WSB: Қазақ-Куба «айқасы»

Ертең Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалдық жекпе-жегі өтеді. Жобаның финалына қазақстандық «Астана арландары» мен кубалық «Куба қабыландары» шықты. Аталған екі клуб бұған дейін жобаның екі дүркін жеңімпазы атанған. «Астана арландары» 2013 пен 2015 жылдары әлемнің теңсіз командасы атанса, «Куба қабыландары» 2014 және 2016 жылы чемпион болған. Яғни, ертең екі команданың бірі – WSB сериясының үш дүркін чемпионы атанды.
Егемен Қазақстан
14.07.2017 1559

Биылғы финалда чемпион атану үшін екі команда сақадай-сай. Әсіресе, кубалық боксшылардың қарқыны қатты. Өйткені, финалдық бәсекеге «қабыландар» әр жылдағы үш Олимпиада чемпионын алып келген. Олар: 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының 64 килодағы чемпионы – Роньель Иглесиас Сотолонго (ол қазір 69 килода жұдырықтасады) және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпиондары Арлен Лопес (75 кг) пен Хулио Сесар ла Крус (81 кг). Сондай-ақ, Йоханус Аргилагос (49 кг), Лазаро Альварес (60 кг) және  Эрисланди Савон (91 кг) былтырғы Олимпиаданың қол жүлдегерлері. Ал «арландар» сапында Олимпиада чемпионы болмаса да, Олимпия ойындарында 52 килода жұдырықтасқан Ілияс Сүлейменов (І2012) пен Олжас Сәттібаев (2016) бар.

Сонымен, WSB жобасының финалына шыққан Қазақ-Куба боксшыларының әлеуетін, жарыс жеңімпазы атануға қаншалықты мүмкіндіктері барын саралап, сараптап шығуды жөн көрдік.

49 кило – Теміртас Жүсіпов - Йоханус Аргилагос

Бұл жұпта Теміртас Жүсіпов қарсыласынан жас жағынан да тәжірибе жағынан да басым. Теміртас биылғы маусымда бес кездесу өткізген. Екі жекпе-жекте жеңіске жетсе, үшеуінде ұтылып қалған. Ал Аргилагос үш кездесу өткізіп, бір рет жеңіп, екі рет жеңілген. Айтпақшы, екі боксшы 2015 жылғы финалда жолығып, Жүсіповтың жеңісімен аяқталған болатын. Статистикаға сүйенсек, Теміртас ертеңгі кездесуде де жеңіске жетуі тиіс.

52 кг – Олжас Сәттібаев - Йосбани Вейтиа

Олжас Сәттібаев пен Йосбани Вейтиатың нәтижелері мен мүмкіндіктері бірдей. Екі боксшы да былтырғы Рио Олимпиадасының қатысушылары. Дегенмен, екеуі де жүлдеге іліге алмаған болатын. Сондай-ақ, осы маусымда Сәттібаев пен Вейтиа төрт кездесуден өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Сонымен қатар, олар 2015 жылғы финалда жолығып, Олжас Сәттібаев жеңіске жеткен. Олжастың өзі екі жыл бұрынғы жеңісін қайталайтынына сенімді.

56 кило – Ілияс Сүлейменов - Хавьер Ибаньес

         Ілиястың бұл жолғы қарсыласы қазақ бокс жанкүйерлеріне есімі аса танымал емес жас боксшы. Небәрі 20 жастағы Хавьер Ибаньес былтыр Куба құрамасы сапына алынған. Ол биыл WSB жобасында 5 жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіп, екі рет жеңілген. Ал халықаралық дәрежедегі бокс шебері Ілияс Сүлейменов бес кездесудің төртеуінде жеңіске жеткен.Аталған жекпе-жекте Сүлейменовтың жеңісіне куә болуымыз мүмкін. Дегенмен, қарсыласқа да құрметпен қараған дұрыс.

60 кило – Зәкір Сафиуллин - Лазаро Альварес

Бұл кездесу Зәкір үшін реванш жекпе-жек болмақ. Өйткені, ол 2015 жылғы финалда Альварестен ұтылып қалған еді. Негізі, екі боксшы тең дәрежеде жұдырықтасқан, бірақ төрешілер жеңісті кубалық боксшыға берген болатын. Екеуінің де жеңіске жетуге мүмкіндіктері де тәжірибелері де жеткілікті. Зәкір - Лазаро жекпе-жегінде кім жеңетінін дөп басып айту қиын. Сондықтан, жеңімпаздың есімін төрешілер мен шаршы алаңға қалдырайық.

64 кило – Ділмұрат Мижитов - Энди Круз

Былтыр 56 килода осы жоба арқылы Рио Олимпиадасына жолдама алып, төрт жылдықтың басты бәсекесіне қатыса алмай қалған Энди Круз биылдан бастап 64 килода сынға түсіп жүр. Нәтижесі де жаман емес. Бес кездесудің барлығында жеңіске жеткен. Ал жобаның дебютанты Ділмұрат Мижитов жас болса да боксшыларға лайықты қарсылас атанып жүр. Бұл кездесудің де нәтижесін шаршы алаңға қалдырайық.

69 кило – Асланбек Шымбергенов - Роньель Иглесиас Сотолонго

Асланбек Шымбергенов кубалық боксшымен 2015 жылғы финалда кездесіп, жеңіске жеткен. Сондай-ақ, 2014 жылғы «Чемпиондар кездесуінде» Сотолонго тағы бір «арлан» Мадияр Әшкеевтен жеңілген. Жалпы, Роньельге қазақ боксшыларымен жұдырықтасу ыңғайсыз. Екі боксшы да биыл жеңіліп көрмеген. Асланбектің соңғы жекпе-жектері көңіл қуантарлық. Егер, ертеңгі кездесуде Шымбергеновтың бабы мен бағы келіссе екі жыл бұрынғы жеңісті қайталауы мүмкін.

75 кило – Аманқұл Әбілхан - Арлен Лопес

Аманқұл Әбілхан Ұлттық құрамадан «арландарға» көмектесуге келген жалғыз боксшы. Қолының жарақатына қарамастан ол Лопеске қарсы жекпе-жек өткізуге дайын. Жас пен тәжірибе бойынша Куба боксшысының бәсі жоғары. Дегенмен, жас боксшымыз кубаның «ардагер» боксшысына қауқары жететініне сенімдіміз. Тек жарақаты сыр бермесе болғаны.

81 кило – Арман Рысбек - Хулио Сезар Ла Крус

Бокс мамандары мен жанкүйерлерінің пікірінше, бұл кездесудің фавориті ретінде кубалық боксшы саналуда. Оның себебі де жоқ емес. Өйткені, Ла Крус өзі барған жарыстың бәрінде қарсыластарын жеңіп қана қоймай, алтын медальін алып қайтады. WSB жобасында да сондай. Жеңіліс не екенін білмей келеді. Бірақ, бұл кездесуде Нұрлан Ақүрпеков шәкіртінің жеңіске жететініне сенімді. Кубалық боксшыға қарсы жоспар құрып қойғанын, егер Арман жоспарды орындаса, жеңіске жететінін айтады.

91 кило – Антон Пинчу - Эрисланди Савон

Әуелде «арландар» сапынан бұл килода финалдық кездесуге Василий Левит шығуы керек болған. Алайда, ол байқаусызда қолын жарақаттап алып, рингке шыға алмайтын болды. Ал Антонның Савонға қаншалықты қауқар көрсете алатынын ертең шаршы алаңда көретін боламыз. Дегенмен, Эрисланди Савонды Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, атақты боксшы Феликс Савонның жиені демесеңіз, нағашысы секілді аса бір мықты боксшы емес. Бұл боксшылардың жеңіске жетуге деген мүмкіндіктерін 50 де 50 деп қалдырайық.

+91 кило – Олжас Боқаев - Йоанди Тойрак

Олжастың кубалық боксшы Йоанди Тойракқа қарағанда халықаралық аренадағы мен осы жобадағы тәжірибесі аздау. Олжас биыл екі кездесу өткізіп, бір рет жеңсе, бір рет ұтылған. Йоанди да биылғы жобада көп рингке шыға қоймаған, бірақ тәжірибе өз сөзін айтуы керек. Десе де, Олжас Боқаевқа алдағы кездесуде сәттілік пен жеңіс тілейміз.

Сондай-ақ, егер негізгі 10 жекпе-жектен соң кездесу 5-5 есебімен аяқталып жатса, 52 килода қосымша кездесу өткізіп, жеңімпаз клубтың есімі  анықталатын болады. Қосымша кездесуде «арландар сапынан Олжас Байниязов шықса, «Куба қабыландары» сапынан Франк Залдивар сынға түседі.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Елбасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

20.08.2018

Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде күміс медаль иеленді

20.08.2018

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

20.08.2018

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

20.08.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

20.08.2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.08.2018

Франциядағы әйгілі кинофестивальде қазақстандық режиссердің туындысы көрсетіледі

20.08.2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

20.08.2018

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты

20.08.2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

20.08.2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу