Зейнетақы қорымен қарым-қатынасыңыз қандай?

Наурыз айының соңғы күні «Бірыңғай жинақтаушы зей­­нетақы қоры» акционерлік қоғамы Астана фи­лиа­лының кеңсесі келушілерден босаған жоқ. «Ашық есік» күні өтті.
Егемен Қазақстан
04.04.2017 1549

Қазір ел ішінде «Зейнетақы қорындағы мол қаражат та­лан-таражға түсіпті, енді ешкім де ала алмайды екен» де­гендей әңгіме көп. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қо­ры Астана филиалының мамандары осындай алып-қаш­па әңгімеге нүкте қойғандай болды. «Қазақстан Рес­пуб­ликасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы жар­наларының сақталуына толық кепілдік бар. 1998 жылдан бастап Қазақстанда бірнеше зейнетақы қоры болғаны бел­гілі. Жарнамасы жақсы болса, салымшылар бір қордан екіншісіне оңай ауыса беретін еді. Осыған 2013 жылы тоқ­тау қойылды. Қаптаған зейнетақы қорлары бірыңғай жи­нақтау жүйесіне біріктіріліп, акционерлік қоғамға ай­нал­ған болатын. Бұл қордың құрылтайшысы әрі ондағы жар­­налардың сақталуына кепілдік беруші – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі.

– Тағы бір баса айтатын мәселе – зейнетақы қоры тек зейнет жасындағы адамдарға ғана қатысты деген қате түсінік бар. Жоқ, бұл үлкендерге де, жастарға да қа­тысты. Жұмыс берушілер еңбек етіп жүрген адамдар үшін ай сайын зейнетақы жарнасын аударуға міндетті. Екі­­жақты келісімшартта бұл тайға таңба басқандай көр­се­­тілуі тиіс. Кейбір жастар «Неге біздің шотымызға жарна түспеген?» деген сауал қояды. Бұл сұрақты өздерінің жұ­­мыс берушілеріне қою керек. Бұған біз араласа алмай­мыз, бұл салық органдары мен басқа да тиісті тексеру ме­кемелерінің құзыретіне жатады, – дейді «Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Астана фи­лиа­лы директорының міндетін атқарушы Мұрат Шәріпов. – Бү­гін­гі «Ашық есік» күнін көпшіліктің Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қорына байланысты осындай сауалдарына нақты жау­ап беру үшін арнайы ұйымдастырдық.

Көп адам өзінің жеке зейнетақы шотында қанша жарна жинақталғанын біле бермейді. Оған мән бермейтіндер де аз емес. Ал, негізінде бұл туралы ақпарат алудың ешқандай да қиындығы жоқ. Оның түрлі жолдары бар. Соның бірі – мобильді қосымша. Android, iOS және Windows Phone опе­рациялары бойынша смартфондар мен планшеттерге Бі­рың­ғай жинақтаушы зейнетақы қоры мамандары әзірлеген ақ­па­рат­тарды мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік бар. Сон­дай-ақ, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта не­месе өтініште көрсетілген электронды пошта бойынша да ақ­параттар алуға болады. Қажет десеңіз, мекен-жайыңызға пошта арқылы жібереді. Демек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты жан-жақты және толық ақпарат алуға мүмкіндік бар деген сөз. Осы арқылы әркім өз зейнетақы шотындағы деректерді тексере алады. Жарна уақтылы аударылмай жатса, дабыл қағуына болады. «Ашық есік» күніне осындай жағдайға тап болғандар әдейі келген екен. Олар зейнетақы жарналары түсіп жатыр ма, жоқ па, дер кезінде ақпарат алмаған, тексермеген. Нәтижесінде бірнеше айдың зей­нетақы жарнасы аударылмағаны белгілі болған. Сол екі ортада олар жұмыс істейтін компания банкротқа ұшыраған. Мұндай жағдай көптеген еңбек ұжымдарына тән. Осындайға тап болмас үшін шотыңызды ай сайын қадағалап, тиісті ақпараттарды алған артық болмайды.

«Жинақталған қаражатты қай уақытта және қанша мөл­шерде алуға болады?». «Ашық есік» күніне ке­лу­ші­лер­дің кө­бі осындай сауалға жауап алғысы келді. Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қоры бойынша төлемдер заң шең­бе­рінде орындалады. Салымшы зейнеткерлікке шыққан кез­­де жинақтаушы зейнетақы шотынан 844 440 теңгені алу­ға мүмкіндігі бар. Егер шотындағы қаржы бұдан көп бол­са, оны тиісті тәртіппен бірте-бірте алады. Бұл ең тө­менгі зейнетақының 30 есе мөлшері. Егер салымшы қай­тыс болған жағдайда оның жинаған жарнасы Қазақстан Рес­публикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сай мұ­ра­ға қалдырылады.

Қамсыз қарттық үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қо­рының орны ерекше екенін түсінген абзал.

Ғалым Омархан,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы мен «CLAAS» компаниясы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды

20.05.2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу