Театр дарабозы

Маман Байсеркеұлы. Қара қылды қақ жаратын әділдігі бар, кейде балаша таза, кейде қартша адуын мінез танытып жүретін жан.
Егемен Қазақстан
05.06.2017 3817
2

«Турасын айтқан туысына жақпас» мінезі анау-мынау көксоқы әрекеттерден аулақ жүруіне себепші екені де рас. Артық ойын-күлкі, арзан мақтау-мадақ, ерсі сөз, қатты зіл көрсетпейді. Бірақ, көрген кісі сескеніп тұрады. Ол дегеніміз – Маман ағаның терең білімі, бай парасаты, кәсіби шеберлігі қасында тұрған адамның мысын басып кететіні. Ол сөзсіз. Өнердің зиялы ортасын қалыптастырған талант иесі. Өнер құдіретін бағалаған қайраткер.

  Мен бір кездері Маман аға туралы жан-жақты білмек болып белгілі театр сыншысы, өнертану ғылымының Қазақстандағы жалғыз докторы атанған профессор Бағыбек Құндақбаевтан сыр тартқан едім. Ол кісі сонда былайша ақтарылған: «Маман Байсеркеұлы – ерекше талантты тұлға. Мұндай ізденімпаз, іскер, қайраткер режиссерді мен әлі көрген жоқпын. Өткен ғасырдың орта тұсында Маман Қызылорда театрының бас режиссері қызметіне барды. Құдай-ау, Қызылорданың бес кісі айналмайтын аядай сахнасында Всеволод Ивановтың «Бронепоезд - 1460» спектаклін қойды. Қырылдауығыңды да, Матросовты да күшті шығарды. Оны біз Ілияс Омаров екеуміз барып көрдік. Тамаша жасады. Сол жолы Жастар сыйлығын алды. Ол режиссер ретінде бар әрекетті жинақтап, мизансценаны мықты жасайды. Одан соң Штейннің «Между ливней» спектаклін қойды. Оқиғалар жылдам, Лениннен басқа кейіпкерлер өз реквизиттерін өздері әкеліп, тамаша ойнап шықты. Маманның ерекшелігі – талапқа күшті, өзін де, актерлерді де аямай еңбектенеді, қатты дайындалады. Сөйтіп, Қызылорда театрының көркемдік сапасын биік дәрежеге көтерді.

  Содан соң Маман Жамбылға барды. Оны да биікке көтерді. Онда А.Чеховты қойды. Маман сөзге ерекше мән береді. Өзі де шешен, актерларды да сайратады. Осы театрлардың Алматыға келіп шығармашылық есеп беруі –ол да Маманның ойлап тапқаны. Ол кездегі астана – Алматы ғой. Өзі басқарған театрды әкеліп, астана жұртшылығына таныстыру әрі өсу жолын көрсету, кем- кетіктерін түгендеу – осы Маман режиссердан басталған.

  Кейін мына өзіміздің ТЮЗ-ға келді. Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарын» қойды. Сәкен ақынның поэзиясы керемет қой. Драматургия жағын Маман екеуміз ойластырдық. Ал енді Сәкеннің рөлін сол кездегі өрімдей жас актер Нұрқанат Жақыпбай ойнады. Бір қарасам, алдыңғы қатарда отырған Қапан Бадыров ағамыз жылап отыр. Мен: Не болды, аға? – деп едім, мынау нағыз Сәкен ғой! – деп егілді. Міне, ойынның шындығы. Маман бұл арада С.Жүнісовті де, басқа драматургтерді де қойды. Мықты режиссер. Енді біржола шәкірт тәрбиелеуге көшті ғой. Берері көп». Бұл белгілі сыншы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың бізге көзі тірі кезінде өз аузымен айтқан пікірі.

Маман Байсеркеұлы – Қазақстанның халық әртісі, белгілі театр режиссері, киноға да түсіп жүрген дара актер, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы профессоры. Ағаның шығармашылық жолы туралы фильм-портрет жасап беру үшін сұхбат алған едім. Жалпы қазақ өнері, оның ішінде қазақстандық театрлар тынысы мен даму бағыты, драматургия жайында біраз ой толғады. Айтары бар кісімен қанша сұхбаттассаң да ой өріле береді, өріле береді...

– Маман аға, Сіз үшін театр неден басталды? Қандай оқуды бітірдіңіз?

– Мына Алматы облыс, Талдықорған маңайында дүниеге келдім. Мектепті бітірген соң жоғары білім керек екенін сезіп Алматыға тарттым. Жасымнан «өнерді қуамын, әртіс боламын» деп армандаған адам емеспін. Келіп, ана Ауыл шаруашылығы институтына түсіп кеттім. Содан мына Консерваторияда бір досым оқитын еді, соған келіп жүріп, осы өнерге жабыстым да қалдым.

– Дұрыс. Содан бері өнердің «жілігін шағып, майын ішіп» келесіз. Өнер деген не өзі Сіз үшін?

– Өнер деген – бір түсініксіз құдірет. Өнер туралы сөз қозғап, қалам тербесең әрі қарапайым, әрі түсінікті болу керек. Кемел сөз шәкірттің үрейін ұшырады. Дана сөз – жүректі қозғамай, миды қозғайды. Соның салдарынан шығармашылық шабыт сәтінде біздің өнеріміздің бағыты бойынша аса маңызды рөл жүктелетін санадан тыс сезім мен әртістік тебіреністі, эмоцияны айтам, адами парасат басып тастайды.

– Сонда да өнерге жақындаған кісі сол арадан шыға алмай дал болатыны несі? Қандай құпия? Сіз оқулықтар жазып жүрген білгір ұстазсыз ғой.

– Иә, жазып тастағанымыз бар, бір-екі кітап. Негізінен «әруағыңнан айналайын» Константин Сергеевич Станиславский дана осы актер шеберлігі мен режиссура жүйесін жасап, айтып кеткен ғой. Одан асып керемет ой айту қиын. Негізінде аса күрделі шығармашылық процесс туралы әшейін айтып, не болмаса қалам тербеп отыру оңай да емес. Ұстатпайтын, санадан тыс сезімдерді тасымалдауға келгенде сөз тым ебедейсіз әрі икемсіз келеді.

– Сонда қалай, сіз шәкірттеріңізді қалай үйретесіз?

– Мен сол баяғы, Константин Сергеевич айтқандай, «шәкірттерімнің жаттығулар мен этюдтеріне олардың өздері мектеп қабырғасында жасаған жұмыстарын жазып отыруы арқылы образдық мысалдардың жәрдемі бойынша қол жеткеруге талпыныс жасатамын». Өйткені, адам баласының «ұстатпайтын» секемшіл сезім иірімдерін, психологиялық терең толғаныстарын мөлдіретіп ақ қағазға тізіп шығу, әрі қарапайым, әрі түсінікті етіп айтып жеткізу қиынның қиыны дер едім.

– Маман аға, осы «Актер табиғаты» деп жатамыз. Ол актердің ойыны ма, адами болмысы ма, не өзі?

– Өнер мен творчество дегеніміз – актердің өз табиғаты, оның жаны мен тәні. Бар тетік, бар тылсым адамның табиғат қойнауларында болып шықты. Ал актер табиғаты – кәусар сезім, қуаныш пен қайғы, мақсат-мұрат, ой мен арман, қимыл-іс, рөл табиғатынан бастау алатын ойын өрнегі. Оқиғалар ошағы, идея ізгілігі, шығармашылық шабыт сияқты көңіл-күй пернелерінен үн төгетін күрделі құбылыс. Шығармашылықта ең басты көркемдік критерий табиғатқа ғана тиесілі болса, сол табиғат тудырған творчество іргетасы – актер сезімінің түйсігі. Яғни, актер табиғаты өз сезімінің түйсігінен тамыр тартады, анығын айтсақ, қуану үшін де, жабырқау үшін де адам әуелі түйсінеді, сосын барып не қуанады, не жабырқайды.

– Түсінікті. Маман аға біз студенттік шағымызда, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары мына жердегі ТЮЗ-дан, ана Әкем театрдан шықпаушы едік. Қазір драматургтер әлсіз бе, актерлар ойыны қызықтырмай ма, зиялы ортаны театрлардан сирек көреміз?

– Ол сөзіңнің жаны бар. Өзіңіз айтып кеткен анау Күләш,Қаллеки,Құрекең, Сераға, Қапан ағалар, солар үшін баратынбыз. Ана Нұрмұхан жасаған Шоқан, Макбет, Яго қайда қазір? Әнуарлар, Сәбира апамыз,Бикен апамыз сияқты алыптар театрлар көркі еді ғой, несін айтасың. Олар қазір шыңына жеткізбейтін, көз тартатын – Алатау сынды биік тұлғалар. Бүгінгі тоқыраудың себебі, мынау сахна тілінің, бейне шығарудың іргетасын қалаған олар аса білімді болмаса да «табиғи талант» иелері еді ғой. Орыстың да театр өнерін қалыптастырған анау Коратели, Мочалов, Щепкин, Ермолова... Олар да мектеп көрмеген, өздері бастап мектеп қалыптастырды. Біз қазір жоспар бойынша оқуға қабылдаймыз, жоспар бойынша бітіртеміз, олар әрі қарай маман болып, нанын адал жей ала ма, оған бас қатырмаймыз. Шын тума таланттар оқуы керек. Теориялық білімді солар алу керек.

– Қазіргі театрларда бетке ұстар жігіттер мен қыздарды көресіз бе, режиссерлардан ше?

– Бүгін де жақсы, тәуір ойнайтындар бар, алда-жалда театр фестивалі болса, ондай таланттар көрініп қалады. Режиссерлардан ана Батыста жүрген Гүлсина деген қызым бар, Шығыста да Рүстем деген балам бар еді, өмірден ерте кетті, өкінішті...

– Осы театр төңірегінде сөз қозғалса, драматургияның ақсап жатқанын көп айтамыз. Шынында солай ма? Кешегі Қалтай Мұхамеджанов, Сәкен Жүнісов сынды көкелеріміздің ізін басып жүргендер қайда? Дулат Исабеков, Иран-Ғайып, Исраил Сапарбай сынды дарын иелері жап-жақсы қалам тартып жүр емес пе?

– Біздің қазақта оза дамыған әдеби жанр – поэзия. Сонау Бұқар жырау бабамыздан бастап, бергі Бейімбет Майлин Сәбит Мұқанов сынды қаламгерлердің бәрі өлеңнен бастаған. Ал енді кенже қалып қалған жанр, ол – драматургия. Әсіресе, біздің, театр драматургиясы. Актердің өсуі, режиссердің өсуі соған байланысты, оны өзіңіз менен де жақсы білесіз. Драма-тургия жоқ емес, бар. Әйткенмен, айтарлық жаңалық, жаңаша ой туыңқырамай қынжылтып жатыр ғой. Сондықтан да әлі жетілмей келе жатқан сала – драматургия. Қазір ол мамандыққа да академия шәкірт тәрбиелеп жатыр, мүмкін, жақын арада жаңалық болып қалар.

Адам баласының арманы таусылмайды. «Армансыз адам – қанатсыз құс» деп жатады. Бұған не айтасыз?

– Өзің айтпақшы, адам болған соң арман болады. Арман – тіршіліктің өзегі. Біреу бақты, біреу тақты армандайды. Біреу аса бір бай болсам деп армандайды. Көп нәрсені көре жүре, байлықты да, қызметті де көріп келе жатқан мен дәл қазір тек денсаулықтың мықты болғанын армандаймын. Байлық, бақ, тақ менің ұғымымда жоқ! Денім сау болып, өнерге қызмет ете берсем болғаны.

– Әңгімеңізге рахмет. Өзіңіз тілегендей, Алла Сізге қуат берсін, зор денсаулық иесі болып, елге қызмет етудің жарқын үлгісі болып арамызда жүре беріңіз.

Жақында ғана өмірден өткен, аса бір білгір адам, театр педагогикасының негізін салғандардың бірі, Қазақ еліне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Рабиға Мұқайқызы Қаныбаева пікіріне құлақ салайы: «Маман – талантты әрі ақылды режиссер. Ол сияқты актерлармен, жалпы шығармашылық ортада жанын салып жұмыс жасайтын адам кемде-кем. Ол кезінде М.Шолоховтың «Тынық Донын» қойды. Оны осы Алматыға алып келді. Халық залға лық толды. Бірнеше қайталап қойғызды. Еш жерде оқымаған актерлермен алып шықты. Маман кейіпкерді жақсы ашады. Бар болмысын тәптіштеп шығуға тырысады. Олардың ішкі жан-дүниесін суырып алады. Кейіпкердің мінез-құлқын іздегенде Маманға тең келер ешкім жоқ. Мен өзім Маманды адам ретінде де, шын маман режиссер ретінде де, ұстаз ретінде де қатты сыйлаймын. Ол кісінің білімі ұшан-теңіз. Оқымағаны жоқ шығар-ау. Көп жасасын!».

 Маман ағаның болмысын танымау мүмкін емес. Ол кісімен жолығыса кетсеңіз, ол театр іші мен сыртындағы әдемі әзіл-қалжыңға дейін, кешегі үлкен ағаларымыз бен апаларымыз салып кеткен сара жолдағы іздер жөнінде сыр шертіп төгіледі кеп... Сіздің тындай бергіңіз, тындай бергіңіз әрі ойға түйе бергіңіз келеді. Маман ағадан дәріс алып жүрген шәкірттер бақытты жандар екенін сезіне ме екен деп те ойлайсың...

Ғайнижамал ӘБІЛДИНА,

 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

 Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер

академиясының профессоры

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу