Ұлыбританияда Қазақстанға арналған кеш өтті

Ұлыбританияның Хэмпшир графтығында орналасқан Ромзи қаласында британ қауымдастығы өкілдеріне арналған Қазақстан туралы кеш өтті, деп хабарлады еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
05.06.2017 1142
2

Аталған іс-шараға Қазақ­стан­ның Ұлыбританиядағы ел­шісі Ерлан Ыдырысов, қала мэрі Джон Паркер, Хэмпшир графтығының жоғары шерифі Мэри Монтагу-Скотт, Британия Парламенті Қа­уым­дар палатасының мүшесі Кэро­лин Ноукс, сондай-ақ граф­тық­­тың мәдени-тари­хи қа­уым­дас­тықтарының өкіл­дері ме­н Ромзи қаласының тұр­ғын­дары қатысты. 
Іс-шара барысында Е.Ыды­рысов қатысушыларға Қазақ­стан жайында жан-жақты ақпарат беріп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жол­дауы мен «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясы аясында жүргізіліп жатқан экономика және саяси жүйені жаңарту жөніндегі реформалар, қоғамдық сананы жаңғырту турасындағы жаңа бағдарламамен таныстырды.
Өзінің сөзінде елші Қазақ­стан­ның ерте заманнан келе жат­қан сан ғасырлық бай тарихы бар мем­лекет екенін атап өтті. «Тә­у­елс­іздік алған аз уақыт ішінде Қазақ­стан үлкен жетістіктерге қол жет­кізіп, әлемдегі жылдам дамып келе жатқан экон­о­ми­ка­лар­дың біріне және ха­лық­ара­лық қоғамдастықтың сенімді се­рікте­сіне айналды», деді елші.    
Е.Ыдырысов аталған іс-ша­раның Қазақстан мен Ұлы­бри­тания арасындағы дип­ло­матия­лық қатынастардың ор­натыл­ғанына 25 жыл толған жы­лы өткі­зіліп отырғанын ерекше атап өтті. «Біріккен Корольдік біз­дің эконо­микамыздың алтын­шы ең ірі инвесторы, ал Қазақстан Британия үшін сауда жә­не инвес­тицияларды кеңейтуге жә­не дамытуға қажетті басты мем­лекеттердің бірі», деді қа­зақ­стандық дипломат.
Екі ел арасындағы қарым-қаты­нас­тардың жоғары деңгейде екен­дігін атап өткен Қазақстан елшісі белгілі британдық зерт­теу­ші және сәулетші Томас Аткинсонның елі­міздің мәдени мұрасына қосқан маңызды үлесіне тоқталды. Қазақ­станға ХІХ ғасырда келген бри­тандық сая­хатшы қазақ халқының өмірі туралы көптеген суреттер мен жазбалар қалдырған.   
Кеште британдық жур­налист және жазушы Ник Филдинг Т.Ат­кинсон туралы жан-жақты баян­дама жасап, қонақтарға оның қазақ жеріне жасаған саяхаты жайында айтып берді. Сонымен бірге, британдық зерттеушінің ұрпақтары Стив және Джил Браун өздерінің былтырғы жазда елімізге барғаны жайындағы әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара соңында қонақтар «Қа­зақстан табиғаты» фото­көр­ме­сін тамашалауға мүмкіндік алды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар біздің заманымызға дейінгі 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

21.11.2018

Жапония мен Грузия дзюдошылардың қарқыны күшті

21.11.2018

Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты

21.11.2018

Португалияда Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің рестроспективасы өтіп жатыр

21.11.2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

21.11.2018

Израильдегі халықаралық турнирде Маңғыстаулық гимнасшылар 8 медаль иеленді

21.11.2018

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

21.11.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

21.11.2018

Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар

21.11.2018

Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам

21.11.2018

Ертең бокстан шешуші сайыстар басталады

21.11.2018

Маңғыстауда 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу