Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. Көкірегімде Өлең көшіп жүр, Қазағымның иісі аңқып!

Егемен Қазақстан
18.03.2017 1046

АЯЛДАМАДА

Сен және мен, — аялдамада тұрмыз екеуміз.
Жарық сәуле жұтып Жалғаннан.
Бір аяғыңның кемтарлығын бірден аңғарғам.
Күйік шалған жүзіңді және байқағам, салғаннан.

Не болды екен саған, қыз бала?
Аялдамада — біз ғана.
Көше бойы — арқырайды кілең көктемір.
Алая Аспанға қарайды, ғимараттары құж Қала.

Дәтінің дуы дулығалы замандар үнімен сарындас,
мен бір бейтаныс ағаңмын ғой, лапылдаған жалын-Бас.
Жарымжандығыңды жаутаң көзіңмен жасырып,
азаптануың-ай, қарындас…

Безбүйрек тасбет Қала, жезүнді,
аяусыз жаныштай бере ме сендегі төзімді?!..
Ыңғайсыздана жөткірінгеніңнен төменшіктенгенің тіптен сезілді.
Көз жасым көкірек іші езілді…

Өзге жаққа оқталып қызылкөз шылымым,
өзіңді жотаммен де көре алуымның сыры — мың.
Қарашы, әне, қандай әдемі бұрымың!..
Айналадағы сұқ көздер мен сумаң сөздерден қорғансыз,
тап-таза, бейкүнә, тірі Мұң —
ішкі Нұрыңды
сүйіп тұрмын ғой мен, құлыным…

***

СЕМЕЙ. ШАҺКЕРІМ ДАҢҒЫЛЫ — 86-87

Жұмыс бөлмемде — домбырам.
Бақсылансам, — даңғырам.
Шайтантиегі — Ұмайтеректен.
Ата Тегі — Байтеректен.
Пернелерінде — Бақ Құсының үні бар.

Еріге қолға алсам, сөйлемей қоятын жыны бар.
Ішегін Сексек Ата ызып берген.
Қуанышым мен қайғымда ғана қызып берген…

Жұмыс бөлмемде, сондай-ақ,
Шүңкілдеседі қағаз бен қалам, тағы да басқа ағайын.
Терезе алдында — титімдей ерке тоғайым.
Қабырғада — немерелерімнің суреттері, жүрегімнен нұр сіңген.
Мыңдаған қария-кітаптар, күрсінген…
Бағзы заманадағы Түз Демі…
Әлем айнасы… ол — менің үстелім.
Содан көремін шөп шыққанын қай жерге.
Қай жерге жасын түскенін…

Жатын бөлмемде ұйықтап кетіп перғауындық пішінде,
Құдаймен де тілдесемін түсімде.
Сондай данамын мен, әрі түк білмейтін баламын.
Үйімнің бір қуысында пендеше күңсіп те аламын.
Бір қуысында күнәдан да жуынып-шайынам, өлімдей.
Төр бөлмемде Қыдыр отырады көрінбей.
Ол кеңістік — өзімізге де құт, елге де.
Ыңылдайды ылғи көк шәугім, жан Жарым жүрген бөлмеде.
Кеселер күледі сыңқылдап…
Ал, мендік маңдайдан шалқиды ғұмыр-Жан.
Таңдайда балқиды ғұмыр-дәм.
Сылдырап уақыт ағады құбырдан…

О Жарық Дүние, осылай ғана тұрсаң — құп.
Көкірегімде Өлең көшіп жүр, Қазағымның иісі аңқып!

***

КЕЙДЕ

Кейде, мен
қырық жыны ерен қызыл кәрленген аязға
шыға саламын жалаңбұт… дымқыл жейдемен.
Кейде, мен
періштеше сөйлесіп отырам пендемен.
Күнәм жоқ па?
Қайдаағы… о жағынан да кенде емен.

Кейде,
қаладағы ел-жұртқа
сыпыра сәлем беруге де шығам, ән аңқып.
Кейде, жап-жарық күлкі алып кірем, топ ішіне қараңғы.
Қайғым жоқ па?
Қайдаағы… кейде, сүрте алмай есім шығады сорамды.

Кейде,
иіліп тәжім етем, қыз көрсем дара көрік.
Кейде, шалшық жалдап кетем, ес білмейтін балаға еріп.
Басқа жұмысым жоқ па?
Қайдаағы… кейде, өсіргім де келеді санама өрік.

Кейде,
мезетінде мыйішіндік күңгір Түн,
кәдімгідей қолыммен ұстағым да келеді мұң құртын.
Уақытша өліп, қабірге құлағым да келеді,
сұрағым да келеді хал-жағдайын Аңқыр мен Мүңкірдің.
Есалаңмын ба?
Қайдаағы… әзәзілден де айла ұрлаған жымқырмын.

Кейде,
мендегі шырылдаған Жан — шегірткелермен де жарасымда.
Кейде, қуана қабыл алам антұрғанның жаласын да…
Мен әйтеуір, ел сияқты жосып-босып жүре бергім келмейді,
ас пен дәрет… ханаларының арасында.

***

Қарауылда, автобекетте,
Сені алғаш көргеннен-ақ,
бір шұғылаңды сезгенмін, шалқып тұрған.
О мезет — өзім де ауада қалқып тұрғам!..
Ұмытқанмын жынысымды.
Көктегі Күн — Тәңірінің Бізге ғана арнаған нұры сынды!..

Сол бекеттің Басында — шілде айы ғажап гүлдеген.
Соған қарап, жазмышымды білмек ем..
Шашы да аңқып өскен Мұңымды да көрдім мен сонда!
Сәулелі де болады екен-ау — Мұң деген!..

Содан бері отыз төрт Шілде кетті өтіп.
Жемісін бірге теріп жеп талай кер Күздің,
Шүкір, жапасын шекпедік жалғыздың.
Ал, шашы да аңқып өскен Мұңым — со қалпы…
Қорғаушы періштеміз — Ол біздің.
Поэзия!

***

Менде де — сол, бір-ақ Сана, бір-ақ Ар.
Мінезім бар — алқоңыр.
Өлеңнен тыс тіршілігім — күнәһар.
Мінәжатханам — тоғызыншы қабаттағы балконым.

Сол балконда шылымымның түтініне ашуым өлер асылып.
Терезелерінен жалт-жұлт көрінеді есер ғасырым.
Тұман енеді есінеп.
Көгершіндер, ғашығым…

Сол балконымда ересен,
Өсіп тұрған жұпары көкшіл усойқым…
Түгі құлпырған түнгі көбелегім…

Бәрі — әсем.
Ал, Күн құлақтанғанда,
Мұңлы әлемді үшкіріп,
Жынды Ойларыммен кеңесем.

Негізінде, балконым мен жазу бөлмем — екі өмір.
Екеуінде де іздеп жүремін дәт емін.
Төменге ұшсам, — қабірге…
Жоғарыға ұшсам, Тәңіріге кетемін!

Қайта түсем, жарым шайға шақырса.
Не, пырақтай пысқырынған қымызын сапырса.
Мен балконда жұлдызды өлең оқимын,
Космостық Ақынша.

Түкпірінде оның Көкәләйімнің* ойыншықтары да бар тамаша.
Өзім кейде күліп те жүремін, О Дүниемен жанаса.
Қайғырам ба?
Әрине, қайғырамын,
Жаһандағы барша мәртебе балконымнан аласа.

*Айбүбі (Көкәләй) немерем

***

Отан,
Мен Сенің алдыңда кіммін?
Қыбырлаған бір құмырсқамын.
Ойлап жүретін өзінше жұмыс қамын.
Бірақ,
Илеуім түрінде болса да,
Тауыңды тұрғызуға тырысқанмын.

Күбірмен ғана өтіп әрбір күпірлі күн,
Таба алмай қойсам Сен үшін ұтырлы ұғым,
Бөксеңе төселсін,
Үнемі күрсініспен ғана тоқылып келе жатқан бұ тірлігім.

Екеумізге — Тәңірім алақанына салып, Күнді ұсынған.
Өкінішті,
Құшағыңда сұмдар да көп, жын қышынған.
Өзіңді сондайда талай рет атып жіберсем де,
Ылғи құс ұшып шығады перенімнің ұңғысынан!

Отан,
Егер, Саған, бір мәрте болса да, хайуандық істесем,
Мойныма мініп ал да,
Барша лағынетіңмен тілгілеп бер сауырымды.
Тізесімен де қанды өлең жазатын Ермін мен, жауырынды.
Алайда, Ата Жауыңа айналамын — Қазақша сөйлемесең!
Тәрк етсең — көңі де аңқыған Ауылымды!

***

ҚАЛАМЫМ

Қаламымның арқасында, мен не көрмедім!..
Қаламым не көрмеді, менің арқамда!..
Хақ алдында да иілмейтін өр бейнесі — көзімде.
Өрт-сиясы… бар — қанда.
Сүйегі де — жасыл, өндірден.
Күміс қалпақшасы да — мөр-таңба.
Жан жарым да білмейтін талай құпия сырды да біліп алған ол,
Жасырынып тұрып қалтамда.
Ішінде де жатты қамалып сансыз кітаптың.
Жер-жаһанды жұлдыздарымен құтыртқанда сынақ-Түн,
Талай кесір Ойды да соның қарасымен жаныштап,
Талай есіл Ойды да қаламұшымен тұтаттым…

Жанымның байрағына сап та қылдым мен оны.
Жаманға атар оқ та қылдым мен оны!
Қамшы орнына, дат та қылдым мен оны!

Иә, дәтім де — сол — затым да!
Қайратты да қарымды!
Талай рет емдеймін деп те зарымды,
Ар нұрына малынды!
Шимайға да армансыз салынды…
Аңқып бергенде күзгі алма,
Өзіммен бірге ғашық та болды талай-талай періеліндік қыздарға…
Әр саусағыммен де бір сүйіп, аялаймын мен оны
Жүрегім сыздарда я мұздарда.

***

Күзге барайын…
Жоқ, Түзге барайын!
Қарлығашы қанатымен сүртіп сорамды,
Қасқыры жалап, жазып беруші еді-ау Жан-Дүниемдегі жарамды!..
Қалаға бекер келіппін.
Жанып тұрған шамдары да қараңғы.
Мұнда өтірік ақын болып жүргенше,
Қаңғыбасы болайын Даламның!

Түзге барайын.
Бидайығын жейін үгітіп,
Бұлағының дәмін тамсайын.
Жаңа бір өмір бастайын таң сайын.
Маған оның қарақұсы да — Хан,
Қарғасы да — Ханшайым!

Түзге барайын.
Қалада — атақ пен билікке мас бәйгі.
Жанашыр жоқ.
Туыс түгіл, дос — қайғы.
Түзде, еңіреп жыласам да,
Жартастары жаңғырыса қоштайды.

Қалада құрметтейді ақшасымен күштіні.
Қазақ Тілінің қайыршы сияқты ұсқыны.
Даламда бұлт пен жел, жусан мен көртышқан…
Бәрі — бір тілде ұғысқан туысқан!..
Түз Тілі!

Түзге барайын, мұңымның Анасы!..
Қайтыс болармын сонда, шамасы.
Жаным Күнге ұшқанда,
Шіріген тәнім шипаға айналып,
Бітіп те кетсе екен Даламның жазылмайтын бір жарасы.

***

Жыным келіп тұр… мұңайған…
Аумайды-ій өзі құмайдан!
Менің жүрісім — мынау, ербеңдеп —
бір айға секіріп бір айдан…

Жыным келіп тұр… қапалы..
Күз шуағындай ап-арық.
Әр талының түсі — әртүрлі,
не істеп қойған-ій сақалын?!..

Жыным келіп тұр… өш пиғыл?..
Бұтында – дамбал, кеш киімі.
Өлең қайда? — деп қояды үн-түнсіз.
Өзім де — жынмын ғой, естимін.

Жыным келіп тұр… қақшиған.
Төбеқұйқасына өскен көп ши бар…
— Неменеңе қалдың-ей ыржия?
Сайтанымды қоздырмай, кетші-ій, бар!… –

Жыным келіп тұр… сезікпен…
Сезіледі, иә, нәзік дем!..
Шағанайым келген екен-ау қасыма!..
Отырыппын ғой өлең жазып мен!..

***

Бес жасымда,
Сақалы тұманданған Сексек Атадан
Темірді де кемірген Теке міндім.
Әке-Шешемнің жебеуімен, жеке міндім.
Ол кезде үш Өмір екенін білмеймін ғой,
діндарлар көкитін «екі Өмірдің»…

Алты жасымда,
Аса-таяғы да ақыл аңқыған Шопан Атадан
Қойтастан ірі Қошқар міндім.
Жамандықты — қасымдағы құрдас қастан білдім,
Жақсылықты — мұңдас достан білдім.
Алаулатып санамды,
Ауылдан үздім қарамды…

Он үш жасымда,
Бійшігі от боп тұтанған,
Тасты да сауып, сүт алған,
Бір Сөзі қырық сан табындай, қасиетті Зеңгі Бабадан
Мүйізі бұлт іреген Бұқа да мініп, кеудесі Алтай тауындай…
Сиырсәскеде мөңіреген,
Қазақ деген аңқау Елге де жеттім, еңіреген…

Отыз жасымда,
Кійесі желден де жүйрік Ойсыл Қарадан
Бура мініп, аққан терінің көбігі де — құрбан қан…
Аласұрма бүкіл әлемді көрдім жынданған,
«Жалған Дүние» атты алапат зынданнан!..

Елу жасымда,
Құрығы құрдымнан да нажағай суырған Қамбардан
Адамкөзді Айғыр міндім, әуселесін әуеде алқынтып…
Күнге де барып келдім — ғажап жасампаз салқын Нұр!..
Тозағында да әркім — Пір!..

Енді,
Орқыратып олай да, бұлай да,
Сайтан мінгім бар…
Сәлем беріп қайту үшін Құдайға!
Бірақ, Ол
Аспандай Арымның салмағына шыдай ма?!..

***

ҒАШЫҚТЫҚ

 Ғашықтық, ол – көздер нұры сүйіскен.
Гүл жарату – Сөздегі қош иістен.
Ғашықтық, ол – даурығысқан тірлікке
Тыныштық боп тиіскен…

Самал желдің Есінде үні сақталған
Ғашықтықты
Таба алмайсың ақпардан.
Ғашықтық, ол – Періштені көргеннің
алпыс екі тамырындағы көкпар-қан!..

Ғашықтық, ол – тірлік іздеу тастан да.
Тік тұратын төбе шашың, сасқанда.
Ғашықтық, ол – түсініксіз түсінік,
Мыйың – Жерде,
Ал жүрегің – Аспанда!..

Ғашықтық, ол… ұқсас құбылыс биге де.
Сезінбесең, көңілдегі күй – кедей.
Ғашықтық, ол – Жарық Дүниені Басыңа көтеріп,
Қалт-құлт ету, күдік ұшында инедей…

Ол сезімді мүмкін емес негіздеу.
Ол сезімді тым тұрпайы «теңіз» деу.
Ғашықтық, ол – ессіздіктің ішінде
Құдайдан да тысқары бір жол іздеу…

***

Қағазым өлсе өлер, сүйегі әбден сарғайып.
Қаламым өлсе өлер қансыраумен. Ол – ғайып.
Көкірегінде көзі барларға оқылады
Шер жұпарына шылқыған өлең-маңдайым.

Көре аламын мен ауаны да адамдық пішінде.
Күннің отыз екі нұры сақталған – отыз екі тісімде.
Тілімнің ұшында да көз бар!
Шексіздік бар ішімде!

Өмірді сүйемін ертең де, бүгін де.
Аспандай зор – жүрегіммен арқалаған жүгім де.
Адамдарға ғашық боламын сәт сайын,
Нұр құлпырып, отыз екі омыртқамның да түбінде!

Алпыс екі тамырымның бәрі — қош тамыр.
Мұңым да – пенделердікінен басқа мұң.
Мен —
— бүршіктей ғана жұпар Ойы ішінде де Құдайды қабылдай алатын
Ақын деген қасқамын!

***

АЛДИЯР ОҚЫРМАНЫМ МЕНІҢ

Алдияр Оқырманым менің,
Өзіңнен басқаға бас ұрмаймын.
Өлең жазбаған уақыттарда,
Ене-тірліктің емшегіне жабысқан масылдаймын.
Сондай сорлылықтан тұтанады жасыл қайғым…

Тексергенде Дүниенің ақ-қарасын,
Ақиқатты көрмес көз – тек сора-су.
Мен Өзіңе жүгінем сондай кезде де,
Сенсің – досымнан да қымбат бақталасым.

Оң жағыма жайқалтып Күн дарағын,
Сол жағыма жайқалтып Түн дарағын,
Есіл-дертіме еркелігін де жиып алып мың баланың,
Саған ғана періштелік махаббатпен құлданамын.

Алдияр Оқырманым менің,
Арманыма, адалдығыма… ел сенбей бір,
Табалай кеткенде өңшең бейпіл,
Өлер болсам, өңменіме сұғылып семсердей мұң,
Сөзден және Сенің қолыңнан өлсем деймін.

Мүмкін, бозқасқасы да ақылымның бошалар мың.
Мүмкін, қара тасына да көңілімнің қашалар мұң.
Сонда мені жалғыз тастап кетсең,
Жын-шайтандарға да оқырмын өлеңдерімді.
Иә, мен сондай да есалаңмын!

Алдияр Оқырманым менің,
Алдияр Оқырманым менің,
Тұтанса, пендешіліктен тұтанады жасыл қайғым…
Өлең жазып отырғанымда,
Құдайдың қолындағы жасындаймын!
Тек, сондайда бөгет бола көрмеші,
Не өзімді,
Не Өзіңді мерт етіп аларымды жасырмаймын!

Тыныштықбек ӘБДІКӘКІМОВ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2017

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәртібі

26.07.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы

26.07.2017

Астаналық марафонға 5000 адам қатысады

26.07.2017

Келер жылы «Еуровидение» Португалияда өтетін болды

26.07.2017

«THR» компаниясы Бурабайдың туристік әлеуетін арттыруға атсалысады

26.07.2017

Талдықорған қаласында саудагерлерге 26 сауда орны тегін беріледі

26.07.2017

«Астана» - «Легия» ойынына қоғамдық автобустар бөлінеді

26.07.2017

Жетісу өңірінде туризмді дамыту шаралары үздіксіз жүргізіледі

26.07.2017

Алматы облысында шаруа қожалықтары мен өңдеуші кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнатылады

26.07.2017

Алматы облысынан 65 студент Польшада тегін оқиды

26.07.2017

Петропавлда жазғы биатлоннан ел  чемпионаты аяқталды

26.07.2017

Қарлығаштың ұясы

26.07.2017

Кененнің домбырасы

26.07.2017

Лагерь алауы – бала қалауы

26.07.2017

Қырағы сақшылар қылмыскерлерді құрықтады

26.07.2017

Жамағат доп тебуден жарысады

26.07.2017

Экология проблемасы алаңдатады

26.07.2017

Қос отбасының қуанышы

26.07.2017

Қайырымдылық шараға қарттар дән риза

26.07.2017

Кездесу соңы – келісім

КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мұғалім беделі және репетиторлық

Қазір мектеп абыройы, мұғалім беделі туралы көп айтамыз. Бұрынғы орталықтандырылған білім беру жүйесі дәуір дамуына қарай әртарап­тан­ды­рылды. Соның бірі – ата-аналардың қалауына қарай түрлі тәсілдер бойынша ақшасын төлеп, репетитор жалдау.

Жанболат ҮСЕНОВ, Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры

Өңірлік қауіпсіздіктің ықпалды тетігі

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бірнеше страте­гия­лық қағидаттарға негізделген. Олар­дың бір бөлігі елдің ұлттық қау­іпсіздігін, қорғанысқа қабілет­тілігін және егемендігін жан-жақты қам­тамасыз етуге, өңірлік және жа­һан­­дық тұрақтылықты нығайтуға ба­ғытталған.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ток-шоу деген жақсы-ау...

Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықы­ласына бөленіп, өзіндік сыр-си­па­­тымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Та­сыған сияқты журналистер жүргізіп ке­ле жатқан ток-шоулар көпшілік көңі­лінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді тал­қылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған та­қырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Саудада да имандылық керек

– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, иман­дылықтың еңсесі еңкіш тар­т­қан кезде материалдық қа­жет­ті­ліктердің құны шарық­тайтыны заң­дылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Ұрланған құндылық және ұялы телефон

Астанада жасалған ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы, ең көп қол­ды болатын бұйым – қалта телефон. Іш­кі іс­тер министрлігі хабарлаған ақ­пар осындай. Лақтыр­­ған таяғың құ­қық қорғау­шы­ларға тиетін қалада осылай болғанда, басқа қалаларда да «ұялы­ның» ұрлығы көп болмаса аз емес сыңайлы. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу