Ұлы дала елінің бір асқары

«Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз болмайды» деген халқымыздың әдемі айтылған даналығы бар. Қазақтың қасиетті топырағында туып, ұлтының намысы мен туын ұстау әр адамның басына қона бермейтін бақыт. Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев − сондай ұлт сөзін сөйлеген, халқына адал қызмет істеген, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің бірі.
Егемен Қазақстан
30.06.2017 2056
2

Қоғамда неғұрлым іскер, неғұрлым білімді адамдар көп болса, соғұрлым қоғам алға жылжиды. «Өмірден үй­рен­ген адамдар ғана ұлтының ұлы пер­зенті бола алады», деген екен Қытай ре­формасының атасы Дян Сяопин. Осы сөз ойға оралған сайын сыйлас, сыр­­­л­ас ағамыз Асекеңнің тұлғасы көз ал­дыма келе береді. Өйткені, Асқар Ал­тынбекұлы өмірдің қиын да қызық жо­лынан жоққа жасып, бар­ға асып-та­сымай, өтіп келе жатқан зер­де­лі жан. Өткен заманның, тәуелсіз Ота­ны­мыздың сан соқпақтарында да ұл­ты­ның туы­н  биік ұстап жүрген тұлғаға ай­нал­ға­ны ақиқат. 
Асқар Алтынбекұлымен 80-жылдардан бері таныспын. Ол 1985-1990-жылдары бұрынғы Гурьев, бүгінгі Атырау облысының партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеді. Көптеген істердің иірімін тауып, айналасындағы серіктестерімен кеңесе отырып басын қайырып, табыс тұғырынан көрінді. Бұл жағынан келгенде, ол өз қызметінде парасаттылық көрсетіп, азаматтық жолды берік  ұстанды. 
Ел басшылығы осындай жауап­кер­шілікті әрбір іс басында жүрген аза­маттарға жүктей отырып, сенім арт­қаны белгілі. Солардың қатарында Асқар Алтынбекұлының жүруі тектен-тек емес. Әсіресе, қазыналы аймақтағы өн­ді­рісті дамыту,  мұнай қорларын та­бу ісінде ол жігерлілік танытып, ұй­ым­дастырушылық қабілетінің де мол еке­нін көрсете білді. Сол өлкенің басшысы ре­тінде Асқар Алтынбекұлы шетелдік компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатып, келіссөздер жүргізіп, қалайда Қазақстан халқына пайдалы шешім шығаруға әрекеттенді. Еңбегі еш кеткен жоқ, сол кездегі әріптестік, инвесторлармен жұмыс істеу тәсілі Тәуелсіздік жыл­дарында өз жемісін берді. Оны бүгінгі Атырау өңірінен көріп тұрмыз.
Сонау Кеңес Одағы тұсында жүр­гіз­ген ілтипатты келіссөздер қазір де жал­ға­сып келеді. Батыс өлкелердегі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындары бүгінгі әлеуетімізді ғана емес, ертеңгі алар асуымыздың да түп негізі, экономикамызды алға сүйреуші күш болып қала бермек.
Қазақтың дархан даласындай бақ дарыған бай өлкенің төсінде еңбек жолын аға инженер-құрастырушыдан бастап, құрылысшыдай  құдіретті ма­ман­­дықтың бар ауыртпалығын, бар қы­зығын өткерудің арқасында ол  кәсіби маман, шебер ұйымдастырушы болды, ұлтымыздың оқымыстыларын ғылым жолына тартты.
Ол қашанда «Ұлық болсаң, кішік бол» деген халық даналығын естен шы­ғармай, соның үлгісімен өне­ге­лі өмір сүріп келеді. Тәуелсіздік ал­ған жылдары Асқар Алтынбекұлы құ­ры­лыс саласына ерекше көңіл бөліп, на­рық­тық экономиканы орнықтыруға мол мүмкіндіктерді қарастырып, қазақ  ғылымының жетістіктерін қолдап, оны өндіріске енгізу мәселесіне де әр кез көңіл бөлді. Азат мемлекетіміздің құ­ры­­луына, еркіндік алған қарқынды қ­а­да­мына өзіндік үлесін қосқанын, сөй­тіп, ұлт қалаулысына, жұрт жақ­сы­сына ай­налғанын  айтуды парыз санаймын.
Биік білім, әр іске әділеттік, ұлт­тық намыс, жеке бастың тазалығы, ха­лық­тық мүдде, мәдени өре кеңдігі, иман бай­лығы Асекеңнің бойынан молынан табылады. 
Инженерлік академия құрылған сәтте Асқар Алтынбекұлы беделді ға­лым­дармен бірге ұлттық инженерлік ғы­лым қарашаңырағының құрылуына үл­кен септігін тигізді, негізін қалау­шы­лардың бірі болды.  Осы күнге дейін ака­демияның өркендеуіне өлшеусіз ең­бек сіңіріп, қолдау көрсетіп келеді. Ғылымға деген адал ниетін айта отырып, өзі де әр алуан тақырыптар бойын­ша  зерттеулер жүргізіп, ол оң нәтижесін бе­ріп келе жатқанын еске сала кетсем деймін. 
Халықаралық ғылыми-инженерлік қоғам­дастық та Асекеңді өте құр­меттейді, алғырлығын бағалайды. Көп­те­ген ғылыми жетістіктері үшін, ерек­ше еңбегі үшін «Инженерлік даңқ» алтын орденімен марапатталуы әлем мойындаған ғалым екендігінің дәлелі.
Өз келешегіне өз қолымен жол са­лып, алға қойған мақсатына адал ең­бе­гімен жете алған біртуар қазақ пер­зе­нті­нің өмір жолы мен өнегесі кейінгі ұр­паққа шамшырақтай бағдар екені сөзсіз. 
Асқар Алтынбекұлы тәуелсіз елі­міз­дің бүкіл тіршілігі – экономи­касы, өнер­кәсібі, ғылым жүйесі, сая­си бас­шы­лықты жетілдіру т.б. ма­ңыз­ды мә­селелер төңірегіндегі ой-тұ­жы­рым­да­рын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаевқа жеткізіп, Мемлекет бас­шы­сының үзеңгілес серігіне айналды. Халқымызға тән ізгілік пен ізеттілік жа­ғынан да  Асекең әр кез кейінгіге үлгі-өнеге бола білді. Ағайын арасындағы бе­реке-бірлікті, тату тірлікті сақтау жө­нінен де оның кісілігі мен кішілігін ерекше атауға болады.  
Кемел ойлап, кең пішетін кісілік кел­беті, жақсылық жасаудан, ізгілік көр­сетуден аянбайтын иманға толы ақыл-парасаты талай адамға шапағатын тигізуде. Халыққа кеңінен танылған дархан кең пейілді, ер мінезді ардақты азаматтың ғибратқа толы өмір жолын, өкше басар інілері мақтаныш  санайды.
Асекеңнің осындай азаматтық жолында қасында тіреу болып, қолдап, қош­тап жүрген аяулы жары Раиса Алдабергенқызының да орны ерекше. Раиса Алдабергенқызы ақжарқын, ашық мінезді, адам мен адамды бір-біріне бауыр­ластырып жүретін иманжүзді кісі. Балалары Талғат пен Тимур үлгілі тәр­­бие көріп, қазақ елінің көркеюіне, қа­рыштап дамуына үлес қосып келе жатыр.  
Бүгін Асекең адам жанының терең тұнығы, ал өмірінің асқар биігі болған 80 жасқа келді. 
Асқар Алтынбекұлымен заманымыз бір болғанына, егеменді еліміздің ең­сесін көтеріп, іргесін бекіту сияқты та­рихи, абыройлы жолда сапарлас бол­ғанымызға қуанамын. Жалғыз мен емес, ол кісіні білетін қызметтес, таныс жандардың да ниеті солай екеніне се­нім­дімін. 
Асқар Алтынбекұлы бүгінде әр сөзі  аталы ұлағатқа айналған мерейлі де ақсақал абыз жаста. Осы арада қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының бір сөзі ойға орала береді. Қарттықты басты үш топқа бөліп, соның айтулысы абыз деген екен. Шынында, абыздық жасқа жетіп, абырой биігінен көріну, мәртебелі тұғырда тұрып танылу екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт деп білеміз. Ендеше, сеңгірлі жасқа жеткен  Асқар Алтынбекұлы  қатарластарына да, біз секілді замандастарына да үлгі болатын тұлға екенін тілге тиек ете отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейтінімізді жеткізу борышымыз болып саналады. 

Бақытжан Жұмағұлов,
Қазақстан  Ұлттық инженерлік академиясының президенті,  
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны төсеніштермен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу