақандай ғана Астана араағайын­дық жүгін көтеріп, көз­қа­расы қайшы мем­ле­кет­терді бір мүддеге ор­тақтастыру үшін бір үстелдің басына отыр­ғызды. Саясат қай­шылығын, дін алауыз­дығын ретке келтіру үшін  өзара түсіністікке бастайтын мәмілелер жасауға ұйытқы болды. Астана аз ғана уақыттың ішінде дүниежүзінің дана басшылары бас қосатын саясаттың қаласына айналып шыға келді. Аз еңбек емес. Аз дейміз-ау, ұшы-қиыры жоқ осы еңбектің бәрі атан жілік азамат қана көтере алатын нардың жүгі емес пе.
Елбасымыздың жүрген жері – бейбітшілік. Қайда барса да ымы­раны, ынтымақты өзімен бірге ала жүреді. Еліміздің амандығы, жері­міз­дің тыныштығы үшін дәл біздің Елбасымыздай алаңдап, күн демей, түн демей, тәулігіне неше сағат аспанда ұшып, жұртының қамы үшін жанұшырып жүрген  елжанды басшы некен-саяқ болар деп ойлаймын. Мемлекет тізгінін ұстаған соң бәрі де жұртының жайын ойлайды ғой, бірақ біздің Президентіміздің перзент ретіндегі парызын терең түсінуі және соған сай халқына адал қызмет қылуы алабөтен сияқты көрінеді. Елі Елба­сыны қолдап, Елбасымыз еліне сү­йеу болып атқаратын қыруар шаруа шаш етектен алда әлі күтіп тұр. 
Дүние жүзінде тұңғыш рет әлем­дегі театрлардың фестивалін жас Астанада өткізуінің өзі неге тұрады! Мұндай халықаралық кең ауқымды шараны өткізуге екі елдің бірі бел шешіп кірісе алмайды. Қаражатын айтпағанда, бұған қаншама күш-қайрат жұмсалады. Президенттің пәрменімен өткізілген фестивальге Қазақстанға ғұмыры табаны тиіп көрмеген өзге елдің таланттары жи­налып, өз өнерін көрсетіп, бас­­қаның да өнерін парықтап, бүгін­гі театрдың бағыт-бағдарын салыс­тырып, саралау үшін зор мүм­кін­дікке ие болды. Ал мұндай баға жет­пес тәжірибе алмасулар еліміз­дің театр өнерін тағы бір белеске көтеріп тастайтыны анық. Бір ғана театр өнерінің өзі осыншама бай­лық­­қа кенелгенде, басқа сала­лар бо­­йынша өткізіліп жатқан мың сан сал­­мақты шаралардың елі­мізге, хал­қы­­мызға берер игілігін, пай­да­сын сана­ма­лап шығу тіпті де мүмкін емес. 
Есмұхан ОБАЕВ,
Қазақстанның халық әртісі, профессор
АЛМАТЫ 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.10.2018

Үкіметте көлік пен логистиканы цифрландыру мәселесі қаралды

23.10.2018

«Алтай» әлем чемпионатына қатысады

23.10.2018

Петропавлда қонақ үй және мейрамхана кешені тұрғызылды

23.10.2018

«Барыс» Минскінің «Динамосын» ұтты

23.10.2018

«Брексит» келісімі 95%-ке дайын

23.10.2018

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды

23.10.2018

Нұрислам Санаев күміс алды

23.10.2018

Жекелей инвестиция тарту тапсырылды

23.10.2018

Ел чемпионатында Даяна Әбдірбекова жеңімпаз атанды

23.10.2018

Студенттерге медиацияны меңгеру маңызды

23.10.2018

Орталық Азиядағы инвестицияның 70%-і Қазақстанға тиесілі

23.10.2018

Буэнос-Айрестегі (Аргентина) үшінші жасөспірімдер Олимпиадасынан спортшыларымыз оралды

23.10.2018

АҚШ колледждерінің бірінде робот сабақ бере бастады

23.10.2018

Қарағанды – IT кеңістіктің бастау алаңы

23.10.2018

Аграрлық сектордың әлеуеті қайтсе артады?

23.10.2018

Ілбісті атқанға 5 миллион теңге айыппұл салынады

23.10.2018

Қазақстан қоржынында – 10 медаль

23.10.2018

Алматыда қонақ үйдің күзетшісін соққыға жыққан бұзақылар тұтқындалды

23.10.2018

Әдемінің әуенге толы суреттері

23.10.2018

Хәлің қалай, халық театры?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Tulǵalardy mansuqtaýda qandaı maqsat bar?

Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń «Bola­shaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵ­darlamalyq maqalasy – halyq tarapynan úl­ken qoldaý tapqan, kópshiliktiń yqylasy zor bolǵan bastama. Baǵdarlamanyń arqasynda hal­qymyzdyń mol rýhanı murasy qaıta jańǵyryp, tarıhymyz túgendeldi. Osy jobanyń aıasynda tól ádebıetimiz ben mádenıetimizdiń shetelderde nasıhattalýy, sheteldiń túrli saladaǵy eń mazmundy kitaptarynyń aǵylshynshadan tikeleı qazaq­shaǵa aýdarylyp, qalyń oqyrmanǵa tabystalýy da buryn-sońdy bolmaǵan is.

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу