Ұлттың танымдық сөздігі

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне тарту ретінде, қазақ этногра­фия­сының алты тілде, нақтылай түссек, қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб тілдеріндегі қысқаша сөздік күні кеше ғана жарық көріп, елордадағы Ұлт­тық академиялық кітапханада тұсау­кесер рәсімі өтті.
Егемен Қазақстан
12.07.2017 598

Сөздікте салт-дәс­түр ұстаным­дары­мыз, тұрмыс-тірші­­лігіміз, киім үлгі­леріміз, құрал-сайман­дары­мыз, үй жиһаз­дарымыз, той-думан кезін­­дегі әдет-ғұрыптарымыз, тағы да бас­қа халықтық қалыптарымыз жинақталыпты. 
Алғашқы сөзді академик Ғарифолла Есім алып, Елбасы Н.Назарбаевтың халық­аралық көрмені өткізудегі мақсаты елордаға ел жинау еді. Ол ниеті орын­далды. Қазір Астанамызға жүз­де­ген мемлекеттер, ондаған ұйым­дар келді, деп атап, соларға тарту ретін­де ұсы­ны­­лып отырған сөздік туралы қыс­қаша баян етті. Авторларға сөз тигенде, Қазақстан Педагогика ғылым­дары ака­де­миясының президенті Асқар­бек Құсайынов, бұл сөздікті құрас­тыру қысқа мерзімде жүзеге асқанын, 1100 сөздің жинақталғанын, 500-ге тарта кітапты ЭКСПО-ны ұйым­дас­тыру­шыларға тегін бергенін айтса, Әлімхан Жүсіпбек ұлт бейнесін танытатын сөздердің таңдаулылары ғана жинақталды десе, Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі Мирболат Жақыпов, халықты таныстырып, табыс­тыруда сөздіктің рөлі қашанда жоғары екеніне мысалдар келтірді. Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі идеясын ЭКСПО-ға келіп жатқан шетелдіктерге осы сөздіктегі ұғымдар арқылы Отаны­мыздың тіл байлығын танытамыз, сонымен бірге, бұл сөздік мамандар мен студенттерге де таптырмайтын құрал, деді. 
Оразгүл Асанғазы сөздік, өзге ұлт­тарды қойып, өзіміздің қандас­тары­мызға да септігі тиетінін тілге тиек етті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов қазір жастарға кітап бояуының «иісін» сездіру қиын болып бара жатқан заманда, бұл сөздік ұлтты танып-білем дегендер үшін таптырмас жәдігер екенін жеткізді. Белгілі ғалым Шәкір Ыбыраев сөздіктің жарық көруі рухани өмірдегі елеулі оқиға екенін атап, «Біз кімбіз?» десек, осындағы сөздер арқылы тек-тамырымызды айтатынымызды, бар болған соң осындай дүние жарық көріп отырғанын, ендеше Қазақ елін ЭКСПО арқылы тануға келген жұрттарға осы кітапты беруге болатынын еске салды. 
Академик Болат Көмеков жаһан­дану заманы елді бір қалыпқа салуға ұмтыл­ған тұста, ұлтты сақтап қалу жолын­дағы талпынысқа мұндай сөздік­тің қосары мол екенін, Еуропаны мекен еткен мажарлықтар 1986 жылы ұлт тілінің 6 томдық этнографиясының энци­клопедиялық сөздігін шығару арқы­лы ұлт болмысын сақтап қалуға талпын­ғанын үлгі етіп, келешекте қазақ сондай этнографиясының энциклопедиялық сөздігін шығару керектігін еске салып, мұндай рухани құндылықтар 2000 данамен емес, көп таралыммен жарыққа шығып, әр отбасының төрінде тұру керектігін атады. 
Алты тілде жарық көрген сөздіктегі ұлтымыздың бет бейнесі саналатын аталы ұғымдарды оқып отырғанда ойымызға Әлихан Бөкейхановтың: «Қазақ надан, қазақ көшпелі, қазақ мәдениетсіз, қазақ жоғалып кетеді, бұған жер неге керек», – деп оттаған дұшпандар бар», – деген сөзі ойға орал­ды. Шынында, қазақтың бай тілі­нің бағы тәуелсіздіктен кейін жар­қырай түсті. Соның бір дәлелі қазақ этно­графиясының сөздігі дер едік. 

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Қ.Тоқаев: Атырау облысы – ел экономикасының флагманы

23.05.2018

Жаңаөзенде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

23.05.2018

Маңғыстауда өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды

23.05.2018

Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді

23.05.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті

23.05.2018

Менингиттен қалай қорғану керек?

23.05.2018

«Баян сұлу» жобасының жеңімпазы анықталды

23.05.2018

Қазақ әдебиеті әлем тілдерінде сөйлейді

23.05.2018

Л.Гирш көпшілікке «Стихи о войне и мире» өлеңдер жинағын таныстырды

23.05.2018

Қазақстан Президенті қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті

23.05.2018

Қызылордада жасырын казино ашқан азамат ұсталды

23.05.2018

Сотқа жүгінбей татуласуға болады

23.05.2018

«Петропавл–Қорған» бағытындағы тас жолға 27 миллиард теңге бөлінбек

23.05.2018

Маңғыстауда сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты талқыланды

23.05.2018

Петропавлда омарташы мамандар оқытыла бастады

23.05.2018

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

23.05.2018

«Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ

23.05.2018

«Арсеналға» жаңа бапкер келді

23.05.2018

Елбасы V халықаралық «KADEX-2018» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

23.05.2018

Алматыда «Жас өркен» жастар орталығы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу