Жамбы ату – жауынгерлік өнер

Қазақтың бай тілінде «мерген» дейтін сөз бар. Бұл атқан оғы жерге түспейтін садақшыларға қарата айтылған ұғым. Ертеде мергендік өнер ұлыс бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған. Сондықтан да, көшпенді халқымыз ер баланы жас­тайынан садақ атуға үйретіп, елін қорғауға тәрбиелеген.
Егемен Қазақстан
19.04.2017 5762
2

Соңғы жылдары елімізде садақ ату өнерін ұлттық спорт түрі ретінде дамытуда. Ұлтшыл азамат Қайрат Сатыбалды мырзаның жетекшілігімен республикалық Жамбы ату федерациясы құрылып, тұңғыш рет 2014 жылдың мамыр айында Жамбыл облысы, Меркі ауданында садақшылардың 10 күндік оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Оған облыстардан 32 садақшы-спортшы шақы­рылды. Осы жылдың кү­зінде Қызылорда облысы, Жаңа­қорған ауданында алғаш рет жамбы атудан жарыс өтті. Келесі 2015 жылдың маусым айында Орал қаласында ұлттық спорт түрлерінен өткен жастар чемпионаты мен қазан айында Қы­зылорда да ұйымдастырылған республикалық 4-ші фестиваль аясында жамбы атудан ресми жарыстар жалауын көтерді. 

* * *

Жамбы ату спортының тарихы тым тереңде жатыр. Оның пайда болу мерзімін тарихшы-ғалымдар б.з.б. ІV-ІІІ ғасырлар үлесіне жатқызып жүр. Зерттеушілердің пікірінше, көшпенді Ғұн ұлысы алғаш рет садақшылар (мергендер) қосынын дүниеге келтірген. Қытай жазбаларында ғұндар көсемі (тәңірқұты) Мөденің үш мың мерген садақшылары болғаны жайлы дерек айтылады.

Ал, моңғолдың «Құпия шежіре­сінде»: 1225 жылы Шы­ңғыс қаған Хорезмді толық бағын­дарған соң «Бұғылы-шашақ» дейтін жерде ұлан-асар той жасап, ат жетер жердегі мергендерді шақырып, сайыс өткізгені туралы айтылады. Осы сайыста Есей мер­ген 335 құлаш (502 метр) жер­дегі ны­сана-жамбыға оғын дәл тигізген.

Жамбы дегеніміз – көне түрік тілінде «ямбу» яғни, құйма­лы алтын немесе күміс дегенді біл­діреді. Сол сияқты, бағалы заттардан жасалған құнды бұйымдарда жамбының рөлін атқара береді. Жамбы – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болған­дықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы т.б. деп аталаған. Жамбының жасалған материалына байланысты: таза ақ күмістен жасалған болса ақ жамбы, алтыннан жасалса алтын жамбы деп де атаған.

Жамбы ату ойынын – көш­пенділер жауынгерлердің мер­гендік қабілетін жетілдіру үшін қолданған. Басты мақсатты: бі­рін­шіден, әскери-жауынгерлік дайын­дықты жетілдіру, екіншіден, ел арасындағы мергендерді (са­дақ­шыларды) анықтап оларды көтер­мелеу, үшіншіден, сыналған мергендерден арнайы топ құрып, соғыста күштік құрлым ретінде пайдаланған.

Жамбының «Айқабақ ату» деген де түрі бар. Егер нысана алтын бұйымнан жасалған болса «Алтын қабақ» деп атаған. «Жамбы» немесе «Айқабақты» ұзын сырықтың басына, мөлшерлі жерге іліп қояды. Оны аттың үстінде шауып келе жатып садақпен дәл атып түсіру керек. Бұл садақшылардың ең жоғары деңгейдегі жарысы. Өте үлкен мерекелерде ғана ойналады. Атып түсірген мерген қымбат бұйымды өзі алады. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы кезде жауынгерлер мал табу үшін мерген болуы шарт.

* * *

Жамбыны ату үшін ең әуелі садақ керек. Садақ – сонау ежелгі дәуірдегі сақтар мен ғұндардан, берісі Кенесары заманына дейін көшпелілердің иығынан түспеген, дәстүр-салтымен біте қайнасқан қымбат мұра. Ата-бабамыз адырнасын аңыратып жауға шапқан, аң атқан, тойға барып жамбы да атқан. Ал, жамбы ату үшін садақ керек. Садақ «қарағай садақ», «үйеңкі садақ», «қайың садақ», «сарыжа», «сарсадақ», «бұлғары садақ», «адырна», «көн садақ», т.б. түрлерге бөлінген. Қайыңның сарғайған қабығымен қапталған садақ­ты түсіне байланысты «сарыжа» немесе «сарсадақ» деп те атаған.

Қарапайым садақ екі бөліктен тұрады. Біріншісі, яғни ағаш немесе сүйектен жасалатын ату үрдісін іске асыратын бөлік – ады­рна деп аталады. Ал, шірей тартып, садақ оғын ұшыратын жіпті немесе бауды кіріс дейді.

Белі – берік болу үшін сү­йек­пен көмкеріп, тарамыспен оралған, иінмен түйіскен жері шылғи терімен қапталып, кептірілетін болған.

Адырнаның иілмелі серіппелі бөлігін – екі иіні (жоғары және төменгі) деп атайды. Кіріс, яғни жіп байланатын адырнаның екі ұшын басы (жоғары және төменгі) дейді. Иіндерінің үстінен тарамыс тартылып, ішкі беті мүйізбен қапталып, қоңыр аңның немесе малдың майымен майланып отырған. Халқымыздың дәстүрлі қару-жарағын зерттеп жүрген этнограф Қалиолла Саматұлының еңбегінде «адырнаның бастары бөлек-бөлек жасалып, иініне бұ­рыш жасай бекітіледі», дейді.

Ал, адырнаның екі басын қосып байланған жіпті «кіріс» дейді. Ол берік жіптен немесе жі­бектен, тарамыстан өріледі. Міндеті – оқты нысанаға қарай ұшыру. Кіріс жіп садақтың бір басына мықтап бекітіліп, екінші басы адырнаны босатып тұру үшін алмалы тұзақ түрінде алынып, салынады. Кірісті қатты серпігенде адырнаның басы жарылып немесе сетінеп кетпес үшін сүйектен қорғаныш орнатылады. Оны тобыршық деп атайды.

* * *

Ал, садақтың оғын жебе дейді. Оның: «сұр жебе», «қу жебе», «тобылғы жебе», «қозыжауырын», «сауытбұзар», «көбебұзар», т.б. қырықтан астам түрлері бар. Ел­шіл азамат Ерлан Қарин жебе түр­лерінің 140 атауын тауып, оларды құрылымдық жасалуы мен мін­детіне қатысты бес түрге бөліпті.

Жебенің құрамы: езек желі, қанат жалауша, өткір ұшы, жетесі, қырлары және қалпақшадан тұ­рады. Қалпақшада бағыттаушы саңылау адырнаға қондыру үшін тереңдігі 5-6 мм, ені 2,5-3,0 мм ойық болады. Жебенің қанаты (жалаушасы) құстың қауырсынан жа­салып, оқ атылғанда тұрақ­тан­дыратын қызмет атқарады. Жебе­нің оққа бекітілген тұсын жетесі дейді. Жете берік болмаса, жебе сабынан босап, жол ортаға түсіп қалады. Сондықтан жебені жетесіне жеткізіп сіңіретін бол­ған. Қазақтың «жетесіне жет­кізіп айтылды» деген сөз тіркесі осы.

Этнограф-зерттеуші Қалиолла Ахметжан мырза жебе бекітілген ұзын ағашты сабы десе, кіріске бекі­тіліп, созыла серпілетін тетікті кез-табан деп атапты. Ал, оқ­тың түзу ұшуына бағыт беретін қауырсынды оқтың қанаты дейді. Оқтың сабы қайың, тобылғы, қатты талдан жасалады. Оқ өте түзу болмаса нысанға жетпейді. Қа­зақта, «оқтай түзу» деген тіркес содан қалған. Оқты шын шеберлер ғана жасай алған. Аталарымыздың «әке көрген оқ жонар» дегені де осы. Жонылған оқты суы қанғанша кептіріп, дымданбас үшін майға бөктіріп пісіретін болған.

Көшпенділер оқты арнайы ыдыс-қапқа салып алып жүрген. Оны қылшан немесе қорамса деп атаған. Эпикалық дастандарда, «қорамсаға қол салды, қол салғанда мол салды» деген жыр жолдары осыдан қалған.


Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Jaýapkershilik joq jerde...

22.01.2019

Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт рет тапсырады

22.01.2019

Бюджет жобалары артық шығынды көтермейді

22.01.2019

Тарихи-мәдени мұра – баға жетпес қазына

22.01.2019

Қоғам жаңғырмай, сана жаңғырмайды

22.01.2019

Суармалы алқаптар қалпына келтірілуде

22.01.2019

Білімді азаматтар жемқорлыққа неге жол береді?

22.01.2019

Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

22.01.2019

Сапалы жолды сақтаудың әлегі

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасы Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелер өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Ағам – мен үшін нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу