«Тіл ұмытылса, дәстүр де көмескі тартады»

– дейді Ресейдің Челябі облысындағы «Азамат» ұлттық-мәдени бірлестігінің жетекшісі Қанат Сейтіков. Ресей Федерациясының Қостанай облысымен іргелес Челябі облысында біраз қандастарымыз тұрады. Олардың арасында ұлттық салт-дәстүріміздің, ана тіліміздің ұмытылмауы үшін қазақ диаспорасының «Азамат» ұлттық-мәдени бірлестігі біршама жұмыстар жүргізіп келеді. Біз оның жетекшісі Қанат Сейтіковпен жолығып, әңгімелескен едік.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 4598

– Қанат Хакімұлы, алдымен «Еге­мен­нің» оқырмандарына Челябі об­лы­сындағы қандастарымыздың саны, орналасуы туралы айтсаңыз.

– Челябі Ресейдегі өндірісті және ауыл шаруашылығы да, ішкі-сыртқы на­рығы да дамыған, ірі облыстарының бірі болып саналады. Қазақтар негізінен облыстың Қостанаймен  шекарасына жақын Нағайбақ, Троицк, Бреды, Қызыл, Чесминский, Верхний Уральск ау­дандарына орналасқан. Сонымен қатар Қарталыда, Варнада, басқа аудандарында да шашырап кеткен қандастарымыз бар. 2015 жылғы санақ бойынша Челябі облысында 34 мыңдай қазақ бар деп есептейміз.

– Тарихқа көз жүгіртсек, қазақтар Челябі жерінен ағатын Жайық бойын бұрыннан жайлап келеді.

– Оныңыз рас. Халқымыздың «Қыз Жібек» эпосының оқиғасы осы Жайық өзенінің бойында, қазіргі Магнитогор қаласы, Нағайбақ, Верхний Уральск аудандары орналасқан өңірде өткенін осы жырды жаттап өскен қазақтың бәрі біледі. «Әуелде түскен жерім Жағалбайлы, жыл­қы­сын көптігінен баға алмайды» деп Жібек­тің айтқанындай, Жайық бойын қа­зақтар қазір де жайлап отыр. Сонымен қа­тар, қандастарымыз Қазақстанның Ре­сей­мен іргелес облыстарынан заманның өк­пек желі соққан жылдары да Челябі же­ріне ауып барғаны белгілі. Өткен ға­сыр­дың 30-шы жылдары Магнитканың құ­рылысына да көп қазақ барған. Ол кезде КСРО-дағы  ұлт саясатының дұрыстығын көрсету мақсатында Челябі облысындағы қазақтар шоғырланып орналасқан ауданда, Магнитогор қаласының маңында қазақ тілінде білім беретін мектептер болған, тіпті «Магнитогор жұмысшысы» де­ген атпен қазақ тілінде газет те шығып тұр­ған. Мұндай жағдай сол кезде татар, баш­құрт секілді аз ұлттардың барлығы үшін жасалыпты.

– Ұлт саясаты демекші, қан­дас­та­ры­мыздың бүгінгі жағдайы туралы не айтар едіңіз?

– Әрине, қазақтар тұрмысын Ресей Фе­де­рациясының тұтас халқынан бөле жарып қарауға болмайды. Селода тұрғандары ауыл шаруашылығымен айналысады, мал ұстайды, егін егеді. Қалалықтар өн­ді­ріс­те, бизнесте жүр, жоғары оқу орнын­да оқып жатқан қазақ жастары да аз емес. Әр­кім өзінің хал-қадерінше өмір сүріп жа­тыр. Бизнесте, білімде, ауыл ша­руа­шы­лығында, басшылық қыз­мет­терде жүр­ген, облысқа танымал қа­зақ­тар да бар. Қайырбек Сейілов ағамыз Нағайбақ ау­данын көп жылдар бойы абыройлы басқарып, зейнеткерлікке шықты. Адай Кенжебаевты челябіліктер экономи­ка, техника саласындағы ірі ғалым, Оң­түс­­тік Урал өңіріндегі кәсіпкерлікті ал­ғаш бастағандардың бірі ретінде де біледі. Ол соң­ғы жылдары Челябі ха­лық­тарының ассам­блеясы кеңесін бас­қар­ды. Техника ғы­­лым­дарының докторы, професс­ор Сә­кен Шерязевтің, ауыл ша­руа­шы­лы­ғын­да­ғы кәсіпкер Айдархан Қар­сақ­баевтың есімі де челябіліктерге жақсы таныс.

Қандастардың бүгінгі жағдайын қай тұрғыдан сұрап отырғаныңызды да тү­сі­немін. Қандастарымыз арасында тіл, дәс­түр-салттың сақталу мәселелерін ме­ң-

­зе­діңіз ғой. Әрине, бұл тұрғыдан айтар өзек­ті әңгіме баршылық. Челябі немесе Оң­түстік Урал жеріндегі қазақтардың соң­ғы үш ұрпағын алайық. 60-шы жыл­дар­ға дейін болған қазақ мектебінде оқып үлгерген атасы қазақшаны таза бі­леді, бірақ олар табиғаттың заңымен қар­тайып, қатары селдіреп барады. Ал оның балаларының арасында қазақ тілін шамалап сөйлейтіндер бар, бірақ аз деп білем.Немерелер қазақ тілін білмейді, ептеп түсінеді. Сол немерелерден тараған ұрпақ қа­зақ тілін ұмытатыны анық. Сон­­да мұрнына ана тілінің иісі де бармай­тын ұрпақ өзін қазақпын деп қалай айта алады?

– Әңгіме сонда ғой! Енді солай болмас үшін Челябі облысы қазақтарының ара­сында қандай да бір әрекет бар ма?

– Екі қолды бос қойып, қарап отыр-

ғ­а­нымыз жоқ. «Азамат» ұлттық-мәдени бір­лестігі мен көрші Қостанай облы­сы Тілдерді дамыту басқармасы ара­сын­да тығыз қарым-қатынас ор­на­тыл­ған еді. Басқарма басшысы Жан­болат Үмбетов «Азамат» тара­пы­нан ұсы­ныл­ған ұсыныстардың бар­лы­ғын ұлт­жан­дылықпен қолдады. Біз сол жұ­мы­с­ты жалғастырып келеміз. 2009 жыл­­дан бас-

тап осы басқарманың бө­лім басшысы Бақытгүл Сүлейменова бас­та­ған мамандар Челябіге келіп, қазақ ті­лі­н оқытуға, үйретуге тілек білдірген бел­сен­ділер үшін се­ми­нар өткізеді, оларға тіл үйретуге рұқ­сат – сертификат береді. Қостанай­да­ғы Тіл үйрету орталығының мамандары қа­зақ тілін үйренудің шетел қазақтарына ар­налған арнайы бағдарламасын жасаған, ре­сейлік қазақтар сол бағдарламаны пай­даланады. Қазір сабақтар әлгінде айт­қан қазақтар біршама шоғырланған ау­дандарда, Магнитогор, Челябі қала­ла­рында өткізіледі. Облыстық білім мини­стр­лігімен келісіп, қазақ тілін фа­куль­тативтік сабақ ретінде жүргізетін 5 мұ­ғаліміміз айлық жалақы алып отыр.

– Тіл үйретудің нәтижесі қалай?

– Нәтиже болмай қалмайды деп ойлай­мын. Осы жұмыс басталғалы Верхний Уральск және Агапов аудандарында «Үз­дік оқытушы» атты байқау өткізілді. Се­минарлар тек Челябі облысында ғана емес, Қостанайда, шекарадағы Қарабалық ау­данында да өткізіліп жүр. Сабаққа балалар, тіпті ересектер мен өзге ұлт балалары да қатысады. Әрине, тілді таза мең­геріп кетпесе де, сабақ жас баланың есін­де қалады, ана тіліне, ұлтына деген қы­зығушылығы, патриоттық сезімі ояна­ды, санасында тілдің, ділдің іргетасы, қа­ланады деп сенемін. Балалар арасында «Абай оқуларын» өткіздік.Студенттердің ба­сын қосып, концерттік бағдарламамен ау­дандарға шығып тұрдық.

Біз челябілік қазақтар проблемасына шама келгенше жергілікті басшылықтың на­зарын аудартуға тырысамыз. Өткен жылы Челябіде «Қазақ тілі: проблемалар, перспективалар, дамуы» атты дөңгелек үстел мәжілісін өткіздік. Оған аудандардан келген қазақ тілі мұғалімдерімен бір­ге Челябі облыстық әкімдігінен, Че­лябі облысы халқы ассамблеясынан кісі­л­ер қатысты. Қазақ тілін үйрететін мұ­ға­лімдерді нағыз тіл, ұлт жанашыры деп атар едім. Олар оқушыларға тілді жанын са­лып үйретеді.

– Қандастарымыздың ана тілді, дәс­түрді ұмытпауы үшін жүргізілетін жұ­мыстарда қандай қиындықтар бар?

– Облыс үлкен, қандастарымыз оған ша­шырай орналасқан, олардың басын қо­су, ұлттық-мәдени шараларды жиі өт­кізу оңай емес. Барлығы да қаржыға келіп тіреледі. Күнделікті шаруаның, күнкөрістің соңындағы жұртты мазалай бере алмайсың. Біздің Қазақстан тарапына ризашылықтан басқа айтарымыз жоқ. Көп нәрсе сырттағы қазақтардың өзіне бай­ланысты болып отыр. Тілді де, ділді де балаға отбасындағы тәрбие қалып­та­с­тырады деп білемін. Қазір Челябі өңі­р­індегі қазақтар бас қосқанда тек ере­сектер, аға буын өкілдері ғана жина­лады, жастарды көрмейсің. Тойларын да үл­кен­дер бөлек, жастар үшін бөлек өт­кіз­еді, бұл ұрпақ арасындағы байла­ныс үзіліп қал­ғандай әсер береді. Челябіде қазақ жас­тарына арналған «қазақ-пати» апта сай­ын өтеді. Бұл енді аты өзгерген жастар диск­отекасы ғой. Онда ешқандай ұлттық шараның иісі шықпайды. Челябілік қазақтар арасында ұлттық дәстүріміз мүлдем жоқ десек, шындыққа сәйкес келмес еді. Олар да құда түседі, қыз ұзату, ке­лін түсіру тойын жасайды, Наурыз ме­ре­к­есін шама келгенше өткізеді. Алайда тіл ұмытыла бастаған соң, дәстүрдің де кө­мескі тарта беретінін тағы жасыра алмай­мыз.

Алдағы уақытта Челябі қаласындағы оқу орындарында оқып жатқан қазақ студенттердің басын тағы қоспақшымыз, сол үшін ептеп жұмыс та жүріп жатыр. Мұн­дағы оқу орындарында Қазақстаннан ке­ліп білім алып жүрген жастар бар, солар мен жергілікті жастардың араласуы үшін шаралар өткізсек деген мақсатымыз бар. Бұл челябілік жастардың тілге деген қызығушылығын оятар деген үміттеміз. Ен­дігі жұмыс тек жастармен жүргізілсе деп армандаймын.

Әңгімелескен
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ – ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2018

Қ.Тоқаев: «Басты міндетіміз – Елбасы Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету»

17.01.2018

Құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынның 80 пайызы қайтарылады

17.01.2018

Астанада заманауи балабақша ашылды

17.01.2018

Мәскеуде Қазақстанның жаңа консулы тағайындалды

17.01.2018

Тайландта босанған ана санавиациямен елге жеткізілді

17.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі әлемдік БАҚ назарында

17.01.2018

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

17.01.2018

Құлсарыда жылыжай  ашылды

17.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының АҚШ сапары туралы пікір білдірді

17.01.2018

Президенттің АҚШ-қа сапары. Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

17.01.2018

АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

17.01.2018

Аяз мүйізді, мүйіз тұқылды қалай қысады?..

17.01.2018

Түлкиевтің туындысы

17.01.2018

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

17.01.2018

Абайдың алғашқы кітабы

17.01.2018

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

17.01.2018

Алматыда ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың мерейтойы атап өтілді

17.01.2018

Жарасбайдың жаналғышы

17.01.2018

Аққу кеткен...

17.01.2018

Парасат пен пайымды ту еткен ғалым. Немесе инженер Тұрлыбек Ысқақов туралы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Дамудың даңғыл жолы

Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін бе­руде. Қолға алынған зор мін­дет­тер­дің негізгі мәні – Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуы, көр­кеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. За­ман­ның дидары ө+згеруіне орай, мем­лекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу