UFC жайлы не білеміз?

Ережесіз жекпе-жек спорт түрінен әлемдік рейтингте «Ultimate Fighting Championship» яғни, UFC көш бастап тұрған тұжырым.
Егемен Қазақстан
02.06.2017 6243

Бұл спорттың негізін 1993 жылы АҚШ-та джиу-джитсу шебері Рорион Грейси мен Арт Дейви есімді бизнесмен қалаған. UFC 2006 жылдан бері жанкүйерлердің қызығуы бойынша телевизиялық сатылымда кәсіпқой боксқа бақталас болып келеді. Бұл спортқа кезінде АҚШ-тың әйгілі сенаторы Джон Маккейн қарсы шығып, кейіннен өзінің оң бағасын берген.

UFC-дің қазіргі басшысы – Дэйна Уайт. Бас кеңсесі – АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орналасқан. 

UFC – ережесіз жекпе-жек ұйымы. Ал «файтер» – шаршы алаңда жұдырықтасушы. Ережесіз деп аталғанымен өзге спорт сияқты өзіндік ережелері, қолдануға болмайтын іс-әрекеттері де бар. Мысалы, шаршы алаңда спортшылар бір-бірін тістеуге, көзден шұқуға, баспен соғуға, тырнауға, шаштан тартуға, желкеден, омыртқадан және кіндіктен төмен соққы жасауға тыйым салынған. Сайыс қарсыластардың берілуімен және жаттықтырушылардың тарапынан алаңға сүлгі лақтыруымен тоқтатылады.

Спортшылар чемпиондық белбеуге таласу кезінде бес минуттан тұратын бес раунд, титулды кездесулерде үш раунд жұдырықтасады.

«Файтерлердің» бұған қызығып, ұмтылу себебі әлем бойынша ережесіз жекпе-жектегі нөмір бірінші тұжырым. Соған жету жолында спортшылар барын салады. Бұны танымал болу, ақша табудың көзі ретінде немесе елдің атағын шығару ретінде қарастырады.

UFC тұжырымында қалай жұдырықтасуға болатынын білу үшін «Astana Fighters» клубының жекпе-жек шебері, панкратионнан әлем чемпионы, жуырда Астана қаласында өткен Fight Nights Global 65 турнирінің жеңімпазы Жасұлан Әкімжаннан сұраған едік.

«UFC-ге шығу үшін спортшы танымал, рейтингі жоғары және жанкүйерлері көп болуы керек. Сонымен қатар, WSOF, Bellator, ACB сияқты рейтингі жоғары тұжырымдармен келісімшартқа отырып, сегізбұрыш алаңында өзін жақсы қырынан көрсетсе немесе чемпион атанса өтуге болады. Қазір танымал промоутерлікте қазақстандық жігіттер де жоқ емес. Атап айтар болсам, ACB тұжырымында Арман Оспанов және One Championship-те Қайрат Ахметов бар».

Арман Оспанов, Қайрат Ахметовтен өзге әлемдік додаларда бақ сынап жүрген Ермек Тлауов, Қуат Хамитов, Ержан Естанов, Асулан Тоқтарбаев, Әділ Боранбаев, Ерлан Тілеуімбетов сынды қазақстандық танымал спортшылар да сынға түсіп жүр.

Спортшыдан бөлек, промоутермен тіл табысып, дұрыс келісім жасайтын – менеджер. Ол – қарсылас табу, ұйымдармен келіссөз жүргізу сияқты қызметті атқарады. Барлық мәселе сол менеджер арқылы шешіледі. Дүние жүзінде Әли Абдул Әзиз, Михаил Любимов, Ризван Магомедов сынды танымал әрі беделді менеджерлер бар.

Белгілі қазақстандық ММА «файтері» Ержан Естанов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Бәрінен де UFC-ге Арман жақын болған. Егер Оспанов АҚШ-та төрт-бес кездесу өткізіп, WSOF чемпионы атанса, оны UFC-ге алар еді. Қазіргі таңда, әлемнің ең мықты ұйымымен келісімшартқа отыруға жақын қазақ спортшысын кесіп атай алмаймын» деген еді.

Естеріңізге сала кетсек, Арман Оспанов допинг дауына байланысты ережесіз жекпе-жектен рейтингте үшінші орында тұрған америкалық WSOF ұйымымен дебюттік кездесуін өткізбей жатып келісімшартын бұзуға мәжбүр болған еді. Одан кейін төртінші орында жайғасқан ACB ұйымымен келісімшартқа қол қойды.

Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким бір сөзінде «Бізде талантты спортшылар өте көп, бірақ біз UFC-ге шығуға асықпаймыз. Оған шығу оңай, бірақ дәрежеңді ұстап тұру қиын. Түсінесіздер ме, біз оған шығудың жолын тапсақ та, спортшының деңгейі сәйкес келмей жатса, онда бір-екі жекпе-жектен кейін шегінуге тура келеді. Біз мұны қаламаймыз», деген еді.

Айта кететін жайт, бұған дейін UFC-де қытайлық қандасымыз Жұмабек Тұрсын бір мәрте жұдырықтасқан. Өкінішке қарай, сол шайқаста Америка «файтері» Маркус Бримэджден жеңіліп қалған болатын.

Азамат МӘУЛЕНҰЛЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседі

18.07.2018

Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады

18.07.2018

Сыр өңірінде жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Қазақстандық суретші Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын жеңіп алды

18.07.2018

Әміре ауылындағы той

18.07.2018

Қызылордада АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

18.07.2018

Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді

18.07.2018

Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр

18.07.2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

18.07.2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

18.07.2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

18.07.2018

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты

18.07.2018

Ханшалар киген қасаба

18.07.2018

Степ­ногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды

18.07.2018

Алматыда Кореямен бірлескен клиника ашылды

18.07.2018

Шекара туралы толғау

18.07.2018

Қытай елінің айшықтары

18.07.2018

Тұманды сейілткен «Талан

18.07.2018

Мағжанның «Батыр Баяны»

18.07.2018

Жеткіншектер сауықтыру лагерінде өз-өзін жетілдіре түсті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу