Түлектерді «түрлендіргеннен» не ұтамыз?!

Күні кеше ғана соңғы қоңырауы соғылған 2016-2017 оқу жылы бірқатар жаңалығымен қазақстандық білім беру ісінің дамуындағы айрықша жыл болғаны анық. Ең алдымен, бұл оқу жылы орта мектепті бітірушілердің аттестат алу үшін бұрынғыдай мемлекеттік емтихан тапсыруға көшірілген кезеңі ретінде есте қалатын болды. Бұл сөз жоқ, дұрыс қадам. Аталған жаңалық, әсіресе, ауылдық мектептердің түлектері үшін ерекше қуанышты болды. Олар биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтары орталықтарына жету үшін жолсапар сүргінін көрген жоқ. Сөйтіп, өмірлерінің ең қиын да жауапты күндерінде ата-анасының ыстық ұясынан еріксіз ұзап шығып, жатақханаларға уақытша тұрақтау мәжбүрлігінен құтылды.
Егемен Қазақстан
13.07.2017 87

Жоғары оқу орындарына түсуге жол ашатын Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтары маусымның соңғы он күнінде өткізілді. Түлектер мамандық алу жолдарын кеңінен ойлануға мүмкіндік алды.
Бұл жыл – Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарының көптеген жаңалықтарымен ерекшеленді. Ең бастысы, жоғары оқу орындарында оқуға ұмтылған түлектердің ҰБТ сынақтарындағы балдық көрсеткіштері олар бітірген орта мектептердің рейтингілеріне, тарқатып айтсақ, орта мектептің білім берудегі сапалық деңгейін анықтауда есепке алынбайтын болды. Бұл – тиімді бетбұрыс. Өйткені, осы ҰБТ басталғалы бері орта мектептердің сабақ кестесіндегі пәндер тестілеу сынағына енгізілетін, енгізілмейтін болып бөлініп, оқытуда сапалық ала-құлалыққа апаруы мүмкін деген алаңдаушылық туындағаны жалпыға мәлім жайт. Сондықтан да, бұл жаңа­лық «орта мектептер ҰБТ сынағының дайындық алаңына айналып кеткені» туралы жұртшылық арасында белең ала бастаған пікірталастың жолын кесті. Орта мектептердің педагогикалық ұжымдары үшін мемлекеттік бағдарламаға сәйкес оқытылатын барлық пәннен бірдей заманауи талап-міндет тұрғысынан білім негізінің сапалық деңгейін жан-жақты көтеруге жұмылуға кең жол ашты. 
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағының ел-жұртты ерекше елең еткізген жаңалығы – орта мектеп түлектерінің алтын белгі аттестаты иегерлеріне жеңілдіктер жасалмайтын болғаны. Яғни, орта мектеп түлектерінің жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға жетуі үшін барлығына бірдей талап қойылады. Бұл жаңалық өзім онжылдық мектепті бітірген сонау 1961 жылды есіме түсірді. Мектепті күміс медальмен бітіріп, алып-ұшып Алматы шаһарына жетіп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қабылдау бөліміне құжаттарымды тапсырып тұрып, медальға жеңілдіктер алынып тасталғанын естігенде абдырап қалғаным есімде. Сол тарих сол қалпында жарты ғасырдан астам уақыттан кейін қайталанып отыр. Бұдан аттестатты әр­түрлі белгімен, бояумен ерекшелеудің уақыты өтті-ау деген ой туды. 
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қатаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» деп жазады. «Дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар» дейді халқымыз. Ойланып көрейікші. Өркениет өрге озған XXI ғасырда орта мектепте оқытылатын міндетті пәндерден алған бағаларына сүйеніп, түлектерді «алтын белгі», «үздік», «қызыл», тағы басқа аттестат иегерлеріне бөлгеннен не ұтамыз?! «Алтын белгі» төңірегінде мектеп ішінде әртүрлі әділетсіздікке жол беріліп қалатыны арагідік болса да естіліп қалады. Мектептің рейтингісін көтеру үшін жақсы оқуымен, үлгілі тәрбиесімен өз қатарластарынан озық шәкіртті ұстаздарының «Алтын белгіге» сүйрейтіні де бар. Мұның өзі әртүрлі наразылық тууына себепші болатыны түсінікті. 
Қазақ елінің ертеңгі болашағы, әрбір ата-ананың көзінің ағы мен қарасындай мектеп бітіруші түлектердің бәрі бірдей, бәрі аяулы. Әрине, мектептегі оқуда бірі – озат, бірі – орташа, тіпті үлгерімі төмендер де бар. Солардың бәрі біздің болашағымыз. Сондықтан, бір-бірінен бөліп-жармай, қорытынды бағалары көрсетілген біркелкі аттестатқа көшкен дұрыс сияқты. Биік арман-тілекпен болашаққа бет түзеген түлектерді қолдаудың, жетелеудің жаңа заманға лайық өршіл тәлім-тәрбие жолдарын іздейік. Мектеп түлектерін түрлі-түсті аттестат иегерлері деп емес, тәжірибеде бар болса да, бәсеңдеу естілетін халықаралық, республикалық, тіпті, облыстық, аудандық, мектепаралық, мектепішілік білімдік, біліктілік, өнертапқыштық, жаңашылдық, мәдениет, әдебиет, өнер, ана тілі, көптілділік, спорт, тағы басқа сайыстардың жеңімпаздары деп күшейтіп, кең көлемде марапаттауға, жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға, мемлекет, Ұлттық компаниялар, ірі меценаттар және басқалар тарапынан жолашар жеңілдіктер жасауға түбегейлі бетбұрыс жасайтын уақыттың келгені анық. 

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ,
Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2017

Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылды (фото)

22.07.2017

Мемлекет басшысы «Еуразия» кинофестиваліне өз құттықтауын жолдады

22.07.2017

Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

22.07.2017

Түркиядағы ҚР Елшілігі Бодрумдағы қазақстандықтармен байланыс орнатты

22.07.2017

Жамбыл облысында егінжай күні өтті

22.07.2017

«Оскар» сыйлығының иегері қазақ киносына түскісі келетінін айтты

22.07.2017

Астанада рұқсатсыз орындарда сауда жасаумен күрес күшейтілді

22.07.2017

«Алматы» ӘКК басқармасына жаңа басшы келді

22.07.2017

ОҚО Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды

22.07.2017

Дәурен Абаев Аргентинаның қоғамдық пікір және бұқаралық ақпарат федералды жүйесі министрімен кездесті

22.07.2017

Шығыста мектеп оқушыларына Таласбек Әсемқұлов атындағы стипендия тағайындалды

22.07.2017

Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралды

22.07.2017

Абель Санчес: Головкин қартайып қалды дейтіндер қателеседі

22.07.2017

Роза Рымбаева Астанада өнер көрсетеді

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда жас туристер слеті өтті

22.07.2017

Елордада Ақтөбе облысының жәрмеңке күндері өтіп жатыр

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда кәсіптік даярлық курстарынан 650 адам өтті

22.07.2017

Елордада тіркеу ережесін бұзған пәтер иелеріне 1,5 млн теңге айыппұл салынды

22.07.2017

"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

22.07.2017

Бірнеше өңірде бұршақ жаууы мүмкін

КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жасанды интеллект

Жасанды интеллектіні қол­дай­тын­дар да, қолдамайтындар да көп. Соң­­ғы кездері осы тақырыпқа бай­ла­­нысты кітаптар мен түрлі ма­те­риалдарды оқи жүріп, жасанды ин­теллектіні қолдамайтындар қа­та­рын тағы бір адамға көбейткен си­яқ­тымын.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ осы!

Қадағаңның – атақты ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақ осы!» деген атпен кең таралған, тамаша мақамды әнмен шалқыта шырқалатын өлеңін білмейтін адам кемде-кем болар, сірә. Шетелдік мейманға қазақты таныстыру ретімен жазылған өлеңнің айтары астарлы, мағынасы қатпарлы. Осындай форма арқылы кеңестің әр сөзден пәле іздеген қырағы көздерін адастырып кеткен ақын шын мәнінде қазақ деген халықтың жан дүниесін, бекзат болмысын жарқыратып ашып, көзіқарақты жұртқа ұлттың керемет қасиеттерін тамыршыдай тап басып таныта білген.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Ғылым және жалған атаққұмарлық

Ғылымды көбіне қоғамды материал­дық жағынан қамтамасыз ететін, ілгері­лететін, алға жетелейтін ғылыми-тех­ника­лық прогрестің алғышарты ретінде қарастырып, ал рухани кемел­де­ну тетігі ретіндегі рөлін бағалай бермейтініміз бар. Ғалым тұлғасы қашанда ерекше құрметке ие екенін елеп-ескерудің орнына жалған атаққа ұмтылушылықтың тамырына балта шаба алмай келе жатқанымыз сондықтан болу керек. Адамзат тарихына үңілетін болсақ, өркениеттің шарықтап дамуы ғылымға қалтқысыз еңбек еткен ұлы тұлғалар есімдерімен тығыз байланысты. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қырғызстан: сайлау «дүбірі» мен «күбірі»

Көршіміз Қырғызстанда кезекті пре­зиденттік сайлауға кандидат ре­тінде тіркелуге ниеттенген үміт­кер­лердің құжаттарын қабылдау бас­талғанына бір айдан асты. Кан­ди­даттардың сайлаушылармен кез­де­сіп, үгіт-насихат жұмыстары 10 қыр­күйек пен 14 қазан аралығында жүр­гізіледі. Ал президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Бизнес және біздің іс

Жақында бір фирмаға жиһаз жасау жөнінде тапсырыс бердім. Обалы не керек, тапсырысымды сөз айтпастан қабылдап, ақшамды да қағып алды. Сөйтті де, күтіңіз, үш күннен кейін дайын болады деді. Риза болып мен кеттім. Арада үш күн өткенде телефоным шыр ете қалды. Баяғы өзім тапсырыс берген фир­ма екен. «Кешіріңіз, жұмыс көбейіп кет­кендіктен сіздің тапсырысыңызды уа­қытында орындай алмайтын болып отырмыз. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу