Тәуелсіздік тойы қарсаңындағы толағай табыстар

Егемен Қазақстан
07.12.2016 161
06-12-01Жалпыұлттық телекөпірде еліміз бойынша 23 кәсіпорын іске қосылды Кеше Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дәстүрге айналған Жалпыұлттық телекөпір өтті.  Отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі Индустрияландыру күніне арналған шара барысында жиырма үш жобаның тұсауы кесілді. Президент телекөпір режімінде жаңа нысандарды іске қосып, индустрияландыру аясындағы жобалар құрылысының басталуына белгі берді. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылындағы индустриялық дамудың негізгі кезеңдеріне арналған фотосурет көрмесін тамашалады. Сөз басында айта кеткен жөн, индустрия­ландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында 4,6 трлн теңгенің 961 жобасы іске қосылып, 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Тек жыл басынан бері 179,2 млрд теңгенің 63 жобасы жүзеге асырылып, 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал бағдарлама аясында қолға алынған жобалар арқылы 7,5 трлн теңгенің шамасында өнім өндірілсе, оның 1,8 трлн теңгесі соңғы он айға тиесілі. Сонда жобаларды іске қосу арқылы ай сайын орташа есеппен 160 млрд теңге көлемінде өнім өндірілген.

06-12-04Домна пешінің  көрігі қызады

Кешегі телекөпірде іске қосылған өндірістер жоғарыдағы сандарды тағы еселей түсетіні сөзсіз. Солардың бірқатары жайында баяндасақ, Елбасы қамқорлығымен және бастамасымен қанат қаққан маңызды жобалардың қатарында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бар. Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған Қарағанды облысындағы нысанның жаңғыртылған №4 домна пеші жұмысын бастады. Телекөпірде мекеменің жөндеу жөніндегі директоры Вадим Басин жаңа кешен биылдың өзінде 4 млн тонна болат өндіруге мүмкіндік бергенін айтты. «Бұл өткен жылғы деңгейден 15 пайызға жоғары. Металлургтар Сіздің өндіріс көлемін жылына 6 млн тонна болатқа дейін арттыру жөніндегі тапсырмаңызды орындау мақсатында жұмыс істеуде», деді ол. Басқосуда Елбасы Астана қаласындағы «Selena Insulations» ЖШС құрылыс материалдарын шығаратын зауытты іске қосты. Заман талабына сай нысанның өнімдері үйлерді жылытуға арналған. «Тауарларымыздың 40 пайызы Ресей мен Орталық Азияға экспортталады. Қазіргі кезде зауытта 70 адам еңбек етеді», деген ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Кшиштоф Домарецки Президентті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. «Мемлекет басшысының арқасында Қазақстан Орталық Азиядағы бәсекеге қабілетті ел болды. Біз экономикамызға үлесімізді қосып, Қазақстан мен Польша арасындағы әріптестіктің жандануына атсалысып жатқанымызға қуанамыз. Зауытты іске қосуға рұқсат беріңіз», деді сөзінің соңында. Елбасы өз кезегінде екі ел арасындағы әріптестік туралы сөз қозғады. «Мен биыл Польшаға ресми сапармен барып қайттым. Сол кезде екі елдің әріптестік байланысын арттыру мақсатында келіссөздер жүргіздік. Бұл – жақсы үлгі. Сіздерде бизнеске және құрылысқа жақсы жағдай жасалған деп үміттенемін», деді Н.Назарбаев. Индустрияландыру күні аясындағы шарада Ақтөбе облысындағы тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған кәсіпорын ашылды. Жаңа комбинатта германиялық «Wekcenmann» компаниясының үздік жабдықтары орнатылған. Кәсіпорын өнімі бірінші кезеңде жылына 50 мың шаршы метр баспана тұрғызуға мүмкіндік береді екен. «Өндіріске 3 млрд теңгеге жуық қаржы инвестицияланды. Зауыттан шыққан өнім құрылыстың өзіндік құнын 15-20 пайызға төмендетеді. Бұл сонымен қатар, құрылыс мерзімін екі есеге қысқартады», деді «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС құрылтайшысы Нұркен Тұрбаев. Елбасы Астана, Алматы, Шым­кент секілді Ақтөбе де еліміздегі мегаполистердің бірі екенін айтып, сәулетті үйлер салуды тапсырды. «Бұл өндірісті іске қосу өте маңызды. Ақтөбе Қазақстанның ең дамыған мегаполистерінің бірі болуы қажет. Сондықтан тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылуда. Қазір осы салаға қаржы бөлініп жатыр. Қаланың жанында жаңа шағын аудан салынуда. Дегенмен, бұған дейін бірнеше рет ескерткенімдей, біртектес, тартымсыз үйлерді емес, сәулетті әрі әдемі нысандарды салыңдар», деді Н.Назарбаев.  

Жеңіл өнеркәсіп  желкенін жайды

Телекөпірдің тағы бір жаңалығы, Президент аяқ киім өндірісімен айналысатын  «Казлегпром Алматы» фабрикасын іске қосты. Осы тұста Елбасы аталған өнеркәсіптің өнімін сатып алғанын айтып, жұртшылықты, қазақстандықтарды өз тауарларымызды тұтынуға шақырды. «Мен отандық өнімдерді қолдау қажет­тігін үнемі айтамын. Осы саланы әрі қарай дамыта беріңдер, бәсекеге сай болып, өнімдерің Италия, Франция тауар­ларынан кем түспесін», деді Мемле­кет басшысы. Фабрика директоры А.Бек­тұрғановтың айтуынша, кәсіпорын аяқ киімді италиялық технология бойынша шығарады. «Баян сұлу» фабрикасының печенье шығаратын өндірісі де Президенттің рұқсатымен іске қосылды. Өнімділігі өте жоғары заманауи құрал-жабдық жылына 5 мың тоннадан астам өнім шығаруға мүмкіндік береді екен. Мекеме жетекшісі Тимур Садықовтың айтуынша, фабрика өнімі Ресей, Германия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Әзербайжан елдеріне жеткізілуде.  «Жаңа желі іске қо­сылғаннан кейін экспортқа өнім шы­ғару 40 пайызға арттырылады», деді ол. Нұрсұлтан Назарбаев телекөпірде бекіре уылдырығын өндіретін кешенге сәттілік тіледі. Батыс Қазақстан облы­сы­нан тікелей эфирге шыққан «Аквамә­дениет­тер тәжірибелік-өнеркәсіптік оқу-ғылыми кешені» ЖШС акционері Қайрат Мәмиев бекіре уылдырығын жаңа тә­сілмен алып, өңдейтіндерін айтты. «Біз бекіре балығы мен оның қара уылды­рығын өндіреміз. Нысан жаңа заман талаптарына лайықталғандықтан, балық шабағының өсуіне ерекше жағдай жасалған», деді Қ.Мәмиев. Оның айтуынша, өнім халықаралық дәрежеде сертификат алған. Қазіргі кезде экспортқа шығарылады.

Жолдар желісі құрлықтарды жалғайды

Телекөпірде «Қазақстан темір жо­лы» ұлттық компаниясының Алматы мен Маңғыстау облыстарындағы бөлім­шелері байланысқа шықты. ҚТЖ өкіл­дерінің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдар­ламасы аясында «Алматы – Шу» бағытындағы екінші жолдың құрылысы аяқталған. Сондай-ақ, биылғы тамызда таныстырылған отандық жаңа үлгідегі кең қорапты жолаушылар вагондары сертификаттау сынағынан өтті. Яғни, олар да пайдалануға дайын. Кеше алғашқы жолаушылары бар «Тұлпар-Тальго» құрамы «Алматы – Шу» жаңа темір жол желісімен жолға шықты. Шарада Құрық паром портының маңызы туралы да айтылды. Мұндағы темір жол мен порт инфрақұрылымының құрылысы аяқталған. «Алматы – Шу» жаңа темір жол желісі пойыз қозғалысын екі есеге ұлғайтады. Біз мұны бұрыннан жоспарлағанбыз. Ал Құрық порты – Кавказ бен Еуропаға шығатын жол. Ол ел үшін, оның дамуы және индустрияландыру үшін аса қажетті жоба», деді Елбасы. Осы күні Алматы және Қарағанды облыстарындағы маңызды жолдар пайдалануға берілді. «Алматы – Қап­шағай тас жолы – «Орталық – Оңтүс­тік» дәлізінің басым бөлігі. Қазір жол­дың бұл бөлігіндегі құрылыс жұмыс­тары толық аяқталды. Алты жолақты қозға­лысқа арналған әрі бірінші техникалық ка­тегорияның барлық талаптарына сай. Бүгінде жолдағы көлік қозғалысының қар­қыны тәулігіне 30 мыңға дейін артты. Ал жол-көлік апаттары 3 есе азайды. Жолдың ұзындығы 30 шақырымды құрайтын соңғы бөлігі пайдалануға дайын», деді «Қаз­АвтоЖол» ұлттық компаниясы бас­қарма төрағасының орынбасары Берік Жел­дікбаев. Телекөпір арқылы Қарағанды облысынан байланысқа шыққан компанияның басқарма төрағасы Ермек Қизатов Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Алматы – Қорғас, Алматы – Талдықорған, Бейнеу – Шетпе, Көкшетау – Петропавл, Шымкент – Ташкент, Шымкент – Жамбыл облыстары шекараларындағы 930 шақы­рым жаңа жолдар пайдалануға берілгенін хабарлады.  Ал Астана – Теміртау жолының 169 шақырымы толықтай аяқталып, көлік қозғалысына рұқсат етілген. «Астана – Теміртау жолы бірінші техникалық санат норматив­терімен салынды. Оның өткізу қабілет­тілігі тәулігіне 6-дан 28 мың көлікке дейін ұлғайтылды. Астана – Теміртау және Алматы – Қапшағай тас жолдары іске косылуға дайын. Қозғалысты бастауға рұқсат сұраймыз», деді Е.Қизатов. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі «Нұрлы жол» бағдар­ламасы қазіргі дағдарысқа қарсы үлкен жоба болып саналатынын еске салып өтті. «Алдымыздағы 5 жылдың ішінде дәл осындай 7 мың шақырым жол сал­сақ, сонымен қатар темір жолдар желі­сін кеңейтсек, бұл елімізге өте пайдалы әрі экономиканы әрі қарай өркендетеді. Осының барлығы – мемлекеттің атқарып жатқан шаруа­сы. Сондықтан сіздер – еліміз үшін негізгі істі жасап жатқан адамдарсыздар. Осы бағытта бөлінген қаражатты мұқият пайдаланып, елімізде ең жақсы жолдарды салуға қызмет етіңіздер», деді Президент. Индустрияландыру күні аясында Екібастұз – Шүлбі су электр стансасы – Өскемен қуат жеткізу желісінің Шығыс Қазақстандағы жаңа бөлігі таныстырылды. «KEGOC компаниясы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 500 кВ-тық Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік электр энергиясын тасымалдау желісінің құрылысын жүргізуде. Осы жобаның бірінші кезегі 700 шақырым Екібастұз – Семей – Өскемен электр  желілері мен 500 кВ-тық Семей қосалқы стансасы және де үш қосалқы стансаларды кеңейту жұмыстары мерзімінен бір жыл бұрын аяқталды. Жоба Шығыс Қазақстан облысын электр энергиясымен жабдықтау сенімділігіне, өңірдің экономикасының дамуына  және жалпы  Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға ықпал етеді», деді компанияның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.

Іргелі жобалар, ілкімді істер

Жалпыұлттық телекөпір барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары таныстырылды. Өз кезегінде Мемлекет басшысы мұнай мен газды қайта өңдеу еліміздің  басты мақсаты екендігін атап өтті. «Сіздердің зауыттарыңыз ең ірі әрі өте қымбат жоба саналады. Біз оны соңына дейін, яғни екінші кезегін де толықтай аяқтаймыз. Одан әрі  Атырау облысында мұнай химиясымен айналысатын боламыз», деді Н.Назарбаев. Жылдық қуаты 25 млн тонна кен өндіретін Ақтоғай комбинаты да көпшіліктің көзайымына айналды. Салынған инвестициялар көлемі 2 млрд доллардан асатын өндірісте 1500 адам жұмыс істемек. Мұны іске қосу барысында Қазақстан Президенті тәуелсіздік алғалы іске қосылған ең ірі кәсіпорын деп бағалады. Телекөпір барысында Елбасы Алматы облысындағы шойын өндіретін зауытты іске қосуға рұқсат берді. «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС директоры Бақыт Шалбаевтың айтуынша, жаңа зауыт инновациялық тәсілмен 400 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндірісте қазақстандық шикізат қолданылады. Бүгінде зауытта жабдықтарды іске қосу жұмыстары толықтай аяқталды. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жақында, аталған өндірісте құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде кеңінен танысқанын еске салды. «Сол кезде Текеліде шағын дом­на пешінің салынғанына таңданған едім. Бұл қызықты жоба қолданбалы шойынды шығарады. Бұл – өте жақсы әрі қажетті өндіріс, адамдарға жұмыс орындары ашылады. Сондықтан табысты болыңыздар!» деді Президент. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-нің болат құю өндірісі – іргелі жоба­лар­дың қатарында. Елбасымен тікелей байланысқа шыққан мекеме дирек­торы­ның орынбасары Ә.Үсенбаев кәсіп­орын жұмысын баяндады. «Жаңа индустрия­ландыру» бағдарламасын қолдау мақсатында, өнімді елде барынша шоғыр­ландыру үшін болат құю өндірісі ұйым­дастырылды. Жаңа зауыт арқылы алыс және жақын шет елдерге экспорт көлемін 40 пайызға арттырамыз. Қазір кәсіпорындағы жаңа өндірісіміз іске қосылуға дайын», деген ЖШС өкілі зауытта 58 жас маман жұмыс істейтінін жеткізді. Олардың арасында «Болашақ» бағдарламасының түлектері де бар екен.  

Индустрияландыру ісінің игіліктері шексіз

Жалпыұлттық телекөпірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустриялық даму еліміздің экономикасы үшін маңызды міндет болып саналатынын айтты. «Біз экономиканы әртараптандыруға және шикізаттық емес саланы қарқынды дамыту жолына қарай айқын бағыт ұстандық. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдары іске асырылған мемлекеттік бағдарламасы өз нәтижесін берді. Жаңа тарихымызда өңдеу өнеркәсібі алғаш рет тау-кен өнеркәсібіне қарағанда жеделірек дами бастады», деген Президент тиісті инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын әңгімеледі. «Сенімді энергетикалық жүйе құрып, шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейінгі көлік дәліздерін қалыптастырдық, бағдарлардың әртүрлі болуына және олардың бір-бірін өзара толықтыруына ден қойдық. Өңдеу өнеркәсібінің металлургия, химия, мұнай өңдеу, машина жасау және азық-түлік өндіру сияқты басымдығы бар салаларына зор мән беріліп отыр», деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, индустрияландыру жылдары жалпы көлемі 4,6 трлн теңге болатын 961 жоба жүзеге асқан. 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылған, «Глобал 2000» тізіміндегі отызға жуық трансұлттық корпорация іске тартылды. Темір жол машиналарын жасау саласы жаңадан қалыптастырылды. Экспорттық жаңа тауарлар, соның ішінде мұнай өнімдері, аккумулятор, трансформатор, металлургиялық жаңа тауарлар, машина жасау өнімдері және басқа да көптеген өнім түрлері шығарыла бастады. «Біздің елімізде машина жасау алғаш рет дами бастады. Мен таяу арада барша қазақстандықтардың электромобильмен жүргенін армандаймын. Олардың бағасы қолжетімді болады», деді Қазақстан Президенті. Жалпыұлттық телекөпірде сөйле­г­ен сөзінде Президент Нұрсұлтан Назар­баев сауда саласын Сыртқы істер министр­лігінің құрамына қосуды ұсынды.  «Сырт­қы сауда мен инвестиция бірге болуы керек. Бізде сауда бір министрлікте, инвестициялар – басқа министрлікте. Біреудің әр компанияның соңынан жүріп, ел игілігіне қызмет етуге тартқаны жөн. Жүйе­лі жұмыс істейтін елдер осылай жасай­ды. Ал бізде мұндай жоқ. Осымен нақты кім айналысатынын анықтауы­мыз қажет. Мүмкін, Сыртқы істер министрлігі Австралия, Канада және басқа да көптеген елдердегідей Сыртқы істер және сауда министрлігі болуы керек шығар? Ал Индустрия министрлігі тек индустриямен ғана айналысуы тиіс. Әрқайсысы өз ісін білгені абзал. Біз маңызды жұмысқа кедергі келтірмеуіміз қажет», деді Мемлекет басшысы. Елбасының айтуынша, 2017 жылдан бастап мыс пен алюминийдің және қара металдың әлемдік нарықтағы бағасы көтеріледі. «Біздер үшін аграрлық сектор өте маңызды екендігін білемін. Біз онымен жұмыс істеуге тиіспіз. Энер­гетика мен инфрақұрылым да маңыз­ды. Дегенмен, индустриялық даму мемлекеттік бағдарламасын қолдау қа­жет және ең бастысы, ақшаны қайда жұм­сау қажеттігін білу керек», деді Н.Назарбаев. Осы ретте Президент қаражатымыздың қазіргі уақытта көп еместігін, дегенмен, алдағы күнге сенім мол екендігін баса айтты. «Мен 2017 жылы мыс пен алюминий және қара металл бағасының көтерілетіндігіне және біздің көңіл күйіміздің жақсаратындығына сенімдімін. Қазір мұнай бағасы – 54 доллар. Бұл да бізді қанағаттандырады. Яғни, қаржы пайда болған кезде қарқынды даму үшін оны индустрияландыру ісіне барынша қолданатын боламыз», деді Елбасы. Мемлекет басшысы шара барысында Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде республикамыз әлемнің 190 елі арасында 35-орынға көтерілгенін хабарлады. Сонымен бірге, жедел өзгеріп жатқан заманымызда сандық технологиялар алдыңғы орынға шыққанын атап өтті. «Жаңа жаһандық технологиялық дәуірдің басталуымен бірге елді белсенді түрде индустрияландыру стратегиялық міндетке айналып отыр. Жалпы, біз жүргізіп отырған саясат әлемдік тәжірибеге сай келеді, оның барысында экономиканың қазіргі жай-күйі де, жаһандық үрдістер де ескерілуде», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы мемлекеттің пәрменді қол­дауына негізделген кең ауқымды индус­трияландыру ісі Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосуға, кешенді әлеу­меттік мәселелерді шешуге, сондай-ақ, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға мүм­кіндік беретінін айтты. Соңында іс-шараға қатысушыларды алдағы Тәуел­сіздік күнімен құттықтады.  

«Парыз» кімге бұйырды? «Алтын сапаны» кім алды?

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында өткен Жалпыұлттық телекөпірдегі сөзінен кейін «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлықтарын салтанатты жағдайда тапсырды. Биыл «Парыз» байқауының бас жүлдесіне корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағи­даттарын іске асыруда жоғары нәтижеге қол жеткізген «АқсайГазСервис» АҚ ие болды. Кәсіпорын басшысы Тілек Шектібаев жоғары марапатты Мемлекет басшысының қолынан алды.   Жеңімпаз компания әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге  асыруға жыл сайын 25 млн теңгеге дейін қаржы бөліп келеді. Кәсіпорын тұрақты түрде білім беру, мәдениет мекемелеріне қолдау жасауда, сондай-ақ, мұқтаж адамдарға көмек көрсету қорына өз үлесін қосады. Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығымен «Қазақстан электролиз зауытының» президенті Р.Романов, «АтырауМұнайМаш» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы С.Түгелбаев, «Химфарм» АҚ директоры Р.Байғарин марапатталды. Осы жиында «Қазақстанның үздік тауа­ры» республикалық көрме-бай­қауы­ның дипломанттарына арнаулы дипломдар табыс етілді. Байқау жеңімпаздары үш аталым – «Өндірістік мақсаттағы үз­дік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Ең үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықталды. Айта кеткен жөн, биыл «Алтын сапа» сыйлығына 100-ден астам кәсіпорын үміткер болған. Ал «Парыз» байқауына қатысуға еліміздегі 501 кәсіпорын өтінім берген екен. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан» Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды era_3106 era_3033 era_2741 era_2769 Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 22:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

24.03.2019

Б.Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды

24.03.2019

Кремльді тамсандырған Димаш

24.03.2019

Димашқа өзі бейнеленген қуыршақ сыйға берді

24.03.2019

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

24.03.2019

Бақыт Сұлтанов елорда атауын өзгерту туралы: Біз барынша үнемді жолды таңдаймыз

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу