Тікелей эфирдегі қылмыс. Фейсбук онымен қалай күреспек?

​Тікелей эфир – әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып отырған жаңа тренд. Кез-келген қызықты оқиғамен онлайн-көрсетілімде бөлісу мүмкіндігін көпшілік кеңінен қолданып жүр. Алайда, соңғы кездері психикаға әсер ететін қауіпті видеоларды желіге жүктеу жиіледі. Бұл үрдіс қоғамға қауіп тудырады. Себебі, ол видеоны кез-келген қолданушы, оның ішінде желіде отырған балалар да көре алады. Тікелей эфир қызметі әлеуметтік желілер үшін жаңа функция екені белгілі. Сондықтан да жаңа проблемалармен қалай күресу керектігі әзірге белгісіз болып отыр.
Егемен Қазақстан
19.04.2017 1269

Американың Огайо штаты Кливленд қаласының полициясы Фейсбук әлеуметтік желісінің тікелей эфиріндегі кісі өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Видеода желі қолданушыларының бірі, 37 жастағы Стив Стивенс егде жастағы адамды атып өлтірді. Құқық қорғаушылар күдіктіге іздеу салды. Белгілі болғандай, ол өз парақшасында бұдан бұрын да адам өлтіргені туралы жазған. 

Тікелей эфирдегі видео 16 сәуір күні Кливленд қаласында жергілікті уақытпен 14:00-де басталып, 57 секундқа созылған. АҚШ-тың БАҚ өкілдері бұл видеоны «Кливлендтегі қанды көрсетілім» деп атап кетті.

Стив Стивенс онлайн-көрсетілімін көлікте отырған жерінен бастаған. Ол көліктен түсіп, көшедегі бейтаныс әйел адамға жақындайды. Стивенстің оған «қазір болатын оқиғаға тек сен кінәлісің» дегені естіледі. Бұдан кейін ол көшеде өтіп бара жатқан автокөлікті тоқтатады. Оның рөлінде егде жастағы ер адам отырған.

«Мен кімді өлтіретінімді таптым. Мына кәрі кісіні дәл осы жерде өлтіремін», – деген Стивенс көліктің есігін ашып, қарт адамға оқ атады.

«Күдікті расында Фейсбук желісінде кісі өлімін тікелей эфирден таратқан. Сондай-ақ ол бұдан бұрын да бірнеше рет адам өлтіргенін мәлімдепті, алайда, ол деректер әзірге анықталған жоқ», – деді Кливленд полициясының өкілдері.

БАҚ мәліметі бойынша, оқиғадан соң Стивенс тағы бір пост жазып, онда кісі өліміне бұрынғы сүйіктісін кінәлаған. Ол сүйіктісімен үш жыл кездесіп жүріп, енді үйленбекші болғанын айтады. Екеуінің қарым-қатынасы қиындап кеткенін және соның кесірінен құмар ойындарға әуес болып, бар жиған ақшасын ұтылып қалғанын алға тартқан.

Америкалық басылымдардың бірі хабарлағандай, Стивенс әлеуметтік желідегі парақшасына бұған дейін 15 адамды өлтіргенін жазған. Алайда, Кливленд полициясы әзірге оның қолынан бір адам қаза болғанын растап отыр. Ол видеодағы – 74 жастағы Роберт Гудвин.

Кісі өлімі көрсетілген видео желіде екі сағат бойы жария боп тұрды. The Washington Post газеті сол аралықта видеоның 150 мың рет қаралғанын жазды.

Видео екі сағат ішінде желіде кең таралып, үлкен танымалдыққа ие болды. Осыған байланысты қаза болған кісінің немересі Райан Годвин твиттер арқылы халыққа жүгінді. «Өтінемін, бұл видеоны бөлісуді қойыңыздаршы, оны жариялаған адамдарға шағымданыңыздар. Бұл менің атам, адамдық танытыңыздаршы!», – деп жазды ол.

Белгілі болғандай, жан түршігерлік видеоның авторы Стив Стивенс өз-өзіне қол жұмсады.

«18 сәуір күні таңертең Пенсильвания штатының полицейлері Эри округінде күдіктіні байқаған. Біраз уақыт бойы полиция қызметкерлерінен қашқан ол ақыры өзін-өзі атып өлтірді», – делінген полицияның твиттердегі блогында. Бұдан бұрын құқық қорғау органдары күдікті туралы ақпарат бергенге 50 мың доллар ұсынылатынын хабарлаған болатын.

Фейсбук компаниясы болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Компанияның басшысы әрі негізін қалаушы Марк Цукерберг қаза болған Роберт Годвиннің туған-туыстарына көңіл айтты.

«Болашақта мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін көп еңбек етіп, қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», – деді ол.

«Жексенбі күні таңертең Кливленд қаласында 37 жастағы Стив Стивенс әлеуметтік желіде видео жариялап, онда кісі өлтіруге бел буғанын айтады. Содан соң егде жастағы ер азаматты атып өлтірген видеосын жүктеген. Бірнеше минуттан соң тікелей көрсетілім арқылы қылмысты мойындаған. Бұл жан түршігерлік оқиға. Фейсбукта мұндайға орын жоқ. Бұл біздің барлық ережелеріміз бен нұсқауларымызға қарсы келеді, – деді компанияның ғаламдық қызмет жөніндегі вице-президенті Джастин Ософски. – Біз видеоға байланысты бірінші шағым түскеннен кейін 23 минуттың ішінде күдіктінің аккаунтын бұғаттадық. Алайда, бұған дейін видео екі сағат бойы еркін қолжетімділікте болған. Бұл ұзақ уақыт екенін түсінеміз».

Фейсбук қызметкерлері жойып үлгергенше, кісі өлімі туралы контент өзге де әлеуметтік желілерге тарап кеткен.

Көпшілік видеоның дер кезінде жойылмауына байланысты Фейсбук әлеуметтік желісін айыптады. Өз кезегінде, компания бірінші шағым видео жарияланғаннан бір жарым сағат өткеннен кейін ғана келіп түскенін алға тартты.

Әрине, желіге жүктелетін контент ауқымы аса кең болғандықтан компания барлығын бақылай алмайды. Олар дүние жүзі бойынша миллиондаған қолданушысының көмегіне жүгінеді. Себебі, әр желі қолданушысы кез-келген даулы жарияланымға қатысты шағым жасай алады. Бұл шағымдарды Фейсбук қызметкерлері қарап, тиісті шаралар қабылдайды. Алайда, бұл механизмнің үнемі тиімді бола бермейтінін байқап отырмыз.

Фейсбуктың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта компания қызметкерлері сайтқа күнделікті 40 тілде жүктелетін миллиондаған контентті қадағалап отыр.

Стив Стивенстің Facebook Live қызметі арқылы таратқан тікелей көрсетілімі интернет қолданушыларының жағасын ұстатты. Алайда, мұндай сипаттағы видеолар желінің тікелей эфирі арқылы бұрын да көрсетілген екен.

Мәселен, осы сәуір айының басында үндістандық студент қонақ үйдің шатырынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Одан бұрын ол Фейсбук желісіндегі онлайн-көрсетілім арқылы көпшілікке көздеген әрекетін айтып берген.

Сондай-ақ биылғы наурыз айында Фейсбуктың тікелей эфирінде Чикагода бір топ жігіттің 15 жасар қызды зорлағаны көрсетілді.

Дайындаған Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2017

Дәурен Абаев ақпарат саласының үздіктерін марапаттады

15.12.2017

Елбасы ҚР мен ХҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялады

15.12.2017

Шымкентте Тәуелсіздік күні 558 отбасы қоныс тойын тойлады

15.12.2017

Қанат Ислам «Құрмет» орденімен марапатталды

15.12.2017

Астанада бес жылға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр

15.12.2017

ҚХЛ жұлдыздары матчының 70%-ға жуық билеті сатылды

15.12.2017

Тәуелсіздік күніне Атырау облысында жаңа демалыс саябағы ашылды

15.12.2017

ҚХА құттықтауы

15.12.2017

Газ транзиті де, экспорт та ұлғайды

15.12.2017

Самұрық-Қазына: бесжылдық дамудың көкжиектері

15.12.2017

Жаңаша экономикалық ойлау – Елбасы феноменінің бір қыры

15.12.2017

Қазынасы мол елді инвестордың өзі іздеп келеді

15.12.2017

Ұлы Дала халқының құрамдас бөлігі

15.12.2017

Алматыда «Қазақ деректі киносы күндері» аяқталды

15.12.2017

«Қайт, қазақ Отаныңа!»

15.12.2017

ШҚО-да роботтандырылған хирургия орталығы ашылады

15.12.2017

Барқыт үннің иесі

15.12.2017

Төрқаланы тұғырға қондырған қалам

15.12.2017

Тәуелсіздікке үлес – барлық мүддеден биік күрес 

15.12.2017

Астанада «Мәңгілік Ел» қай­раткерлері: Хам­за Қиқымов» тақы­ры­бында көр­кемөнер көрмесі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Елдіктің киесі

«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Намыс туралы нақыл

Ата-бабалардан мирас болып жет­кен Ұлы Даланың түпкі тари­хына­ бармай, ХХ ғасыр басында, тура 100 жыл бұрын Ресей патша­лығы құрдымға кетуге таяп, ақ пен­ қызыл айқасқан кеңестік жаңа импе­рия күш ала бастаған шақта, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Алаш қай­раткерлерінің Алашорда автономиясын құру қадамы сан ғасыр­дың қойнауында қайнап піскен ұлттық намыстың тәуелсіз ел болуға ұмтылысының басы еді. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Абыздар мен Алыптар

Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу