Тіршіліктің тұмасы

1993 жылы Қызылордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен Орталық Азия республикалары президенттері мен Ресей үкіметінің басшылығы бірінші Қызылорда конференциясында бас қосып, Арал теңізінің тағдыры жайында келелі кеңес өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік банкке арнайы хат жолданды. Нәтижесінде Арал проблемасы әлемдік дәрежеге көтерілді, Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылды.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 973

Аралдың апат аймағы тұрғындарын әлеуметтік қорғау мақсатында арнайы заң қабылданды. Осы заң­ның шапағатымен Қызыл­орда халқына жылына он миллиард теңгеге жуық қосымша пайда түсіп отыр.

Біздер, суармалы егін­шілікпен айналысатын Сыр бойының халқы, «су – өмір» дейміз. Бұл – шынайы шындық, айнадай ақиқат. Кім судың зәрулігін, зардабын, қайғы-қасі­ретін көп шексе, оның қадір-қасиетін, қажеттігін, құндылығын терең түсінері сөзсіз.

Иә, сусыз өмір жоқ. Жер планетасы­ның – 75, адам ағзасының 80 пайызы судан тұрады. Әлемдегі ұлан-ғайыр судың тек 1-2 пайызы ғана ішуге жарайтын тұщы су, ал оның 20 пайызы бір ғана Байкал көліне шоғырланған.

Түптің-түбінде бүкіл адамзат су тап­шылығын көретін түрі бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қара­­ған­да, қазірдің өзінде әлемде 2 мил­лиард адамға таза су жетпей отыр. Дүние жүзінде ХХ ғасырда халық саны үш есе өсті, ал су пайдалану жеті есе өсті. Ха­лық өседі, ал су көбеймейді.

ХХІ ғасырда су проблемасы ғалам­дық проблемалардың алғашқы орын­дарының біріне шықты. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2003 жылды ауыз су жылы деп жариялаған болатын. Су қазір ең қажет, ең құнды, ең қымбат стратегиялық тауарға айналды.

Мұнай – ақша, су – өмір. Су мұнай­дан да қымбат болады. Адамзат тарихында жер үшін, билік үшін, байлық үшін, мұнай үшін 1500 ірілі-ұсақты со­ғыстар болған болса, келешекте су үшін де қақтығыстар болу қаупі жоғары.

Дүние жүзінде 200-ден астам өзен­дер жүйесі ұлттық шекараларды басып өтсе, 13 ең ірі деген өзендер мен көлдер 100 елдің ғана аумағында орналасқан.

Мұхиттан жырақта, Еуразия құрлы­ғы­н­ың бел ортасында өмір кешіп жатқан қазақ жұрты үшін су мәселесін аса маңызды, өміршең, тағдырлы мәсе­ле деп айтуға болады. Елімізде 39 мың өзен мен су арнасы, 48 мыңдай көл бар. Бұл сырт көзге көп сияқты көрінеді, шын­дап келгенде аз. Мамандардың есебі­не қарағанда, кейінгі елу жылдың бе­дерінде Қазақстандағы су ресурстары 15-20 мил­лиард текше метрге аза­йыпты. Қазақ­стан­дағы барлық судың 44 пайызы басқа мем­л­екеттерден келе­ді. Олар: Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан.

Батыс Қазақстан облысындағы табиғи су қорының 80 пайызы Ресейге тәуел­ді. Жайық өз бастауын Баш­құртс­тан­нан алады. Шаған мен Деркөл­дің бастауы Орынборда жатыр. Қараөзек пен Сарыөзек Саратов облысынан арна тартады. Олардың бойында жаңадан су қоймалары салынуда.

Су проблемасының асқына түсуіне тікелей әсер етіп отырған негізгі жағдай – Орталық Азия халқының 1960 жылғы 14 миллион адамнан қазір 50 миллион адамға жетуі. Осының салдарынан ауыз суға деген сұраныс жылына 60 текше шақырымнан 120 текше шақырымға дейін өсіп отыр. Қазір Орталық Азияда бір тұрғынға есептегенде жылына 2600 текше метрден су келеді. Егер осы көр­сет­кіш Мысырда – 1200 текше метр, Суданда – 1160, Қытай, Сирия, Из­раиль­де шамамен 450 текше метр екен­дігін ескерсек, бұл жаман көрсеткіш емес.

Кеңес Одағының ыдырауына байланысты Орталық Азия өңірінде су проблемасы бұрынғыдан да асқына түсті. Себебі, Кеңес Одағы қалып­тас­тырған суды өңірлік реттеу жүйесі жойылды. Ал жаңа жүйе тәуелсіз, туыстас мемлекеттер арасында әлі қалып­тас­қан жоқ.

Біздегі ең үлкен кемшілік – елдің суды ысыраппен пайдаланатындығы. Мысалы, Өзбекстанда су ресурстарының 90 пайызы егіншілікке жұмсалғанмен, оның 40 пайызы ғана өсімдікке жетіп, 60 пайызы босқа шығын болады. Бізде де судың ысырабы осы дәрежеде.

Қырғызстан суға бай елдердің қа­тарына қосылғанымен, оның басым бөлігін қыс айларында электр қуатын өн­діру мақсатында жұмсайтындықтан, көп су босқа кеткенімен қоймай, Қазақ­стан­ның оңтүстігіне су басу қаупін төндіреді.

Қазақстанның су жағдайына үлкен ықпал ететін елдердің бірі – Қытай. Дүние жүзінде су ресурстарының көлемі жағынан бесінші орын алғанымен, бұл елдің де проблемасы жеткілікті. Бүгін Қытайдың 32 ірі мегаполисінің 30-ы су тапшылығына ұшырап отыр. Болжам бойынша, 2030 жылдары Қытай ауыз суды сырттан тасымалдауға мәжбүр болады. Ауыз суға деген елдің ішкі тапшылығы жылына 240 миллиард текше метрге дейін жетеді. Қытайдың батысын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Қытай жағы осы елдің аума­ғынан бастау алып, Қазақстанға ағып келетін Іле, Ертіс өзендеріне рет­те­гіш тоспа салуға мәжбүр болуы ықтимал.

Құрлықта орналасқан су бассейн­дерінің ішінде үшінші орын алатын Балқаш көліне жылына 23,81 текше шақырым су ағып келіп жатқан болса, мұның 17,4 текше шақырымы Іле өзені арқылы құйылады екен. Ал оның 12,7 текше шақырымы өз бастауын Қытайдан алып жатыр. Қара Ертіс арқылы Қазақстанға жылма-жыл келіп жатқан су көлемі 5 текше шақырымды құрайды. Қытайда Ертіс пен Іленің суын өз мүддесіне сәйкес пайдалану жобасы іске асырылуда. ШҰАР жағы Қарамай қаласына Ертістен тартылып жатқан каналға су ала бастаса, Қазақстанға келетін су мөлшері тағы да 20 пайызға азаяды. Іленің бойында ГЭС салынып жатыр, бөгетінің ұзын­дығы 30 шақырым, биіктігі 2000 метр. Осылардың нәтижесінде Балқаш, Зайсан көлдерінің жағдайы нашарлайды. Қазақстандағы су проблемасы одан әрі асқына түседі.

Сырдария төрт мемлекетті бойлап өтетіндіктен трансшекаралық өзен болып есептеледі.

Біздер үшін Сырдария жай ғана өзен емес – ол біздің анамыз, асыраушымыз, арманымыз, ардағымыз, қуанышымыз, қайғымыз, қасіретіміз, тарихымыз, тағдырымыз, өміріміз, өзіміз.

Енді ол дария емес, өзен болды. Ат кешіп өтетіндей жағдайға жетті. Дария деген кіші теңіз. Бірнеше өзенді өзіне қосып алып, талай жерді қақ жарып, талай халықты асырап жатқан өткел бермес, арынды, асау суды дария дейді.

Сырдария өзенінің 1274 шақырымы облыс территориясынан өтеді. Кеңес дәуірінде Сырдарияның су қоры 37,9 миллиард болатын: оның 42 пайызы – Қазақстанға, 0,5 пайызы Қырғызстан­ға, 7 пайызы – Тәжікстанға, 50,5 пайызы – Өзбекстанға тиісті болатын. Шардара су қоймасынан жыл сайын 10,19 миллиард текше метр су Қызылордаға бөлінетін.

Қызылорда облысы суармалы егін­шілікпен күн көріп отырған, Сырда­рия­ның төменгі жағына орналасқан өңір. Об­лыста 2 млн гектардың үстінде жер бар. Оның 200 мың гектары – инже­нер­­лік жүйеге келтіріліп, тегістел­ген жер. Қазір осы жердің жартысына жуы­­ғы бат­­пақ­­танып, сорланып, тұз­да­нып, жа­байы­­ланып егіс айналымынан шығып қалды.

1980 жылы облыста 1326 көл болса, қазір 320 көл ғана қалды. Облыста 2500 шақырым магистральды каналдар, 11900 шақырым ішкі шаруашылық каналдары, 19200 шақырым ішкі қашыртқылар, 24 мың ірілі-ұсақты гидротехникалық инженерлік құрылыстар бар еді. Осын­шама байлыққа иелік жасай­тын құры­лымдар майдаланып, ұсақ­танып, шашырап кеткен. Біздіңше «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңінің аясында істен шыққан барлық инженерлік жүйеге келтірілген жерлер қайта тегіс­теліп, каналдар, қашыртқылар, гидро­тех­никалық құрылыстар алғашқы жоба­лық қалпына келтірілуі керек.

Сондай-ақ, магистральды каналдар мен қашыртқыларды мемлекет балансына алу, қалғандарына иелік жасау үшін су пайдалану кооперативтері құрылу керек деп ойлаймыз.

Сырдарияға 43 қашыртқы арқылы өн­діріс қалдықтарымен мақталық жерлерді шаюдан шыққан уланған, лас сулар келіп құяды, оның үшеуі ғана біздің облыс аумағынан. Облы­сы­мыздың халқы «Сағадағы су ішеді, аяқ­тағы у ішедінің» нағыз күйін кешіп отыр. Осы күнге дейін Сырдария өзені­нің бойында 17 су қоймасы мен тоспасы салынды. Сырдарияның жоғарғы жағында орналасқан 5 су қоймасының (Тоқтағұл, Әндіжан, Қайраққұм, Шар­вақ, Шардара) сыйымдылығы 33 млрд текше метр.

Қазірде трансшекаралық өзендер­ді ортақ пайдалану жөнінде мемлекет­аралық келісімдер жасалған. Алайда бұл маңызды мәселеде проблемалар жиі туындап жататыны жасырын жағ­дай емес. Түптеп келгенде, әркім өз мүд­десін қорғайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға, Ресейге, Орта­лық Азия өңірлеріне жасаған сапарларында трансшекаралық өзендер суын реттеу мәселесі тұрақты көтеріліп жүр­гендігі белгілі. Ол Орталық Азия ел­дері­мен бірлесіп, су-энергетикалық кон­цорциум құруды да ұсынды. Міне, осы орынды ұсыныстардың астарында ел болашағын ойлаған үлкен бір алаң­даушылықтың барын жоққа шығаруға болмайды.

Сібір өзендерін Қазақстан мен Ор­та­лық Азияға бұрудың идеясы да соң­ғы жылдары қайта бір қозғалғандай болды. Сібір суларының 90 пайызға жуығы Ресей жерін басып өтіп, Сол­түстік мұзды мұхитқа барып құйып жатыр. Ал одан Қазақстан мен Орталық Азияға бөлінеді деп жоспарлаған су көлемі 6-7 пайыз шамасында ғана. Былайша айт­қанда, Ресей үшін үлкен проблема емес.

Қазақстандағы су ресурстарының, әсіресе трансшекаралық өзендердің проблемасын еліміздің болашағына аса зор ықпалы бар маңызды мәселе ретінде тек қана мемлекеттік деңгейден қарастыруымыз қажет. Бұл мәселеде ішкі аймақтардың тартыс-таласына жол беруге болмайды. Ол үшін су ресурстарын реттеу мәселесін неғұрлым жан-жақты және айқын қарастырған мемлекеттік стратегия керек. Алдымызда болуы мүмкін су тапшылығына әзірлікті нығайту мақсатында тіршілік пен тұрмысқа су үнемдегіш технологияларды енгізу мәселесін қолға алғанымыз жөн. Осы ретте еліміздің егіншілік жүйе­сіне израильдік тамшылатып суару технологиясын енгізу жұмыстары қолдауға лайықты.

Бүгінгі су жер асты, жер үсті табиғи ресурстарының барынша бағалы түріне айналып отыр. Бұл орайда жер асты суларының орны бөлек. Еліміздегі жер асты ауыз суының қоры 50 млрд текше метр деп бағалануда. Түптің-түбінде осы байлық кәдеге жарайды. Міндет осы суды сақтай, қорғай, тиімді, үнемді пайдалана білуіміз керек.

Қай заманда болмасын, қай қоғамда болмасын судың тілін білген адам қадірлі, құрметті болған. Сондықтан да халық «Судың тілін білген ұтады, судың тілін білмеген құртады» деп бекер айтпаған. Ертеден судың тілін білетін адамдарды «мұрап» деп атаған. Сыр мұраптарының атасы Қасымбет Ахунның ұлы Нұртаза ақсақал болған. Құдайға шүкір, осы мұраптық дәстүр өзінің жарасымды жалғасын тауып, кеңес дәуірінде сондай мұраптардың жаңа деңгейдегі талантты, білімді мұрагерлері мен шәкірттері өсіп шықты. Олар Қазақстанда суармалы егін шаруашылығын қалыптастыру­да ерекше еңбек етті. Бұлардың қа­та­рын­да елімізге белгілі қайраткер­лер М.Ықсанов, С.Сәрсен­баев, Ә.Тыны­баев, Э.Гукасов, Ш.Бәкіров, В.Гон­гаров, Н.Қыпшақбаев, Б.Сәрсенов, Р.Ковалевский, А.Антипов, А.Киселев, Ғ.Мурзалиев. Е.Бозғұлов, С.Арыс­тан­баев, Е.Құтыбаев, Ә.Жаппарханов, Ә.Құтжанов, М.Нәлібаев бар.

Осы білікті мамандардың жасам­­паз­дық, жан­қия­рлық еңбегінің арқасында Қаза­қ­станда 1,5 млн гектар суармалы жерлер игерілді. Жүз мың шақырым каналдар мен қашыртқылар қазылып, 500 мың гидротехникалық инженерлік нысандар соғылды. Соның нәтижесінде республикада мақта, күріш, қант қызыл­шасы түгелдей, көкөністің, жеміс-жи­дектің, бау-бақшаның, картоптың, техникалық дақылдардың 80 пайызы осы суармалы жерлерге орналасты.

Бұл «іс тетігін кадр шешеді» деген қағи­даның әрқашан дұрыстығын көр­сетеді.

Сейілбек ШАУХАМАНОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы мен «CLAAS» компаниясы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды

20.05.2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу