Ұстаз әлеуеті һәм бәсекеге қабілетті шәкірт

Мен еліміздің бас газетін қалт жібермей оқып отырамын. Әсі­ре­се, соңғы кездері газет беттерінде «Тәлім», «Білім» айдарымен жарық көріп тұратын мақалалар, пікірлесулер, ойласулар ме­н­ің ұстаз ретінде көкейімде жүрген ойларыма түрткі болды.

29.03.2017 479

Бү­гінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру, ұлттық тәрбие үрдісі, ғы­лым саласы қоғамымыздағы ең өзекті мәселеге айналып отыр. Ұстаздар мен тәрбиешілер, тіпті, кітапханашылар да өз ой-пікірлерімен сіздер арқылы көпшілікпен бөлісу мүмкіндігіне қол жеткізді. Әрине, бұл өте қуанарлық жағдай.

«Тә­лім» бетінде мақтааралдық әріптесім Махамбет Са­пар­мұ­ратов айтқандай, мен де «Қызыл кітапқа» кірудің аз-ақ ал­дын­да тұрған санаулы ұстаз ер-азаматтардың бі­рімін. Сон­дық­тан, елімнің азаматы, ұстазы ретінде ой-пікірімді білдірсем деп едім.

Ғылым мен білім, ұлт­тық тәрбие мәселесі қай кезеңде де қоғамдық да­мудың алғышартындай. Әр ел өз жүгін өзі көтеріп б­а­­ра жатқан дәу­­ір­де тәуел­сіз­­діктің жаңа мүм­­кін­­дік­те­рін тиімді пайдаланып, ұр­­­паққа дұрыс бағыт-бағ­дар беру – маңызды мәселе. Елі­міздің дамуымен өркениетке қол жеткізуінің жал­­ғыз жолы – ұлт бо­лашағын ұлт­тық тәрбие және жа­ңашыл білім нә­­рімен сусындату. Бұл өздігінен ше­­­шіле қоймасы белгілі.

«Бір жылдығын ойлаған күріш өсіреді, он жылдығын ойлаған тал егеді, ал жүз жылдығын ойлаған өне­гелі ұрпақ тәрбиелейді», деп дана халық бекер айтпаған. Елу, жүз жыл өткеннен кейін ұр­­пақ­та­­рымызды нендей күйде, қан­дай кейіпте көреміз, олар кім бо­­­­­лып өмір сүреді, қай тілде сө­й­­­­­­­­л­ейді, кімнің ұрпақтары­мыз деп мақтанады?.. Міне, саналы­ аз­­а­­­­­мат­ты осындай сұрақтар ма­­­­за­­­ла­са таң қалмаймыз. Кө­ке­й­­кес­­­­ті сұрақтардың түй­­­інін тар­қа­­­татын бір ғана тұлға бар. Ол кә­­­сібін жан-жақты мең­гер­ген, қыз­­­­метіне адал, ұрпақ ті­­­леуқоры, дү­­­­ниетанымы жоғары, ар-иман би­­і­­гін аласартпаған ұлы мәртебелі Ұс­­­таз! Оқушы жү­ре­гіне ізгілікті, мей­­­­ірімділікті, ада­м­гер­ші­лікті сі­ңі­­ретін парасат иесі – мұғалім ғана жау­­апты сәтте өз сөзін ісімен дә­лел­деп бере алады.

Білікті мұғалім қайдан шы­ға­ды? Бүгінгі мұғалім біліктілігі өз ма­­мандығын ғылыми тұрғыда терең иге­­ргендігімен, өз жұмысын жақсы білетіндігімен және де әр сабағын тәуелсіздік тарихымен ұтымды ұштастыра алатындығымен тығыз байланысты. Мұғалім мәртебесі педагогикалық тынымсыз ізденіс, еңбекқорлық арқылы оқушының санасына, қиял әлеміне серпін, күш-жігер ұялата алуымен де ма­ңызды. Жаңа көзқарас, соны пікір оқу­шыны алға жетелейді, ойын шың­дайды, қиялын ұштайды.

Сабақ барысындағы әр жа­ңа­лық, қисынды ой-пі­кір, қызықты сұх­­­бат оқушы ой-өрісімен үй­ле­с­-

се, үн­дессе, сеніміне ие бол­са, он­дай ұстаз-мұғалім өз ісі­нің хас ше­­бері. Сабақ барысында оқушы қа­былдауына жеңіл, түсінікті, сыйым­ды ақпарат жүктеп, өзіндік ой-пікірін, сыни көзқарасын жетілдіру, да­мыту басты мақсат. Шәкіртіңіз сіз­­дің ақпараттарыңызға өзіндік ой ай­­та алса, сыни көзқарасын білдіре ал­са, ғылыми қисынды түсінігін дә­­л­елдей алса бәсекеге қабілетті тұл­­ға болып шығуына сеніммен қа­рауға болады. Бәсекеге қа­білетті шә­кірт шығу үшін мұ­ғалімнің өзі білім бәсекесінде ал­да болып, шы­ғар­машылық мүм­кіндіктерін заман талаптарымен ұштастырып, тиім­ді пайдалана білуі қажет. Ин­теллектуалдық білімін, қа­рым-­қа­­­білет әлеуетін пе­да­го­гикамен үй­лестіріп, шен­дес­­тіріп отырса, мұ­ғалім ұтады.

Бүгінде өміріміз ақпараттық тех­­нологияларға тәуелді. Жылдам жет­кізу, жыл­дам қабылдау, жылдам ойлау, қысқа шолу, қысқа қай­ыр­у бе­лең алып барады. Жастар са­­на­сы, ойы, түсінік-пайымы осыған қарай бет ал­ға­ны қа­шан?.. Соның салдарынан оқу­шыларымызға тағат тауып, төзімділік танытып, бір көркем шығарманы үйде немесе мектеп кітапханасында толық оқытып шығу мүмкіндігінен айырылып қалғандаймыз. Бәріне себеп – сол баяғы уақыт тапшылығы,  оқушыларға қойылатын мек­теп­тегі пәндік талаптар мен мін­деттердің шектен тыс көбеюі. Әй­теуір, бас­қа­­сына уақыт табылса да, рухани же­тілудің көзі – кітап оқу­да оқу­шы­лар әдеттерінше «жыл­дам» бола ал­май отыр.

Ғасырымыз білімі мен ғылымы оз­ған жұрттарға көп мүмкіндіктер бе­ріп отыр. Ғылым да, білім де жал­пыадамзаттық ортақ бай­лы­ғы­­мыз. Сондықтан, ғылымды игеру мен білімді жетілдіру, ұрпақ игі­лі­г­іне мейлінше пайдалану саналы қоғамның, өресі биік аза­мат­тың құндылығына ай­налуы тиіс. Ел­басының «ХХІ ға­сырда біл­імін да­мыта алмаған ел­дің ты­ғы­рыққа тірелері анық», деп ай­т­қан пікірі өте орынды.

Кемел келешегіміз – ұр­па­ғы­мыз­дың тәрбиелік мәдениеті, бі­лім алуы мен ғылымды қалай иге­руіне байланысты. Біз ХХІ ға­сыр­дағы жаһанданудың ең қиын ке­зеңіне аяқ бастық. Жаһандануға шы­дас беру – ұлттық болмыс-бі­тімі тұтасқан, таным-түсінігі берік, білім мен ғылым, даму жолын дұ­рыс таңдаған елдің ғана қо­лынан ке­леді.

Болашағымыз бі­лік­тілік әлеуеті зор педагог пен жігерлі жас­тар­дың қолында. Бәсекеге қа­бі­лет­ті ұ­с­таздан бәсекеге қабілетті шә­кі­рт тәр­бие­ле­ніп шығатыны кү­мә­н­сіз. Сондықтан, бай­ыр­ғы берекеміз қайта ора­­­лып, мем­ле­кет пен қоғам ал­дын­­дағы абырой-бе­­деліміз қайта жаң­­ғырса екен деген тілегім бар. Бі­лімге болысқан, ақыл­ға то­лыс­қан, жақсылыққа жуыс­қан  ұстазға қашанда қам­қорлық пен қолдау қажет.

Арман Нәдірбаев, 

Сарыкемер ауылы

Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жамбыл облысы

Байзақ ауданы




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Әуендер достыққа бастайды

29.04.2017

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

29.04.2017

ОҚО-да тасқын судың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

29.04.2017

​Қыранның – бас, тұмсық, танау, көз, қанат-қауырсын сындары

29.04.2017

Қытайдағы қазақ жігіті Шыңжаң марафоншыларының көшін бастады

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу