Төр Алтайда туризмді қалай дамытамыз?

Шығыс Қазақстанда бірнеше жылдан бері «Туған жерге - тағзым» атты елге пайдасы бар ерекше бір акция жүзеге асырылып келеді.
Егемен Қазақстан
03.04.2017 659

Бұл акциясының ерекшелігі сол, туған жерінен жырақта жүрген қалталы азаматтар өзі туып-өскен ауылына қарайласып, қолынан келгенше көмегін көрсетеді. Бірі ауылына мектеп, балабақша, спорт залын, емхана салып берсе, енді бірі мешіт тұрғызады, жол жөндейді. 

Жақында Оралхан Бөкей, Қалихан Ысқақ сынды қабырғалы қаламгерлерді түлеткен, түркінің төрі, алаштың ата жұрты болған Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында тағылымды шара өтті. «Туған жерге - тағзым» акциясының аясында ұйымдастырылған инвестициялық форумда туған жерге жаны ашитын, кіндік кескен мекеннің түтіні түзу ұшсын деп тілейтін кәсіпкер азаматтар бас қосып, шекара шебіндегі ауданның түйткілді мәселелерін бірлесе талқылады. Ойларын ортаға салды. Аудан экономикасын өрге бастырар, жергілікті жұртқа септігін тигізер деген жоба-жоспарларын жария етті.

- Елбасымыз биылғы Жолдауында экономикалық бәсекелестікті ынталандыруға айрықша мән беріп, экономиканы қаржыландыруға жеке меншік секторды тартудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Бұл акцияға кәсіпкерлеріміз ақшасы тасығаннан емес, туған жерлеріне, атамекенге жаны ашығаннан қатысып, ат салысып жатыр деп түсінгеніміз ләзім. Ауданымызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған инвестициялық форум жергілікті жердегі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, туризм саласының дамуына тың серпін береді деп сенеміз, - деді Катонқарағай ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин форумды ашқан сөзінде.

Форум барысында аудан аумағындағы туристік нысандар салуға, ара шаруашылығын дамытуға қолайлы жер телімдері кәсіпкерлер назарына ұсынылды. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Ерлан Мұстафин парк аумағында экологиялық туризмді дамытуға мол мүмкіндік бар екенін айтып, қалталы азаматтарды инвестиция салуға шақырды.

Катонқарағайдың ең түкпірінде, жан жағын қалың орман қымтаған Аршаты деген ауыл бар. Осы ауылда туып-өсіп, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында тұрып жатқан Ғани Шаймерденов есімді кәсіпкер сонау жерден ат арытып арнайы келіпті.

-Қазір өзге өңірде тұрып жатсақ та, жүрегіміз әркез туған жер деп соғады, - деп сөзін сабақтаған кәсіпкер 300 орындық жаздық лагерь салып беретінін айтып, жерлестерін бір желпіндіріп тастады.

«Алты ай қыстың азабы, өнімдердің өтпеуі, өркениеттің жетпеуі, кедергілердің кетпеуі секілді қиындықтар аз емес. Таулы аймақ табиғатының адамдарға берері мол болғанымен соны толық ұқсата алмай келеміз. Өзімізде өндіріс болмағандықтан барлық байлығымызды шикізаттай саудалап жіберуге тырысамыз. Әлем өркениетке бет бұрып, алды туристік сапармен аспанға ұшып жатқанда ауылдағылар аудан орталығына әрең жетеді. Өркениетті аңсаған жастарымыз қалаға қашып, ертеңіне алаңдағандар қала маңына қоныс аударып, ауылдарымыз жалаңаштанып бара жатыр».

Форумда сөз алған аудандық мәслихат депутаты Ертай Кешілбаев әуелі туған жеріндегі түйткілдерді тілге тиек етіп, сөзден іске көшетін уақыттың жеткенін айтып, Катонқарағай ауылында қаңырап бос тұрған 5 үйдің бірін өз қаржысына жөндеп, іске қосуға уәде берді. 

Табиғаты тамылжыған төр Алтайдың бір брэнді – әлемге әйгілі Берел қорғандары. Алайда сақтарға қоныс болған сақи мекенді келгісі, көргісі келетін туристерге тұсау болып отырған түйткілдер аз емес. Соның бірі – алыстан арып, ашып жеткен саяхатшылардың аяқ суытып, ас ішетін жерінің жоқтығы. Берел қорық-мұражайы директорының орынбасары Алмас Сарбасов осы мәселе шешілсе, патшалар жазығына келетін туристер қатары бұрынғыдан да арта түсетінін айтып, биыл Берел қорғандарын төрткүл дүниеге әйгілеген атақты археолог Зейнолла Самашевтің 70 жасқа толатынын, ғалымның құрметіне ғалым үйін ашсақ деген ұсынысын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай ғалымдар үйі әлемнің көптеген елдерінде бар екен. Жұмақ мекен төр Алтайдың ертеңіне алаңдаған азаматтардың басын қосқан форум қорытындысында құны 1 млрд.200 миллион теңгенің 50 меморандумына қол қойылды. 

Азамат Қасым,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Суретті түсірген – Шамиль Багаутдинов

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

21.09.2017

Ұлттық ұланның халықаралық турнирі басталды

21.09.2017

ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды

21.09.2017

Астанада EXPO-2017 көрмесінің 16 «жасыл» жобасы іске асырылмақ

21.09.2017

«Kostanay Invest–2017» инвестициялық форумында 26  меморандумға қол қойылды

21.09.2017

Келер жылы мектеп бағдарламасына қоғам және дінтану сабағы енгізілуі мүмкін

21.09.2017

Қазақстанда қалайы өндіруге салық мөлшері азайтылмақ

21.09.2017

Біртанов МӘМС бойынша жиын өткізді

21.09.2017

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

21.09.2017

Жас журналистерге арналған жоба іске қосылды

21.09.2017

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

21.09.2017

«Zhangyru» корпоративтік оқыту» жобасына іріктеу басталды

21.09.2017

ЭКСПО-2017 Маңғыстау облысына қуатты серпін берді - Е.Тоғжанов

21.09.2017

Отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды

21.09.2017

Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен партиялық тыңдау өтті

21.09.2017

Мемхатшы әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін талқылады

21.09.2017

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

21.09.2017

Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Қазақстанның миссиясы айқын

Еліміздің сыртқы әлемдегі абы­рой-атағы мен халықаралық бе­делі жүзеге асырылып жатқан ірі­ бас­тамалар мен кең ауқымды іс-шаралардан көрініс тауып, өзі­нің тиісті бағасын алып отыр. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу