Топырақты тоздырмауға уақыт оздырмай кірісу керек

Аграрлық саланың дамуы экономиканың тұрақтамауына жол ашады. Елбасы биылғы Жолдауында да Үкімет пен әкімдерге аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Агроэкономиканың бір тынысы егін шаруашылығы болса, сол егіннің бітік шығуы топырақтың құнарлылығына тікелей байланысты. Табиғаттың баға жетпес сыйы жерді сақтау, оны күтіп баптау әрдайым назардан тыс қалмауы керек.
Егемен Қазақстан
11.04.2017 1220

Топырақтың құнарын сақтау – сапалы әрі таза өнім  алудың кепілі. Өйткені, тіршілігімізге тірек етіп тұтынатын тағамымыздың 70 пайызы жерден өніп шығады. Жер-Ананы қалай күтіп баптасаң, ол да мейірленіп  өнімін төгіп береді. Мынандай дамыған заманда тағам қауіпсіздігін сақтау ғаламдық мәселеге айналып отыр. Егілген егіннен сапалы әрі мол өнім алу үшін топырақта өсімдіктерге қажетті органикалық және минералды тыңайтқыш жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Топырақтың құрамындағы өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мезгіл сайын егілетін өсімдіктердің өсіп жетілуіне, түскен өніміне қарай жұмсалып кеміп отырады. Егіс алқаптарының топырақ құрамынан қаншалықты мөлшерде қоректік заттар алатынын мынандай мысалдардан байқай аламыз. Мамандардың айтуынша, жүгерінің гектарынан 600 центнер көк балауса жинау үшін өсімдік өсіп жетілу кезінде жерден 150 кг азот, 70 кг фосфор, 200 кг калий тұздарын алады. Қант қызылшасының әр гектарынан 400 центнер тәтті тамыр алу үшін,  қызылша өзінің вегетация кезеңінде бойына орта есеппен 160 кг азот, 60 кг фосфор, 260 кг калий сіңіреді. Егер өнім одан да жоғары болған жағдайда өсімдіктердің жерден алатын қоректік заттарының да  мөлшері арта түсетін көрінеді. Бұдан аңғаратынымыз, егістік жерлерінен мол өнім алғымыз келсе, оны қосымша тыңайтқыштармен қоректендіріп отыру қажет. 

«Қазіргі таңда Қазақстандағы ең құнарлы деген жерлердің өзінде орта есеппен алғанда қарашірінің мөлшері 20-25 пайызға, кейбір алқаптарда 30-40 пайызға дейін төмендеп кеткен. Бұ­дан жер құнарлылығының жылдан-жыл­ға төмендеп бара жатқанын аң­ғарамыз.

«Қазіргі таңда Қазақстандағы ең құнарлы деген жерлердің өзінде орта есеппен алғанда қарашірінің мөлшері 20-25 пайызға, кейбір алқаптарда 30-40 пайызға дейін төмендеп кеткен. Бұ­дан жер құнарлығының жылдан-жыл­ға төмендеп бара жатқанын аң­ғарамыз. Мәселен, 1985 жылы 1 мил­лион тоннадан астам минерал­ды тыңайтқыштар қолданып, орта есеппен 1 гектарға 25 кг азот, фос­фор, калий тыңайтқыштарын топы­­раққа енгіздік. Қазіргі кезде ол көр­сеткіш шамамен алған­да 15 есеге кеміген. Әсіресе жоға­ры сапалы егін өн­діретін орта­лық аймақтарда ми­нерал­ды тыңайт­қыштарды дұрыс қол­дан­баған­нан кейін 1−2-класты өнім­дер күрт төмендеп кетіп жүр.Осы­дан 25 жыл бұрын 3,5 млн тон­на жоғар­ғы дәрежелі бидай шыға­ра­тын болсақ, қазіргі көрсеткіш оны­мен салыстырғанда 10 есеге кемі­ген.

Көп­теген мамандар өнім сапа­сы­ның тө­мен­деуін ауа-райы­ның қо­лайсыз­дығымен байланыстырып жүр. Шын мәнінде бұл ауа-райынан емес, жердегі қажетті қорек­ті заттарды дұрыс қамтамасыз ет­пе­­геннің себебінен болып отыр», – дейді ауыл шаруа­­шылығы ғы­лы­мы­ның док­торы, академик Рақымжан Елешов. Әлем­дік на­рық­тағы экс­порт­қа ба­ғыт­талған бә­се­­кеге қабі­лет­ті сапа­лы өнімдер өнді­рісін ұл­ғайту, азық-түлік қауіп­сізді­гін қам­тамасыз ету аг­рарлық өнер­кә­сіп кешен­нің алдын­да тұр­ған ба­сты міндет. Ауыл шаруа­шы­лы­ғы­ның өнімділігін арттыру, тек қана өнімділігін арттырып қана қой­­май ауыл шаруашылығынан ал­ған өнім­нің экологиялық сапасын жо­ғар­ғы дең­гейге көтеріп экспорт кө­ле­мін көбейту биыл­ғы Жолдауда да ба­са айтылған тақы­рып болды. Осы мә­­се­ле­лер­ді­ң жолға қойылуы үшін жер құнар­лығын сақтау бас­ты шарт.

Ғалымның айтуынша егін сапасын арттыру үшін тек қана минералды емес, сондай-ақ, орга­никалық тыңайтқыштарды да қатар қолдану керек. Мал басынан арылған көң­дер­ді, бұршақ дәнді дақыл­дарды ты­ңайт­қыш ретінде қолда­нуға болады.

– Еліміздегі ауыл шаруашы­лы­­ғы жүйесіне бірқатар өзгерістер ен­гі­зу қажет. Қазіргі таңда сала­дағы кей­бір тауарлардың экспорт салмағы 40 пайыздан төмен. Мәсе­лен, қант қызылшасының 70-80 пайызын шет елдерден сатып аламыз. Экс­порт арқылы әкелінген өнім бір жағы­нан қым­бат болса, екіншіден, эко­логия­лық таза­лығы күмән тудырады. 2017-2021 жыл­дар­ғ­а жос­парланған агро­өн­дірістің рес­пуб­­ли­кадағы бағыт­­талған саласы бойынша егіс­­­тік өнімдері мен оның сапа­сын күр­делі түрде өзгер­тіп, бөлі­не­тін қаржы көлемін көбей­туіміз керек. Өйткені жалпы ауыл шаруа­шы­лы­ғына бөлінген 16 млрд теңге­нің 4,2 пайызы ғана ауыл шаруа­шы­лы­ғы ғы­лы­мына бөлініп отыр. Ғылым­сыз саланы алға жылжыту қиын. Ғылыми тұрғыдан ал­дың­ғы қатарлы дамыған озық тех­но­ло­гия­ларды шет елдерден ин­вес­тиц­иялап оларды өзіміз­дің ауа-райына, өсімдіктер мен жері­міз­дің ерекшеліктеріне қарай бейім­­деп дұрыс қолданатын бол­сақ жоғары өнім алуға болады. Әрине, мемлекет тарапынан агра­­лық салаға көптеген қолдау көр­се­тіліп жатқандығын да айтпай кете алмаймыз. Жаңа агро­кешен­нің 2017-2021 жылға ар­нал­ған бағ­дар­ламасының дерек­тері бо­йынша 2008 жылы 200 мың тон­на минералды тыңайтқыш қол­дан­ған. 2016жылы 260 мың тонна, 2021жылы 360 мың тонна минер­ал­ды тыңайтқыштар қол­дана­мыз деген жоспар бар. Бұл көр­сет­кіш­тердің өзі жалпы егістік көле­мін­­дегі бізге қажетті минералды ты­ңайт­қыштар көлемін қам­та­ма­сыз етпейді. Ғалым­дардың есе­бін­ше жыл сайын еліміздің егіс­ті­гіне орта есеппен 1млн 36 мың тонна азот, фосфор, калий ты­­ңай­т­­­қ­ыштарын қолдану қажет. Ми­­не­рал­ды тыңайтқыштарды көбей­ту үшін субси­дия көлемі ең бол­­маса 20 млн теңгеге дейін жетуі шарт. Осы межеден кем емес мөл­­шерде бөлінген жағдайда ты­ңайт­­қыш­тардың қым­бат бағасы сапа­лы өнімдер алу арқылы ақ­талар еді. Шөлейт жерлерге қара­­ғанда суармалы жерлерден алы­натын өнім көлемі екі есеге жоға­ры. Осыдан 10 жыл бұрын Қазақ­стандағы егіс­тік көлемі 35,6 млн-ға болса, қазір­гі кезде 22,4 млн гектарға дейін азай­ғанын байқаймыз. Бұндағы өзек­­ті мәселенің бірі осы аралықта қол­даныл­май қалған жерлерді қайта игеріп ауыл­шаруа­шылық айналымына беру керек, – дейді Рақымжан Елешов.

Егілетін өсімдіктерді зиянкестерден сақтау өз алдына бөлек әңгіме. Өйт­кені зиян­кестер өнім­нің экономи­ка­лық қарқынын төмен­дететін басты кедергілердің бірі. Қазіргі кезде қолданы­лып жүр­ген гербе­циттердің басым бөлігі ұлттық өнім емес, яғни шет елдерден әкелінетін гербециттер кө­рі­не­ді. Оның қаншалықты сапа­лы өнім екеніне тағы да жүз па­йыз көз жеткізе алмаймыз дейді ға­лым. «Бұл мәселенің шешімін та­бу үшін қазіргі таңда минералды ты­­ңайт­­қыштарды өз елімізде шы­­ға­ру­­ға толық мүмкіндік бар. Елі­­міз­де «Казфосфат», «КазАзот» сияқ­ты тыңайтқыш өн­ді­ретін агрокомпаниялар бар­шы­лық. Олардың көпшілігі өз­дері­нің шығарған минералды тыңайт­қыш­тарын шет елдерге саудалай­ды. Ал көп жағдай­да біздің шаруа­шы­лықтар оны ала ал­май­ды. Өйткені, бағала­ры қым­бат. Қазақ­­станның егіншілік жер­лерін­де өткізіл­ген агрохимиялық зерт­­теу дерек­теріне сүйенсек, егіс­тік көлемінің 25,5 млн гек­тары­ның 20,5 пайызында өсімдікке қажет­ті жылжымалы фосфор жетіс­пейді. Тіпті суармалы жер­лер­де калий тыңайт­қы­шын қолда­на­тын жағдай­ға жеттік. Қант қызыл­шасы, күріш, жүгері, картоп егіс­­тік­терінде өсімдікке ке­рек­ті калий мен фосфор мөлшері 10 жыл бұ­рын­ғымен салыстырғанда әлде­қайда төмен­деген. Тағы да бір айта кетерлік жайт, қазір эколо­гия­лық әрі органи­ка­лық таза өнім шығару деген мәселе көтері­ліп жатыр. Кейбір басы­лым бет­терінде минералды ты­ңайт­­­қышт­арды қолдансақ өнімнің сапа­­сы нашарлап, экологиялық таза өнім алу қиындайды деген пікір­­лер де ай­тылуда. Бұл – қате пікір. Ми­не­­ралды тыңайтқыштарды өсім­діктің қажеттілін есептемей дұрыс қол­данбасақ әрине, өсімдіктің сапасы мен жердің эколо­гиялық жағдайына кері әсерін тигізеді. Оларды мөл­шері­мен нормаға сай қолданса то­пы­рақтың құнары сақталып тек қана жоғарғы өнім емес, жоғары сапалы өнімдер алуға болады. Таза органикалық заттар алу керек деген кейбір мамандардың пікірі де дұрыс. Дегенмен, таза органикалық өнім алу үшін оған ерекше жағдай, арнайы таза жер керек. Сондықтан жоғары деңгейдегі үлкен егістіктерден таза орга­никалық заттар алу үшін әртүр­лі өсімдіктерді әрқандай жер жағ­дайында егіп, ғылыми және прак­тикалық тәжірибеде сынап көру артық етпейді. Болашақта бұл біздің елімізде де өз үле­сін табады деген сенімдеміз», – дейді ғалым.

Тақырыбымызды түйіндер бол­сақ, жердің шөлге айналуы, то­­пы­­рақтың тозуы мен эрозиялануы мәселелерінің Орта­лық Азия елдері үшін алапат зиянды си­­паты бар. Бүгінгі таңда шөл­ге ай­на­л­ған жер­лер­дің көлемі онда­ған миллион шаршы метр болып отыр. Бұл ең алдымен жер­ді аямай барынша қарқынды түр­де пай­да­лануға байланысты. Жер­ге деген салғырт көзқарас топы­рақ­тың құнарын жоя­ды. Біздің елі­­міздегі топырақтың үс­тіңгі қа­ба­ты өзге елдермен салыс­тыр­ған­­­да онтро­по­гендік салмаққа де­ген төзім­­ділігі­нің төмендігімен ерек­­шеленеді. Тозу мен шөл­дену­ге барынша ұшырағыш болып келеді. Елдің 272,5 миллион гектар бола­тын аумағының 180 миллион гектары құ­­рғақшылыққа ұшырап отыр. Жа­зық жер­­лер­ді жел эрозиясы үйіріп тұр. Бұл эро­зия­ға 20 млн гек­тардан аса е­гістік пен 25 млн гек­тар жайылым ұшырауда деген дерек бар.

Қалай айтқанда да, жер мен өсім­дік­тер­дің сапасын тексеретін лаба­­ра­то­рия­лар­дың материалдық база­­ларын ұлғай­тып, олардың са­нын кө­бейту, білікті кадрлар даяр­­лау, әр­­дайым басты назарда болу­ға тиіс.  

Арман Октябрь,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2017

Су қоймасының беріктігіне екі ел де мүдделі

24.10.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасына 2017 жылы 484,2 млрд тг бөлінген

24.10.2017

«Нұрлы жер» – баспаналы болудың елеулі мүмкіндігі

24.10.2017

Фариза феномені

24.10.2017

Қымызды тұңғыш зерттеген қазақ

24.10.2017

Адвокаттық көмек қайткенде қауқарлы болмақ?

24.10.2017

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

24.10.2017

Нәсіптің көзі атакәсіпте

24.10.2017

Ресми бөлім (24.10.2017)

23.10.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

23.10.2017

7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзушылық анықталды

23.10.2017

Көкшетаулық каратэшілер ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

23.10.2017

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тапты, жетеуі іздестірілуде

23.10.2017

Атырауда заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер талқыланды

23.10.2017

Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті

23.10.2017

Мың мезет (ой-отау)

23.10.2017

«Шынайы шымылдық» сахна сәнін келтірді

23.10.2017

Шыңғырлауда ұстазға ескерткіш орнатылды

23.10.2017

«Ата, мен қай тілде сөйлеп тұрмын?..»

23.10.2017

Лондон төріндегі қаламгер тойы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шешімдер мен қол­ға алынған бастамалар өзі­нің өмір­шеңдігін көрсете отырып, қо­ға­мы­мыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үнде­ген, татулық пен береке-бірлігі­мізді арт­тыруға бағытталған сауатты да сали­қалы бастамалардың жөні бөлек.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Нәсіптің көзі атакәсіпте

Халқымыз төрт түлік өсіруді атакәсіптің біріне, тіпті бірегейіне балаған. Тіршіліктің нәрі, көзі деп ұққан. Содан болар, ауыл адамдары амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп хал-жағдай сұрасып жатады. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

Алпауыт ел Америка Құрама Штат­тары­ның экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көк­жал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сыр­қатқа шалдыққан қазіргі қаржы ка­питализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған ка­пи­тализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыс­тың отаны әрі таратушысы болға­нымен соңғы жылдары барынша әлеу­меттене бастаған Еуропа емес, нарық­тық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабыл­дап, бүкіл халық үшін одан әкелік қам­қорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу