Төрт тілді толық меңгерген

Егемен Қазақстан
30.11.2016 157
dsc_1414-2жастар қатарының көбейіп келе жатқаны қуантады «Қазақстандықтар болашағы – біртұтас ел» атты дөңгелек үстел аясында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов көп тілді меңгерген өңір жастарымен кездесті. Онда жиналған түрлі ұлт өкілдерін бірнеше тілді білуі біріктірді. Ерік Хамзаұлы өз сөзінде Қа­зақ­­станды мекендеген кез келген ха­лықтың дәстүрі, мәдениеті, тілі сол елдің бай тарихының айнасы екенін жеткізді. Мемлекеттік тіл­ді дамытудың негізгі көрсет­кіш­те­рі әлеуметтік және қоғам­дық қыз­метпен етене байланыс­ты. Халық пен мемлекеттің тү­бе­гейлі өзгеруі тіл дамуына да ай­тарлықтай әсер етеді. Әрбір тіл – тұтас әлем. Ел­басы Н. Назарбаев мем­лекеттік тіл ұлттық бірліктің не­гізгі факто­ры және халықты бі­рік­тіруші бас­ты күш екенін талай мәрте атап көр­сетті, деді ол. Тілдерді дамыту бас­қар­ма­сы­­ның басшысы Кемел Оспанов шара мақсаты мемлекеттік тіл мәр­те­бесін арттыруды, қазақ, орыс, ағыл­шын тілдерін жетік иге­р­- ген, әр­түрлі салада жұмыс іс­тейтін жас мамандарға жан-жақ­ты қолдау те­тік­терін күшей­туді көздейтінін ай­та келіп, Мағ­жан­ның «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл» деген орамды ойын мысалға келтірді. Бұл сөздің тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы жойылмақ емес. Аудандар мен қалалардан жи­нал­­ған жас­тар, мұғалімдер, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жас­тар қанатының, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының, студенттер қауымының өкілдері үштілділіктің қоғам­дағы рөлі туралы ой-пікір­ле­рімен бөлісті. М. Жұмабаев атындағы гу­ма­нитарлық колледжінде жұмыс іс­тейтін Жандос Қалел төрт тілде еркін сөйлейді. Оның тіл үй­ренуге деген құштарлығы отба­сынан басталған. Тың көтеру ке­зінде республикамызға келген түрлі ұлт өкілдерімен әжесі қоян-қолтық араласқан. Сөйтіп, еш қиналмастан бірнеше тілді мең­геріп алған. Кейін бұл дәстүр не­­мерелері арқылы жалғасқан. Жан­достың ағасы түрік және араб тілдерін жақсы біледі. Қа­рын­дасы да бірнеше тілге ағып тұр. Үш баланың анасы Марал Құрманова университетте ағыл­шын, неміс тілдерінен са­бақ бер­е­ді. Ұлттық Ұлан әскери инс­ти­тутының бірінші курс сту­де­нті Руслан Сухоручкиннің ай­туын­ша, әр халықтың басты құн­ды­лығы – тілі. Мемлекеттік тіл ту, елтаңба, әнұран сияқты басты ныш­андарымыздың бірі. Қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдеріне қамшы салдырмайтын облыстық ішкі істер департаментінің лейтенанты Марина Писаренко биыл Ішкі істер министрлігінің Ал­ма­тыдағы академиясын бітіріп ке­ліп­ті. Әпкесі Таня да қазақшаға су­дай көрінеді. Төрт тілде еркін сөй­лейтіндердің бірі Ержан Мәкен Германиядағы Мартин Лютер атындағы Халле-Витенберг уни­верситетін «Болашақ» ха­лық­аралық бағдарламасы бойын­ша тәмамдап, аудандық әкім­дік­ке қызметке орнығыпты. На­талья Горбатова мен Алена Пла­тонова М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан мемлекеттік уни­­верситетінен қазақ тілі жә­не әде­биеті пәні мұғалімі маман­ды­ғын алып шыққаннан бері шә­кірт­терінің өздеріне ұқсауын бас­ты парыз санайды. Олардың қа­зақ тілін меңгеру талаптарын әке-шешелері, туған-туыстары бір­ауыздан қолдап, ақ баталарын берген. «Тіл – ел бірлігі» бай­қауында алғыс хатқа ие болған. Ғ.Мүсірепов ауданында еңбек ете­тін жас маман Нұрсұлтан Байзақ та бір­неше тілге жүйрік. Мемлекеттік тілді талмай насихаттап жүрген бір топ жас ал­ғыс хатпен марапатталды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу