Ұлт тәрбиешілерінің ұстаханасы

Егемен Қазақстан
29.11.2016 139
Біз қашаннан «дүниенің кілті – оқу-білімде» деген ата сөзін ұстанған, табиғатынан жаны білуге, үйреніп-түюге құмар халықпыз. Сондықтан сөзімді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «... Ел байлығы деген не, ол – білім, ол – жаңа технология, ол – бәрінен бұрын отаншылдық сезім» деген сөз маржанымен бастағым келіп отыр. Халқымыз үшін Президенттің аузынан шыққан осынау қадау-қадау ойлардың қасиеті ешқашан ескірмейді. Ойландырады, толғандырады. Жылдармен жаңаланып, заман талабынан көрініп келе жатқан облыстағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі – Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі. Тарихы да, тәжірибесі де бай білім шаңырағы жарты ғасыр бойы сапалы кәсіби мамандар даярлау ісімен айналысып келеді. Мұғалім даярлау – мемлекеттің алдыңғы қатарда дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурс, себебі мұғалім мемлекеттің зияткерлік капиталының іргетасын қалайды. Осы аксиоманы жете түсінетін Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұжымы 50 жылдық тарихында еліміздің білім саласына жиырма екі мыңға жуық мұғалім мамандар берді. Халық даналығында «Өткеніңді ұмытпасаң, болашағың жарқын болады» деген сөз бар. Өзінің жарты ғасырлық тарихында халықтың ықылас-пейіліне бөленіп, облысымыздағы беделді оқу орнына айналған колледж көпшілік сенімінен шыға білген, ел өмірінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білім ордасы. Колледж тарихын екі кезеңге бөліп қарастыратын болсақ, бірінші кезең құрылғаннан еліміздің тәуелсіздік алғанына дейін, екінші кезең тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдерді қамтиды. Елімізбен тағдырлас білім ордасы мемлекетімізбен бірге жетіліп, өркендеп, жылдан жылға өрістей даму үстінде. Бүтіндей бір елдің қаншама буын ұрпағын тәрбиелеп шығарған киелі қара шаңырақтың ел тарихындағы алатын орны ерекше. Қазақ елінің біртуар перзенттері, көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері Дінмұхамет Қонаев және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Мәсімхан Бейсебаев қол қойған қаулы негізінде 1966 жылдың 4 мамырында Қазақ КСР Жоғарғы және орта білім беру министрлігінің № 344 бұйрығына сәйкес педагогикалық училище өз жұмысын бастады. Алғашқы түлектерін оқуға қабылдап, оларға 14 оқытушы дәріс берген еді. Бастапқы қалыптасу кезеңінде оқу орнының қиындығы мен ауыртпалығын көтеріп, басшылық жасаған алғашқы директоры В.Д.Помогалов болды. Одан кейінгі жылдарда білім ордасын өркендетіп, керегесін кең ұстаған Владимир Сагалов, Жұмақан Букаев болса, білім мекемесін келесі кезеңдерде абыроймен басқарған Нұрхан Бектасова, Қасымалы Темірғалиев, Тоққожа Естенов сынды басшылар колледжге сіңірген ұшан-теңіз еңбектерімен ел есінде сақталды. Жыл өткен сайын білім мекемесінің оқытушылар құрамы ұлағатты ұстаздармен толығып, материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкіндіктері де арта түсті. Училище кеңес одағы кезінде де орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында Бүкілодақтық жарыстарға қатысып, 1984 ж. КСРО ОК мен БОКОК-тің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алып, оқу орнын Одаққа танытқан болатын. Ұлағатты ұстаздар салған сара жол әрі қарай заман талабы мен нарық сұраныстарының қажеттілігіне сай өз жалғасын тауып келеді. Колледжді қалыптастыруға өлшеусіз еңбек сіңірген директор, оқу-ағарту саласында аянбай еңбек еткен айтулы педагог Нұрхан Сүттібайқызы Бектасованың есімі оқу орнының шежіресінде алтын әріптермен жазылды. Білікті де білімді басшы мемлекетіміз үшін қиын-қыстау кезеңде қажырлы еңбегінің арқасында колледждің тәжірибелі оқытушыларын, материалдық базасының басым көпшілігін сақтап, ақылы негізде оқитын топтарды ашу арқылы ұжым мүшелеріне жұмыс істеуге мүмкіндік жасады. Сонымен қатар Қазақстан өз тәуелсіздігін алған жылдары педагогикалық училище аттестациядан үздік өтіп, 1993 жылы педагогикалық колледж болып атауы өзгертілуіне де өзіндік ықпалын тигізді. Оқу орны тарихының жарқын бір беті – Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Тоққожа Естеновтың есімімен тікелей байланысты. Колледждің жаңа мамандықтар бойынша білім беруі, колледж атауы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі болып өзгеруі, колледж ғимаратының күрделі жөндеуден өтуі, материалдық-техникалық базасының нығайтылуы, колледж мұражайының, «Сақ» дизайн студиясының ашылуы – киелі шаңыраққа шынайы иелік жасаған Тоққожа Естенұлының басшы ретіндегі ерен іскерлігінің жемісі. Іскер басшы Тоққожа Естенұлы Естенов педагогикалық ұжымды замануи үрдістерге бағыттай отырып, білім берудің мазмұны мен формасына жаңашыл өзгерістер енгізу арқылы әлемдік білім берудің инновациялық, ақпараттық-технологиялық жүйесіне бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыруда өлшеусіз үлес қосты. Қасиетті білім шаңырағына айналған колледжде болашақ маман тәрбиесіне ғұмырын арнаған, халқының игілігі үшін жанын сала еңбек еткен азаматтар аз емес. Олардың өнегелі еңбек жолы мен жарқын есімдерін біз ұдайы құрметпен еске аламыз. Колледж ұжымы заманауи үдерістерге үн қосып, республика деңгейіндегі жобаларды оқу үрдістеріне енгізу арқылы болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, рухани-адамгершілік құндылықтар аясында тәрбиелеуге ерекше назар аударады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген кемел мінезді, ойы, сөзі және ісі бірлікте болатын адам тәрбиелеу – қазіргі қоғамның басты міндеті. Осыған орай Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы №346 бұйрығына сәйкес «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру қанатқақты жобасы негізінде жұмыс істейтін ұйымдарының тізіміне Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі еніп, колледж базасында «Алматы облысы бойынша тәрбие мен рухани-адамгершілік білім беру серіктестерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін құрылып, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр аудандарында жемісті жұмыстарын бастап кетті. Бүгінгі таңда Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі республика көлемінде ғана емес, әлемдік деңгейде танымалдыққа ие болды деп нық сеніммен айтуға болады. Оның жарқын дәлелі – колледждің тәжірибе алмасу, тарату мақсатында Америка Құрама Штатында өткен «THE SYSTEM OF EDUCATION IN THE USA» атты семинарға, 2013 жылы Ұлыбританияда өткен теориялық-практикалық семинар жұмысына, сондай-ақ 2015 жылы Францияда «Конкорд» Халықаралық академиясы және ФИДЖИП Халықаралық Федерациясының ұйымдастыруымен өткен жазғы конференцияға қатысып, «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқыту ерекшеліктері» жобасын ұсынуы және INSAM Жоғары бизнес және басқару институтының (Швейцария) жүргізген аналитикалық зерттеу қорытындысы бойынша «Ең үздік білім беру мекемесі» «Золотая сова» халықаралық құрмет сыйлығына ие болуы. Сондай-ақ, Халықаралық Ұлттық бизнес-рейтингтер одағының жүргізген сараптамалық зерттеу қорытындысы бойынша әлеуметтік және зейнетақы қорларына салықтар мен аударымдарды адал төлеп, өз қызметкерлеріне қамқор болып, кәсібилікке негізделген экономиканың жаңа типін қалыптастыратын кәсіпорын ретінде Алматы облысының кәсіпорындары ішінде Алтын рейтинг тізімінде жүлделі І орынға ие болып, «Сала көшбасшысы – 2015» ұлттық сертификатқа ие болдық. Ал соңғы он жылдың ішінде 2 мәрте Алматы облысы әкімінің бастамасымен өткен «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» байқауының 2010, 2016 жылғы жүлдегері атандық. «Ұлт тәрбиешілерінің ұстахана­сы» атанған Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі өзінің 50 жылдық даму тарихында маңызды өзгерістерге қол жеткізді, жаңа тұрпатты білім ордасына айналды. Бүгінде білім ордасынан тәлім алып, еліміздің түкпір-түк­пі­ріне қанат қаққан әрбір түлегіміз бар жиған білімдерін жас ұрпаққа, өз халқының игілігіне арнағаны ақиқат. Оқытушылар құрамы сандық әрі сапалық жағынан өсті. Республикамызға танымал іргелі білім ордасында 162 оқытушы жемісті қызмет атқарады. Олардың 48-і жоғары санатты, білікті ұстаздар, 1-і «Халық мұғалімі», 19-ы Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері, 4-і «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі». Болашақ мамандарға сапалы білім алуға жағдай туғызу мақсатында колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдірілуде. Білімді ақпараттандыру бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңартудың негізгі жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Оқу кабинеттері жаңа технологиялық, ақпараттық құралдармен жабдықталған. Колледжде 47 кабинет, 4 зертхана, әр мамандықтың қажетіне сай бөлінген 300 компьютер, интернет класс, 30 интерактивті тақтамен жабдықталған оқу және мультимедиа кабинеттері, интернетке қосылуға мүмкіндік беретін wi-fi нүктелерімен кеңінен пайдаланылуда. Сонымен қатар колледж асханасы, спорт кешені бар. Оқу ғимаратының кіре берісі мен мәжіліс залында замануи LED экрандар орнатылған. Аталмыш құрылғылар тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың тиімділігін арттыруда. Жұмыс барысында қол жеткізген жетістіктеріміз үлгілі ұстаздарымыздың, ұжымның ерен еңбектерінің жемісі. «Ұйымдаса білген – ұтады» деген халқымыздың тәмсіл сөзіне ден қойсақ, жұмысы жүйелі жоспарланған, алар межесі анық айқындалған жерде жеңіс те, жеміс те болатынын бағамдаймыз. Сондықтан білім саласындағы атқарылуға тиісті түрлі іс-шараларды жүйелеп, зерделей отыра жүргізсек, әлі де талай биіктерге көтерілетініміз анық. Гүлнар ЖОШИБАЕВА, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, Бейбітшілік әлемі халықаралық «Халық мұғалімі» медалінің иегері, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы, «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» МҚК директоры
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

18.10.2018

Венгрияға баратын балуандар белгілі

18.10.2018

Қыздар университеті туған жерге тағзым етіп қайтты

18.10.2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

18.10.2018

Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

18.10.2018

Д. Кәлетаев Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдар республикаға үлгі екенін айтты

18.10.2018

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

18.10.2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

18.10.2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

18.10.2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

18.10.2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

18.10.2018

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу