Тұлға туралы толымды туынды

Егемен Қазақстан
29.11.2016 124
img_9670-28 Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде «Біріншімен бірге» (Рядом с Первым) жинағының тұсаукесер рәсімі болды.  Онда Елбасының ұзақ жылдар бойы тізе қосып, бірге қызмет істеп келе жатқан серіктері өздерінің жадында сақталғандарын жазған екен. Тұсаукесер рәсімін осы кітапты құ­растыру идеясының авторы, Мәс­кеудің «Художественная литература» баспасының директоры, жазушы Геор­гий Пряхин ашып, жүргізіп отырды. Тұ­саукесерге Ресей қоғамының көрнекті өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, дипломаттар мен пуб­лицистер қатысты. Жетекші БАҚ өкілдері де келіп, кітапқа деген қызы­ғу­шылықтарын танытты. Кітап туралы айтқан өзінің кіріспе сөзінде Г.Пряхин жинақ Қазақстан Пре­зидентінің ұзақ жылдар бойы жанында келе жатқан жақын алты сенімді серігінің жазғандарынан тұратынын айтты. Олар: Парламент палаталарының төр­ағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Нығматулин, Президент Әкім­шілігінің Басшысы Әділбек Жақ­сыбеков, Сенат депутаты Нұртай Әбі­қаев, вице-премьер Иманғали Тас­мағамбетов және Жоғарғы соттың Төрағасы Қайрат Мәми. Баспагердің айтуына қа­рағанда, авторлар өз ойларын ешкімнің көмегінсіз нақ өз қол­дарымен жазған. Ол пікірлердің ашық­тығынан, жандылығынан, көп адам біле бермейтін кейбір детальдар­дан анық байқалады. Оның үстіне, еш­қан­дай артық суреттеу, әсірелеусіз іскер адамдарға тән нақтылықпен жазыл­ған. Тек өздерінің кейіп­кер­лерін өте жақсы білетін адамдар ғана осылай жаза алады, деді Геор­гий Пряхин. Осыдан әрі шешен өзінің Қазақстанның даму жолына таңғалыс­пен қарайтынын жеткізді. Қазақстан тек дұрыс жолды ғана таңдап, алға қарай нық қадам басып келе жатыр, деді ол. Одан әрі сөз кітап автор­ларының бірі, Қазақстанның Ресей Феде­ра­ция­сындағы Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжинге берілді. Өзінің сөзін елші келген қонақтарға, әсіресе, соншалықты көп жиналған БАҚ өкілдеріне алғы­сын жеткізуден бастады. Кітап авторларының қатарында төрт адам Президент Әкімшілігінің Бас­шысы, екі адам Премьер-Министр, екі Мемлекеттік хатшы, төрт Парламент палаталарының басшылары, екі Қорғаныс министрі, екі Астананың әкімі, Бас прокурор, ҰҚК, Жоғарғы сот Төрағасы бар. Қысқа сөзбен айтқанда, алты адам осы лауазымдарды атқарып, Елбасының сенімді серіктері бола білді. ХХ ғасырда өзінің ең жақын серіктері бірігіп, осындай еңбек жазған көшбасшы болған емес. Серіктерінің жазуына қарағанда, Н.Назарбаев көшбасшылығының феномені саяси лидерлерге тән болатын үш үлгіге негізделген. Нақты айтсақ, олар жеке адамдық қасиеттер, көшбасшылық стиль және өзгермелі тарихи жағдай­лар. Жеке адамдық сипаттары туралы жазғанда авторлар оның саясаткер және мемлекет­т­ік қай­раткер ретіндегі қалыпта­суы ерте кезден белгілі болған­дығын тарихи мысалдармен айғақ­тайды. Көшбасшылықтың жағдай­ларға икемделгіштіктің тұжырым­дамасын ашқанда авторлар оны Қазақстанның басынан кешкен жағдайларымен өрнектейді. Сол кездердегі кейіпкердің лидерлік әлеуетінің қалыптасу жолы нақты мысалдармен нақышталған. Соның ішінде Қазақстан Прези­ден­тінің еу­ра­зиялық кеңістікте тұрақ­ты­лықты сақтау, қазақстандық қоғам­ды жаңғырту істеріне жасал­ған талдаулар оқырманды қызық­тырары сөзсіз. Кітаптың соңғы сөзінде ХХІ ға­сырдың екінші онжылдығындағы постдағдарыстық әлем жағдай­ындағы стратегиялық бағдарла­маларды жасаудағы Н.Назарбаевтың рөлі жан-жақты ашылған. Бұл Қазақстан Көшбасшысының Қа­зақстан аумағымен ғана шектелмей, ғаламдық міндеттерді шешу, соның ішінде ядролық қарусыз әлем құру идеясын ұсынуы арқылы бүкіл­әлемнің стратегиялық болашағын көре алатын саясаткер екендігін көрсетеді, дей келіп М.Тәжин Наполеонның «Қысқа әрі түсініксіз жазыңдар» деген белгілі сөзін еске алды. Ұсынылып отырған кітап императордың бірінші ұсынысына дөп келе отырып, екіншісін жоққа шығарады, деді. Кітап авторларының пікірлерін жедел шолып өткеннің өзінде олардың көптеген ойлы және өзгеше пікірлер айтқанын көруге болады. Мысалы, Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қоғамдастықтың білгір мамандары ТМД құрудың басында Н.Назарбаев тұрғанын біледі және оның осы қызметін жоғары бағалайды. Сондай-ақ, ШЫҰ да Н.Назарбаевтың күш салуымен өмірге келгенін біледі, дейді ол. Президенттің бүкіләлемдік антиядролық қозғалыстың Көшбасшысы болып отырғандығын да дүние жүзінің танығандығын атап өтіпті. АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты форумдардың да авторы Н.Назарбаев екендігін автор нақты дәлелдермен атап өткен. Президенттің Қазақстан шекарасын шегендеу кезінде айтқан «шекараны таспен емес, доспен шегендеу керек» деген сөзін де автор ризашылықпен еске алған екен. Қ.Тоқаев Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуін де қанағатпен еске алып, ол еліміздің абыройын асқақтатқандығын айтып өтіпті. Назарбаевты К.Ататүрік, де Голль, Д.Сяопин, Ли Куан Ю сияқ­ты әлемдік ауқымдағы лидерлермен салыстыру өте орынды, дейді Қ.Тоқаев өзінің жазбаларында. Нұртай Әбіқаевтың жазғандары жаңа мемлекеттің қалыптасу жолына арналыпты. Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы жылдарының өзінде-ақ өзінің стратегиялық ойлау жүйесімен партиялық номенклатураға енетін басқалардан оқ бойы озық тұратын еді, дейді автор. Сонымен бірге оның экономикалық проблемаларды ашық айта алған және оларды шешу жолдарын көрсеткен батыл ұсыныстары таң қалдырғанын еске алады. Н.Әбіқаевтың айтуына қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ны құлдырауға әкелген себептерді тереңнен таныған. Ал Республиканың басына келген сәттен бастап ол Одақты жаңаландыру жолдарын талмай ұсынып отырған. Соның ішінде республикалардың өзара теңдігінің сақталуын қамтамасыз етуді қатаң талап еткен. Н.Әбіқаевтың жазбалары­нан Н.Назарбаевтың түрлі кикіл­жің­дерді, күрделі жағдайларды еңсе­руге батыл кірісетіні және бұл істен нәтиже шығара алатыны да айқын көрінеді. Автор оның мысалдарына бірнеше оқиғаны келтірген. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси дарыны барынша ашылып, алға қойған міндеттерді тұтастай іске асыра бас­тады. Соның арқасында әлемдік сая­си картада бәсекелестікке қабілеті жоғары Қазақстан деген жаңа мемлекет пайда болды, дейді автор. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының алғашқы мэрі болған Әділбек Жақсыбеков өзінің қыс­қа естелігінде жаңа қаланы тұрғы­зу жолында Елбасымен бірге кеш­кен қиындықтарды еске алыпты. Президент ауа райының қолай­сыз­дығынан, инфрақұрылымдардың жетімсіздігінен, қаржылық қам­тамасыз етудің тапшылығынан туындап жатқан барлық проблемаларды еңсеруге қызу араласып, барлық қиындықтарды бірге бөліскенін жазады. Сонымен бірге, Елбасының ешқашан да оптимизмнен арылмай, рухының жоғары болғандығы өзіне үлгі болғандығын жазады. Астананың Бас жоспарын жасағанда Президенттің қала құрылысы әлеуметтік ағза екенін айтып, қатты ойланып, ұзақ толғанғанын еске ала келіп, «біз еуразиялық қала саламыз, сондықтан мұнда әлемнің барлық түкпірінен келген адамдар өз үйіндей сезінуі керек» деген сөзін айтады. Елбасы іскерлігінің нақты мысалдары қатарында Ә.Жақсыбеков Астананы электр қуатымен жабдықтау ісінің тұйыққа тірелген кезінде көргенін сипаттайды. Президент жағдайды тез болжап, ең оңтайлы шешімді ұсынды. Соны іске асырудың арқасында Астанаға тез арада электр қуаты берілді, дейді ол. Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми Президенттің Тәуелсіз елдің сот құқықтық жүйесін қалып­тас­тырудағы зор еңбектеріне тоқта­лыпты. Еліміз Тәуелсіздік алған­нан кейін барынша қысқа мер­зім ішінде негізгі мемлекеттік құ­қық­тық инс­титуттар мен заңнаманы реформалау қажет болды, деп еске алады ол. Автор сол кездегі Н.Назар­баевтың рөліне тоқталып, алғаш­қы Конституцияны жасаудағы оның еңбегіне баға беріп өтіпті. Пре­зи­денттің сот жүйесінің еркіндігін қамтамасыз етуді үнемі назарда ұстап, оны іске асыруға сіңірген еңбегіне жоғары баға берілген. Парламент Мәжілісінің Төр­ағасы Нұрлан Нығматулиннің жазбаларында Қазақстан дамуының түрлі кезеңдеріндегі сайлау науқаны жұмысының қызықты оқиғаларына шолу жасалған. Осы оқиғалардың түрлі тарихи материалдары оқырман назарына ұсынылған. Сонымен қатар, Н.Нығматулин Президенттің қоғам сұраныстарына дәлме-дәл жауап табатын алымдығын атап өтеді. Барлық реформалар бірнеше жыл кейін болатын болашақтағы талаптарға жауап береді, дейді ол. Міне, сондықтан да қазақстандықтар Мемлекет басшысына үнемі карт бланш беріп, оның барлық бастамаларын қолдайды. Президенттік сайлаулардың жиырма бес жылдағы өзгермейтін нәтижелері осыны көрсетеді, дейді автор. Иманғали Тасмағамбетовтің жаз­басында Нұрсұлтан Әбіш­ұлының экономикалық күрделі мәселелерді шешудегі тапқырлық, көрегендік қырлары көрінген. Мысал ретінде, И.Тасмағамбетов Елбасының құпия валюталық қор құрғандығының қандай пай­да келтіргенін айтады. Осы қор­дың қаражаты елді 1997 жылы Үкі­меттің зейнеткерлерге 480 мил­лион доллар қарыз болып қал­ғанында және 1998 жылы әлемдік қар­жылық дағдарыс болғанда құтқарған екен. Сонымен қатар, И.Тас­мағамбетовтің жазғандары Н.Назар­баевтың көп қырлы, жан-жақты тұлға екендігін аша түседі. Ол көбінесе тарихи категориялармен ойланып, қазақ халқының рухани байлығына үлкен назар аударады. Соның арқасында мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының қабылданып, іске асқандығы айтылады. Сол бағдарламаның арқасында қазақ даласындағы барлық тарихи және мәдени ескерткіштер жүйеленіп, тізбе жасалды, дейді автор. Кітаптың тұсаукесер рәсімінде Қазақстан мен Ресейдің белгілі мемлекет қайраткері Олег Сосковец те сөйлеп, өзінің ойларымен бөлісті. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тәуелсіздік даму факторы болғанын дәлелдеп берген мемлекетке айналып отыр, деп бас­тады ол өзінің сөзін. Одан әрі Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, әріптестік, экономикалық байланыстарға Н.Назарбаевтың сіңірген еңбектері айтылды. Сонымен қатар, Н.Назарбаевтың КСРО-ны сақтауға үлкен талпыныс жасағанын да жеткізді. Оның артынан құрылған ЕАЭО-ға бүгінгі табысты интеграциялық құрылымға айналғанын қанағатпен атап өтті. Ал кітап туралы айтқанда, оның келешек ұрпаққа өте табысты рухани азық боларын жеткізді. Маған бұл кітап бірден ұнады, өйткені, оны Президентпен қатар жүрген жандар шыншылдықпен жазған, деді ол. Сөз кезегі өзіне тигенде белгілі публицист, Н.Назарбаев туралы кітаптың авторы Леонид Млечин жинақ авторларының біразын білетінін, бірақ өзіне олар бұл пікірлерді айтпағанына өкініш білдірді. Сонымен бірге, ол 1991 жылы КСРО-ның Премьер-Министрі Назарбаев болғанда өмір басқа жолмен кетер ме еді деген ойдың өзінің басынан кетпейтінін атап өтті. Мен саяси мемуарлар мен саяси портреттерді оқуға құштар адаммын. Сондықтан, бұл кітап маған қатты ұнап отыр. Бұл өзі айрықша нәрсе, мұнда әлі іс басында жүрген саясаткерлер іс басындағы Президент туралы жазған екен. Бұрын-соңды мұндай оқиғаны кездестірмеппін, деді ол. Мені бас кейіпкердің шешімшілдігі мен батылдығы қайран қалдырады. Мәселен, Жоғарғы соттың Төрағасы былай деп еске алады: «Президент маған КСРО-ның сот жүйесі енді бізге жарамайды, бізге басқа жүйе керек» деп қатты талап қойғанын жазады. Осындай Президентті құқық саласын білмейді деп айтуға бола ма?  Одан әрі шешен Н.Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасымен жас қазақстандықтарды шет елде оқыту тәжірибесіне де таң қалатынын жеткізді. Сөзінің соңында публицист кітаптың табысты болғанын, сондықтан да, оның өмірі ұзақ боларына сенім білдірді. Бұдан кейін де бірнеше адам сөйлеп, өмірге жаңа келген жи­нақ­тың жарқын жолына сенім білдірді. Жиынды Қазақстанның Ресей­дегі елшісі М.Тәжин қоры­тып, жиналғандарға тағы да риза­шы­лығын білдірді. Сонымен Елбасы Н.Назарбаев туралы жаңа жинақ өмірге жол тарт­ты. Кітаптың жарық көруіне «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ау­қат қоры демеушілік жасапты. Жақсыбай Самрат, «Егемен Қазақстан» Мәскеуден
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.08.2018

Жамбылда 250-ге тарта адам донорға мұқтаж

20.08.2018

2019 жылға тегін дәрі-дәрмектерді сатып алу басталды

20.08.2018

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

20.08.2018

Рауан Кенжеханұлы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды

20.08.2018

Ел мен жерді қадірлеуді өнерімен ұқтырып жүрген Александр

20.08.2018

«Ы.Алтын­сарин – ұлы педагог, ағартушы» атты көрме өтті

20.08.2018

Аялдамадағы  үш  азамат (әңгіме)

20.08.2018

Шымкентте Шәмші әндері әуеледі

20.08.2018

Қызылордада суға батқан жігітті құтқарды

20.08.2018

Көк­­шетауда тұңғыш элек­трондық кітапхана-коворкинг орта­лығы қызмет көрсетеді

20.08.2018

«Реал Мадрид» Испания чемпионатын жеңіспен бастады

20.08.2018

«Kazakh Tourism ҰК» ел аумағындағы ең биік 20 шыңға арнайы экспедиция ұйымдастырады

20.08.2018

Жайылма елді мекені диқандарының өсіріп жатқан қарбызының даңқы өрлеп тұр

20.08.2018

Ақтауда үздік тауар өндірушілер анықталды

20.08.2018

Азиада аламаны басталды

20.08.2018

Кемпірбай сыйға кенде емес

20.08.2018

«Қазақ әдебиеті», 1961 жыл»

20.08.2018

Тәкен және күй өнері

20.08.2018

Қазақстанның танымалдығы арта түсті

20.08.2018

Баянауылда туризм қалай өрістемек?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу