«Ұлы адам туралы ұлағатты кітаптың» тұсауы кесілді

Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
Егемен Қазақстан
04.07.2017 2699
2

Кітап авторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович тұсаукесер барысында кітапты шығару идеясы мен Елбасының өміріндегі сюжеттік желіге арқау болған негізгі оқиғалар туралы баяндады.

Танымал тұлғалар туралы жазылған 60-тан астам кітаптың авторы Николай Александрович өз тізіміне Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы болып енгенін айтты. «Мен бұл кітапты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейiн жаза бастадым. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаев туралы оғаш пікір айтылғанын естіген емеспін. Қоғамдық пікір деген осы. Нұрсұлтан Назарбаев туралы қоғам ойының өзгергенін де көрмедім. Ол халқының, ал халқы Мемлекет басшысының қадірін біледі. Бұл кітап 12 жастан асқан оқырмандарға арналған. Басты идеясы – қол қусырып отырсаң, ешқашан ұлы тұлға бола алмайсың», дейді автор. Қаламгердің айтуынша, кітапта суреттелген Елбасының жалынды өмірі оқырманды өзіне еріксіз баурап алады.

«Нұрсұлтан Назарбаев тарих үшін маңызды оқиғалардың басы-қасында жүріп қана қоймай, қиын кездері жағдайды өз қолына ала білді. Бұл үшін ерлік, білім және тәжірибе керек. Ең бастысы – Отан үшін еңбектену. Президенттің өмірі Отанымен, халқымен бірге өрбіді. Соның арқасында оны тек Қазақстанда емес, шетелде де ерекше бағалайды», дей келе, кітап авторы жастар Н.Назарбаевқа ұқсаса деген тілегін айтты.

Кiтаптың орыс тiлiндегi нұсқасы 2 мың дана, қазақ тiлiндегi аудармасы да 2 мың данамен шықты. Ресейлік жазушының кітабын қазақ тіліне белгілі қазақстандық журналист, қаламгер, ТМД журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай аударған. 

«Елбасының саяси тұлға ретіндегі еңбектері көп дүниеге арқау болды. Бірақ оның жастық шағы туралы фильмнен басқа ештеңе жоқ. Тоқсаныншы жылдардың басында Бейбіт Сапаралының Президенттің балалық шағы туралы кітабы шыққан болатын. Бірақ жоғары сынып оқушыларына, студенттерге арналған кітап жоқ еді. Осы кітап сол бос орынға кірпіш болып қаланды», дей келе, Қайнар Олжай кітаптың стилін Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына ұқсатты.

Аудармашының айтуынша, кітапта тарихи деректер көптеп қамтылған. Мысалы, Назарбаевтың Қазақстан мұнайын қалай игереміз деген мәселемен «Шевронға» барып, екі апта бойы тәжірибеден өткенін біреу білсе, біреу білмейді. Сонымен қатар, кітапта біз білмейтін деректер де пайдаланылған.

Жиында сөз сөйлеген «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова кітап тілінің жатықтығын ерекше атап өтті. «Кітаптың оқушылар мен жастарға қажетті дүние екені көрініп тұр. Мұнда ұлттық тәрбие алған, салтымыздан сусындаған баланың Елбасы болғанға дейінгі өсу жолы құнарлы тілмен жеткізілген. Бұл жастар үшін, ұстаздар үшін де пайдалы болмақ. Назарбаев зияткерлік мектептері оқу процесінде оны міндетті түрде пайдаланатын болады», деді ол.

Кітап екі бөлімнен тұрады. «Үшқоңырдан шыққан ұлан» атты бірінші бөлімі Президенттің балалық шағын, жастық жылдарын сөз етеді. "Мәртебелі Президент" аталатын екінші бөлімі оның әлемге танымал тұлғалар қатарына қалай қосылғаны туралы сыр шертеді.

Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,
Фото: Орынбай БАЛМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу