Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,5 % деңгейінде сақтап қалмақ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізімен 10,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
17.07.2017 9985

Банк өкілдерінің айтуынша, жылдық инфляция деңгейі Ұлттық банктің болжамды бағаларымен сәйкес келеді және нысаналы дәліз шеңберінде қалып отыр, инфляциялық күтулер тұрақты деңгейде қалыптасқан. "Инфляциялық тәуекелдер жекелеген тауар нарықтарында туындайтын ұсыныс факторлары және сыртқы параметрлердің экономиканың дамуының базалық сценарийінен ауытқуы тарапынан болуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Соған қарамастан, болжамды инфляцияның орта мерзімді кезеңдегі баяулау траекториясы нақты пайыздық базалық мөлшерлеменің экономиканың әлеуетті қарқынына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді перспективада да, алдағы 12-18 айда да базалық мөлшерлеменің төмендеу ықтималдығын арттыратыны айтылады. "2017 жылғы маусымда жылдық инфляция 7,5 пайыз болды және Ұлттық банктің нысаналы дәлізі шеңберінде (6-8 пайыз) сақталып отыр. Инфляцияның ағымдағы жылғы 1-ші жартыжылдықта (3,7 пайыз) 2016 жылғы 1-жартыжылдықпен (4,6 пайыз) салыстырғанда едәуір төмен болуы, сондай-ақ жылдың басынан бері айтарлықтай баяулайтын және жалпы инфляциямен салыстырғанда айтарлықтай төмен деңгейде қалыптасатын баға күйзелістері мен ауытқу құрауыштары кірмейтін базалық инфляция көрсеткіштері инфляцияның төмендеу үрдісінің маңызды белгілері болып табылады. Базалық инфляция маусымда 6,8 пайыз (2016 жылғы желтоқсанда - 8,9% пайыз) болды", - дейді банк өкілдері. 

Азық-түлік нарығының жекелеген сегменттеріндегі ахуал соңғы айлардың қысқа мерзімді инфляциялық тәуекелі болды, алайда жаңа өнім кезеңінің басталуы азық-түлік бағаларының жалпы серпініндегі жағымсыз үрдістерді реттеді.  Сондай-ақ, халықтың инфляциялық күтулері 2017 жылдың басынан бері тұрақтылықты сақтап отыр екен. Маусымда инфляцияның бір жыл алға берілген сандық бағасы 6,4 пайыз болды және нақты инфляция деңгейінен төмен, сондай-ақ инфляция дәлізінің 2018 жылға арналған шегінде қалып отыр. Маусым айында жасалған пікіртерім нәтижелері қабылданатын жылдық инфляция мен халықтың бір жыл алға арналған күтулері аздап төмендегенін көрсеткен. 

"Сыртқы тауар нарықтарындағы ахуал құбылмалылығымен сипатталады. Мұнай бағасының бір баррель үшін 50 доллардан төмен деңгейде қалыптасуы және мамырда-маусымда әлемдік азық-түлік нарықтарындағы баға индексінің өсуінің, негізінен, сүт өнімдері мен дәнді-дақылдардың қымбаттауы салдарынан жылдамдауы инфляциялық аяның күшеюіне әкеп соғуы мүмкін. Салымшылардың валюталық басымдықтары теңгемен активтердің пайдасына сақталуда. Маусымның алдын ала деректері бойынша теңгемен депозиттер үлесінің валюталық депозиттер үлесінен асып кетуі одан әрі жалғасуда. Теңгемен кредиттер үлесінің өсуі де байқалуда. Бұл ретте кредиттік ресурстарға деген сұраныс тұрақты болып қалуда және мөлшерлемелердің біртіндеп төмендеуімен қатар жүруде. Кредиттеудің қысқа мерзімді серпіні банк секторындағы шоғырлану процестерімен шектелуде. 

Экономикада іскерлік белсенділік жандануын жалғастыруда, ішкі экономикалық көрсеткіштер серпіні қалыпқа келу үрдісінің сақталғанын көрсетіп отыр. Мәселен, маусымда елдегі жиынтық ұсынысты көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі жылдық көрсеткіш бойынша 107,4 пайыз болды. Алайда халықтың ағымдағы жылғы нақты кірістері бойынша бағалау деректерін статистикалық ведомствоның айтарлықтай төмендеу жағына қарай қайта қарауы тұтыну сұранысының одан арғы серпінінің белгісіздігіне себепші болуда.  Ақша-кредит шарттары бейтарап күйде қалуда. Артық өтімділік жағдайында ақша нарығының мөлшерлемелері пайыздық дәліздің төменгі шегінде сақталуда. Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанда банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының іске қосылуына байланысты кейіннен оның кредиттік белсенділігінің қалпына келуі күтіледі", - делінген қаржы реттеушісінің хабарламасында.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.04.2018

«Smart Zholy» бағдарламасының үздік стартап жобалары анықталды

20.04.2018

23-26 мамыр күндері Астанада «KADEX - 2018» көрмесі өтеді

20.04.2018

Денсаулық сақтау министрі Орал қаласында

20.04.2018

Заңнамаға архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер қаралды

20.04.2018

Дубайдағы инвестициялық кездесуде ОҚО-ның инвестициялық өсу драйвері зерттелді

20.04.2018

Ақтөбеде зиянды қалдықтар тасқыны толастар емес

20.04.2018

ТҮРКСОЙ Шыңғыс Айтматов жылын ашты

20.04.2018

Арсен Венгер «Арсеналдан» кететін болды

20.04.2018

Алматы облысында тау жыныстарының қозғалуы тіркелді

20.04.2018

Петропавлда спорт колледжі ашылады

20.04.2018

Алматыда Парламент Мәжілісінің депутаттары жатақханаларды аралады

20.04.2018

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

20.04.2018

Солтүстік Қазақстанның жас суретшілері халықаралық байқауда топ жарды

20.04.2018

Оңтүстікте ХҚКО арқылы 10 миллионнан астам қызмет көрсетілді

20.04.2018

Солтүстік Қазақстанда архив ғимараттары жоқ аудандар бар

20.04.2018

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа Даму стратегиясын әзірледі

20.04.2018

Сенаторлар «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет порталының жұмысымен танысты

20.04.2018

Қайрат Әбдірахманов Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті

20.04.2018

Өскемен әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

20.04.2018

Қостанайда балалардың «Алтын микрофон» ән байқауы басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?

Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкім­ге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жа­қындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмір­ге араласады, өзгелермен бірге қазіргі за­ман­­ның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ... 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тағам сыры: аурудың алдын алу мүмкін бе?

«Ас – адамның арқауы» деп кішкен­тай­ымнан естіп өскен адам ретінде, та­мақ жемесе адамның күші болмайды, жұ­мыс істеуге, өмір сүруге энергиясы жетпейді деп ойлайтынмын.  Бірақ ас­тың да асы бар, оның пайдасы мен зияны туралы шы­найы да, өтірік те, ойдан құрас­ты­рыл­ған да әңгімелерді көп естіп, кейде білмегендіктен сеніп те қалып жүреміз.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы: Шағын ауданның астарлы ақиқаты

Алматыда аты жоқ, бірақ, нөмір­­­лен­­ген 12 шағын аудан бар. Шын­туай­­тында, олар 12 емес, барлығын қос­­қанда – 13. Қала сәулетіне билік жүр­гізуші партия қызметкерлері, сірә, жобалау үстінде «шайтанның 12-сін» сес­ көрген-ау, ақырғы шағын ауданды – 10 «А» деп белгілепті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу