Түрікменстан EXPO-2017 алаңында өз павильонын ашты

Түрікменстан ұлттық павильоны ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме алаңындағы ең үлкен павильондардың бірі. Оның жұмысын Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтің өзі ашты.
Егемен Қазақстан
10.06.2017 1114

Өз сөзінде мемлекет басшысы халықаралық көрменің ұйымдастырылу жұмысына жоғары баға беріп, Қазақстанмен жемісті байланыс орнағандығын атап өтті.

- Түрікменстан бауырлас Қазақстанмен бірқатар сәтті жобаларды жүзеге асырып келеді, солардың қатарында мен Қазақстан-Түрікменстан- Иран бағытындағы темір жол құрылысын атап айтар едім, - деді Г.Бердімұхамедов.

Түрікменстан ұлттық павильоны ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге елдің жанармай-энергия саласын таныстырады. Павильонда жоспарланып отырған бірнеше жобалардың үлгісі орналастырылған.

Мәселен, жоспарға алынған гелиокешенде жайылатын малдың тезегін құрылғы биогазға өңдейді. Осылайша, газ тәрізді отын өндірілмек. Сонымен қатар, Түрікменстан билігі автономды қалдықсыз өсімдік, құс және жылыжайда қозықұйрық өсіруге арналған биоаккумуляторлы гелиобиологиялық кешен салу ісін жүзеге асырмақшы.

Кешенде қалдықтар мен шығарында газдар да толығымен пайдаланып іске жарату көзделген.

Түрікменстан енгізіп отырған тағы бір жаңалық - пайдалы әсер коэффициенті жоғары біріктірілген электр тудырушы станция - бу-газды электр станса кешені. Бұл электр стансасы құрамында 4 газ және 2 бу турбиналары сондай-ақ, 4 кәдеге жаратушы қазандық бар. Билік есебінше, мұндай электр стансасы жыл сайын миллиардтан астам текше метр табиғи газын үнемдеуге септігін тигізіп, буға айналушы газ қалдықтарын 3 млн тоннадан артық төмендетуге ықпал етеді.

Бұдан өзге павильонда ұлттық нақыштағы тауарлар мен электр энергиясының даму тарихынан сыр шертетін ашық аспан астындағы музей түріндегі 100 жылдық Гиндикуш су электр стансасының макеті қойылған. Қазіргі уақытта стансада 100 жыл бұрын орнатылған құрылғылар мен бұйымдар әлі күнге дейін қолданылып келеді. Олар су турбиналары, осы уақытқа дейін ақаусыз қызмет етіп келе жатқан сигнал шамдары, түрлі өлшемдегі кілттер және көше шамдары.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2018

Маңғыстауда мемлекеттік органдардағы кадр қызметінің сапасы қандай?

19.08.2018

Азиада-2018: Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

19.08.2018

Өскеменде Құрбан айтта 300 адамға ет таратылады

19.08.2018

Австралияда орман өртенді

19.08.2018

Головкин - «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді

19.08.2018

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды

19.08.2018

Экс-депутат жас мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

19.08.2018

«Алтын Тобылғы» әдебиет жүлдесіне өтініштерді қабылдау басталды

19.08.2018

Маңғыстаулық құрылысшылар төл мерекесін атап өтті

19.08.2018

Барлық жағдай жасалатын солтүстік аймаққа көбірек келіңіздер – Мемлекет басшысы

19.08.2018

Теміржолда сыбайлас жемқорлықты болдырмау жайы айтылды

19.08.2018

Астанада жол ақыны SMS арқылы төлеуге болады

19.08.2018

Зерендіде жастардың жазғы білім лагерінің екінші маусымы жұмысын жалғастыруда

19.08.2018

Азиада-2018: Бүгін қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады

19.08.2018

Елордада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

19.08.2018

Жакартада жанған жұлдыз

19.08.2018

Ауа райы болжамы: Ақмола облысы мен Астана аумағында дауыл тұрады

18.08.2018

Жакартада Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

18.08.2018

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

18.08.2018

Мемлекеттік хатшының қатысуымен Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу