Ұлт тұлғасы

Бұл дүниеге кімдер келіп, кімдер кетпеген?! Солардың ішінде ұлттың намыс қайратына айналған тұлғалар ғана халық жадында қалады. Олардың орны қанша уақыт өтсе де ойсырап тұрады. Мұндай адамдарды отбасы ғана емес, ұлты жоқтайды. Сондай кесек тұлға, ірі тұлға – Мүсілім Базарбаев екендігі даусыз.
Егемен Қазақстан
19.05.2017 1376

Мүсекең қазақтың атын шығарған ірі мемлекет және қоғам қайраткері. Ол – ең әуелі әдебиетші-ғалым, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының екі дүр­кін директоры, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мәдениет және Сыртқы істер министрі дең­гейіне дейін көтерілген ұлт­жанды азамат, «тар жол тайғақ кешуден» өткен қайраткер.
ХХ ғасырдың екінші жар­ты­сындағы әдеби-рухани сала­да Мүсілім Базарбаевтың есі­мі ерекше құрметпен аталуы заңды құбылыс. Бірақ солай бола тұрса да, Мүсі­лім Базар­баев адамдардың бойын­дағы қыз­­ғаныш пен көреал­мау­шы­лық сынды қатерлерді бас­тан өткерді. Бірақ сынбады, Тола­ғай­дай өрге шықты, артына өшпес мұра қалдырды.
«Заманың тым қатыгез еді, сондықтан шығар, сен де қатал принциптің  адамы болдың. Тұғыр-тұрғыңнан тайған жерің жоқ. Пендеге бас имейтін, көл­гір­суді білмейтін ар едің, ер едің. Қара қылды қақ жарған әділ едің...
...Өмірдегі өзіңді емес, өзің­дегі өнерді сүйдің... Хал­қы­ңа, халқыңның ғылы­м­ы­на, әдебиетіне, мәдениетіне қызмет еттің... Халқың сені ұмыта қоймас».
Бұл сөздерді Мүсілімнің жан досы, академик Зейнолла Қаб­долов жаны жылап соңғы сапарға шығарып салып тұр­ғанда айтып еді.
Мүсілім Базарбаев ежелден Сыр сүлейлері мектебі қалып­тас­қан, қамысына дейін ән салып, терме айтатын қасиетті Қызылорда өңірінің  Сыр­да­рия мекенінде дүниеге келді. Бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих-филология факультетінің журналистика бөлімін бітірді. Осылай әдебиет деген сиқырлы әлемнің есігін ашты. Ашты да төрінен бір-ақ шықты. Бірақ ол жол білімділік пен білік­ті­лік­тің, парасаттылық пен па­йымдылықтың арқасын­да ғана Мүсілім сынды жас ғалымның бағын ашты. Қос тілде бірдей сөйлеп, бірдей жазатын Мүсілім Базарбаев ең әуелі қазақтың біртуар ұлдары, академиктер Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов және Асқар Қонаевтың көзі­не түсті. Академик Әбдуәли Хайдаров ағамыз Мүсілім  Базар­баевтың 8 қыры туралы тамаша жазған ғой:
1. Тән сұлулығы; 2. Жан сұлу­лы­ғы; 3. Ақыл-параса­­т­ы; 4. Мі­нез байлығы; 5. Ғұ­лама ғалым­ды­ғы; 6. Ұла­ғат­­ты ұс­таз­­дық; 
7. Ел басқа­ру қа­­білеті; 8. Мем­лекет қайраткерлігі.
Құдайым-ау, осыншама қа­сиетті бір адамның бойына бере салған тәңірге рахмет! Ал мұн­дай қадір-қасиет қайдан кел­ді?! Оның түп-тамыры қайда?!
21 жасында университетті бітіріп, әдебиетті зерттеу ісі­не араласқан кезде бұл бір толқын болып келген жас ғалым­дар шоғыры еді. Мүсілім Базар­баев, Зейнолла Қабдолов, Серік Қирабаев, Зәки Ахметов, Тұр­сынбек Кәкішев, Нығмет Ғаб­дуллин, Шерияздан Елеу­кенов, Жұмағали Ысма­ғұлов, Айқын Нұрқатов, Қал­жан Нұрмаханов, Баламер Сахариев, Медеу Сәрсекеев, Әнуар Дербісалин, Мырзабек Дүй­сенов, Сейділдә Ордалиев, Әбділхамит Нарымбетов сынды жас ғалымдар өртеңге шыққан гүлдей жарқ етіп көрінді. Және олар қазақ әдебиеті тарихын­да әрқайсысының бөлек орны бар тұлғаларға айналды. Өмір­ден өткен, бүгінде қасы­­мызда жүрген Серағаң мен Шерияздан аға әдебиет май­данына жарыса келіп, әр­қай­сысы өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды.
Бұл топ бірін-бірі қайра­ды, бірін-бірі жетілдірді. Жары­са жазу, ұлттық мәселелерді көтеру олардың ортақ мұрат­тары­­­на айналды.
Мүсілім Базарбаев Мәс­кеу­дегі қоғамдық ғылымдар ака­демиясын бітіріп, 1955 жылы ғылым кандидаты болып орал­ды. Бұл жас ғалымның бағын ашты. 1956-1961 жыл­дары Тіл және әдебиет инс­ти­туты директорының орын­ба­сары, Тіл білімі жеке инс­ти­тут болып шыққаннан кейін 1961-1970 жылдары М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­ти­тутының директоры болып қызмет етті. Бұл жылдар Мүсі­лім Базарбаевтың есімін халық­қа кеңінен танытты. Ол ұлы Абай, ғасыр Гомері Жамбыл, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғысы» келген Сұлтанмах­мұт туралы ойлы мақа­ла­­ларын жариялады. Қан­дай ғылым бол­масын өз зама­ны­ның сөзін сөйлеуге тиіс бол­ды. Сондық­тан да, Мүсі­лім Б­азар­баевтың «Қазақ совет поэ­зиясындағы еңбек тақырыбы» атты кандидат­тық диссертациясы дәуір тала­бына сәйкес жазылды. КПСС Орталық Комитеті жанын­дағы қоғамдық ғылымдар акаде­мия­сы қабырғасында қорғалған дис­сертация болған соң ол бір жағынан кеңестік жүйе­нің идео­логиялық сұра­нысына жауап бе­ру­ге тиіс болатын. Мүсекең Сәкен Сей­фул­лин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсі­­­репов, Асқар Тоқма­ған­бетов, Тайыр Жароков, Қасым Аман­­­жолов, Әбділдә Тәжі­баев, Жұ­­бан Молдағалиев сын­ды алып­­­тардың шығарма­шылығын те­рең зерттеп, образдар жүйесін са­ра­­­лап, олардың көркемдік қуа­ты­­­на теориялық тұрғыда баға берді. 
Осы кезеңде Мүсілім Базар­баев үдере жазды. Бірінің арты­нан бірі жалғасып «Образ чело­века труда в казахской поэзии» (1961), «Живые тра­ди­ции» (1962), «Әдебиет және дәуір» (1966), «Қаһарлы күн­дер әдебиеті» (1968), «На­цио­­нальные традиции и нова­торство» (1973), «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (1973), «Эстетическое богатс­тво нашей литературы» (1976), «Советтік Шығыс ха­лық­тары әдебиетінің шетел­дік «сарап­шыларына» сын» (1984), «Ерлік пен еңбек дас­таны» (Ә.Нарымбетовпен бірге, 1984). «Көрікті ойдан – көр­кем сөз» (1994), «Казахская поэ­зия: художественные иска­ния (к традициям Абая)» (1995), «Замана тудырған әдебиет» (1997) атты зерттеулер өзінің өзек­­ті­лігін әлі де жойған жоқ. Осын­­шама, қыруар еңбек жаз­ғаны­мен Мүсілім Базар­баев өзі тікелей ғылыми мекемені бас­­қ­арып жүрсе де докторлық дис­­сертациясын 16 жылдан кейін қорғауының сыры неде? Док­торлық диссер­тация­сын да Мүсекең Алма­тыда емес, Мәс­кеуде Шығыс­тану инс­титутын­да «Қазақ поэзиясын­дағы ұлт­тық дәстүр мен жаңа­шыл­дық» деген тақырыпта қорғады. 
Мүсілім Базарбаев тұсында іргелі зерттеулер галереясы жасалды. Олар «Қазақ совет әдебиеті тарихының очерк­тері» (1950-1960), «Қазақ әде­биеті­нің тарихы» (1960-1970), Мәскеуден шыққан «Очер­ки истории казахской лите­ратуры» (1960) мен «История много­национальной советской лите­ратуры» болатын. Мүсі­лім Базар­баевтың редактор­лығы­мен және алғы сөзі­мен  С.Сей­фул­линнің шығар­ма­лар жина­ғы, М.Әуезовтің 12 томдық шығар­малар жинағы жарық көрді. 
1962-1966 жылдар аралы­ғында «Ақындар айтысы», «Қыз Жібек» жыры­ның қазақ, орыс тіліндегі  ғылыми басылы­мы,  «Батыр­лар жырының» үш томдық ғылыми басылы­мы,  «Айтыс»  жинағының 1-3 том­­дары, «Көрұғлы»,  «Бір­жан – Сара» айтысы, «Сә­бит Дөнен­таевтың шығар­машылық жолы», «Халық ақыны С.Жанға­былов­тың бір томдық таңдама­лы шығармалары», «Қазақтың 100 шешендік сөзі» тұңғыш рет оқырманға жол тартты. Сонымен бірге, КСРО және Қазақ КСР Орталық ғылыми кітап­ханаларынан, сондай-ақ Москва, Ленинград, Қазан қала­лары мұрағаттарынан қазақ әдебиеті мен тарихына қатыс­ты 95 сирек кітап пен 40-қа жуық түрлі қолжазбалар алын­­ды. Осылайша кейін 100 том­­дық «Ба­балар сөзі» болып шық­­қан үлкен жобаның бастауы жасалды. 
Әрі Мүсекең 1954 жылдан бас­тап замандас достарымен бір­ге 10-класқа арналған «Қа­зақ совет әдебиеті» оқулы­ғы ав­торл­арының бірі болды. То­лық­­ты­рылып, түзетілген осы оқу­­лық 1989 жылы 11-класқа арна­­лып қайта жазылды да, 1994 жыл­д­ан бері бірнеше рет басылды.
Академик Серік Қира­баевтың жазуына қарағанда, Мүсекең 300-ден астам мақа­ла мен жиырмадан астам моно­графия жариялапты. 
Кесек тұлғалы, терең білімді Мүсілім Базарбаев қоғам және мемлекет қайраткері ретінде де өз халқының ұлтжанды азаматы ретінде есте қалды. Ол 1970-1976 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет ми­нистрі болып қызмет ат­қар­­ды, Жоғарғы Кеңестің депу­­таты болды. Осындай сын­дарлы жылдарда қазақ мәде­ниетінің өркендеуіне, осы саланың дамуына ерекше үлес қосты. Үкімет мүшесі ретін­де іргелі мәдениет ошақ­тары­ның бой көтеруіне ық­пал етіп қана қоймай, оны дер кезінде пайдаланып қада­ғалады. Айтуға оңай болғанымен, бүгінгі күнде де ұлттық мақтанышымыз­ға айналып отырған Алматы­дағы Ұлттық кітапхана ғимара­ты, Қазақтың М.Әуезов атын­дағы академиялық драма театры, актерлер үйі, сурет галереясы, театр институтының консер­в­ато­риядан бөлініп жеке отау тігуі қазақтың мәдени руха­ниятындағы құбылыс бол­ды. Осы кезеңде қазақ драма­тур­гиясы ерекше дамыды. Министрлік жанындағы театр бөлімі, репертуарлық колле­гия жұмысы жолға қойылды. Қазақтың белгілі театр сын­шысы Мүсілім Базар­баев тұ­сында, 27 жасында театр бөлі­мін басқарған, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Әшір­бек Сығай естелігінің бір пара­сын жеткізгім келіп тұр.
1974 жылы суреткер, дәуір қайраткері Оралхан Бөкейдің академиялық драма театрын­да «Құлыным менің» спектак­лі қойылды. Бірақ өндіріске жіберу алдында үлкен талас жүреді. Сол саланың мамандары мұндай шығарманың қоғамға жат екендігі және оның сахналануы жастардың ой еркіндігіне әсер етуі мүмкін деген «сәуегейлік» жасады. Мәселенің ушыққаны сондай, ол Қазақстан Компартиялы Орталық Комитетіне дейін жетеді. Идеология хатшысы алдында пьеса талқыға түседі.
...«Сол екіталай күндерде, Мәдениет министрі Мүсілім Базар­баев пен Орталық Пар­тия Комитетінің Мәде­ниет бөлімінің меңгерушісі Михаил Есенәлиев театр ұжымы жағы­на шығып жас творчество ие­лерін қор­ғай, қолпаштай отырып, қаймық­пай, кібіртіктемей өз­дерінің кесек­ті сөздерін тұжы­рымды шешімдерін батыл білдірді. Сол-ақ екен, у-шу сап тыйыл­ды», – деп жазыпты мар­құм Әшір­бек Сығай. Ал Мүсе­кең­­нің қоластында, репер­туар­­­лық коллегияда төрт жыл қызмет істеген, ақын, Қа­зақ­стан Жазушылар ода­ғы­ның төр­ағасы Нұрлан Ораза­лин айтқан мына бір пікір М.Ба­зар­баевтың табиғи тұлға­сын таныта түседі ғой деп ойлаймын.
«...Репертуарлық колле­гия айтыс-тартыс, дау-дамай, өкпе-реніш Мүсекең­нің сөзімен айтқанда, драма­тургия маңы «драма­лар» жиі болатын жер еді. Пьесалары өтпей жатқан ағайындар Орталық Комитетке, ми­нистр­ге ара-тұра арыз айтып, шағым түсіп жататын... Мүсе­кеңнің пьеса қабылдау ісіне орынсыз араласып, тізе батырған бірде-бір сәтін көр­ген емеспін. ...Қара қыл­ды қақ жарған төрелігін репер­­туар­лық коллегия мен коллегия жанын­дағы репер­туар­лық кеңес құзырына тапсы­рып отыратын. Ақша­лы жердің «айқайын» Мүсе­кең осылай басушы еді». 
1976-1981 жылдары Мүсі­лім Базарбаев Қазақ ССР Сырт­қы істер министрі болып қызмет атқарды. Әрине, тота­литарлық жүйе тұсында Қазақ­стан өз елінің сыртқы сая­сатын жеке дара жүргізе алма­ғанымен шетелде қазақ әде­биеті мен өнерін танытуға біршама талпыныстар жасалды. Мүсілім Базарбаев Шве­ция, ФРГ, Индонезия, Че­хия, Да­ния және Конго сияқ­ты ел­дер­де Кеңестер Ода­ғы­ның аты­н­ан сөз сөйледі, қазақ елі­нің дип­­ло­матиялық мек­тебін қа­­лып­­тас­тыруға ерекше еңбек сіңірді.
Он жылдай таза әдеби-зерттеу жұмыстарынан шет­тен қалған Мүсілім Базар­баев 1981-1986 жылдар аралы­ғында Мұхтар Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­титутында қайта директор­лық қызмет атқарды. Және бұл кезең ұлттың өрлеу кезеңі­мен тұспа-тұс келді. Ол іргелі ғы­лыми жобалармен айналысты.
Әрине, Мүсілім Базарбаев­тың еркін көсіле жазған тұсы билік-мансапты тапсырып, бөлімді басқарған 1986 жыл­дан басталды. Бұл кезең Тәуел­сіздіктің алдындағы ұлттық жаңғыру кезеңімен тұспа-тұс келді. Үлкен саясаттың ішкі архитектурасын жетік білетін Мүсілім Базарбаев ұлтжанды азамат ретінде тәуелсіздік алған тұста көрегендік пен саяси ұстаным жасады.
Баяғы Кеңес өкіметінің ал­ғаш­қы жылдарында «Біз қан­дай мұрадан бас тартамыз» деген ұран тасталғаны сияқты, тәуел­сіздік тұсында да кей­бір әдеби-ғылыми топ Кеңес Ода­ғы тұсында жазылған зерт­теу­лер мен шығармалардан бас тарту туралы қоғамдық пікір ту­ғызды. Академик Серік Қи­ра­баев, Зейнолла Қаб­долов, Зәки Ахметов, Мүсі­лім Базарбаев, Тұрсынбек Кәкі­шев бір саяси өлшемді ұсын­ды, ол кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің табыстары мен кем­шіліктерін қайта сараптаудан өткізіп, ұлт кәдесіне жарату концепциясы еді. «Әдебиетті қайта оқу» концепциясын Серік Қирабаев, ал Мүсілім Базар­баев жеке туындылар мен ав­торларды жаңа дәуір тұр­ғы­сынан бағамдау принци­пін ұстанды. Осылай ұраншыл­дықты, ұқыптылық пен ұлтжан­дылыққа ауыстырды. 
«...Ол дәуірге жиіркене қара­мау керек... Дәуір туғыз­ған қалып үшін көркем сөз адамын кінәлау мүмкін емес. Тек сол кездің көркемдік туынды­ларын ыждағатпен зерттеп тиіс­ті бағасын беру керек», – деп жазды сол тұста Мүсілім Базар­баев. Осылай Мүсілім Базар­баев жетекшілігімен «20-30 жылдардағы қазақ әдебие­ті» және «40-50 және 60-жыл­дар­дағы қазақ әдебиеті» ат­ты зерттеу кітаптары жа­рық көрді. Ол Алаш әдебиет­ші­ле­рі­нің жазықсыз құрбан бол­ған арыстарының шығарма­шы­­лығын ақтау ғана емес, жа­рия­­­­лау мен зерттеу тұрғы­сы­нан да жалғасты. Әлихан Бө­кей­­хановтың, Шәкәрім Құ­дай­­­бер­диевтің, Жүсіпбек Ай­­мауытов­­тың, Мағжан Жұм­а­баев­­тың шығармаларын ақтау тұрғы­сында уақытпен санас­пай еңбек етті. Әлихан Бө­кей­ханов пен Мағжан Жұ­ма­баев сынды Алаш қайрат­керлерінің шығармалар жинағын шығаруға басшылық жасап, кітаптарына зерделі де пайымды кіріспе сөз жазды. 
Жас ізденуші Сұлтан-хан Аққұлұлына ғылыми жетекші болып, Әлихан Бөкейхан­ұлының шығармашылығынан кандидаттық диссертация қор­ғатты. «Құдіретті өлең әлемі» атты монография  жа­зып, Мағ­жан­ның ақындығын эсте­­тика­лық талғам мен сөз өрнегі тұр­ғы­сынан зерттеп, ақын­ға шы­найы баға берді. Сон­дай-ақ, «Шәкәрім ақын» атты моно­гра­фиясы академик Серік Қира­баевтың сөзімен айт­сақ, «Көлемі мен мазмұны, тал­дау терең­дігі жағынан моно­гра­фия­лық зерт­теудің үлгісі болып табылады».
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ұлт қай­раткері Мүсілім Базарбаев өмірі – өнегелі өмір. Ол Әуезовтің ерек­ше сүйіспеншілігіне бөлен­ген шәкірті, аяулы інісі. Соған қарамастан ұлы Мұхтар Әуезов Мүсекеңді дос деп құрметтейді. 
«Қымбатты дос Мүсілім! Сенің хатыңды алып, өте риза болдым. Жылы сөздерің, жақсы тілектерің үшін саған көп-көп рахмет.
...Бұл хат Қазақстанның үлкен тойын тойлап жат­қанда барар, сенің коллективіңнің үлкен-кішісіне дос-жарандарға достық құшағымды жа­йып, сәлемімді жолдаймын. Жаңалықтар күтемін». 
Мұхтар Әуезов, 
17 маусым, 1961 жыл.
Москва-Кунцево  

Ал осының алдында 7 мау­сым күні Мүсілім Базарбаев ұлы Мұхтардан хат алып еді. 
«Қымбатты Мүсілім! Кеше­ден бері Москваның сыртында Кунцеводағы Кремль ауруханасындамын. Бүгін екі дәрігер қарады. Ең тәуір мамандарды шақырып, жақсы консультация жасаймыз дейді. ...Қалай болғанда да еліміздің ең жақсы ауруханасындамын ғой, олар қандай ұсыныс жасаса да, мен келісімімді беремін». 
Мұхтар,
7 маусым, 1961 ж. Москва

Мұндай жан сырын Мұхтар Әуезов шәкірті, інісі, жас болса да досқа айналған 34 жасар Мүсілім Базарбаевқа жазып отыр. Ал ондай құрмет­ке Мү­сілім Базарбаев ғылымд­ағы, өмір­дегі тазалығы мен парасат­ты­лы­ғы арқылы ие болғаны бел­гілі. Сол ауруханадан өмірі үзілген Мұхтар Әуезов қабірі басында Мүсекең:
«...Мұқаңның орнын әлі көп жоқтармыз, ол жөнінде талай сөз айтылар. Бірақ бүгіннің өзінде оның орасан алыптығы, зәулім биіктігі бірден көрініп отыр. Оның білімі, сезімі, жеке басының мәдениеті, жоға­ры парасаттылығы, өресі биік­тігі жаңа бір ерен адамның тұлға­сын байқатушы еді. Сол сом тұлға тарих белесінде өткен мен болашаққа бірдей көріне­тін мұнарадай биіктеп еді. Қазір қымбатты Мұхаңнан айырыл­ған шақта сол мұнара одан әрі биіктей түспесе, аласармайды. Қазақ халқының өзі өз болып бір салған көз тартар күмбезі есебінде барша жанды бас идіреді, сүйсіндірді, өйткені оның аты – Ұлы Мұқаң», – деп тебіренді. Міне, ұлы ұстазбен қоштасу сәті осылай болып еді. 

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, 
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының дирек­торы, ҰҒА кор­респондент-мүшесі, филология ғылым­дарының докторы,  Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

17.11.2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу