Виннипегте Астана туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Канадада Манитоба университетінің профессоры Франк Альбоның «Астана: сәулеті, жұмбағы, тағдыры» атты кітабының ресми тұсаукесері өтті.
Егемен Қазақстан
14.06.2017 2044
2

Манитоба провинциясының астанасы Виннипег қаласында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасының Канададағы елшісі Константин Жигалов, Манитоба Мәдениет министрі Рошель Сквайерс, Қаржы министрі Камерон Фризен, провинция Парламентінің депутаттары және шамамен 400-дей қоғам қайраткері қатысты. 

Қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде К.Жигалов кітап авторын Қа­зақ­станның тарихы мен мәдениетін сә­у­лет тұрғысынан зерттеген ғылыми жо­баның сәтті аяқталуымен құттықтай ке­ліп, Канада тарихында Қазақстанға арналған алғашқы кітаптың 2017 жылы бас­ып шығарылуының ерекше маңызын атап өтті. 
«Биылғы жылы Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қа­тынастарға − 25 жыл, Президент Н.Ә.Назарбаев бас архитекторы болып саналатын Астана қаласының елорда болуына 20 жыл толып отыр. Бұл кітап ЭКСПО-2017 халықаралық ма­ман­дандырылған көрмесінің ашылуы қар­саңында жарық көруде. Профессор Франк Альбо кітаптың жеке бөлігін со­ған арнап отырғаны белгілі», – деді К.Жигалов.
Сонымен қатар, Қазақстан елшісі тың­даушыларды еліміздің әлеуметтік-эко­номикалық дамуы, сондай-ақ, еліміздің жаңғыртылуының бас­ты қадамдары туралы жан-жақты хабардар етті. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан қоғамдық сананы жаңғырту және «Туған жер» бағдарламасы аясын­дағы «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын ескере отырып, автор көтерген тақырыптардың өзектілігіне де ерекше назар аударды.
Канада жұртшылығы «Астана: сәулеті, жұмбағы, тағдыры» кітабына қы­зығушылық танытып, қазіргі кезде оның алғашқы тиражы (4500 дана) толығымен сатылды. Кітап Канаданың ресми бестселлері атағына ие болды.
Ф.Альбо іс-шараға жинаған жұрт­шы­­лықты кітаптың ресми сайты (www.astanamyth.com), «АТОМ» жоба­сымен бірге іске асырылып жат­қан ядролық қаруға тыйым салу жө­нін­дегі онлайн науқан, сондай-ақ, ал­дағы уақытта Лон­дон, Вашингтон, Оттава қалаларында және Астанадағы ЭКСПО-2017 көрме­сі шеңберінде ар­найы тұсаукесер ұйым­дас­тыру тура­лы өз жос­парларымен таныстырды, деп хабарлады еліміздің Сыртқы істер ми­нистрлігінің баспасөз қызметі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу