Ұлттық мемлекеттердің рөлі ешқашан төмендемейді

Бүгінгі жаһандық проб­лемалар дүниежүзілік экономикалық және сая­си дамудың объективті фак­торы бола отырып, бү­кіл адамзаттың мүд­де­сін ғана емес, Жер ша­ры­ның әр бөлігіндегі жеке адам­­ның да мүддесін қам­­титындығы нақты ақи­­қатқа айналды. Және бұ­­ларды шешу Жер шары тұр­ғындарының басым көп­шілігінің де, сондай-ақ, әртүрлі мемлекеттер мен халықаралық ұйым­дар­дың да күш-жі­герін жұмылдыруды қа­жет етеді. Ал осы әлем­дік, азаматтық мә­се­­лелерге ха­лық­ара­лық қоғам­дастық та­ра­пынан тиісті көңіл бө­лін­беуі келешекте бүкіл адам­заттың болашағына зор қатерлер әкелуімен қау­іпті.
Егемен Қазақстан
26.07.2017 636

Әлемдік сарапшылардың талдауы бойынша, қазіргі өзгерген және жаңарған әлемде ұлттық мем­­лекеттердің рөлі төмендейді немесе олар екінші кезекке ке­те­ді деген пікір негізсіз. Бұ­ған на­зар аударып отырған се­бе­­біміз, қазіргі замандағы ұлт­тық  мемлекеттердің тағд­ы­ры ту­расындағы пікірлер үш топқа бө­лінеді: әсіре жаһан­шы­лар (ги­перглобалистер), шү­бә­лә­ну­ші­лер (скептиктер) және тран­с­формистер. 

Әсіре жаһаншылар үшін жаһандану адамзат тарихындағы жаңа дәуірдің басы болып табылады да, олардың көзқарасынша  дәстүрлі ұлттық мемлекеттер та­биғи бола алмайды. Олар тіпті дү­ниежүзілік экономиканың ком­мерциялық бірлігі де болып кі­рік­пейді. Әсіре жаһаншылар эко­номикалық жаһандану, сайып кел­генде, өндірістің, сауданың, қар­жы саласының трансұлттық же­л­ілерін құру арқылы эко­н­о­миканың «ұлтсыздануына» әке­­леді деп дәлелдемек бола­ды. Бұл «шекарасыз» эконо­ми­ка­да ұлттық үкіметтер әлем­дік ка­питалға қызмет ететін «жал­ғас­тырушы белдік» неме­се бас­қа­рудың жергілікті, аумақтық жә­не халықаралық механизмдері ара­сындағы байланыстарды қам­та­масыз ететін делдалдық инс­ти­тут­тың орнына ғана ие болады деп дәлелдеуге күш салуда. 

Жаһандық экономиканың пай­да болуын, дүниежүзілік басқару институттарының қыз­метін, мәдениеттердің бар­лық жерлерде жақындасып, аме­ри­калық бұқаралық мә­де­н­иет­тің кең тарауын әсіре жа­һан­­шылар мүлде жаңа әлемдік тәр­­тіптің орнап, ұлттық мем­ле­­кеттің жойылуының белгісі ре­­тінде түсіндіруге тырысады. Олардың пайымдауынша, ұлт­­тық экономика кең тар­мақ­­талған әлемдік экономика ағындарының тармақтары ға­на болып отырғандықтан, ұлт­тық мемлекеттердің өкілеттігі мен легитимдігінің өзі күмәнді. Ұл­т­тық мемлекеттер өз ше­к­а­р­а­сының ішінде болып жатқан үдерістерді бақылауға және азаматтардың қажеттерін өз бет­терімен қанағаттандыруға қа­білетсіз. Осы факторлардың нә­тижесінде ұлттық мемлекеттер күн өткен сайын экономикалық үде­рістерді басқарудың өтпелі ұй­ымының бір түрі ғана болып  қалады деген тұжырымға келеді.

Ал шүбәланушілер болса, жаһанданудың әлемдік дең­ге­йі, табиғаты жасанды әсіре баға­ланған деп, жаһаншылар уәж­дерін негізсіз, үстірт әрі қа­ра­байыр деп есептеп,  әлемде еш­теңе өзгере қойған жоқ деген ұстанымда болып, олардың ұлт­тық мемлекеттердің күйреуі немесе жойылуы туралы пікір­ле­рін де теріске шығарады.  Транс­фор­мистерге келетін  болсақ, олар жаһандануды қазіргі өз­гер­мелі әлемнің қозғаушы кү­ші деп таниды. Олардың пікі­рін­ше,  жаңа  «егемендік тәр­тіп» мем­лекеттіліктің дәстүрлі тұжы­рым­­­дамасындағы абсолютті, ажы­­­рамас, аумақтық томаға-тұй­­­ық қоғамдық билік тура­лы түсініктерді теріске шыға­ра­­ды. Трансформистердің аса бір маңызды ескертуі – қазіргі за­манғы халықаралық эко­но­микалық байланыстардың к­үшеюінен жеке елдердің ұлт­тық экономикалық кеңістігі  сол мем­ле­кеттердің өз аумағы ше­­карасы­мен сәйкес келе бер­мейді. Ол одан әлдеқайда кең және ауқымды.

Қазіргі заманғы дамыған және дамушы елдер үшін аса ірі әлемдік проблема көші-қон мә­се­лесі болып отыр. Халықтың көші-қоны кең өріс алып, соңғы 30  жылда Еуропа елдеріне 20 миллион, АҚШ, Канада және Латын Америкасы елдеріне 40 млн-ға жуық адам қоныс ау­дарған. Біріншіден, қазіргі жа­рия, сондай-ақ, жасырын қо­ныстанушылар ағынының күрт өсуі ұлттық мемлекеттердің өз ұлттық шекараларын қорғау мүм­кіндіктерінің шектеулі еке­н­­дігін көрсетіп отыр. Екіншіден, өз шекараларына бақылауды кү­шейткен елдің өзі де көші-қон ағынына тосқауыл қоя алма­ды. Үшіншіден, көші-қон тас­қы­нының күрт өсуі көптеген ел­дердің ішкі саясатындағы ба­сымдықтарға өзгерістер әке­ліп,  яғни елдердің ұлттық құ­ра­мы өзгеріп, онда сая­сат пен әлеу­меттік мүдделерде едәуір өз­герістер пайда болды. Оның ай­қын мысалы – соңғы жылдары Франциядағы Араб, Африка елдерінен қоныстанған аза­маттар мүддесімен ресми би­ліктің әлеуметтік саясаты ара-қатынасындағы  бүкіл елде үлкен алаңдатушылық туғызған  өткір қайшылықтар.

Ол ең алдымен, жаһандану, экономикалық интернационалдану  үдерістерінің ұлттық мем­лекеттердің билік институт­тары қыз­метіне түсірер  салмағының күр­деленіп, ауқымының арта түсуі және ұлттық қауіпсіздік, ұлт­­тық терең мүдделер тұр­ғы­сынан бұрын-соңды болмаған жа­ңа міндеттерді қоюына бай­ланысты. Жаһандану жағ­дай­ында  әлемде осы уақытқа дей­­ін мойындалған, танылған көп­теген жас мемлекеттер әлі де ұм­ты­лып отырған мемлекеттік-ұлт­тық егемендік мәселесінің өзі  терең дағдарысқа түсіп, оған үлкен қатер туып отырғанына әлем оқымыстылары, саясат­кер­лер, дипломаттар алаң­дау­шылық білдіруде. Олар жаһан­да­ну үдерісін тек әлемдік игі­лік, жағымды үдеріс деп бір­жақты бағалаудан бас тарта бас­тады. Өйткені, жаһан­да­ну мен халықаралық бай­ла­ныс­тардың интенсивті дамуы әлеуметтік және билік инс­ти­тут­тарының  уақыттық-ке­ңіс­тік тұрғыдан трансформацияла­нуы­на түбегейлі әсер етіп, би­ліктің құрлықаралық және ай­ма­қ­аралық жаңа нысандарын қа­лып­тастыруда.                        

Формальды түрде халық­ара­лық қатынастардың база­лық бірлігі болып табылатын ұлт-мемлекет институты нақ­ты трансформацияға түсіп, мем­лекеттердің ішкі істеріне араласуға болмайтындығы, оның ұлттық егемендік принципін бұ­затындығы туралы дәстүрлі көз­қарас уақыт өткен сайын көмес­кі­леніп, ал іс жүзінде ыдырауға тү­суде. Мұндай көзқарастың инс­титуттық факторы әмбебап ха­лықаралық ұйымдар, мемлекеттен үстем юрисдикциялар, әртүрлі халықаралық режімдер, әлемдік гуманитарлық құқықтар, адам құқықтарының мемлекеттің тәуелсіздігі принциптерінен ба­сым­дығы болып табылады. 

Жаһандану үдерісінің бас­ты  зерттеушілерінің әрі дем бе­рушілерінің бірі АҚШ-тың Гарвард университетінің профессоры К.Омэ ұлттық мемлекеттің күні өткендігі, олардың саяси тарихының ақыры таянғандығы туралы пікірін ашық  айта бас­тады.

Көптеген батыстық оқы­мыс­ты­лар ұлттық мемл­е­кет­тердің қа­зіргі заманның сындарына жауап беруде бой көрсетіп  отырған әлсіздігін баса көрсетіп,  ұлттық мемлекеттер өзінің  мәртебелі құқықтарынан кейбір әлеуетті халықаралық ұйымдардың пайдасына бас тартады дегенді айтады. Қысқасы,  мұның барлығы, түптеп келгенде, ұлттық мемлекеттер эволюцияға түсіп, жа­һан­дану жағдайындағы саяси тәр­т­іпке сай келетін саяси ұйым бола­ды, олардың «мемлекет-ұлт» деген табиғаты, сапалық белгісі көмескіленіп, жойыла бастайды деген   болжамды негіздемек болады.

Мұның барлығы – Қазақ мемлекетінің, қазақ халқының ұлт­­тық мүдделеріне де қайшы ке­­летін ұстанымдар. Бұл бол­жау­лар мен көзқарастар өз тәу­елсіздігіне енді ғана қол жет­кізген ТМД елдерінің де терең ұлт­тық мүдделеріне қай­шы. Сон­­дықтан, жаһандану жағ­дай­­ында мемлекеттік билік инс­­титуттары ұлттық мемле­кет­­терге төнген осындай қа­тер­лер­ді дер кезінде танып, т­а­би­ғатын, ауқымын, келер зиян­ын бағамдап, болжай біліп, өз әре­кетінде, іс-қимылында ба­сым­дықтарды батыл және тү­бе­гейлі қамтамасыз етуге ұмты­лу­ға тиіс деп есептейміз.

Нәубат ҚАЛИЕВ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу