Үндістандық кәсіпкерлер ОҚО-ның жеңіл өнеркәсібін дамытпақ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев тоқыма өнеркәсібін дамыту бойынша құрылған қазақ-үнді жұмысшы тобының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жұмысшы тобының Шымкент қаласында өтетін 4-ші отырысының жоспарлары талқыланып, екі жақты экономикалық байланыстардың жай-күйі сөз болды.
Егемен Қазақстан
21.04.2017 2845

Өңір басшысы Үндістан Жеңіл өнеркәсібі министрлігінің бірлескен хатшысы Гупта Субрата мырзаға өңірдің экономикалық даму барысы мен  инвестициялық тартымдылығын баяндады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібі дамуының маңызды әлеуеті Оңтүстік Қазақстан облысында. Біздің өңірде мақта шаруашылығы жақсы дамыған. Облысымызда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылып, онда тігін цехтары мен фабрикаларымыз жұмыс істеп жатыр. Ендігі мәселе - жеңіл өнеркәсіпті дамытуда Үндістан мемлекетімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ортақ жобаларды  бірлесіп іске асыру. Бұл ретте өңірде шетелдік инвесторларға барлық қолдаулар жасаланады. Өнеркәсіпке қажетті жер телімі беріліп, барлық инфарқұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ететін боламыз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бүгінгі таңда облысымыздағы жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80 пайыздан астамы  шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады. Өңірде жыл сайын 400 - 450 мың тонна шитті мақта жиналады, табиғи шикізаттан жасалған өнімге сұраныс та мол. Осы және өзге де мүмкіндіктерге қаныққан қонақтар жеңіл өнеркәсіп саласында еңбек етіп жүрген өңір кәсіпкерлерін 30 маусым күні Үндістанда өткелі отырған ірі  жермеңкеге қатысуға шақырды.

«Жұмысшы тобының негізгі мақсаты – Қазақстан мен Үндістан мемлекеттері арасындағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы қарым-қатынас пен сауда-экономикалық байланыстарды нығайту болып табылады. Бүгінгі таңда Үндістанда жеңіл өнеркәсіптің жылдық сауда айналымы 140 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Үндістан  тоқыма, мақта, мата өнімдерін өндіретін 1000-ға жуық компанияның фабрикалары жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған бұл сапарымыз жемісті және нәтижелі болады деп сенемін»,- деді  Үндістан Жеңіл өнеркәсібі министрлігінің бірлескен хатшысы Гупта Субрата.

   Айта кетейік, қазақ-үнді жұмысшы тобы 2008 жылы құрылған болатын.Алдағы жылы он жылдығын атап өткелі отырған топтың оңтүстіктегі сапары 2 күнге жоспарланып отыр.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2018

Астанада сөйлеу процессорларын баптау жұмыстары жүргізілді

17.01.2018

Қостанайда боксит өндіретін жаңа карьерлердің құрылысы аяқталды

17.01.2018

Үндістанмен арадағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға түзетулер қаралды

17.01.2018

Қ.Тоқаев: «Басты міндетіміз – Елбасы Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету»

17.01.2018

Құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынның 80 пайызы қайтарылады

17.01.2018

Астанада заманауи балабақша ашылды

17.01.2018

Мәскеуде Қазақстанның жаңа консулы тағайындалды

17.01.2018

Тайландта босанған ана санавиациямен елге жеткізілді

17.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі әлемдік БАҚ назарында

17.01.2018

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

17.01.2018

Құлсарыда жылыжай  ашылды

17.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының АҚШ сапары туралы пікір білдірді

17.01.2018

Президенттің АҚШ-қа сапары. Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

17.01.2018

АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

17.01.2018

Аяз мүйізді, мүйіз тұқылды қалай қысады?..

17.01.2018

Түлкиевтің туындысы

17.01.2018

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

17.01.2018

Абайдың алғашқы кітабы

17.01.2018

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

17.01.2018

Алматыда ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың мерейтойы атап өтілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Дамудың даңғыл жолы

Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін бе­руде. Қолға алынған зор мін­дет­тер­дің негізгі мәні – Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуы, көр­кеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. За­ман­ның дидары ө+згеруіне орай, мем­лекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу