Трамп климат жөніндегі Париж келісімінен АҚШ-тың шығатынын мәлімдеді

Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп климаттық өзгерістер мен қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығаруды азайту туралы 2015 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған «Париж келісімінен» шығу туралы құжатқа қол қойды.
Егемен Қазақстан
02.06.2017 1150

2016 жылдың 22 сәуірінде қол қойылған жаһандық келісімнің құрылуына бір кездері Барак Обама әкімшілігі белсене араласқан болатын. Ал қазіргі Ақ үй басшылығы бұл келісімнің ешқандай да пайдасы жоқ екенін айтып, ортақ құжаттан бас тартып отыр.

Өткен апта соңында Италияда бас қосқан G7 мемлекеттерінің кездесуінде әлемдегі ең қуатты мемлекеттер басшылары бірқатар ортақ келісімге келгенімен, АҚШ президенті Дональд Трамп Үлкен жетіліктің сауда саясатынан бөлек осы «Париж келісімінен» бас тартатынын мәлімдеген еді.

Бұл әрекеті туралы әлем елдерінің көшбасшыларына түсінік берген Трамп  АҚШ келісімнен бас тартқанымен, қоршаған ортаны қорғау саясатынан бас тартпайтынын, керісінше, Құрама Штаттар әлемдегі ең таза мемлекеттердің бірі болуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, қоршаған ортаны қорғау саласында әр мемлекет өз бетінше жұмыс істегені жөн.

Айта кетейік, АҚШ-тағы ірі компаниялар мен кәсіпорындар қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау саясатына басымдық беруде. Бұл өз кезегінде климаттың жылынуына қарсы ел үкіметтерінің емес, ондағы әрбір азамат пен кәсіпорындардың бірлесе жұмыс істеуі керек деген қазіргі америкалық саясаттың бағдарын көрсетсе керек. Мәселен, Space X компаниясының басшысы Илон Маск пен сол секілді елдің ірі кәсіпкерлері жыл сайын осы бағытта ауқымды қаражат жұмсап келеді.

Қазақстанға келер болсақ, өткен жылдың соңында ел Парламенті «Париж келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заңын мақұлдап, оған Елбасы қол қойған еді. Ел үкіметі бұл тұрғыда жаһандық жылыну мен қоршаған ортаға көмірқышқыл газының тарауын шектеу мақсатында бірқатар міндеттемелер алған. Келісімге сай, енді көмірқышқыл газын қоршаған ортаға белгіленген шектен асырып жіберген кәсіпорындар, мекемелер жауапкершілікке тартылмақ.

Жалпы, қазіргі таңда бұл келісімді әлем бойынша 146 ел ратификациялап, 48 ел қол қойған. Тек Сирия мен Никарагуа ғана қосылмаған. Кешеден бері енді олардың қатарына АҚШ қосылып отыр. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

23.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

23.02.2018

Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

23.02.2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу