Тұлғалар тағылымы

Қазақ мемлекеттік университеті құ­рылғалы бері уни­­верситетті жиыр­маға жуық ректор басқарып, әрқайсысы өздерінің қал-қадірінше міндеттерін атқарды. Солардың арасынан екі ректордың ұлтқа сіңірген еңбегін ерекше атап айтқан жөн. Олар − академиктер Төлеген Тәжі­баев пен Өмірбек Жолдас­беков. Бір айта кететін жайт, екеуінің тағдыр талайындағы ұқсастықтар. Т.Тәжібаев ректор болып келген кезде университеттегі қа­зақ студент­тер саны 10-11 пайыз­ды ғана құраған. Сондай-ақ, қазақ оқытушылар саны да 5-6 пайыздың төңірегінде екен. Ол өзі басқарған бес жылда студенттер мен оқытушылар санын 50-де 50-ге жеткі­зіп, басқалармен теңес­тірді. «Тәжібаев қа­зақ студенттері мен оқы­ту­шы­лар санын көбейтіп жіберді» деген арыз-шағымдар көп түсті. Иә, ол ұлтын жанындай сүйгендіктен басшылыққа жал­тақтамай осындай батыл қадамға бар­ды.
Егемен Қазақстан
04.08.2017 1638
2

1951-1952 жылдары университеттің профессоры, белгілі тарихшы  Ермұхан Бекмаханов «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» атты ғылыми монография жазып, 1946 жылы докторлық диссертация қорғаған. Бірақ 1948 жылы М.Ақынжанов пен Т.Шойынбаевтың «Лениншіл жас» газетіне «Саяси қате, құнсыз кітап» атты сын мақаласы  жарық көріп, ғылыми құндылығын жоққа шығарған.  КСРО Жоғары білім министрі бұл ұлтшылдық-буржуазиялық бағытта жазылған зерттеу деп айып тағып жатқанда ректор Тәжібаев: «Жоқ, бұл Кенесары көтерілісіне таза ғылыми түрде баға берілген еңбек. Министр Бекмахановты жөнсіз кінәлаған», – деп қарсы пікір айтқан. 1950 жылы 26 желтоқсанда КОКП органы «Правда» газетінде Х.Айдаров, Т.Шойынбаев және А.Якунин бірігіп жазған «Қазақ­стан тарихының мәселелері маркстік-лениндік  тұрғыдан баяндалсын» атты сын мақаласы жарияланып, Бек­ма­ха­новтың жоғарыда айтылған мо­нография­сы ауыр сынның астына алынды. Олар «Бекмахановтың Кенесары Қасымов ханның феодалдық-монархиялық реакцияшыл көтерілісін ғылыми тұрғыдан бағалауда саяси қателіктер жіберген» деп айыптады. 1951 жылы 10 сәуірде БК(б)П ОК сол мақаланы талқылап, «Правда» Бекмахановтың қатесін дұрыс ашқан деп тапты. Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті (бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов) бұл мақаланы Пленум талқылауына салды. Университет ректоры Т.Тәжібаев Мәскеу буржуазиялық-ұлтшыл ба­ғыт­ты дәріптеуші деп жария­лаған Бекмахановты қорғап, оны айып­тау­шыларға дәйексіз байбалам сала бер­геннен гөрі, аталмыш кі­­тап­­ты ғылы­­ми тұрғыдан талдап, сер­­гек қарау­­­ға ша­қыр­ды. Сол үшін Орталық комитет оған қа­таң сөгіс жария­лады. Бек­ма­ха­нов жағында болған ғалымдар Б.Сүлейменов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұма­лиев, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Б.Кен­же­баев ұлтшылдар атанып, қу­ғын-­сүр­гін­ге ұшырады. Алды он бес, жиырма жылдан Сібірге жер аударыл­ды.  Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов жан сауғамен Мәскеуге кетті. Төлеген Тәжібаев та солардың бірі болып жазалануы керек болатын. КСРО Сыртқы істер министрі В.Молотовтың қорғауымен аман қалды. 


Молотов оны не үшін құрметтеді? Т.Тәжібаев Ленинградта аспирантурада жүр­генде ағылшын тілін өз бетінше оқып, үйренген. Елге келген соң біраз жылдардан кейін Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің негізін құрып, Молотовтың қарамағында қызмет етті. Соғыстан кейін Германия тағдыры талқыға түскен халықаралық жиында Кеңестер одағы саясатын ағылшын тілінде жеткізген және Біріккен Ұлттар Ұйымында  Латын Америкасы елдері жөнін­дегі комитетті басқарып, сол ел­дердің әлеуметтік жағдайлары туралы баян­дамалар жасағанын бүгінгі жас­тар біле де бермес. Бірақ тарихшы Бек­махановтың ісінен кейін Тәжібаевқа рек­торлық қызметтен кетуге мәжбүр болды. 

Т.Тәжібаев Ленинград уни­вер­си­­те­тінің аспирантурасында психоло­гиядан кандидаттық диссертация қорғады. Оның ғалымдық қарымын байқаған университет профессорлары Ленинградта қа­луын және ғылыми жұмыстарын осын­да жалғастыруын ұсынған. Бірақ ол сол ұсы­нысқа құлақ аспай елге қайтты. Жеті жасынан тұл­дыр жетім өскен жанға сол тамаша мүм­кіндікті пайдаланып, ірі мәдени-ғы­лыми орталық Ленинградта қалуына бо­лар еді ғой. Ал неге қалмады? Оған Қазақстанда Жүсіпбек Аймауытов пен Мағжан Жұмабаевтан кейін кенжелеп қалған ұлттық психология ғылы­мын көтеру керек  болды. Ол оны өз ұлтының алдындағы перзенттік парызындай сезіне білді. 

Республика Сыртқы істер министр­лігінің негізін қалаған және қызметін жолға қойған да Төлеген Тәжібаев. Кейін ол Үндістандағы Кеңестер ода­ғы елші­сінің кеңесшісі де болып еңбек етті. Бірақ ол бұл қызметтен өз еркі­мен кеткен жоқ. Оған себеп Тәжібаев сол елдегі ағылшын тілінде шығатын ақпарат құралдарына әрқалай тақырыптарда мақалалар жазып, үнді ғалымдарының, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің назарына ілікті. Капиталистік даму бағытындағы елдің қайраткерлерімен кездесіп, пікір алысулары жиілеп кеткенінен секем алып қалған елші Мәскеуге хабарлап, оны кеңесші қызметінен боса­туын өтінген. Елші өтініші орындалып, Тәжібаев елге оралды. 

Дінмұхамед Қонаевтың «Ақиқат­тан аттауға болмайды» атты кітабы бар. Ол кітапты өмірінің соңғы ке­зін­де жазған. Иманды жанның жа­ра­тушыға есеп беретін уақыты жақын­дап қалғанда шындықты бұра тартып, жазуы мүмкін емес. Қонаев сол еңбегінде Тәжібаевты арнайы қабылдап, қызмет ұсынғаны жөнінде айтқан. Тәжібаев шәкірті Жол­мұқан Түрікпенұлына өмірінің көп бөлі­гі қызметпен өткенін, ендігісін  ғы­лымға арнағысы келетінін айтып, Қо­наев ұсынған қызметтен өз еркімен бас тартқанын жеткізген. Содан кейін осы Қазақ университетіндегі психология кафе­драсына меңгеруші болып келді.

Ал академик Өмірбек Жолдасбеков қазіргі қазақ университетінің жаңа за­манауи құрылысын Дінмұхамед Қонаев­тың қолдауымен салды. Бар­лық фа­куль­теттердің әсем ғима­рат­тарын тұр­ғызып, студенттер мен ас­пи­­ранттарға ар­нап қазіргі үлгідегі жа­тақ­ханаларды пай­далануға берді. Есентай өзенінің күн­шығыс жақ беті­­нен  оқытушыларға тұр­ғын үй салып, оларға бар жағдайды жа­са­ды. Бұл одақтағы Мәскеу мен Ле­нинград университеттерінен кейін үшін­ші орында тұрды. Мұндай университет күні бүгінге дейін Орта Азия республикалары үшін арман ғана. Сондай-ақ, Жолдасбеков өзінің ректор кезінде қазақ студенттер санын, қазақ оқытушы-ғалымдар санын жоғары деңгейге  көтерді. Барлық факультеттердің декандарын қазақ ұлтынан және кафедралар меңгерушілерінің көбін де жергілікті ұлт өкілі ғалымдарынан тағайындады. Жолдасбеков ұлтын жан-тәнімен сүймесе, солай істер ме еді? Оның бұл әрекеті университеттегі кейбір ғалымдарға жақпады. Олар ректордың үстінен Мәскеуге, Қазақстан Орталық коми­теті­не университет құрылысына бөлінген қаражаттың біраз бөлігін ішіп-жеп қойды, оңтүстік өңірлерден талапкерлерді  оқу­ға көп қабылдап, оқытушыларды  жа­қын-жуықтарынан алып жатыр деп арыз-шағымды үсті-үс­­ті­­не жазды. 1986 жылы жел­тоқсанда Мәскеудің шешіміне қарсы универ­ситет сту­дент­тері кө­те­рі­лісін ұйымдас­тыру­шы­лар­дың бірі деген айып­пен Жолдасбековтің басына да күн туған. Ол соған қарамай партия мү­ше­лігінен шығарылып, қыз­метінен босатылған профессор Темірбек Қо­жа­кеевті жаладан қор­ғау үшін Қазақстан ОК-не барып, сондағы лауазым иелеріне  өз қарсылығын білдіріп, қорғап бақты. Көп ұзамай өзі де рек­торлық қызметтен босатылды. 

Қазір бізде ғылымның қай саласында да ғалымдар аз емес. Және олар өздерін тұлға санайды. Шынымен ғалымдардың бәрі ұлттық тұлға ма? Жоқ, бәрі бірдей тұлға емес. Сондай-ақ, тұлғалыққа жету үшін халық мойындаған азаматтық ісің болуы керек. Сондай ғалым ғана ұлттық тұлға және елге тұтқа бола алады. Бұл жөнінде Алаш арыстары баяғыда-ақ айтып кеткен. Мұндай қасиеттер Төлеген Тәжібаев пен Өмірбек Жолдасбековте бар еді. Сондықтан олар кезінде ағысқа қарсы жүзген ұлттық тұлғалар санатында тарихта қалды. 

Төлеген Тәжібаев Ленинградтан келіп, университетте қазақ және орыс топтарына психологиядан дәріс оқы­ды.  Бұл кез Хрущевтің жаппай орыс­тандыру саясатын барынша жүргізіп жатқан кезі болатын. Сол кезде психологиядан дәріс тек орыс тілінде оқы­тылсын деген арнайы нұсқау бар еді. Соған қарамай Тәжібаев қазақ то­бы­на дәрісті қазақ тілінде оқыды. Шәкірттерінің айтуына қарағанда, дәрісіне басқа тілден бір сөз де қос­пайды екен. Ол кейінірек ректор ке­зінде «Жалпы психология» кітабын қазақ тілінде жазып шықты. Өкінішке қарай, оқу министрлігі оны баспадан шығартпай қойған. 

Өмірбек Жолдасбеков те универси­тет­­те­гі қазақ топтарына меха­ни­кадан қа­зақ тілінде дәріс оқыған. Ғалым А.Ахме­тов екеуі бірігіп «Теориялық ме­­ханика» кітабын қазақ тілінде жазып шықты. Кітап кейін «Ғылым» баспасынан жарық көрді. Олар неге қазақ тілінде жазды? Орыс тіліне шорқақ қазақ жастары үшін десек те болар еді. Сырт көзге солай көрінері анық. Қазір тарлан тұлғалардың тек сол үшін ғана емес, ұлттық ғылымды ұлт тілінде көтеруді мақсат тұтқанын  байқаймыз. 
                                                                        
 Көлбай  АДЫРБЕКҰЛЫ                                                                                          

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу