Ұлттық бірегейлігі мықты халық жаһандануға төтеп береді

-дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді

18.04.2017 1642

– Рухани жаңғыру мәселесі үлкен мінберден айтылғалы бері барлық іргелі мекемелер мен ұлт зиялылары ұста­ны­м­дарын ортаға салып жатыр. Ел­басының өзі жасампаз ұлт­­тың формуласын сомдап, кел­­бетінің қандай болатынын көрсеткен ауқымды бағ­­дар­ламаны алғашында ас­­пан­дата мақтап алып, ая­ғын қожыратып жібермес үшін іске асыру тетіктерін қа­лай қарастырған жөн деп ой­лайсыз?

– Президент ұсынып отыр­ған рухани жаңғыру мәселесі ұл­тымыздың тарихында осы­мен екінші рет қозғалып отыр. Оны алғаш Әлихан Бө­кейханов бастаған Алаш зия­лылары қозғаған болатын. Олар мәселені ағартушылық тұрғыда қойды. Әрине, олар саяси құрылымды, экономиканы өзгерту, мәдени тұрғыда ілгерілеу, әлеуметтік жағынан оңалту талаптарын кешенді түрде қойғанымен, сол кездегі ахуалға орай халықты ағарту мәселесін басты орынға қойды. Халықты өркениет жолына бастау үшін халықтың өзі оған даяр, бейім болуы керек, күштің өзіне түсетінін олар жақсы түсінді. Өкінішке қарай, іске асыру мүмкін бол­ма­ды. Өйткені, мемлекеттік құ­­рылымымыз дербес емес еді. «Өздеріңді түзелер дей ал­май­мын, өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» деген Абайдың сө­зі сол кезеңдегі халімізді өте дәл сипаттайды. Қолымызда мем­­лекеттік билік болмағаннан кей­­ін Алаш алдына қойған мін­детін орындай алмады. Билік им­периялық орталықтың қо­л­ын­­да болғандықтан мем­ле­кет­тілігімізді жаңғырта алған жоқ­пыз, рухани жаңғыру мәселесі де өз арнасында толық шешімін таба алмады. Нәтижесінің ұлт үшін қалай аяқталғанын бәріміз білеміз. 

Ал бүгінгі жағдай басқаша. Мақалада кейбір алғышарттар белгілі бір дәрежеде тәуелсіздік жылдары жасалғаны айтылады. Осы уақытқа дейін еліміздің мә­д­е­ни кеңістігінде «Мәдени мұ­ра», «Халық – тарих тол­қы­­­нында» мемлекеттік бағар­­ламалары жүргізілді, Қазақ ті­лі мемлекеттік тіл болып жа­рияланып, бағ­дар­ламасы жа­салды, қуғын-сүр­гінге ұшы­рағандардың мә­дени мұра­сымен халық қайта қау­ышты. Ал мұншама ауқымды мем­лекеттік идеялардың бүгінгі кү­ні іске асыру мүмкіндігін бұдан жүз жыл бұрынғы мүм­кін­дікпен са­лыстыруға бо­лай­д­ы. Шүкір, мем­лекеттің тәу­ел­сіздігі бар. Мемлекеттік билік хал­қы­мыз­д­ың өз қолында. Ендеше, бұл Пре­зи­дент белгілеп беріп отыр­ған мақ­сат-мұратты іске асы­руға толықтай қауқарлымыз де­ген сөз. Тіпті анағұрлым жо­ғары десек те, артық емес. «Ол үшін не керек, қандай ал­ғышарт бар?» де­генде, біз ал­ды­мен, іріктелген, ек­шелген ұлт­тық құндылықтарға та­бан ті­рей аламыз. Екіншіден, ұс­та­нымымыз мықты болуы ке­рек. 

– Сіз үнемі Алаш қай­рат­­­кер­лерін үлгі тұта­сыз, та­­рихын тынбай зерт­теу­мен келесіз. Олар­дың әр­қай­­сысы ұлттың игі­лігіне жа­­райтын бір-бір пай­далы іс­­пен айналысты. Пре­зи­де­н­ті­міз міндеттеп отыр­ған та­лап­тарды іске асы­руға кел­ген­де біздің бүгінгі зия­лы­ла­ры­­мыздың бойында ке­ше­гі алаш­­шылдардың та­бан­ды­лы­­ғы, елжандылығы сия­қты мінез-қасиет табыла ма?

– «Жоқ» деп айтқанымыз иман­ға жат келер, елміз ғой, бар. Зиялы деген кім? Зиялы де­­геніміз – әрбір тарихи ке­зең­де, сын сағатында ұлттың ал­дындағы міндеттерді анық­тау­шы. Міндеттерді анық­тап қана қоймай, іске асы­ратын тетіктерді белгілеуші. Бұл тұ­ры­ғыдан келгенде, біздің мүм­кіндігіміз жоғары. Тек зия­лы­ларға қолдау жасау қажет.

– Латын әліпбиіне ауыс­сақ, қазақ тілінің өрісі ке­ңей­еді, бел­сенділігі артады, жалпы, қо­ғамдағы тіл мәселесі ше­ші­леді деп ойлайсыз ба?

– Барлық мәселенің ішін­де­гі күрделісі әліпби болып тұр. Мәселен, бодандық­тың қа­­мытын сыпыра сала, Өз­бе­к­­стан бірден әліпбиін ауыстыр­­д­ы. Түрікменстан да сөйтті. Әзер­байжан да әп-сәтте шешім қа­былдады. Бірақ біз осы ел­дер­­дің тәжірибесін жақсылап қо­рытуымыз керек. Бізде қазақ зия­лыларына ортақ бір кемшілік бар, тым ұраншыл болып ке­те­міз. Еліктеушілігіміз басым. Өкі­нішке қарай, осы мінезді жоя алмай келе жатқанымыздың кесірі шығар, әлі күнге дейін бойымыздан көрініс табады. Президент мақаласында ғана емес, жалпы мемлекеттік мәр­тебесі бар, мемлекеттік би­лігі бар, тәуелсіздігін әлем та­ны­ған мемлекет екенімізді жиі ай­тады. Халқымыздың да, зия­лы­­мыздың да осы мәртебеге лай­ық ұстанымы, мінезі бо­луы ке­рек. Қазақ халқының та­би­ға­­тына жасампаздық қасиеті тән. Осы жасампаздығымызды да­мытуымыз, өрісін ашуымыз керек. 

Бағдарламалық мақаланың ішінде «Ұлттық бірегейлікті сақ­тау» деген тарау бар. «Ұлттық са­на-сезімнің көкжиегін кеңей­ту­іміз керек» дейді. Керемет емес пе? Иілгіш, еліктегіш қа­сиетімізді жасампаздық ұс­та­ным­мен айырбастағанымыз жөн бо­лар. Алдымызға қойылған мін­детті жақсы түсінетін, сол үшін күресе алатын табанды ха­лыққа айналуымызды тағ­дыр-талайымыз күтіп отыр­ға­ны қашан. Басқалармен са­лыс­тырғанда, ұлттық әлеу­е­ті­міздің жоғары екенін алыс-жа­қын тұтас мойындайды. Рухани байлыққа қоса, ел мен жердің байлығын игере алатын, ғылым мен жаңа технологияның тілін білген ұлт болсақ, қанеки. Кезінде А.Байтұрсынұлы: «өз елімізде байлығымызды өзіміз игере алатындай білімге ие болуымыз керек, әйтпесе біз көрінгенге жем боламыз», деген. Ал ол білімнің бүгінгі аты – жаңа технология.

Президенттің бастамасымен дүниеге келген «Болашақ» бағ­дар­ламасы арқылы шет елден ілім-білім үйреніп қайтқан мың­даған жастарымыздың қа­білетін бі­з өз дәрежесінде пайдаланып, өз дәрежесінде лайықты бағалап отыр­мыз ба? Осыны да ойлаған жөн шығар. Үлкен өлшеммен алып қа­рағанда, қазақ халқы – білімді халық. Әрине, осы әлеу­етпен жаңа ілімді игеруге ден қойсақ, біздің ұтарымыз да, жи­найтын ұпайымыз да әлі көп болмақ.

– Сарапшылар мақаланың тек бір тілде – қазақ тілі­н де ғана дайындалып, ең ал­дымен жал­пыұлттық басылымда жариялануының өзін таза ұлтқа ба­ғытталған жол­дау екенін біл­діреді де­сіп жатыр. Рухани жұ­таң адам­ның отаншылдық се­зі­мі де төмен болатыны айтпаса да түсінікті жайт. Сіздің ой­ы­ңыз­ша, отаншылдық пен ұлт­­шылдықты бір ұғымда қ­а­­растыруға бола ма?

– Әлі есімде, Тарих инс­ти­тутының директоры болып жүр­ген кезімде Білім және ғылым ми­нистрлігі «Туған өлке» де­ген ауқымды бағдарлама тү­зіп шықты. Осы бағдарлама бойынша 120-ға жуық тарихшы жи­налып, үлкен кеңес өткіздік. Сол бағдарлама бойынша жұмыс жүр­гізген кезімізде Германияның қызықты тә­жі­­рибесіне тап болдық. Бағ­дар­ламаны жүр­гі­з­етін сол ауылдағы мектеп мұ­ғалімдері. Әс­іресе биолог, фи­лолог, гео­граф, тарихшы мұ­ғалімдер көбірек белсенділік танытады. Бұлар не істейді? 

Қарапайым тілмен түсін­діргенде, идеясы былай. Айталық, мы­нау – ауыл. Тарихшылар «бұл ауылда қан­дай тарихи зират бар? Жал­пы, ауыл қашан пайда бол­ған? Негізін қалаған кімдер? Бұл ауыл қандай жолдан өтті? Ауылда қандай мықты әулеттер бар? Олардың тарихы қалай жалғасты?» деген мәселе төңі­ре­­гінде зерттеуін бастайды. Гео­графтар «ауылдағы тау, төбе, өзен, көше қалай пай­да болған? Бас­тауын қай­дан алады, соңы қайдан тұй­ық­талады?» деген сұраққа бас қатырса, филологтер «ол тау мен өзен не себепті бұлай ата­ла­ды? Этимологиялық мәні қай­да жатыр?» деген мәселенің та­мырын ажыратады. Биологтер «ауылда қанша түрлі өсімдік өседі, оның ішінде дәрілік шөп­тер бар ма, бұл өсімдіктер бас­қа аймақта кездесе ме?» деген сауалды зерттейді. Осы сауалдардың негізінде бүкіл ауылдар қатысатын аудандық байқау өткізіледі. Содан соң об­лыстық, ең соңында бүкіл рес­публикалық конкурс өтіп, нә­тижесі жауапты министрлік бас­шысымен қорытындыла­нады. Ең бастысы, бұл байқау бүкіл Германия үшін қызықты.

Ал осындай байқауларды неге біздің елімізде де өткізбеске? «Сен өз ауылыңды білесің бе? Сен оның тасын танисың ба? Өсімдігін білесің бе?» деген сау­ал неге әр қазақстандық үшін қызықты болмауы керек? Не­ге мұндай сұрақ біздің жас ұландарымызға қойылмауы тиіс? Міне, патриоттық тәрбие. Ел­жандылық, ұлтжандылық осыдан басталады. Сен өз ту­ған жеріңді сүймесең, оған жа­ның ашымаса, Қазақстанды қай­тіп сүйесің, жалпы жұртқа жа­ның қалай ашымақ? Қажеті жоқ ақпараттарға әуестеніп ба­ра жатқан жас балалармен осын­дай бағыттағы жұмыстар жүргізілсе, туған жер, ел туралы тү­сінік ешқашан өз маңызын жоймайды. Бүкіләлемдік ға­лам­тор шырмауынан шыға алмай, есі кетіп отырған ұрпақты сақтап қалудың амалы ретінде ұлттық балама құндылықтарды ұсыну жағы әлі де кемшін. Елбасының маңызы жоғары мақаласы ендігі жерде серпін берер деген үміттеміз.

– Кейбір әсіреұлтшыл аза­мат­­тарымыз дамудағы ол­қы­­лықтың бәрін идеология ке­­­ңістігіндегі кемшіліктен кө­­реді. «Рухани жаңғыруды» сая­си-идеологиялық құжат, жа­­ңа идеологиялық тұжырымдама ретінде қарас­ты­руға бола ма?

– Президентіміздің осы мақаласында «Ұлттық бі­ре­гей­лікті сақтау» деген тарау бар екенін жоғарыда айттым. Ұлт­тық бірегейлігін жоғалтқан ұлттың болашағы болмайды. Ұлттық бірегейлігін сақтаған халық қана мемлекеттілігін сақ­тап, жаһандануға төтеп бере алады. Тарихқа шегінсек, біздің ұлттық бірегейлігімізге талай рет жойқын шабуылдар жасалды, біз оны ешқашан ұмыта алмаймыз. Патшалық империя тұсында, кеңестік империя кезінде халық пен мемлекеттік тұтастық ара­сын­да бірегейлік болды деп айту қиын. Қазіргідей мемлекет құ­рып отырған кезеңде халық пен мемлекет билігі арасындағы үйлесімділікті дамыту жа­ғын көбірек ойлауымыз ке­рек. Осы тұрғыда іргелі бағ­дарламалар қабылдануы қа­жет. Кеңес зама­ны­ның бәрін бір тарының қауызына сый­дыр­ған идеология­сы болды. Мем­лекет құ­руға атсалысқан боль­­шевиктерінен бастап бе­рідегі белсенді тұлғаларына дей­ін тұтас қадірленіп, ескер­т­кіш­тер қойылып, ел есінде қал­дырудың барлық әрекеті жасалды.

Ендігі жерде жаңа бірегейлікті қалыптастыру әрекеті болады. Ал мұндай әрекеттер біздің тәуелсіз елдің жағ­дайында да жүруі тиіс. Біздің ұлттық тұтастығымыз үшін, тәуелсіздіктің қалып­та­суы үшін еңбек еткен тұл­ға­ларға да тағзым жасалуы тиіс. Ол ескерткіш орнату тү­рін­де бола ма, көше атын беру піші­нін­де бола ма, әйтеуір үлкен бағ­дарламалар негізінде іске асы­рылуы керек. Өйткені, бұл да мемлекеттік бірегейлікті қ­а­лып­тастыру әрекеті. Бұл тек қа­зақ ұлтына ғана қатысты болмауы керек. Мысалы, Шоқанның досы Григорий Потанин, қазақ халқының мүддесін қорғап, Ленинге хат жазған Тимофей Седельников деген зиялылар болды. Астындағы атынан, ау­зын­дағы асынан айырылған қа­зақты қорғап «сіздер, совет өкіметі, қазақтың еңсесін бас­паңыздар, керісінше, көте­ріңіздер» деп жазған хатын оқығанда, көзіңе жас келеді. Мен есі­ме түскен бірді-екілісін атап отыр­мын, осы зиялылар тектес қазақ халқының тарихынан, тағ­дырынан орын алатын, ұл­тымызбен шын мүдделес болған ізгілікті азаматтар баршылық. Интернационалдық бойымызда бұрыннан орныққан кең ха­лық­пыз дейміз. Ал ұлттық бі­регейлік осындай қадамдар ар­қы­лы нығаяды.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Әуендер достыққа бастайды

29.04.2017

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

29.04.2017

ОҚО-да тасқын судың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

29.04.2017

​Қыранның – бас, тұмсық, танау, көз, қанат-қауырсын сындары

29.04.2017

Қытайдағы қазақ жігіті Шыңжаң марафоншыларының көшін бастады

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу