Венесуэладағы дағдарыстың сыры неде?

Ең қажетті тауарлардың тапшылығы, өршімелі инфляция, жабық шекаралар, өз саяси қателерінің кесірінен қаражатсыз қалған социалистік үкімет: қазіргі Венесуэланың жағдайы Кеңес Одағының соңғы кезеңдеріне әбден ұқсас. Алайда, КСРО жалпы алғанда ірі жанжалсыз қирап қалса, латынамерикалық елдегі төрт айға жуық уақыт бойы тоқтамай өтіп жатқан наразылық акциялары мен қақтығыстардың салдарынан 90-нан астам адамның өмірі қиылды деген дерек айтылады.
Егемен Қазақстан
17.07.2017 1191

Венесуэладағы саяси дағдарыстың ашық кезеңі биылғы 29 наурызда басталды – бұл күнде президент Николас Мадуроға бағынатын Жоғарғы сот жергілікті Парламентті заңсыз шешімдер қабылдады деп айыптап, оның өкілеттіктерін өзіне тартып алмақшы болды. Бірақ соңғы сайлаудың нәтижесінде парламенттік көпшілікке ие болған оппозиция өкілдері бұл өкіммен келіспей, өз қолдаушыларын көшеге шығуға шақырды.

Әрине, осы саяси текетірестің негі­зінде терең әлеуметтік-экономикалық себептер жатыр. Таяуда ғана өңірдегі ауқатты елдердің бірі болып саналатын Венесуэла халқы бүгін шықпа жаным, шықпамен отыр. Өз өндірісін дамытудан баяғыда қол үзген бұл мемлекет «мұнай ақшасына» сатып алынатын импортқа толық тәуелді болып қалды. Мемлекеттік экспорттық түсім болса, оның 95 пайызын мұнайды сатудан пайда болған валюта кірістері құрайды. Сондықтан, 2014 жылы әлемдік мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Венесуэлада тұтыну тауарларының тапшылығы бірден сезілді. 

Бүгінде тапшы тауарларды «қара базардан» заңсыз сатып алуға болады, дегенмен, олардың бағаларына қарапайым халықтың қолы жетпейді. Ең төмен жалақының ресми мөлшері шамамен 50 долларға жуық венесуэлалықтар бір аптаға жетер-жетпес негізгі азық-түлікті (сүт, нан, жұмыртқа) сатып алу үшін 200 доллардан астам ақша төлеуі керек. Аяқ киімнің бағасы 700 доллардың шамасында, джинсы шалбарын сатып аламын деген адам 500 доллар төлеуі керек, теледидардың құны 6-7 мың доллардан асып кетеді. Жергілікті халықтың көбі, тіпті өз елінен қашып та кете алмайды. Өйткені, халықаралық әуе билетін сатып алу үшін олар бірнеше жыл бойы ақша жинауы қажет. 

Тауарлардың елге заңсыз кіруін және бағалардың өсуін тоқтатамын деген өкімет шекараға әскери бөлім­шелерін шығарды, валюта айналымына және ресми бағаларға қатысты қа­таң бақылау қойды. Әрине, осындай мұқият ойланбай қолға алынған іс-шаралар кері нәтиже берді – капи­талдың жылыстауы күшейді, «қара базар» өркендеді, бағалар шарықтап өсті. Дүниежүзілік банктің есептеріне сенетін болсақ, биылғы инфляцияның деңгейі 720 пайыздан асуы мүмкін Венесуэланың жылдың соңына дейін қандай күйге түсетіні белгісіз. Қазірдің өзінде халқының 80 пайызы дұрыстап тамақтануға ақша таба алмай қиналуда.

Осыған қоса, денсаулық сақтау саласы да апатты жағдайда. Эко­но­микалық қиыншылыққа байланыс­ты Венесуэладан көршілес елдерге 13 мың дәрігер көшіп кеткен. Негізгі дәрі-дәрмектің тапшылығы 85 пайызға жетсе, ал обыр және гемофилия секілді ауруларға қарсы қолданылатын күшті дәрілердің тапшылығы 90 пайыздан асқан көрінеді. Жұқпалы аурулардың кеңінен таралуы басталған. Жақын арада венесуэлалықтардың мүлдем медициналық көмексіз қалуы әбден ықтимал.

Мұндай қиын жағдайға тап болған халық күрделі саяси мақсаттар үшін емес, өз өмірлері үшін күресуде. Президент Н.Мадуроның рейтингі өте төмен. Венесуэланың астанасы – Каракаста халық пен полицейлердің арасындағы тоқтамайтын қақтығыс әлдеқашан қантөгіске айналып кеткен.
Жалпы, Венесуэланың тарихына көз салсақ, ол ХХ ғасырдың 40-шы жылдары тұңғыш ірі мұнай келісімдеріне қол қойғаннан кейін өркендеді. Елге әлемнің түрлі әйгілі корпорациялары инвестиция мен жаңа технологиялар әкелді. Келесі 40 жыл бойы бұл ел Латын Америкасының ең бай мемлекетіне айналды.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары орын алған әлемдік «қара алтын» нарығының құлдырауы бірнеше мұнай өндіретін елдің экономикаларына айтарлықтай соққы берді. Мәселен, Кеңес Одағы, тіпті жер бетінен жоқ болды. Ал Венесуэлада он шақты жылға созылған экономикалық дағдарыс пен тапшылықтың кезеңі басталды.

Молшылық пен жер астынан шығып жатқан байлықтың табысына әбден малданған халық 1998 жылы бұрынғы десантшы-сарбазды президент етіп сайлады. Уго Рафаэль Чавес Фриас есімді подполковник Венесуэладағы қиыншылықтардың барлығына шетелдіктерді айыптады. «Мұнайымызға тойымсыз» шетелдік корпорацияларды қуып жіберемін және жер қойнауындағы елдің байлығын толығымен халықтың қолына қайтарамын деп уәде берді. Әрине, мұндай уәделер көпшіліктің құлағына жағымды естілді.

Уго Чавес өз сөзінде тұрды – бір­неше шетелдік мұнай-газ компания­ларын қуып, олардың Венесуэладағы активтерін мемлекеттің мүлкіне айналдырды. Чавестің билік басына келуінен кейін аз ғана уақыт өте әлемдік мұнай нарығындағы дағдарыс аяқталды. Бағалардың өсуімен Венесуэланың да байлығы қайтып оралған секілді болды. Елде қандай да бір көзге түсетін қиыншылық шығып қалса, оны Чавес «мұнай ақшасын» аямай жұмсап, түзете салатын еді, халықтың қандай да бір наразылығы пайда болса, мол әлеуметтік төлемдермен ауыздарын жаба салатын еді. 

Алайда, экономиканың мұнайдан басқа салалары дамыған жоқ. Жаңа өндіріс пен жаңа технологияларды жетілдіруге шақырылған шетелдік компаниялар Венесуэланың атын естігеннен безіп кетті. Өз жер қойнауы болса, толығымен ұлттық мұнай-газ компаниясының қолына түсіп, ол да өркендеген жоқ. Мұнай саласындағы жаңа даму жобалары баяғы тиімсіздік пен парақорлықтың астында қалды. 

Осылай 2013 жылы дүниеден қайтқан Уго Чавес өзі таңдап алған мұрагері Николас Мадуроға эконо­ми­калық келешегі бұлыңғыр мемлекетті қалдырып кетті. У.Чавестің шешендік өнерімен, көшбасшылық дарынымен мүлдем салыстыруға келмейтін Н.Ма­дуроның саяси күнкөрісі толығымен мұнай бағасына тәуелді болды. Аз-ақ уақыттың ішінде әлемде мұнай қоры бойынша бірінші орынға ие Вене­суэланы кедейшілік билеп алды. Ал енді бұл тығырықтан шығаратын басшы да, бағдарлама да табылар емес. 

Жанболат ҮСЕНОВ,
Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2018

Мектеп оқушылары «Егеменде» болды

22.04.2018

Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның жаңа тағайындалған премьер-министрімен телефонда сөйлесті

22.04.2018

Астанада тұрғын үйлерді басқарудың онлайн–жүйесі әзірленуде

22.04.2018

Оралда төртінші мәрте «Ашық әкімдік» шарасы өтті

22.04.2018

Алматыда дәстүрлі қайырымдылық марафон өтуде

22.04.2018

Әзербайжан парламенті елдің жаңа үкімет басшысын бекітті

22.04.2018

Астанадағы сенбілікке 140 мыңнан астам қалалық қатысты

22.04.2018

Қостанайда мемлекеттік қызмет аллеясы болады

22.04.2018

Мақтарал аудандарында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

22.04.2018

Қостанайда болашақ жаңа қаланы дамыту ісі қаралды

22.04.2018

Оралда өрт қауіпсіздігін сақтамаған ойын-сауық және сауда орталығы бір айға жабылды

22.04.2018

Қостанай облысында 21-ші цифрлы  технологиялық IT кабинет ашылды

22.04.2018

Қырғызстанда жаңа премьер-министр сайланды 

20.04.2018

«Smart Zholy» бағдарламасының үздік стартап жобалары анықталды

20.04.2018

23-26 мамыр күндері Астанада «KADEX - 2018» көрмесі өтеді

20.04.2018

Денсаулық сақтау министрі Орал қаласында

20.04.2018

Заңнамаға архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер қаралды

20.04.2018

Дубайдағы инвестициялық кездесуде ОҚО-ның инвестициялық өсу драйвері зерттелді

20.04.2018

Ақтөбеде зиянды қалдықтар тасқыны толастар емес

20.04.2018

ТҮРКСОЙ Шыңғыс Айтматов жылын ашты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?

Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкім­ге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жа­қындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмір­ге араласады, өзгелермен бірге қазіргі за­ман­­ның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ... 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тағам сыры: аурудың алдын алу мүмкін бе?

«Ас – адамның арқауы» деп кішкен­тай­ымнан естіп өскен адам ретінде, та­мақ жемесе адамның күші болмайды, жұ­мыс істеуге, өмір сүруге энергиясы жетпейді деп ойлайтынмын.  Бірақ ас­тың да асы бар, оның пайдасы мен зияны туралы шы­найы да, өтірік те, ойдан құрас­ты­рыл­ған да әңгімелерді көп естіп, кейде білмегендіктен сеніп те қалып жүреміз.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы: Шағын ауданның астарлы ақиқаты

Алматыда аты жоқ, бірақ, нөмір­­­лен­­ген 12 шағын аудан бар. Шын­туай­­тында, олар 12 емес, барлығын қос­­қанда – 13. Қала сәулетіне билік жүр­гізуші партия қызметкерлері, сірә, жобалау үстінде «шайтанның 12-сін» сес­ көрген-ау, ақырғы шағын ауданды – 10 «А» деп белгілепті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу