Жаһандық әйелдер саммиті өтті

11-13 мамыр күндері Токио қаласында әлемдік әйелдер қоғамының алдыңғы қатарлы бизнес-форумына айналған жаһандық әйелдер саммиті өтті.
Егемен Қазақстан
17.05.2017 1206

Саммит тақырыбы «Уименомика ше­гі­нен тысқары: мүмкіндіктерді жеделдету» кәсіпкер әйелдердің әлеуеті мен мүм­кіндіктерін көрсете отырып, олардың биз­нестегі басшылық лауазымдарға көтерілу жолдарын айқындауға, соны­мен қатар, жаһандық нарыққа шығу мүмкін­діктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Саммит әйелдерге арналған жаһандық шаралар күнтізбесінде ерекше орынға ие, яғни жаңа идеялар мен іскерлік байланыс­тар орнатуға, жаңа білім алуға, бизнес пен көшбасшылықта тәжірибе алмасуға мүм­кіндік беретін әлемдік пікір алмасу алаңы болып табылады.

Бұл маңызды және ірі ауқымды іс-шара жұмысына әлемнің барлық мем­ле­кет­терінен 1000-нан астам әйел қатысты. Кез­десулердің мақсаты  −  қазіргі таңдағы әлем­нің серпінді даму жағдайындағы әйел­дердің экономикалық хал-ахуалын жетіл­діру бойынша әлемдік саясат өкілдерінің, ірі халықаралық ұйымдар мен компания­лар өкілдерінің және көшбасшы әйелдердің пікірлерімен танысу.

Қазақстан Республикасы Президенті жа­нындағы Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссия мүшелері Раушан Сәр­сембаева мен Динар Нүкетаева бастаған 85 кәсіпкер әйелден тұратын қазақстандық делегация осы маңызды жиынға қатысып қайтты.

Саммит жұмысына Жапонияның Пре­мьер-министрі Синдзо Абэ, Токио қа­ласының мэрі Юрико Койке, Жапонияның сыртқы істер министрі Фумио Кишида және Жапонияның т.б. мемлекеттік ор­гандарының өкілдері қатысты.

Мұндай ауқымды іс-шараның Токио қаласында өткізілуі кездейсоқ емес, бұл – серпінді дамып келе жатқан Азия нары­ғының айқын мысалы. Сол себепті сам­миттің пленарлық отырыстарының маңыз­ды тақырыптарының бірі «Жапониямен бизнес-әріптестік орнату» болып табылды. Ал басқосуда  жапониялық және Азия-Тынық мұхиты нарықтарына шығу мүм­кіндіктері жөнінде толыққанды ақпарат берілді.

Саммит жұмысы шеңберінде әйел­дер­дің корпоративті көшбасшылыққа жету мүмкіндіктерін жылдамдату және әлем бойынша әйелдер басқаратын кәсіпорындар санын арттыруға бағытталған стратегия­лар құру бойынша әлемнің түкпір-түк­пірінен түрлі бастамалар талқыланды.

«Егемен-ақпарат»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Лионель Месси «Алтын бутса» сыйлығын бесінші рет жеңіп алды

21.05.2018

Қазақстан мен Халықаралық ҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісім туралы заң жобасы қаралды

21.05.2018

Қ. Тоқаев Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің басшысымен кездесті

21.05.2018

Шымкент-2 жаңа теміржол вокзалы салынады

21.05.2018

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

21.05.2018

ОҚО-да Нобель сыйлығы лауретының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

21.05.2018

Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті

21.05.2018

Филиппо Оноранти: Алқалы жиынның алар орны да ерекше

21.05.2018

Ханс-Пол Бюркнер: Мұнай мен газ ғана емес, басқа салалардың да дамуы керек

21.05.2018

Мырзакелді Кемел: Болашаққа бағдарланған форум

21.05.2018

«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандарын дайындатын ІТ-орталықтар ашты

21.05.2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

21.05.2018

Алматыда 5 жасар бала менингиттен көз жұмды

21.05.2018

Мекен-жай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

21.05.2018

Нұрлан Ноғаев: Бизнес субъектілеріне мемлекеттің қолдауы аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді

21.05.2018

Алматылық педагогтар СДУ-да бас қосты

21.05.2018

Қазақстанда тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға СИАХТ отасы жасалады

21.05.2018

Самал Еслямова: Біз бұл кинокартинаны түсіру үшін 7 жылымызды сарп еттік

21.05.2018

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу