Тұнық өнер тұлғасы

«Сексеннің сеңгіріне шықса да Асанәлі сахнадан түскен жоқ. Көп бейнелерді, образдарды жасады. Қазір ұстаз. Академияда шәкірттерді дайындайды. Сахнаның, театрдың құпиясын біледі, киноның сырына қанық. Асанәлі – халықтың сүйіктісі, үлкен абыройлы азамат. Асанәлі елмен бірге, байланысы өте күшті. Асанәлі қайда барса да халқы жақсы қарсы алады», деп замандасы, сахнадағы серіктесі, Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев ағамыздың жүрекжарды лебізінің шындығына жақын арада көзіміз жетті.
Егемен Қазақстан
04.04.2017 1084

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде­миясының «Театр өнері» факультеті дүбірлі мерейтой алдында шеберлік шыңдау тәжірибесін ел ішінде өткізуге бел буды. Иә, мұндай іс-шара оқта-текте ғана болады. «Аңызға айналған Асанәлі» (теңеу театр сыншысы – Ә.Сығайдың сөзі болатын) атты бағдарламаны академия ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бибігүл Нұрғалиқызымен бірге жоспарлап, ортақ шешімге келгеннен кейін тәуекел еттік. Бұл іс-шара Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев мырза мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тікелей қолдауынсыз іске асуы екіталай болатын. Себебі, А.Әшімовтің шеберханасында 3-курс студенттерінің саны – 35, оған қоса жеке автобус пен 4 ұстаз бірге жүруі керек. Іс-шараның жауапкершілігі аса маңызды. Сонымен 40 адам жолға шықтық. Бағдарламадағы басты міндетіміз – «Аңызға айналған Асанәлінің» ұстаздық қырын халқына таныстыру. Шәкірттерінің үш түрлі қойылымы. Ол қойылымдар кәсіби сахналарда өнерсүйер қауым алдында ойналмақшы. Әр күні – әртүрлі сахна, әртүрлі көрермен, әртүрлі жарық пен акустика, оған қоса жол алшақтығын да естен шығармаған абзал. 3-курс студенттері үшін мың жарым шақырым жол жүріп, төрт кеште көрермен алдына өз рөлдерінің көркемдік деңгейін түсірмей, көрерменнің ыстық ықыласына бөлену – негізгі мақсаттың бірі екенін тамыр-талшығымен сезініп келеді.

Сәл шегініс жасасақ, таңертеңгі астан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдени мұрағаттар мен құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық тарихи өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанынан ашылған Қазақстанның дарабоз актері Асанәлі Әшімов шығармашылық орталығының директоры Т.Сұлтанкереев орталық жұмысымен таныстырды. Мұндай шығармашылық орталықтардың жастарға берер рухани тәліміне студенттер мен ұстаздар зор риза­шылығын білдіріп, естелікке суретке түсті. Ән шыр­қалды, би биленді, шаттыққа бөленген жастарға қала жастары қосылып, соңы думанға айналды. Бірақ, уақыт шектеулі, келесі тарихи мұрағат – Қарахан кесенесі. Қол жайып, Құран бағыштап, тарихы терең Тараз жері туралы, шежіресі шерлі Айша бибіден де есте қаларлық естелік тыңдап, кешкі репетицияға келдік.

Сонымен, көне Тараз қаласының облыстық қазақ драма театрының сахнасында зал толы көрермен, ортада курс жетекшісі А.Әшімов пен қала, облыс басшылары мен мәдениет, өнер өкілдері. Қойылым бітті, ду қол шапалақ. Ал, ұстаздар қауымы болса, пікір алысып, қойылымды талдауға кірісті. Қойылым соңынан табиғаттың тосын мінезіне қарамай, борандатып Жаңатас қаласы арқылы Байқадамға жол тарттық. Келесі күні Асанәлінің ауылы – Жайылмаға табан тіредік. «Туған ауыл – топырағыңнан айналайын, туған жер! Көңіл дархан, кең пейілді қазақ ауылы! Ғажайып сезімді ұл-қыздарына сыйлап жатқан егемен елдің баға жетпес Жер-анасы!» – деп Асекең ауылға кіреберісте сәл аялдап, жерге түсіп, бас иді. Құшақ жая қарсы алған ағайын мен жастардың қуанышында шек жоқ. «Ассалаумағалейкум! Қош келдіңіз! Ас-аға!». Бабалар басына барып Құран оқып, тағзым еттік. Саудакентке (Байқадам) келіп, Мәдениет сарайында қойылымымызды көрсеттік. Ел-жұрты, көрермендер орындарынан тұрып, жерлесінің тәрбиелеп жатқан жігерлі шәкірттеріне қошемет көрсетіп, құрметтеуден шаршайтын емес.

Түнделетіп жолға шықтық. Келесі нысана – Шымкент қаласы. Екі кештегі төккен терден соң жайдары жылылықпен қарсы алған қонақүйге орналасып, бірер сағат тынығып, Жастар сарайында бас қостық. Өнерге ықыласы зор халықтың қарасы Жастар сарайына әзер сыйып тұр. Екі сағаттық қойылым көңілден шыққанын көрерменнің ыстық қошемет шапалағынан да аңғаруға болады. Ду шапалақ, құшақ толған гүлдер!

Алда – киелі Түркістан. Түркі халқының рухани, мәдени Астанасы! Қазақстанның халық әртісі, профессор Райымбек Сейтметов құрған театр сахнасы. Кішігірім бол­са да рухы биік өнер шаңырағы. Өнер рухы шалқып тұр!

Аталмыш театрдың табалдырығын аттап, қала әкімінің, мәдениет басқармасының, қалың көрерменнің алдындағы жауапты істі өз деңгейінде атқарғанымызға көрермен де, әкімшілік те ыстық ықыласын білдіріп, А.Әшімов ағаларына, студенттеріне қошемет көрсетіп, қол соғып шығарып салды. Әрине, мұндай кездесулер студенттердің, шығармашылық өнер жолына баулып жат­қан өнер ордасының бастамасына екі облыстың да өнерсү­йер азаматтары қолдау білдірді. Ректорға алғысын айтты.

«Асанәлі Әшімұлы – қазақтың рухани паспортына айналған адам. Кез келген қазақ Асағаңмен мақтана алады. Кез келген қазақ Асанәліге еліктейді, сондай бол­ғысы келеді, бірақ бола алмайды. Неге? Себебі, Асанәлі – жалғыз, дара дарын. Енді тағы бір Асанәлі тууы, болуы үшін бәлкім 100 жыл, иә, 1000 жыл керек болар» – деп «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай айтпақшы, тұлғалардың тұғырының биік әлде аласа екенін халықтық ықылас білдірген рухани сыйластық құрметін білу, сезіну, мақтануын ел арасында сезінеді екенсің. Түнделетіп Алматыға, академияға тарттық. Ұйқы жоқ. Әр шәкірт, әр ұстаз терең ой мен толғаныс үстінде келеді. Ол болашақ сахна алаңына қадам басқандағы жауапкершілік пен кәсіби біліктілік мектебіндегі шыңдалу жолы...

Музыканың тылсым тілінің табиғатын қазақ еліне әсем әрлеп жеткізген КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Жұбанова: «Юлий Цезарь» қойылымында Асанәлі Әшімовтің өнері бір төбе. Мен бұл спектакльді бірнеше рет көрдім. Көрген сайын сахна өнерінің құдіретін бұрынғыдан да тереңірек сезіне түскендеймін. Ол үшін Асанәлінің актерлік дарынына таңдана да сүйсіне отырып, шексіз алғысымды білдіремін. Енді Асанәлідей Цезарь тумайды» десе, «сіз (А.Әшімов) ұлы актерсіз. Мен үш ұлы әртісті білемін. Олар осы рөлді (Юлий Цезарь) ойнағандар – Симонов (Петербург), Царев (Мәскеу) және үшіншісі сіз – Асанәлі Әшімов» – деген екен режиссер, КСРО халық әртісі, профессор Марк Захаров.

Иә, дара тұлғаға деген халқының, көрерменнің сүйіспеншілігі мен ықыласы бір бөлек болса, кәсіби мамандардың тұлға еңбегіне берген бағасының өзі бір төбе. Ал, біздің студенттеріміздің арасынан да дара тұлға есімдердің ізін басып, қазағымның өнерін өрге сүйрер тау тұлғалы, өр мінезді, нәзік сезімді дархан дарын иелері шығарына нық сенемін.

Аман Құлбаев,

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық

өнер академиясы, профессор



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2017

Қашанда ұлыма тілекшімін

21.08.2017

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

21.08.2017

Германиялық өнертапқыштар электромобиль қуаттайтын жүйені таныстырды

21.08.2017

ОҚО-да биыл төрт бағытқа жаңа автобус қатынасы ашылды

21.08.2017

Малайзия павильоны «Көбелек әсері» және «Жастар апталығы» экоакциясын бастады

21.08.2017

ЭКСПО-2017 көрмесінде Сенегал Республикасының ұлттық күні өтті

21.08.2017

Ботаникалық бақ қоры толыға түспек

21.08.2017

Сенат Төрағасының орынбасары СҚО прокурорларымен кездесті

21.08.2017

Қазақстан өнеркәсібінің индустрия 4.0 техникалық талдау жұмыстары күзде аяқталады

21.08.2017

2025 жылға қарай жанар-жағармай бойынша ішкі қажеттіліктер толық қамтылады

21.08.2017

Алматыда «Star of Asia» фестивалі өтті

21.08.2017

Альберт Линдер Жазғы Универсиада ойындарының чемпионы атанды

21.08.2017

БҰҰ Балалар қоры қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады

21.08.2017

Бақытжан Сағынтаев жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысын өткізді

21.08.2017

Семейлік зейнеткерлер ағылшын тілін үйреніп жүр

21.08.2017

Қазақстан мен Ресей заңсыз есірткі айналымына қарсы күресті бірге үйлестірмек

21.08.2017

Атырауда өткен жауынгерлік жекпе-жек фестиваліне 2,5 мың көрермен жиналды

21.08.2017

Астана хабы мен Қытайдың мемлекеттік басқару академиясы меморандумға қол қойды

21.08.2017

"Жастар" жазғы жайдарман фестивалі мәресіне жетті

21.08.2017

Мәңгі ғашық

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Адырна неге адыра қалды?

Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.  

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Үй мен күйдің үйлесімі

Қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының алғышарты ретін­де адамдардың әл-ауқаты мен денсау­лы­ғының сапасын салыстыра отырып бағалау үрдісі әлемде алғаш рет 1974 жылы Канаданың денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың ресми баяндамасында айтылыпты. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда бұл түсінік түбегейлі өзгеріп келеді...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Пікірлер(0)

Пікір қосу