Ұлттық болмысты ұлықтаған бойжеткен

Осыдан бір-екі аптадай бұрын әлеуметтік же­лілерде Франциядан кел­ген қыздың бір оқи­ғасы әжептәуір тал­қыға түсті. Қараған­ды қаласындағы банктердің біріне кірген шетелдік қыз орысша сөй­легендерге қазақша сөй­лепті, соны көрген сондағы қызметкер алғыс айтып, жылапты-мыс. Ал шындығында қалай бол­ған еді? Ол қыз қа­зақ па? Қазақстанға не ­мақ­сатпен келген? Қа­зақ­­ша қайдан біледі? Біз­­­ге осының бәрін бі­лу­дің сәті түсті.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 5176

Қыздың аты-жөні Гүлшах Есдәулет екен. Жиырма жеті жыл­дан бері Парижде тұрады. Түр­кияда туған, алғаш мектепке де сол жақта барған. Анасы Әсма – түріктің қызы, әжесі Мә­риям – пәкістандық. Атасы – Алтайдың керейі. Әңгімені ба­сы­нан бастайық.

Алтайдағы ағайын өткен ға­сыр­дың орта тұсында Қытайдың өкі­метімен соғысып, ұзаққа со­зыл­ған қырғыннан қажыған тұс­та Қалибек хакім бастаған бір тобы Тибет асып, Түркияға ауатыны бар ғой. Сол аласапыранға бұл қыздың атасы Қаби да ара­лас­ып­ты. Өзі бойы ұзын, қап­та­ғай денелі кісі екен. Көштің жас ба­тырларының бірі болған болса ке­рек (Кейін Түркияда тұрған ке­з­інде «Қырмызы Келебек» («Кirmizi kelebek», 1982) деген фильмге де түскен).

Тибет арқылы өтіп, Түркияға ке­ліпті деу – қазір айтқанға оңай. Ал дүниежүзілік картаға қарап, бір­мезгіл ой жүгіртсеңіз, атпен, арбамен, жаяу-жалпылап, Азия­ны айналып, Еуропаның аузына дейін бару деген қандай азапты сапар?! Ол сапар көп қазақ үшін соңғы сапарға айналып, ті­рі қалғандары үшін бірнеше жыл­ға созылған ғой. Біздің кей­іп­кер Қаби да сол қырқыншы жыл­дары Пәкістанға жетіп, тұ­рақ­тап қалған екен. Сол жерден пәкістандық Мәриям есімді жас қызды алған. Балалары сол жерде дүниеге келіпті. Гүл­шах­тың әкесі Махмут сол жерде ту­ған. Тек 1961 жылы ғана Түр­кия­ға көшкен.

«Мен Түркияда тудым, он бір жасыма дейін сол жерде тұр­­дым. Атам мен әжем түрік­ше онша білмейтін еді. Әжем пә­­­кіс­танша да білетін, сол жақ­тың киноларын көріп жылап оты­­ратыны есімде. Ал жалпы үй­­де тек қазақша сөйлейтін. Со­лар­дың жанында жүріп біздің де тіліміз қазақша шықты. Қазір Қазақстан­ға келгелі көптен ұмы­ты­лып қалған сол сөздер қай­та­дан есіме түсе бастады», дейді Гүл­шах. Әжесі, келін болып түс­кенде енесі берген болса керек, қазақтың сырғасын, басқа да әшекей бұйымдарын тағып жү­реді екен.

Гүлшахтың ата-анасы Па­риж­­­де тұрып жатқанына отыз жыл­дан асқан (Басында тө­рт жылдай балаларын Ыс­там­бұл­дағы інісіне тастап, өз­де­рі көш­к­ен). Бірақ қазақ ті­лін ұмы­т­­паған. Анасы түрік қы­зы бол­са да, қазақша біледі. Гүл­шах: «Ата-әжем қазақша таза сөй­­­лей­тін еді, әке-шешем ара­сын­­да тү­рікше араластырып сөй­лей­ді», деп түсіндіре кетті.

Бізбен сөйлесіп отырған кез­де Париждегі әкесіне қо­ңы­рау шалып, аталары туралы сұ­рады. Әкесі «Керейдің ішін­де Есдәулетпіз, атамның аты Бұ­ғыжан, одан Қаби, одан мен Мах­мутпын» деді. Парижде Ес­дәу­леттен басқа қай рулардың бар екенін де түгендеп өтті. Мен фа­милиялары мен руларының бір­дей екеніне мән беріп едім, Гүлшах «Түркияға қазақтар бар­ған кезде әрқалай жазылып кеткен. Мәселен, бір кісі бай екен, сол үшін оның тегі Зенгин болып кет­кен. Ол түрікше бай деген сөз. Ал бір кісі фамилияң кім де­­генде жалғыз бастымын дегісі ке­­ліп, бір жанмын деген екен, со­ны­мен оның сойы Біржан болып кет­кен. Біздікі өзіміздің ру аты­мен Есдәулет болып кеткен болса керек», деп түсіндірді.  

Гүлшах 2013 жылы Қыр­ғыз­станға Мұстафа Шоқай атын­дағы қауымдастық Құрбан айт­ты тойлағанда бір келіпті. Сон­да оның қазақ екенін білген кі­сілер Алматыға әкеліп, қы­дыр­тқан. Бұл атажұртқа бі­рін­ші аяқ басуы. Одан кейінгі ке­лулері Франциядағы Қазақ елші­лігінде істейтін Ғабит Сыздықбеков­пен жә­не «Нәтиже» сүт фабрика­сы­ның құрылтайшысы Ерлан Әшім­мен байланысты. 2015 жы­лы осы екі азаматтың ұйым­дас­тыруымен Париждегі қазақ жас­тарының футбол командасы Қазақстан­ға келген еді. Олар Астана, Алматы, Шымкент, Қа­ра­ғанды қалаларын аралап, жер­гілікті жастар командалары­мен ойнап, атамекенді көріп қай­тқан бо­латын. Сол жолы Гүл­шах та ау­дармашы есебінде ке­ліпті. Өзі­нің айтуынша, Ерлан Әшім қол­қалаған. Ол жағдайды Гүл­шах төмендегідей еске алады: «Ер балалардың арасында қалай жү­­ре­мін деп едім, Ерлан аға «ме­нің келіншегімнің жанында» боласың деді. Қазақ­ша онша жақсы білмеймін деп едім, «әлі он күн бар, оған дей­ін үйрене бер» деді. Сөйтіп, мен он күн бойы интернеттен қа­зақша материал­дар қарадым. Ес­ті­ген­де­рімді жазып, жаттадым».

Ол жолғы футбол ойындары оқырман қауымға таныс та шы­ғар. Алыста жүрген қазақ ба­лала­рын әкеліп, елді көрсетіп, бір мезгіл осындағы қазақтармен араластыруды мақсат еткен ол шара қатысушыларға ерекше се­зім сыйлағаны анық. «Кім жеңіп жа­тыр?» деп сұраса, ойынды та­машалап тұрғандар «әйтеуір қа­зақтар жеңіп жатқаны анық» деп жауап беріпті дегенді естіген едік. Бір жарасымды, игі бастама болғаны сөзсіз. Гүлшахтың да айтуынша, Парижде туған, тілін білмей өскен сол жастардың жү­ре­гінде енді Қазақстанға деген махаббат оянған. Біреулері осы жақ­пен байланыстырып бизнес ашпақ, енді бір Сорбонада оқи­тын студент біздің елге келіп, ғы­лыми жұмысын жүргізгісі ке­леді.

Ерлан Әшім Гүлшахтың әке-шешесін көрген екен. Үйіне қо­наққа барғанда анасының «Та­мақ алыңдар, шай ішіңдер» деп ас ұсынғаны тура қазақтың мінезі дейді. Қазақы әдет осыншама уақыт өтсе де, екінші келіні басқа ұлттан болса да, бұл әулетте сақталып қалған екен...

Гүлшахтың бұл жолғы келуі де осы Ерлан Әшіммен байланыс­ты. 2015 жылы келгенде өзі үшін бі­раз қазақы әшекейлер алған екен, соны Еуропадағы қазақтар көріп, қатты қызығыпты. Көбі­рек әкелгеніңде сатып алар едік депті. Өзінің айтуынша, Еуро­па­да 8000, оның ішінде Па­рижде 1800-дей қазақ бар екен. Қ­азақша білетіндері де бар, кө­бісі Түркиядан барғандықтан тү­рікше біледі, өзара түрікше сөй­лесеміз дейді. Сол кісілер қы­зыққан соң, енді қазақы әше­кей­лерді апарып, сату жоспарымен жүр. Кәсібіне біз де береке ті­ледік.

Енді банкте болған жағдай туралы сұрадым. Оны Гүлшах былай баяндады. «Банктен ақ­ша алуға Ерлан ағаның ке­лін­­шегі Әсеммен бірге бардым. Ішке кірген соң Әсем өз жұ­мы­сымен шығып кетті. Мен ке­зекке тұрмақшы болғанда, сол жерде күзетте істейтін кісі ке­ліп, менен қандай көмек керек деп сұрады. Мен кезекке қа­лай тұру керек, ақша алайын деп едім деп, жөнімді айттым. Он­да жүріңіз деп, терминалдан кезекке тұратын түбіртекті алып берді. Сөйтіп, өзімді ша­қыр­ға­нын күтіп тұрғанымда Әсем кел­ді де, ана кісі одан мен тура­лы сұрай бастады. Алыстан ес­т­іп, байқап тұрдым. Сол кезде ри­­зашылығын қағазға жазып бе­ріпті. Кириллицаны оқуға қи­на­латындықтан, оны маған Әсем оқып берді. Ана кісінің көзіне қа­рап едім, жылағысы келіп тұр­ғандай болды. Онысы маған қат­ты әсер етті».

Банк қызметкері: «Кім бол­саң да, саған қатты ризамын. Біз­дің қазақша білмейтін, білсе де біл­гісі келмейтіндердің жанында сен алтынсың», деп жазған екен. Өзі­нің тілін құрметтемейтіндерді кө­ріп-көріп, әбден ызаланған, тіпті, іштей қорланып жүрген адамның сөзіне келеді. Бұндай сезімдер Қазақстанға үшінші рет келіп отырған Гүлшахқа да таныс екен. «Қайда барсам да, адамдар маған орысша сөйлейді, неге қазақша сөйлемейсің десем, кей­біреулері «О, Боже» дейді. Кел­гелі осы сөзді үйреніп алдым. Бір жерге барғанда қазақша сөй­лейтін адам болса, қуанамын. Та­ғы біреуге ыза болып кетіп, қа­зақша түсінбейсің бе десем, түсінемін дейді. Енді неге сөйлемейсің десем, ұяламын, акцентім бар дейді. Бола берсін, акцент менде де бар, сөйлей бер де­дім» дейді әзілге сүйеген болып күліп отырса да, өкпесін де жа­сыра алмаған қонағымыз.

Ертең жол жүремін деп отырған Гүлшахпен қош айтысып, іштей сүйсініп, риза болып, кей нәрселер үшін ұялып, болашақтан үміт етіп, біз де қайттық.

Арман ӘЛМЕНБЕТ,
журналист
Суретте: Гүлшах Есдәулет



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

17.11.2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу