Үндістандағы мұсылмандардың бүгінгі ахуалы

​Үндістанда 2011 жылы жүргізілген халық санағы елдегі мұсылмандар санының артып жатқанын көрсетті. Бүгінде ел аумағында 176 млн мұсылман өмір сүреді. Бұл Индонезиядан кейінгі әлемдегі екінші көрсеткіш. Мұсылмандар санының өсу қарқынына жергілікті үнділер алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың арасында жиі туатын жанжалдар көбіне қанды қақтығыстарға ұласып жатады.

20.04.2017 725

2017 жылғы 9 сәуірде Үндістанның 9 штатында парламент сайлауын өткізу жоспарланған еді. Алайда, бұл күні Джамму мен Кашмир штатында жаппай тәртіпсіздіктер болды. Дауыс беруден бас тартып, үкіметке бойкот жариялаған наразы топтар оннан астам сайлау учаскесін қиратып, екеуін өртеп жіберді. Тәртіпсіздік салдарынан сегіз адам қаза тапты. Ондаған адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, жүздегені қамауға алынды. 

Осылайша, штатта сайлау өтпей қалды. Ашылған мың жарым учаскеге дауыс берушілердің 7 пайызы ғана келді.

Джамму мен Кашмир – Үндістандағы халықтың басым бөлігі мұсылмандарды құрайтын жалғыз штат. Мұндағы ахуал бірнеше ай бойы шиеленісіп тұр. Былтыр 8 шілдеде елдің қауіпсіздік күштері «Хизб уль-Муджахидин» сепаратистік тобы жетекшілерінің бірі Бурхан Музаффар Ваниді өлтірген болатын. Өңірдегі жаппай наразылық акциялары сол кезден басталды. Сондай-ақ бұл жерде құқық қорғаушылар мен сепаратистік топтар арасында қақтығыстар жиі болады.

Британияның бодандығында болған Үндістан 1947 жылы екі бөлікке бөлінді. Басым көпшілігі мұсылмандардан тұратын өңірлер бөлек ел – Пәкістан болып құрылды. Мұсылмандардың Пәкістанға, ал үнділер мен сикхтердің Үндістанға жаппай көшуі кезінде қақтығыстар жиіледі. Шекара бөлісу қиынға соқты. Жүздеген мың адам қаза болды, 12 миллионнан астамы баспанасыз қалды. Мұсылмандардың басым бөлігі Пәкістанға қоныс аударғанымен, бір бөлігі туған жерлерінде қалуды жөн көрді.

Соңғы жылдарға дейін Үндістан билігінің мұсылмандармен қарым-қатынасы жақсы болатын. Бұдан бұрын, көп уақыт билік басында болған Үндістан ұлттық конгресі партиясы мұсылман өңірімен ортақ келісім тауып келген. Олар зайырлылық идеологиясы мен дінге бөлінбейтін жалпыүндістандық бірегейлік қағидасына сүйенді. ҮҰК үкіметі мұсылмандардың да үнділер, христандар мен буддистер секілді республика азаматтары екендігін көрсету үшін барынша тырысты. Ислам діні өкілдері үш рет Үндістан президенті болып сайланды. Мұсылмандар министр лауазымдарына да жиі тағайындалып отырды.

Алайда, жергілікті үнділер мұсылмандарға қарсы жиі бүлік шығаратын. Олардың ең ірісі Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында 2002 жылы болды. Үнді ұлтшылдары мұсылмандарға дін қызметшілері отырған пойызды өртеді деген айып тағып, оларды жаппай соққыға жықты. Қақтығыс салдарынан 2 мыңға жуық адам қаза тапты.

2011 жылғы халық санағынан кейін Үндістан үкіметі оның нәтижесін кешіктіріп жариялады. Сол кезде «билік мәліметтерді әдейі жасыруда, себебі мұсылмандар Үндістан халқының бестен бір бөлігін құрап отыр, таяу уақытта басып алады» деген қауесет тарады. Бұдан кейін мұсылмандарға қарсы пікір білдірушілер көптеген штаттарда бой көтере бастады.

2014 жылғы сайлауда Үндістан халықтық партиясы билік басына келді. Оған елде қалыптасқан мұсылмандарға қарсы ахуал өз әсерін тигізді. Партияның лидері Нарендра Моди сайлауалды науқанда ұлтшылдық сарындағы ұрандарды белсенді пайдаланды.

Бүгінде мұсылмандар үшін алаңдаушылық тудыратын мәселелер жеткілікті. Қазіргі билік кезінде өздерін емін-еркін сезінетін үнді радикалдары жоғары мінбелерден жиі мұсылмандарды қаралайды. Осылайша, үнділердің оңшыл радикалды «Шив Сена» ұлттық партиясының идеологы, парламент мүшесі Санджай Раут мұсылмандарды дауыс беру құқығынан айыруды ұсынды.

Мұндай сипаттағы ұсыныстар көп айтылғанымен, іс жүзінде Үндістандағы жағдай тұрақты деуге болады. Нарендра Модидің билікте отырған үш жылы ішінде бірде-бір ірі бүлік тіркелген жоқ. Соңғы сауалнамалар нәтижесі Үндістандағы мұсылман қауымының екіге бөлінгенін көрсетеді. Бір бөлігі Нарендра Моди мен оның үкіметіне қарсы болып, Үндістан ұлттық конгресінің билікке оралуын қаласа, екінші бөлігі оны белсенді түрде қолдап жатыр. Олар қазіргі премьер-министр Үндістанның барлық тұрғындарына бірдей жағдай жасап, елдің гүлденуіне ықпал етеді деп сенеді.

Дайындаған Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

КОЛУМНИСТЕР

Гүлзейнеп Сәдірқызы,

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан»

Ұлттарды ұйыстырудың ұтымды үлгісі

1995 жылғы 1 наурызда Мемле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, Президент жанынан басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестік негізінде этностар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, тиімді этносаралық іс-қимыл жүргізу, біртұтас саяси, құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып белгіленген жаңа консультативті-кеңесші орган құрылды.

Айбын ШАҒАЛАҚ, "Егемен Қазақстан"

​Елбасы һәм елдік жобалар

Ғасырға бергісіз осы 25 жылдың ішінде біз санамыздағы «сарысулардан» арылып, еңсемізді тіктедік, елдігіміздің іргесін бекіттік. Отарлық саясат құрдымға жібергісі келген ұлттық құндылықтарымызбен қау­ыштық. Дініміз бен діліміз қайта жаң­ғырды. Тағдыр жазуымен түрлі кезеңдерде киелі Қазақ жеріне келіп тұрақтаған ұлыстардың ынтымақ-бір­лігі нығайып, біртұтас халық ретінде қалыптасуға бет алды. Оның бүгінгі айқын көрінісі – Елбасының Мәңгілік Ел идеясының Қазақстан қоғамы тарапынан дұрыс қабылдануы және осы мұрат жолында ұйыса бастауы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

​Тарих кені – туған жер

«Қазағымның көп тарихы Көк­шеде, қаланып тұр Оқжетпестей текшеге»... Осыдан біраз жылдар бұ­рынғы бір өлеңімізде осылай деп­піз. Шын мәнінде де Көкшетау халқымыздың кенен тарихы қат­пар­ланған қасиетті жерлерінің қа­тарынан ойып тұрып орын алатынына сөз бар ма?

Алдан СМАЙЫЛ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

​Ұлтты танып болдық па?

Өткен 25 жылдың ішінде дамыған елдердің үлгісінде технологиялық трансфертті жүзеге асырдық. Алыс-жақын мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды реттедік. Осы үдерістерді қорытындылаған ғылыми орталықтар Қазақстанда экономиканы нарыққа көшіру үрдісі аяқталды деп отыр. Яғни, ендігі кезекте әлеуметтік-рухани, адами-шығармашылық мұрат­тарды сол экономика арқылы баянды етуді шұғыл қолға алу керек.

Пікірлер(0)

Пікір қосу