Ұсталмайтын ұры, шарасыз шаруа

2016 жылы ақпанның 22-сінен 23-іне қараған түні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Ата­мекен ауылының тұрғыны Жәнібек Әбілпейісовтің қора­сына белгісіз біреулер түсіп, желіндеп тұрған сиырын ұрлап кеткен. Ұрылар малды ауыл сыртындағы сайға апарып со­йып­ты.
Егемен Қазақстан
03.04.2017 916

Полиция неге пәрменсіз?!

2016 жылы ақпанның 22-сінен 23-іне қараған түні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Ата­мекен ауылының тұрғыны Жәнібек Әбілпейісовтің қора­сына белгісіз біреулер түсіп, желіндеп тұрған сиырын ұрлап кеткен. Ұрылар малды ауыл сыртындағы сайға апарып со­йып­ты. Орнына басы мен ішек-қарнын, бірер күнде өмірге кел­гелі тұрған бұзауын ғана қал­дырып кеткен. «Осыдан 5-6 жыл бұрын біздің 100 үйлі шағын ауылдан 36 бас ірі қара бойдақ мал жоғалды. Ол кезде ең көп шығынданған мен едім. Үш буаз сиырым мен 4 жасар нән өгізім жоқ болып кетті. Таппадық», дейді мал иесі...

2016 жылы қарашаның 4-іне қараған түні Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округін­де асыл тұқымды ірі қара өсіру­мен айналысатын «Жазықбай» шаруа қожалығынан 17 бас мал жоқ болып шыққан. Бәрі де республикалық палатаға тіркелген, ақ бас асыл тұқымды ірі қара. Ішінде элиталы, текті бұқа бар. Қожалық иесі Ермек Бекайдаров 2-3 күн бойы малын өзі іздеп, таба алмайды. Бір қызығы, мал жоғалтқандар аудандық ішкі істер бөліміне хабарласса, онда кезекшілікте отырған Нұрым Байырғалиев деген қызметкер: «Далада жүрген малдың жоғалғандығына бай­ланысты арызыңызды қабыл­дамаймыз, қабылдасақ, малды бақпаған өзіңізге айып саламыз», депті...

Арада 9 күн өткенде, 13 қара­шаға қараған түні дәл осы ауыл­дан «Көкөріс» шаруа қо­жалығының жетекшісі Нұр­­бек Жалмұханбетовтің 14 бас ірі қарасы тағы да жоқ болып шыққан. Кеше кеште ғана тү­гендеп, ауыл іргесіне әкеліп иір­ген мал. «Бұған дейін жыл сайын бір-екі бас міндетті түрде ұр­ланып келді. Олар табылған жоқ. Бұл жолы ұры аранын кең ашып­ты», дейді шаршаған шаруа...

Департаменттегі жиын

Жақында Батыс Қазақ­стан об­лыстық Ішкі іс­тер де­партаментінде консуль­тативтік-кеңесші ор­­ганның кезектен тыс отыры­сы болып, бір ғана мәселе – облыс­тағы мал ұрлығы тақырыбы талқыланды.

− 2016 жылы облыста 568 мал ұрлығы тіркелді. 2242 бас мал ұр­ланып, олардың 1861-і (83%) табылып, иелеріне қай­тарылды. Мал ұрлаған 220 қыл­мыскер құрықталды. Биылғы жылдың екі айында 66 мал ұр­лығы тіркеліп, олардың ашылуы 67,2%-ды құрап отыр. Бұл қылмыстарды ашу бағы­тында атқарылып жатқан іс-шаралар баршылық, бірақ жет­кіліксіз деп есептеймін. Бұ­ған дәлел, бұқаралық ақпарат құрал­дарындағы мақалалар, менің қабылдауымда болған азаматтардың арыз-өтініштері, − дейді БҚО ІІД-нің басшысы, полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбіләзімов.

Дегенмен, тәртіп сақшылары мал ұрлығына ең алдымен мал иелерінің өздерін кінәлау­ға бейім. Жергілікті полиция қызметінің басшысы полковник Манарбек Ғабдуллин мал ұрлығына жол беретін фактілердің қатарына ауылдық жерде малдың бағылмай, қарау­сыз жайылымға жіберілуін, мал иелерінің малы жоғалғаннан кейін алдымен өз күшімен іздес­тіруге әрекет етіп, еш нәтиже болмағаннан кейін, араға 1-2 ай салып ішкі істер органдарына арыз жазуын, жекеменшік және ұжымдық малдың мем­лекеттік тіркеуден өтпей, ен-таңбасыз, сырғасыз жүруін қосады. Сондай-ақ, ұрылардың лайықты жазаланбауы – Қыл­мыстық кодекске енгізілген жеңілдіктер, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 1 және 2-бөлімдері негізінде қозғалған қылмыстық істер бойынша айып­талушыларды «қамауға» алмай, «қол хатпен» босатып, нәтижесінде шартты түрде сотталуы немесе жәбір­ленушімен татуласуына бай­ланысты қылмыстық істің қыс­қартылуы да жиі кездесетін жайт.

− Мысалы, кейбір ауданда мал ұрлап, бірнеше мәрте ұсталған «күдіктілер» қамауға алынбай отыр. Республика аумағындағы ауыл тұрғындарының негіз­гі күнкөріс көзі – мал шаруа­шылығы екендігін ескере отырып, ұрлықтың осы түрін ауыр санаттағы қылмыстар қатарына жатқызып, жазасын қатаңдатса деген ұсынысымыз бар, − дейді М.Ғабдуллин.

Мал ұрлығы – ұйымдасқа

н қылмысАқ-адал малын жоғалтып, сарсаңға түскен ауыл тұрғын­дары дәл осылай ойлайды. Өйткені, бұған әбден көздері жеткен.

Жоғарыда 17 бас малын жоғалтқан «Жазықбай» шаруа қожалығының жетекшісі Ермек Бекайдаров ұры алыстан келмегенін сезген. Өйткені, өз ауылының, Бұлдыртының баласы, 1986 жылы туған Армат Әлиев бұрын да қой, сиыр, жылқы ұрлағаны үшін талай рет ұсталып, тергелген, бірақ ешқашан сотталмай, құтылып кетіп отырған. «Сотталмайтын себебі, бұл жігітті қорғап отыратын дөкейлер бар сияқты. Әйтпесе, бір емес, екі емес, ылғи қалай құтылып кете береді?» − дейді Ермек Бекайдаров.

Шынында да, 17 бас ірі қараны жым-жылас жоқ қылып жіберу оңай емес қой. Бұлдырты – республикалық маңызы бар Орал − Ақтөбе автожолының бойында тұрған ауыл. Күре жол­дың бойында күндіз-түні жол-күзет қызметінің шолғыншы полицейлері жүреді. Мал тиеге­н көлікті міндетті түрде тоқ­татып, құжатын тексеру – олардың бұлжымас борышы. Сырым аудандық ішкі істер бөлімінде осындай төрт экипаж бар екен.

Бұлдыртыдағы алғашқы ұрлықтан арада тоғыз күн өткенде Нұрбек Жалмұханбетовтің де 14 сиыры бір түнде жоқ болды дедік қой. Кейін анықталғандай, ұрылар малды Орал қаласының іргесіндегі Чувашка деген ауыл­ға жеткізген. Одан әрі Трекин ауылындағы ет комбинатының қасапханасына тапсырған. Бір қызығы, сол жерде бақылау камерасына түсіп қалыпты. Қасапханаға мал тапсырған «мал иесінің» талап етілетін құжаттары түгел болыпты.

Ал Бұлдыртыдан ұрлан­ған«Жазықбай» шаруа қожа­лығының 13 бас сиыры арада бірнеше күн өткенде Бөкей ордасы ауданының Ұялы ауылынан бір-ақ шыққан. Ара қашықтық 500 шақырымға жуық. Ұрлық малды ұялылық «Нұрай» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Еркінғалиев Орал қаласынан, Махамбет Заев дегеннен сатып алған. Оның да құжаттары түгел болыпты...

Мал ашуы – жан ашуы

Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, өңірде 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы мал ұрлығы17,4%-ға (688-ден 568-ге) азайған.

Дегенмен, жергілікті басы­лымдарға, «Егемен Қазақстан» газетінің өңірлік өкіліне малын ұрлатқан ауыл тұрғындары соңғы кездері жиі хабарласады. Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газеті бас редак­торының орынбасары Есенжол Қыстаубаев ағамыздың алдында облыстағы мал ұрлығы оқиғаларына байланысты арыз-шағымдар мен құжаттар бір­неше папка болып жиналып қалған. Осы тақырыпта газетте жарияланған сериялы мақа­лалар мал ұрлығы елдің ең бір өзекті мәселесі екенін көрсетті.

Бүгінде біз қаратөбелік Жал­ғас Тінәлиевтің, тағы басқа да бірнеше оқырманымыздың ша­ғымы бойынша журналистік зерттеу жүргізудеміз. Әділін айту керек, БҚО ІІД-нің басшысы Мақсұтхан Әбіләзімов бұл мәселеге бірден сергек қа­рап, тексеру жүргізіпті. Сы­рым ауданының Бұлдырты ауылдық округінің орталығында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Арман Әлмұханов шаруалармен арнайы кездескен. Көптеген мәселе талқыланған.

Бір қуанарлығы, Ермек Бекайдаров пен Нұрбек Жалмұ­ханбетовтің малын ұрлады деген күдіктілер анықталған. Нақ­ты айтқанда, 8 азамат жауап­кер­­шілікке тартылып жа­тыр екен. Қылмыскерлердің әре­кет ету аймағы негізінен Ақ­жайық, Сырым, Теректі және Тас­қала аудандары көрінеді. Қазір бұл азаматтардың үстінен қылмыстың 11 фактісі бойынша тергеу жүргізілуде екен. Мал ұрлығына қатысты тергеу-тексеру жұмыстарымен М.Әбіл­әзі­мовтің бұйрығымен арнайы құ­рылған 14 адамнан тұратын тер­­геу тобы айналысуда көрі­неді.

– Біз соңғы бір жыл ішінде мал ұрлығын жасаған 34 топқа қатысы бар 220 қылмыскерді құрықтадық, – дейді жергілікті полиция бастығы Манарбек Ғабдуллин.

Қазбек Құттымұратұлы,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2018

Құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынның 80 пайызы қайтарылады

17.01.2018

Астанада заманауи балабақша ашылды

17.01.2018

Мәскеуде Қазақстанның жаңа консулы тағайындалды

17.01.2018

Тайландта босанған ана санавиациямен елге жеткізілді

17.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі әлемдік БАҚ назарында

17.01.2018

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

17.01.2018

Құлсарыда жылыжай  ашылды

17.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының АҚШ сапары туралы пікір білдірді

17.01.2018

Президенттің АҚШ-қа сапары. Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

17.01.2018

АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

17.01.2018

Аяз мүйізді, мүйіз тұқылды қалай қысады?..

17.01.2018

Түлкиевтің туындысы

17.01.2018

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

17.01.2018

Абайдың алғашқы кітабы

17.01.2018

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

17.01.2018

Алматыда ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың мерейтойы атап өтілді

17.01.2018

Жарасбайдың жаналғышы

17.01.2018

Аққу кеткен...

17.01.2018

Парасат пен пайымды ту еткен ғалым. Немесе инженер Тұрлыбек Ысқақов туралы

17.01.2018

«Абыз» ұғымының аясы кең

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Дамудың даңғыл жолы

Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін бе­руде. Қолға алынған зор мін­дет­тер­дің негізгі мәні – Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуы, көр­кеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. За­ман­ның дидары ө+згеруіне орай, мем­лекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу