«Жалпыадамзаттық құндылықтар әрқашан ортақ»

«Алаш» партиясы тарихын зерттеп жүрген тарихшы-ғалымдардың ішінде шоқтығы биігі – тарих ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясы Тарих институтының ғылыми қызметкері, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Дина Аманжолова Наурыз мейрамының қарсаңында «Егемен Қазақстан» газеті үшін арнайы сұхбат берген еді.

18.03.2017 72

– Дина Ахметжанқызы, ширек ғасырдан бері ТМД елдері, оның ішінде Ресейдегі этносаяси процестерді зерттеп келесіз. Бірақ сонымен бір мезгілде «Алаш» пар­тиясының тарихын зерттеуге де уақыт тапқан екенсіз…

– Мұның бәрі Семей қа­ласында педагогикалық институтта оқып жүрген кезімнен басталады. Ғылымға, тарихқа ден қойдым. Ұстазым Розалия Чернакованың ақыл-кеңесімен ғылым әліппесін меңгердім. Сол оқу орнында кандидаттық диссертация қорғап, Мәскеуге келдім. Көп ұзамай қайта құру кезеңі бас-талды. Қоғамдық формациядағы өзгерістер қоғам­дық санаға да әсер етіп, этно­ұлттық бағытқа басымдық берілді. Сол тұста мәскеулік әріптестерім С.Куле­шов пен А.Зевелев жаңа тренд ретінде қабылданған Алаш тари­хымен айналысуға кеңес берді. Одан бері талай уақыт өтіпті. Ширек ғасыр бойы зерт­теген өз кейіпкерлерімді сүйіп те, олардың атқарған жүгі­нің ауыр­лығын мойындап та үлгер­дім.

– Сіз қазақ тарихшылары арасында тұңғыш рет Мәс­­кеуде, Кремльде В.Ле­ниннің, И.Сталиннің жеке мұ­ра­ғатында сақтал­ған құ­жаттарымен жұмыс істедіңіз. Құжаттар арасында осыған дейінгі көзқара­сыңызды түбе­гейлі өзгертуге, қайта қарау­ға мәжбүрлеген тарихи деректер кездесті ме?

– Ондай құжаттар мен деректер көп болды. Қорда сақталған құжаттар сол кездегі билік жүйесінің ішкі мәнін ашуға, Сталиннің, Лениннің жекелеген тұлғаларға деген көзқарасын, өзара байланысының қандай деңгейде болғанын, амбициясын, мансаптық мүддесін түсінуге мүмкіндік береді.

Қорда жеке коллекция ре­тінде сақталып қалған жазбалар тарихи оқиғаларды түбірінен түсінуге жол ашады. Кейде мүлдем күтпеген деректерге тап бо­ласың. И.Сталиннің жеке қорынан оның Ұлттар ісі жөнін­дегі нарком болып жүрген кезеңінен хабар беретін деректер таптым. Тұрар Рысқұловтың Сталинге 1922 жылғы 20 ақпан күні жазған хаты Қазақстанның ішкі жағдайынан сыр шертеді.

Кейде бір ауыз сөйлеммен шектелген тілдей деректің өзі жаңа идеяларға жол ашады. Партия басшыларының жұмыс жазбаларын оқу қызық. Кейде ресми хаттамалардан күлкілі немесе қайғылы оқиғалардан хабар беретін деректер байқалып қалады. Жекелеген тұлғалардың мінезі, тіпті, өзі кезінде байқа­маған немесе мән бермеген, енді бас көтеріп келе жатқан амбициясы да жазбаларынан көрініп қалады. Тарихи деректер сезім­тал, тіпті, оны тірі ағза деуге де болады. Сондықтан, онымен жұмыс істегенде жұртты таңғалдыратын жаңалық іздеудің қажеті жоқ. Менің ресейлік әріптестерім жиі айтатынындай, тарихи деректерден жаңалық іздемеңіздер, бірақ зерттеуді тоқтатпаңыздар…

– Өткеннің сабағы мен жеңісін бүгінгі шындықпен сәйкестендіруге бола ма?

– «Алаш» қозғалысының тарихын зерттеу керек. Қажет кезде олардың жеңісі мен қателіктерін мультипликативті түрде болса да қаперге алып жүру керек. Бірақ өткеннің тәжірибесін тура мағынасында қайталауға немесе оны сол қалпында жүзеге асыруға болмайды. «Алаш» қозғалысының өкілдері байқатқан мына бір сипатқа назар аударғым келеді. Бұл – диалогқа, компромиске қабілеттілік, өте күрделі жағдайларда өз мүдделерін қорғап қалу үшін заңды түрде әрекет етуге даярлық. Әртүр­лі саяси күштермен өзара бірлесіп жұмыс істеу кезін­дегі олардың жинақтаған прак­тикасының қандай маңызды болғанын алашордашылардың тәжірибелері көрсетіп отыр. Олар мұндай саяси икемділікке алдымен Ресей империясымен, содан соң азамат соғысы, революция жағдайында жұмыс істей жүріп қол жеткізді. Мұндай тәжірибелер, ұстаныммен қатар, іргелі мәселелердің шешілуіне көмектесіп отырды.
Қазір ел ішінде өткеннің тәжірибесін сол қалпында қай­талау керек деген пікірді ұста­натындар көп. Тағы да қайталап айтамын, өткеннің тағылымын мақсатты түрде қайталауға да, көшіріп алуға да болмайды.

– Осыдан 100 жыл бұрын «Алаш» партиясы билік басына келсе, бүгінгі Қазақстан, бүгінгі қазақ қандай ұлт, қан­дай мемлекет болар еді?..

– Белгілі бір кезеңдерде және белгілі бір аймақтарда Алаш автономиясы өмір сүрді, олардың идеялары жүзеге аса бастаған кездер де болды. 1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.Сталинмен кездесіп, оларға «Алашорда» атты ұлттық ав­тономиялық үкімет құрыл­ғанын, «Алаш­орда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкей­ханов екенін мәлімдеген.

Алашорда үкіметі өз бағыт-бағдарын айқындап беретін байыпты шешімдер қабылдады. Сол бағытта жұмыс істеді. Сол кездегі саяси ахуал, соғыс жағдайы Алашорданың саяси ұстанымына да, тағдырына да әсер етті. Ойдағысын жүзеге асыруға уақыт мүмкіндік бермеді. Олардың билік басындағы аз уақытта нені істеп үлгергенін және қате­ліктерінің себеп-салдарын зерт­теуіміз керек.

«Алаш» партиясының жер­гілікті өзін өзі басқару туралы концепциялары алаштанушы ғалымдардың ендігі зерттейтін нысанасы болуы керек. Бірақ бұл кезеңді түбегейлі зерттеуге ниеттеніп жүрген тарихшыны көрмедім. Жалпы, Алаш тарихына қатысты мәселелерді зерттеген кезде асығыстыққа немесе эмоцияға жол беруге болмайды. Байыпты байлам, салмақты тұжырым ғана тарихтың нақты ақиқатын ашып бере алады.

– 1932-1938-жылдарда қазақ зиялыларына тағыл­ған негізгі ауыр айып – «Жапон тың­шысы» деген сөз. Алашорда мен Рыс­құлов арасындағы бір-біріне кереғар деректер және «Жапон тыңшысы» деген айыптың арасында байланыс бар ма?

– Сталиннің жеке мұра­ғатынан Тұрар Рысқұлов «Жа­понияның тыңшысы» бол­ғанын айғақтайтын деректерді кездестірмедім. Бірақ Рысқұлов пен алашордашылар арасында байланыстың болғанын дәлелдейтін деректер жетерлік. 1922 жылы Тұрар Рысқұлов пен Сұл­танбек Қожанов Әлихан Бөкейхановты тұтқыннан босату үшін Орталық комитетке ұсыныспен шыққан. Мұндай әрекет жаланың кез келген түрімен айыпталуға себеп боларын алдын ала білсе де бастарын бәйгеге тіккен. Жалпы, бұл деректерді түбірімен зерттеу ХХ ғасыр басында өмір сүрген зиялыларымызды бір-бірінен бөле-жара қарамауға немесе бір-біріне қарсы қоймауға жол ашар еді…

– ХХ ғасыр басында өмір сүрген қазақтың білімді, зиялы азаматтары туралы қазіргі қо­ғамдық пікірдің таразысын тең алып жүрудің жолы қандай?

– Олардың әрбірі – қай­таланбас тұлға. Оларды бір-бірімен салыстыруға да, қарсы қоюға да болмайды. Олардың басым көпшілігінің ғұмыр-дариясы толыққанды зерттелген жоқ. Тіпті, архивтерде сақталған дерек­тердің өзі мақсатты түр­де жойылған. Мысалы, сіз айт­қан Тұрар Рысқұлов 1926-1938-жылдары РСФСР Халық комиссарлары Кеңесі жанындағы ауыл шаруашылығы бас басқармасында басшылық қызметте болды. Рысқұлов өмірінің осы кезеңдері архив деректерінде жойылған. Біз бұл кезең туралы В.Устиновтың айтуы бойынша ғана білеміз. Рысқұлов Экспорттық кеңесте күні бүгінге дейін өзектілігін жоймаған мәселелер көтерді. Ол – жаңа экспорт көздерін іздеу арқылы экономиканы әр­тараптандыру, әлемдік нарықтық қажеттіліктерін қаперге алу.

– Биыл – Алашорданың 100 жылдық мерейтойы. Ресейде бұл датаны Қазан төңкерісінің 100 жылдығымен байланыстырып қарайтын көзқарас байқала ма, қалай?

– Ресейдің бұған қалай қа­райтынын әлеуметтік желілер, БАҚ арқылы байқауға болады. Бұл – қалыпты жағдай. Бұл датаға әрбір толқын өз өлшемі, өз деңгейімен қарайды. 1917 жылғы саяси оқиғалардың салмағын КСРО-ның күйреуімен бірдей көреді.

Қазан төңкерісінің тари­хын зерделеу 100 жылдан бері жалғасып келеді. Биыл да осы тақырыпта жарияланған ғылыми еңбектер мен қоғамдық дискуссиялардың саны артқаны байқалады. Ресей де биыл бұл үрдістен шет қала алмайды. Халықаралық конференцияларға шетелдік тарихшылар шақы­рылып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік беріледі деп күтіп отырмыз.

– Енді 1917 жылғы қазан төң­керісіне себеп болған алғы­шарттар туралы: «1916 жылдың 25 маусымындағы патша жарлығын халық наразылықпен қабылдады. Белгілі бір топ осы наразы­лықты билік басына келу үшін пайдалаланып кетті» деген пікір айтыла бастады тарихшылар арасында. Тарихшы ретінде сіз не дейсіз?

– Егер, зиялылардың көз­қарасы туралы айтар болсақ, ол шынайы болды. Олардың 1916 жылғы көтеріліске дейін қандай жұмыс атқарғаны, жал­пы қазақтарды ойы озық ұлт­тардың қатарына қоссам деген талпыныстары бұған дәлел. Олар қантөгістің алдын алуға талпынды. Тылда қалғандарды әлеуметтік жағынан қорғау үшін барын салды. Қазақта олардан өзге бірде-бір саяси топ мұндай жауапкершілікті мойнына алуға батылы бармады. Сондықтан, 1916 жылы зиялылар билік басына келу үшін барын салды деген пікірмен келіспеймін. Халықтың қарсылығы деген сөз бұл жалпы ұғым. Сол жылдардан сыр шертетін барлық деректерді (Мұндай құжаттар көп. Сондықтан жаңа деректерді тауып, оларды айналымға шығару керек) аймақтар және қатысушылардың, жергілікті билік орындарының қимылдары және қабылдаған шешімдері бо­йынша жинақтап, талдау керек.

– Ресейде де, Қазақстанда да ұлтшылдық көзқарасты жақтайтындардың қатары басым. Сіз ұлтшылдықтың жағым­ды сипатының қоғамға тартымды әсері мен күшін қалай баға­лайсыз?

– Бұл тұста ұлтшылдықты азаматтардың белсенділігі, пат­риоттығы және халқы, мемле­кеті үшін мақтаныш сезімдерімен бірге қарауға болмайды. Қазақ­станда да, Ресейде де осы ұғым­дар барлық ұлттарды ортақ мақсат жолында жұмылдырып отыр. Жекелеген ұлттардың азаматтық және этникалық аста­рының аражігін біліп алу маңызды. Тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың соңы қайғылы жағдайларға жалғасатыны тарихтан белгілі.

Мен тарихшы ретінде кез келген азаматтың этноұлттық сезімі өзге ұлттарға кедергі келтірмесе екен деймін. Этномәдени көпқыр­лылық – біздің ортақ құндылықтарымыз. Ұлт немесе халық жақсы немесе жаман болып бөлінбейді. Адамзаттың түбі бір биологиялық геннен та­ралғанын ұмытпайық. Бәріміз – бір Адам атаның баласымыз. Тіпті, ғасырлар тезінен өткен гуманистік бағыттағы мақал-мәтелдерге қараңызшы. Олар­дың басым көпшілігі «береке түбі – бірлікте» деген жалпы-адамзаттық құндылықтан тарап жатыр.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Гүлбаршын САБАЕВА,
журналист

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.03.2017

Көкпар және көкпар аты

28.03.2017

Сүйгізген, сүйген, мұңдасқан...

28.03.2017

​Оқушылар қамкөңіл қарияларға тарту жасады

28.03.2017

Қызылордада Алаш мұрасына арналған конференция өтті

28.03.2017

Қазақстанның сақтандыру нарығы серпін алды

28.03.2017

​«Астана» мен «Шахтер» арасындағы матчтың өтетін орны ауыстырылды

28.03.2017

Мақта шаруашылығын дамытуға не кедергі?

28.03.2017

Қазақстандықтар жаппай көлік жаңартып жатыр

28.03.2017

​Сондерс сөзінде тұрса, біз бәріне дайынбыз – Мұхамедиұлы

28.03.2017

​ҚХЛ команда санын қысқартуы мүмкін

28.03.2017

Атырау театры АҚШ-қа барады

28.03.2017

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш ашылды

28.03.2017

Қанат Исламның Астанада өтетін бокс кешінің орны белгілі болды

28.03.2017

Дзюдодан ​Қазақстан қыздар құрамасы Тюринги кубогының қола жүлдегері атанды

28.03.2017

Жылдың екінші жартысында да ОПЕК+ келісімі өз күшінде қалуы мүмкін

КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Кәсіпкерге не кедергі?

Иә, кәсіпкерге еш кедергі жоқ секілді көрінеді. Кез келген істі кәсіп қылып, шыр айналдырып пайда таба бер. Өзің де байы, өзгені де жарылқа. Тек заңды бұзбасаң болды. Солайы солай ғой. Бірақ өмірде қалай?

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

​Адами капитал

Бүгінде әлемнің дамыған елдерінде адами капиталды мемле­кеттің, қоғамның және экономиканың негізгі тұғыры деп қабылдайды.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы – тоқ қала!..

Алматыда туған, тұрған, бі­лім қуған, қызмет істеген, қазір тұрып жатқан, алыста-а-а-н елегі­зіп қаланы сағынып жүрген... бар­­ша­ңыз – осындағы кеңестік асхана­лардан жеген сірке суының өткір иісі мұрын қабатын лағман тағамының қышқылтым дәмін ұмыта қоймаған шығарсыздар-ау!

Нәубат ҚАЛИЕВ, саяси ғылымдар докторы

Қазақстан және жаңа әлем

Жаңа әлем дегенде, біз, ең ал­ды­мен, күрделі, қайшылықты және күрт өзгермелі әлемде өмір сүріп отырғанымызды пайымдап, сара­лауымыз керек. Осы жерде Абай даныш­панның: «−Көк тұман ал­дыңдағы келер заман» деген тұжырымы еріксіз ойға түседі.

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы

Агроөнеркәсіп: Алыпсатарлықтан арылу керек

Қазақстан ет және сүт өнімдері бойынша аса ірі экспорттаушы ел атануы мүмкін. Елбасы сыртқа сатылатын еттің көлемін 60 мың тоннаға жеткізсек, 4 миллион тонна астық сатқанмен бірдей табыс болатынын айтып, нақты тапсырма берген.

Пікірлер(0)

Пікір қосу