Ұлттық құндылықтарға үндейді

Егемен Қазақстан
01.12.2016 62
ek37979«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы «Ұлы дала ұлағаттары» – Ұлы даламыздың ұландарына арналған түйдек-түйдек ұлағатты ой сарындарымен өріледі. Әрине, Елбасы еңбегінде шоқтығы биік әрі жан-жақты көтерілген та­қы­рып­тың бірі – ана тіліміздің ахуалы екені белгілі. Президентіміз бұл жолы да аталған мәселе төңірегінде келелі ой, кемер сөз айтқан. Шынында, Кеңес заманында қаракөз қандастарымыз еліміздегі халықтың 39 пайызын ғана құрады. Сонымен қатар, бұл жүйе біз­дің мәдениетіміз бен әдебиетімізге, төл тарихымызға талай шабуыл жасады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар­да емес пе, біздің жүз томдық ауыз әде­биет­іміз бен фольклорымыздың жиын­тық кітап болып шыққаны. Сол сияқты қазақ қоғамындағы зия­­лылардың тағдыр-талайына зер салып қарасаң, ұлтымыз ұлықтаған Абай мен Ыбырай, Шоқан секілді бес-алты тұлғаны ғана шығарып, қалғанының көзін құртты. Ал осыларға дейінгі за­ман­ның билері мен олардың әділ ше­шім­дері, шешен сөздері, эпос-жыр­ла­рымыздың басым көпшілігі халыққа жат ұғымды сіңіретін дү­ние­лер деп те­рістелді. Осындай құн­ды­лығы мен қо­ры бар біздің қазақ дү­ние­дегі ұшан-теңіз рухани байлыққа ие са­наулы ұлттардың бірі еді. Мұны ел игі­лігіне қолданудың орнына, Кеңес заманы керісінше жұмыс істеді. Мектеп, балабақша мен ЖОО-да халықтық қазынаны пайдалануды былай қойып, қа­зақ тілінде білім беру ісі өте үлкен қыс­паққа алынды. Мұның артында Мәс­кеудің сұрқия саясаты жатып, әрі-беріден соң, «осы қазақтың өз алдына мем­лекет ретінде қалыптасуына негіз бар ма, жоқ па? Өйткені, Тәуелсіз ел болу үшін халықтың елу пайызынан арт­ы­ғы қазақтар болуы керек» деген сарын­да сериялы мақалалар оқтын-оқтын жарияланып жатты... Міне, ғасырлар бойы сіңген осын­дай әрекеттің салдары мен зардабынан ендігі ретте құтыла қою оңай ша­руа ма екен? «Арамызда асы­ға­тын­­дар көп» деп, Елбасымыз өз кі­та­бын­­­да өте орынды айтады. Десек те, Тәу­­­елсіздіктің аз уақытының ішінде әжеп­­­тәуір жетістіктер болды. Олай дей­­­тін себебім, ең негізгі байлығымыз да, бақытымыз да қолымызда емес пе? Ол – Ата Заңымызда «Қазақ тілі – мем­­лекеттің тілі» деп нақты атап көр­се­тілген. Ал ендігі мәселе кімде? Әрбір кеу­де­сінде жаны бар, өзін намысты азаматпын деп есептейтін адам қазақша сөйлеп, ұл-қыздарын да қазақша сөйлеуге ауыздандырса құба-құп. Осындай ойды Елбасымыз әр отбасында «әлди-әлди» қазақша айтылуы тиіс деп бұл кітабында да қайталайды. Бұдан артық не деу керек? Әлде, өз тілін білуі үшін халықты зорлау керек пе? Бұл біздің елдегі демократияға қайшы. Демек, ана тіліміздің тағдыры әр азаматымыздың ар-намысымен жан­дануы керек. Өйткені, тілдің та­биғи түрде өсіп-өркендеу жолы осы. Мы­салы, орыстың тіліне әдебиет 300 жыл аударылды. Әлемнің ғылым-білі­мін игеру үшін үш ғасыр қажет еткенде, біздің ширек ғасырлық жетістігіміз қа­лай болады екен? Ол аздай, қазір есік-терезеңді жауып, өзіңмен-өзің оңаша отау құрып отыратын заман емес қой. Қандай қоғам болса да өзінің ма­ңыз­дылығын жоғалтпайтын дін мен діл мәселесі де «Ұлы дала ұла­ғат­та­ры­нан» тыс қалмаған. Бұл мәселеде Пре­зидентіміздің айтқан пікірлерін мем­лекеттің ұстанған бағыт-бағдары, көз­қарасы деп ұғынған жөн. Мәселен, Кеңес үкіметі дінді жойып жібереміз деп қаралап, жамандағаннан басқа дәйек айтқан жоқ. Ал енді Нұрсұлтан Әбішұлы бұл мәселеге қатысты не дейді. Ол «дін – мәдениеттің бір са­ты­сы болса, біздің кісілігіміз, адам­гер­ші­лігіміз, адамдығымыздың бәрі-бәрі ар-ұятымызбен тығыз бай­ланысы бар» деді ғой. Тіпті, өз заманының аққан жұл­дызындай болып, жарқ етіп өткен Шоқан Уәлиханов та, дін Исламға дейін де Тәңірге табынып, оның өзіндік мә­дениеті болғандығын айтып кетті емес пе? Оған бүгінгі тұрмысымызбен ас­тасып кеткен көп­теген дәстүр-жора­лғыларымыз ай­қын дәлел бола алады. Ал енді әлгі террорист атанып, ел ішіне лаң салып жүргендер туралы Мемлекет басшысы олар саясаттың құрбанына айналып отырғандығын нақтылайды. Расымен де, терроризмнің Ислам дініне ешқандай қатысы жоқ. Хәкім Абай бүй дейді: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Aлланы жаннан тәттi. Адамзаттың бәрiн сүй, бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әдiлеттi» – деген жырымен дін ұстану жайындағы ең негізгі үш махаббатты айтады. Қазіргі діннің жайы мен күйін ұғып-түсіну үшін Абайдан асырып, пікір білдіру мүмкін емес. Расымен де, «Ұлы дала ұлағатында» айтылатынындай, «біз – жоқтан бар, иманнан ар жасаған ұрпақтың өкіліміз. «Мың өліп, мың тіріле жүріп», қайсар рух, өмірге деген құштарлықтың арқасында ақыры Тәуел­сіз­дігімізге қол жеткіздік». Ал енді біздің мемлекетіміз қандай қиын-қыстау кезеңдерді бастан өт­керіп, қаншама азапты күндердің куәсі болса да қарияларын құрмет тұтқан. Қазақтың ақсақалдары – ха­лық­тың береке-бірлігінің ұйытқысы. Пре­зидентіміз өз кітабында мынадай бір эпизодты келтіріп, балғын балалық шағын еске түсіреді. «Бала кезімізде мектепке бара жат­қанда, кең көшенің бойында кеңесіп, өткен-кеткеннің сәлемін сәтімен алып, батасын беріп, бақытыңды үстеп отыратын қарияларды көп көретінбіз. Олардың алдын кесіп өтпей, тоқтап, назарын аударып, аузымызды толтырып «ассалаумағалайкүм» деп амандасып, сонан соң көптен күткен керек істі тындырғандай болып, шаттана жүгіріп бара жататынбыз. Әкемнің көзін көрген, анамның қолынан дәм татқан сол қариялар туралы бүгін ұзақ жылдардың қырқасынан ойлана еске алсақ, сол кездер біздің аза­мат­тық қалыптасуымыздың саналы сабағындай болған екен». Міне, Елбасымыз осындай мыса­лы­мен бүгінгі балалар мен ба­та­гөй қариялар арасындағы өз за­маны­ның ыстық ықылас, пейілге то­лы қарым-қатынасын көз алдыңа кел­тіріп, осы үрдісті ұлықтай түседі. Бұл біздің ұлтымыздағы ұрпақтар са­бақ­тастығының сақталуы үшін қажет дү­ниелердің бірі. Ендеше, мемлекеттің даму жолында ұлттық құндылықтарды ұлық­тай отырып, алдыңғы толқын мен кейінгі толқын өкілдерін ілтипатты байланысқа үндейтін Ұлы даланың еркін ойлы ұландары үшін ұлттық ұлағаттың бірі де бірегейі – осы бір ұлағатты ой болса керек-ті. Жабайхан ӘБДІЛДИН, Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

25.05.2018

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

25.05.2018

«Сыр дарыны» медалімен марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу