Туған тілдің тұғыры

Егемен Қазақстан
29.11.2016 126
omirzak-aytbayulyЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы дала ұлағаттары» атты еңбегінде тілге байланысты тебіренісін осылай «Туған тілдің тұғыры» деген тақырыппен бастапты. Ол тәуелсіз еліміздің сан түрлі өзекті мәселелерімен шұғылдана жүріп, ана тіліміздің тағдырын да ешқашан есінен шығарған емес. Халықтың ұлы перзенті «ең әуелі қазақ елі барда қазақ тілі өмір сүреді, өседі, өркендейді, ұлтымыздың ұлы тілі мәңгілік» дегенді нысана етіп, арғы-бергі тарихты оймен шарлап өтеді. Шынында, ана тілін ардақ тұта­тын біздің қазақтай ел көп емес. Мұны Елбасы бүкіл болмыс-біті­мімен, жан-тәнімен түйсіне оты­рып, өзінің замандастарына, жас жеткіншектеріне жеріне жет­кізе айтыпты. Кешегі кеңестік дәу­ір­дегі отарлық құрсаудың те­мір қақ­паны ана тіліміздің ады­мына шідер салып, дамуы то­қыр­ай жаз­дағаны мәлім. Мұны бү­гінгі ұр­пақ ұмытпауы тиіс. «Ұлт­тың ұл­ы қазынасы ана тілін жаңа ғасыр биігіне абыроймен алып шығу – бүгінгі ұрпақтың па­расат­ты парызы» дейді Елбасы. Өзім тіл маманы, Халықаралық «Қа­зақ тілі» қоғамының басшысы бол­ған­дықтан да, «Ұлы дала ұла­ғат­та­рын­дағы» тілге байланысты тол­­ғаныстарға баса назар аудардым. «Тәуелсіздік бізге не берді?» де­ген­де, алдымен айтарымыз, ту­­ған тіліміздің бұрын болмаған мем­­­лекеттік мәртебе иеленіп, Кон­ституциямыздың 7-бабында «Қазақстан Республикасында мем­лекеттік тіл – қазақ тілі» деп бе­кітілуі болатын. Ия, тілімізге теңдік тиді, төр­ге шықты, заңдық негізге ие болды. Елбасы айтқандай, мем­лекетіміздің беделін көтеріп тұр­ған бұл бапты дұрыс пайда­ла­на алмасақ, кімге өкпе артамыз? Өз тілін өгейсініп, өзге тіл­дің ығына жығылғандардың қара­сы азайғанымен, мемлекеттік қыз­метте әлі де көптеп кездесетінін Ел­басы біліп отыр. Содан да болар, Нұрсұлтан Әбішұлының бір кезде намыс пен жігерді қайрап, «он бес жылда аю да мемлекеттік тілді үйреніп алатын уақыт болды» деп айтқаны әлі есімізде. Осы ойлардың біразын тағы да қайталап еске салудан жалықпай отырған Елбасының ұлттық мәселені есінен шығармайтынын білдіреді. «Әр азамат әуелі туған тілге деген құрмет пен жауап­кер­шілікті өзінен бастауы керек, отбасынан бастауы керек», дей­ді Елбасы. Халықаралық «Қа­зақ тілі» қоғамының да әу бас­тан ұстанған бағыты – осы. Ел­басы мемлекеттік тілді үнемі на­зарында ұстап келеді. Бағыт-бағ­дар сілтеудің ең төте түрі оның «Қазақстанның болашағы – қа­зақ тілінде» деген сөзі болатын. Сондай-ақ, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзді айтқан да Елбасы. Қадап, қазып айтылған бұл ұсыныстардың қадіріне жете алмасақ, тағы да намыссыздықтың салдары. Үш тұғырлы тіл мәселесін Ел­басы мемлекет дамуындағы ма­ңызды мәселелердің бірі санай­ды. Бұл дұрыс. Алайда, мұны жү­йе­лі, саналы түрде сауатты іске асы­рудың орнына ана тілден асырып, жа­лаулатып жүретін жандар бар. Әри­не, көп тіл білгеннің зияны жоқ. Алайда, қандай жағдайда да туған тіліміз, қазақ тілі өз мәр­те­бесін жоғары ұстауы тиіс деген ұс­та­нымынан танбайды Елбасы. Президенттің мемле­кет­тік іс­тер­ге бай­ла­ныс­ты тол­ғау­ла­рының өзі­­нен ақын­жан­­дылығы бай­қа­лып тұрады. Ол кісі­нің «қа­зақ тілі­­нің қанық бояула­ры – қа­зақ ән­­дерінде» деуі тегін емес. Со­лар­­ды бойға сіңіре жүріп, өлең жол­­­дарын туындататыны мәлім. Қа­з­ағының әніне, күйіне, өнеріне, та­рихы мен кең байтақ жеріне сүй­­сіне көз тастай жүріп: Арайлап таңым, Асқақтап тауым, Ән ойнап көгім, Күй төгіп көлім, Қол жетті, міне, Аңсаған күнге Жасай бер, жаса, Қазағым менің!–деп төгіл­дір­ген Елбасы­ның ана тілін аялай бі­л­етін осы қасиеті халық үшін ту­ған, ел бастайтын көсемдік мі­не­зін танытады. Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, академик, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.12.2018

Ә.Жақсылықов: Тауарлы-сүт фермасын құрып, 100 бас сиыр ұстаудамыз

17.12.2018

Шортанды ауданында Абылай ханға ескерткіш орнатылды

17.12.2018

Көкшедегі тәуелсіздік тойы

17.12.2018

Қобда ауданының тұрғындары баспаналы болды

16.12.2018

Түркияда еліміздің тәуелсіздік күні мерекесі тойланды

16.12.2018

Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына Елбасы көлігі қойылды

16.12.2018

Шымкенттіктер «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмін тамашалады

16.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттің екі ауданында ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

16.12.2018

ШҚО-да тұрғындар үшін басын қатерге тіккен мемлекеттік қызметкер «Құрмет» орденін алды

16.12.2018

Өскеменде жер үсті көпірі жұмыс істей бастады

16.12.2018

Жетісу жұрты Тәуелсіздік күні қоныс тойын тойлады

16.12.2018

Семейде «Абай әлемі» кітап сериясының тұсаукесер рәсімі өтті

16.12.2018

Қарағандылықтар Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

16.12.2018

Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырауда мемлекеттік марапаттар тапсырылды

16.12.2018

Тарихшылар «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында отырыс өткізді

16.12.2018

Солтүстік Қазақстанның халық қалаулысы үздік депутат атанды

16.12.2018

Ақтөбеде ақын Фариза Оңғарсынованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

16.12.2018

Түркістанда Тәуелсіздік күніне орай жас мамандар баспаналы болды

16.12.2018

Оралда тәуелсіздік құрметіне жаңа мектеп пен 180 пәтерлік үй пайдалануға берілді

16.12.2018

Түркістан облысында саябақ, медициналық орталық және жастар сарайы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу